Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

Көмекші өндірісі бар ұйымдар, бухгалтерлік есепте үстеме шығыстарды айрықша бөлуі қажет. Мұндай кәсіпорындарда салықтық есепте тура және жанама шығындарды есептен шығару тәртібі де басқаша.
Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады. Бұл шығыстардың барлығы өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты емес, бірақта олар оны қалыпты жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Оларды жекелеген жұмыс объектілерінің өзіндік құнына тікелей жатқызуға болмайды, өйткені олар құрылыс өндірісінің жалпы шығындары болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 91.96 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 
КІРІСПЕ


 

 

Көмекші өндірісі бар ұйымдар, бухгалтерлік есепте үстеме шығыстарды айрықша бөлуі қажет. Мұндай кәсіпорындарда салықтық есепте тура және жанама шығындарды есептен шығару тәртібі де басқаша.

Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады. Бұл шығыстардың барлығы өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты емес, бірақта олар оны қалыпты жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Оларды жекелеген жұмыс объектілерінің өзіндік құнына тікелей жатқызуға болмайды, өйткені олар құрылыс өндірісінің жалпы шығындары болып саналады.

Құрылыс өндірісінің үстеме шығыстары екі топқа бөлінеді:

1. Жалпы өндірістік шығыстар

2. Құрылыс машиналары мен  техникасын ұстап тұру және  пайдалану   шығыстары.

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде – учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, қайта бөлісуде пайда болады.

Өндірістік емес үстеме шығындар басқару функциясынан туындайды, оның өзі сипаты, қолданылуы және рөлі бойынша өндірістік функция мен өндірісті ұйымдастыру функциясынан өзгешеленеді.

Үстеме шығындар  біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты – шығындар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығындарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өніммен АӨ-тің арасында таратылады.

Үстеме шығыстарды тарту тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

Iс-жүзiндегi үстеме шығындар  олардың пайда болған уақытына  байланысты айдан айға цех  журналында және “Үстеме шығындар”  шотына жазылады.

Үстеме шығындарды белгiлi тапсырыстың немесе өнiмге енгiзiлуiнде нормативтiк ставкасы қолданылады. Сондықтан iс-жүзiндегi үстеме шығындардың көлемi (немесе “Үстеме шығындар” шотының қалдығы) жыл бойындағы нормативтiк ставка көмегiмен өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылған үстеме шығындар көлемiмен сай  келмейдi.  

Көпетеген бухгалтерлер “Үстеме шығындар” шотымен қатар “Бөлiп таратылған немесе есептен шығарылған үстеме шығындар” шотын жүргiзедi. Олардың кезең аяғында қалдығы кемде-кем сәйкес келедi, яғни әрқашанда  артық бөлiп таратылған немесе кем бөлiп таратылған үстеме шығындар пайда болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - үстеме шығындардың өндіріске кеткен шығындардай айырмашылығы, өнімнің көлеміне және өндірілген өнімнің немесе қызмет көрсетудің белгілі түрлерімен байланысты емес, кәсіпорынның тұрақты шығындары болып табылады, сондықтан  үстеме шығындардың регистрлерде және бухгалтерлік есептің корреспонденттік шоттарында дұрыс әрі уақытылы көрініс табуы өте маңызды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесін қарастыру. Аталмыш мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қарастырылды.

- үстеме шығындардың құрамы  мен сипаттамасын анықтау;

- үстеме шығындарды құру  бойынша операциялар есебі және  құжаттық рәсімдеуді қарастыру;

- үстеме шығындарды бөлу  реті мен есептен шығару жолдарын  анықтау.

Жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп  саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары табылады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

1. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН СИПАТТАМАСЫ

 

 

Шығындарды негізгі және үстемеге бөлу бөлімше қызметін бағалау үшін негіз болып саналады, әрі жоспарлау, есепке алу, талдау, бақылау және өндіріс қызметін реттеу процестеріне тығыз байланысты. Назарова В.Л. «Басқару есебі» оқулығында былай деді: Үстеме шығындар өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет етумен тікелей байланысты пайда болады [2, 108б]. Мадиева Қ. С. өзінің  «Басқару есебі» оқу-әдістемелік құралында үстеме шығыстарғы мынадай анықтама береді: Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады [2, 25б]. Атақты қазақстандық ғалым Радостовец В.К үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі, көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығындары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды,-деп айтып өткен [3, 85б].

