Мемлекеттік мекемеделердегі негізгі құралдар туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Қаржыландыру мен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:
негізгі құралдарың есебін бақылау;
жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мем.мекеме.негізгі құра.бағалау.docx

— 78.02 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында  Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары  мен ережелерi айтылады.

Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Қаржыландыру мен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:

  • негізгі құралдарың есебін бақылау;
  • жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
  • қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау  т.б.

Халық  шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай   есептеу жұмысын жүргізеді.

Кез келген өндіріс өз қызметіне  құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы  белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект  үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың бағалануын зерттеу, олардың айнылым үшін маңызы.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс  саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар  және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу  және реттеу аспаптары және қондырғылар  мен лабораториялық жабдықтар; есептеу  техникасы; басқа материалдар мен  құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін  мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді  жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі  шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.

Бюджеттік  есеп пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.

Жинақталған мәліметтерге негізделіп, мен  берілгін үлгілік жоспарға сәйкес курстық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырдым.

Әдістемелік нұсқаулықтарда берілген мазмұн (жоспар) курстық жұмыстың объектісіне, берілген материалдарға  және оқу жұмысында алынған тәжірибеге сәйкес толықтырдым.

Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары) барлық құрылымдық элементтер тізімімен  рәсімделеді: кіріспе, сұрақтардың  атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және мәтіндегі бастапқы беттерінің номері көрсетілген қосымшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Негізгі құралдар бойынша жалпы түсінік, бағалануы

1.1.Мемлекеттік мекемеделердегі  негізгі құралдар туралы жалпы  түсінік

 

Негізгі құралдар негізінен  өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып  алудан; өз күшімен құрал-саймандар  дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі  табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан  ақысыз алынған негізгі құралдардың  келіп түсуінен;объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен  рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал- жабдықтардың бір  цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа да субъектілерге  берілген кезінде оларды негізгі  құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.                                                           

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір  данадан акт жасайды. Негізгі  құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға  тек шаруашылық мүлкінің , құрал- сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің  есебін жүргізген кезде, егер бұл  объектілер бір типте болса, құндары  бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол  беріледі.

Рәсімделгеннен кейін  осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға  беріледі, бас бухгалтер қол қояды, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. 

Алыс беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық  жою құнын көрсетеді. Қызмет ету  мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі  құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен  шаруашылық жүргізуші субъектінің  есептік саясатында көрініс табуға керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды,не болмаса  бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын  ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех(бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған  бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады. 

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы  және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа  субъектіге сату кезінде актінің  үш данасы жазылады: алғашқы екеуі  өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші  дана негізгі құралдардың нақты  бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі-есеп айрысу төлем құжаттарына  тіркеледі),үшінші дана  негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия  да мүліктік карточка ашылып,негізгі  құралдардың таңдамалы есебі  жүргізіледі. Негізгі құралдардың  әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу  әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер,ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б.нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен  шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды  «Архив» картотекасы бөліміне қояды. 

Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның  ішінде сатып алынғанда өтелмеген  салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер  мен жаңа автомобильдерді алу  кезінде төленген ҚҚС,сатып алу  келісімшартты жасаған кезде  төленетін мемлекеттік баж салығы  және т.б.),жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін пайыздар, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып  алу бағасы, жылжымайтын мүлік  бойынша агенттерге комиссиялық  сыйақылар, сатып алу-сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне  төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен  алымдар, жерді мақсатты пайдалану  үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды  өткізуден түскен кірістерді шығарып, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың  бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі  сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін  жабдықтың жарамдылығын тексеру  мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер  мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар; материалдар, еңбекті төлеу, қосымша  шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс  кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер  бойынша пайыздар, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.

Қажетті болып саналмайтын  шығындар (тасымал кезінде алынған  зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға  кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі. 

Негізгі құралдар қоймада  резерв ретінде тұрады,белгіленген  тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзінде заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы  белгілейді және бекітеді.

Негізгі құралдардың істен шығуы.

Негізгі құрал объектілері  субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың  нәтижесінде есептен  шығырылыды:

  • Физикалық немесе сапалық тозу;
  • Шаруашылыққызметіндепайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
  • басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;
  • басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
  • объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;  
  • Кем шығу, табиғи апат және басқа да себептер.

Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

Негізгі құралдардың жарамсыздығын, олрады қалпына келтіріп, жөндеудің  мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай ақ есептен  шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы  бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.    

Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен  шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды  және жарамдылы материалдық құндылықтарды  бағалайды. Есептен шығаруды  «Негізгі құралды есептен шығару актісімен» (№НҚ-3 ф.) және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» (№НҚ-4 ф.) екі данамен ресімделеді.  

Кез келген өндіріс өз қызметіне  құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек  құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. 

Негізгі құралдар материалдық  өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.  
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады. 

Кәсіпорында негізгі құралдардың  есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтікбасқару жүйесін анықтайды. 

Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:  
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар.

Бірақ та біз ұмытпауға  тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.

Информация о работе Мемлекеттік мекемеделердегі негізгі құралдар туралы жалпы түсінік