Яғни жоғарыда аталған авторлардың барлығы үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі, көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығындары жатқызды және бүл пікірмен толық келісуге болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Үстеме шығындардың құрамы

Үстеме шығындарға тікелей жалақыдан және тікелей материалдық шығыннан өзге, кәсіпорынның барлық шығындары  жатады. Оның өзі әзірлеуге, ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға қатысты. Үстеме шығындардың құрамын 2 топқа бөлуге болады. (сурет 1)

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде – учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, қайта бөлісуде пайда болады. Осы шығындардың мақсаты, сипаты мен атқарымдық рөлі тікелей өндіріспен байланысты. Өндірістік үстеме шығындар құрамына енетіні – жабдықтарды күтіп ұстау, пайдалану шығындары, өндірістік мақаттағы құрылысты, ғимараттарды басқару және күтіп ұстаудың цехтық шығындары т.б.

Өндіріске қатыстылығы бойынша жабдықтарды күтіп ұстау мен райдалану шығындары негізгісі болып саналады, өйткені машиналар мен жабдықтарсыз өндіріс процесі мүмкін емес. Алайда олар өнімнің, өндірістік процестің, тасырыстың тікеоей шығынына жатқызылмайды. Мәселен, жабдықтарды алдын – ала қарау, жабдықтарды күнделіктіі жөндеу. Алайда, егер объект есебі тапсырыс болып саналса, осы шығындардың кейбір баптары тікелей шығынға жатқызылуы мүмкін, оны орындауға аталған өндірістік бөлімшедегі немесе учаскедегі жабдықтар түгелдей қатысты болады [4, 105б].

Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына майлау, сүртетін және жабдықтардың еүнделікті күтімі мен жөндеуі үшін материалдардың басқа да түрлері; жабдықтар мен көлік  құралдарының амортизациясы (зауыт ішіндегі көліктер); жұмысшылардың жалақысы, сонымен қоса әлеуметтік қажеттілікке аударымдар; энергияның, будың, сығылған ауаның, судың  барлық шығындары; дайын өнімдер; құндылығы шамалы және тез тозатын құралдар мен бұйымдар, жабдықтармен жұмыс істеуге байланысты өзге де шығындар жатады[5, 206б].

Өндірісті басқару шығындары жалақыны және өндірістік – өндірістік бөлімшелердің әлеуметтік қажеттілігіне аударымдарды; өндірісті дайындау және ұйымдастыру шығындарын; өндіріс қажеті үшін пайдаланатын үйлерді, ғимараттарды, мүліктерді күтіп ұстау және жөндеу, амортизация; қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, кадрларды кәсіби бейімдеу және даярлау шығындары; өндірістік бөлімшелерді басқарудың басқа да шығындыры жатқызылады.

Жалпы өндірістік үстеме шығындар болып саналатыны – екі топта жиынтық баптардан тұрады, көбінесе өндірістік бөлімшелерде туындайды, пайда болған орны бойынша жоспарлайды және ескереді, бюджеттік – сметалық әдіспен бақыланады, өнім түрлеріне қарай және дайын өнімдермен аяқталмаған өндіріс арасында жанама жолмен бөлінеді.

Сонымен қоса, қарастырылып отырған әрбір топ әртүрлі экономикалық мазмұндағы шығындардан тұрады. Айырмашылығы шығынның бөлінуі және өтеу көздері базасында таңдап және негіздеп анықталады. Осы тұрғыдан қарастырылғанда өндірістік үстеме шығындырды жіктеудің мәні арта түседі.

 Өндірістік емес үстеме  шығындар басқару функциясынан  туындайды, оның өзі сипаты, қолданылуы  және рөлі бойынша өндірістік  функция мен өндірісті ұйымдастыру  функциясынан өзгешеленеді. Бұл  шығындар кәсіпорын ауқымында  туындайды.

Қолданыстағы жалпы шаруашылық шығындар номенклатурасы өндірісті дайындау функциясын, ұйымдық функцияны және тікелей басқару функциясын жүзеге асыру шығындарымен топтастырылады. Экономикалық шығын мазмұны бойынша әртүрлі осындай біріктіру шығындарды нормалауды, жоспарлауды, бақылауды және талдауды күрделендіреді. Бақылау жүйесін құру және пайданы есептеу, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды айқындау мақсаты үшін, оларды атқарымдық мақсаты, ал олардың ішінде – шығын элементтері бойынша топтастырған тиімді. 

Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты олардың пайда болу орны бойынша шығындарды оқшаулауға, кәсіпорын қызметі бойынша шығын мазмұнын айқындауға ықпал етеді және оларды өнім түрлері бойынша, сондай-ақ үстеме шғындар мен жұмыс күшін ұстау т.б бойынша бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі қарастырады. Мәселен, техникалық басқару шығындарына техникалық қызметтегі жұмыскерлерді ұстау, оларды жалақысы мен әлеуметтік қажеттіліке аударымдары, техникалық қызметпен айналысатын үй-жайлары мен ғимараттарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары; жалпы зауыттық лабораторияларды ұстау; мүліктердің тозуы және оны қалпына келтіру шығындары;өнертапқыштық, технткалық жетілдіру т.б. жатады. Осы шығындардың бір бөлігін өнім түрлеріне, өнертапқышқа кеткен шығынға, бұйым конструкцияларын техникалық жетілдіруге тікелей жатқызуға болады; басқа бөлігі жеке өндірістік бөлімшелерге қатысты және өндірістік үстеме шығындармен қоса бөлінеді.

Үстеме шығындыр бойынша шаруашылық операцияларына төмендегі 1-кесте бойынша жазбалар беріледі

Өндірістегі өнімді өндіру жұмыстарының құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттеріне оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан ауытқуларды анықтау; өндірістер мен объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс тарату; сметада қарастырылған қаражаттардың тиімді жұмсалуына ықпал ету.

Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі шарт - әрбір жеке бөлімшелер бойынша, сондай-ақ бүкіл ұйым бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы [7, 89б].

Айта кету керек, бұрын әрбір министрлік пен ведомство үшін монтаждау және арнайы жұмыстардың үстеме шығындардың орташа мөлшері (нормасы) белгіленіп отырды.  Министрліктер мен ведомстволар өз кезегінде ведомствоішілік ұйымдар үшін үстеме шығындардың орташа мөлшері шегінде олардың мөлшерін бекітті.

Үстеме шығындар көбінесе әртүрлі салада қызмет етуіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысал ретінде қарастырып отырған  құрылыс ұйымдары жоспарланған құрылыс және монтаж жұмыстарының көлемінің бірлігіне белгіленген тәртіпте анықталған үстеме шығындардың шекті сомасын ескере отырып, есепті жылға үстеме шығындардың сметасын жасады.

 Соңғы жылдары құрылыс  жұмыстарын тапсырыс берушімен  келісілген бағаға (тұрақта немесе  ашық) орындауға көшумен бірге, мердігерлік  ұйымдар үстеме шығындар мен  жоспарлы жинақтама мөлшерін  өздері анықтайды.

Құрылыс ұйымдарының негізгі өндірісінің үстеме шығындарының құрамына мыналар енеді:

- құрылыс жұмысшыларына  қызмет көрсету шығындары;

- құрылыс алаңдарында  жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  шығындар;

- басқадай үстеме шығындар.

Үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығыстарға жататын шығындар бөлек топта көрсетіледі. Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету шығындары мыналарды қамтиды:

1.Жұмыс орындаушылардың  басшысы (учаске бастығы), жұмысты  орындаушылар, аға шеберлер, құрылыс  учаскелерінің, қосалқы және көмекші  өндірістердің шеберлері, сондай-ақ  учаскелік механиктердің негізгі  және қосымша еңбекақыларын;

2.Құрылыс-монтаж жұмыстарын  орындайтын негізгі өндіріс жұмысшы-ларының, күрделі емес жұмыстардағы құрылыс  машиналарын пайдалану және қызмет  көрсету жұмысшыларының қосымша  еңбекақыларын;

3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын  орындайтын негізгі өндіріс жұмысшы-ларының, күрделі емес жұмыстардағы құрылыс  машиналарын пайдалану және қызмет  көрсету жұмысшыларының үстеме  шығындар есебінен өтелетін негізгі  және қосымша еңбекақыларының  барлық сомасына,  сондай-ақ аталған  жұмысшылардың еңбекақы қорына  кіретін барлық сыйақы сомасына  есептелген әлеуметтік және басқадай  салықтарға, әлеуметтік сақтандыруға  аударымдарды;

4.Санитарлық-гигиеналық  және мәдени-тұрмыстық жағдайларды  қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды;

5. Еңбекті  қорғау және қауіпсіздік техникасы  жөніндегі шығындарын.

Құрылыс алаңдарында (орындарында) жұмысты ұйымдастыру шығындарына мыналар жатады:

1.Амортизациялық  аударымдар (немесе жалдау ақылары), тікелей шығындар сметасында  қарастырылмаған негізгі құралдар  мен жалдағы негізгі құралдардың  құрамында есепке алынатын өндірістік  құрылымдар мен құрылғыларды  жөндеу және орын ауыстыру  шығындары;

2. Негізгі  құралдарға жатқызымайтын құрылыс  өндірісі және монтаждау жұмыстарында  пайдаланылатын тез тозатын құрал-саймандардың  құндары мен шығындары;

3.  Уақытша (титулдық емес) құрылыс-жайлар мен  құрылымдарды және құрылғыларды  жөндеуге, күтіп-ұстауға және жинақтауға  жұмсалған шығындар;

4.  Өрт және  күзет қызметтерін ұстау шығындары;

5. Өндірісті оңтайландыру және нормативтік жұмыстар бойынша шығындар (нормативтік-зерттеу орталықтарын ұстау, нормативтік анықтамаларды шығару шығындары); [8, 72б]

Информация о работе Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі