Қаржы тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланстың өтімділігі.doc

— 573.00 Кб (Скачать документ)

Қаржылық есептің маңызды  элементі боып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің  нақты қолда бары құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан,ол осы кәсіпорын жұмысының  оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік  құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің  номиналды көрсеткіштерінің нақты  көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына  әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік –  аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта  бағалау жүргізілмейді. Сондықтан  да олардың құнының өсуі инфляциялық  фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері  бойынша активтердің құрамы мен  олардың таратылуына талдау жасау  үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.

 

 

2009жылдың басы мен соңындағы «Альфа Актобе» ЖШС – дегі баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс (+,-)

Құрылым-ының

өзгеруі

(4гр. – 2гр.)

сомасы,

мың тг.

үлес салмағы

%

сомасы,

мың тг.

үлес салмағы

%

мың тг.

(3гр.-1гр.)

%

(5гр.:1гр.

×100 )

1.

Активтер құны, барлығы соның  ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

ә) қаржылық салымдар;

1.2. Ағымдағы активтер:

а) өндірістік қорлар;

ә) дайын өнім.

32551

 

 

 

 

18770

 

18642

 

128

 

13781

 

1501

7652

100

 

 

 

 

57,66

 

57,27

 

0,39

 

42,34

 

4,61

23,51

41957

 

 

 

 

2001

 

19497

 

504

 

21956

 

1358

14538

100

 

 

 

 

47,67

 

46,47

 

1,20

 

52,33

 

3,24

34,65

+9406

 

 

 

 

+1231

 

+855

 

+376

 

+8175

 

-143

+6886

+28,9

 

 

 

 

+6,56

 

+4,59

 

+293,75

 

+59,32

 

-9,53

+90,0

Х

 

 

 

 

-9,99

 

-10,80

 

+0,81

 

+9,99

 

-1,37

-11,14

2.

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының  құны

 

 

20143

 

 

61,88

 

 

20855

 

 

49,71

 

 

+712

 

 

+3,53

 

 

-12,17


 

 

Талданып отырған кәсіпорында  бұл көрсеткіш деңгейі жыл  басында – 0,73 = (13781: 18770), ал жыл соңында  – 1,1= (21956: 20001) құрайды. Бұл коэффициент  деңгейі мобильді қаражаттардың  өсу қарқыны иммубильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,6 есеге (21956 : 13781), ал екіншілері 6,6 % - ға (20001: 18770 × 100 ) ғана өскен, Кәсіпорын төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншік капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай – күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу  қажет. Бұл кәсіпорынның материалдық  – техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциялының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдарының нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені  бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік  қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Ксіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Нарық экономика жағддайында  қаржылық есеп беру шаруашылық субъектінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттың жүйеленгенін бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нышандағы шаруашылық субъектінің өзара негізгі байланысына, басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттың базасына айналды.

Шаруашылық субъектінің  қаржылық жағдайын талдауда негізгі  ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарды.

Баланс-есепті жылдың басындағы, соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер  атқарады.

Бухгалтерлік  баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі шаруашылық субъектінің мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтерінің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттемелердің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері  шаруашылық субъектінің капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көзінің көлемі мен құрылымын, сондай ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бух балансты таңдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. 1997 жылға дейін бух баланс 2 бөліктен: Актив және пассивтен тұратын кесте құрылып келді. Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтың  экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді.

Баланс – бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Баланстың актив пен пассивтегі жеке элементтер мен қорытындылаған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды активтер, меншік капитал, міндеттемелер.

Қалған екі элемент  – табыс және шығын – қаржы  шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдылау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылық ада емес, олардың  ең маңыздылары келесілер болып  табылады:

1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипаттама болады. 

Баланста келтірілген  мәліметтер оны құрған кезеңдегі  шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетпеді. Бұндай жағдайда баланс ақпараттары  ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

2.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ.

Ол кеңістік және уақыттық салыстырумен қамтамасыз етпейді. Сондықтан  оның талдауы динамикада жүргізілуі  тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогресивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс.

3. Баланста шаруашылық субъектінің  қаражаттың айналымы туралы мәлімет жоқ.

Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша саланың аз немесе көптігі туралы қорытындыны  баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес салаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады.

4.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

Яғни онда осыбалансты  толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының  жиынтығы жазылып отырады. Ол шаруашылық субъектінің есепті кезеңдегі жағынан көрсетпейді.

5.Баланста шаруашылық  субъектінің активтерін сатып  алуда тарихи бағаны қолдану  принципі жүргізіледі, ол мүліктің  жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін.

6.Баланс және  қаржылық есеп берудің басқа  да нысандары шаруашылық субьектісі  қызметінің барлық жақтарын толығымен  көрсетпейді. Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық  өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырудың құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметінің кәсіби және жалпы білімділік дайындығы немесе т.б. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Баланс екі бөліктен тұрады:

1.активтен;

2.пассивтен. 

Сол жағы - актив,

Оң жағы  - пассив деп  аталады.

Актив пен пассив өзара тең болады., шаруашылық субъектінің құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең. Баланс активінде орналасқан баптар активті, ал пассивінде орналасқаны пассив бабы деп аталады.

Баланс активі мен  пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. “Актив” дегеніміз-бұл өткен жағдайдың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс. Активтер-бұл уайымға тиісті немесе ол пайдаланылатын бағалы нәрсе.

Баланстың актив бөлімінің  құрылымына сай ерекшелік-бұл яғни баланс бөлімдері мен баланстың  әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы-яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша- өтімділік дәрежесі аз активтен өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байлпанысты жоғарыдағы µтәмдә активтерге жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаты болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы есеп-айысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаты.

Активтер бұл құндық бағасы шаруашылық субъектілердің мүлкі, мүліктік және мүліктік емес иеліктер және құқығы болып табылады.

Бухгалтерлік баланстың  активінің құрылымын талдау жасауда, алдымен бухгалтерлік баланс активінің  құрылымы құралу көздерін атайық.

Бухгалтерлік баланстың  активі екі түрге бөлінеді:

1)Ұзақ мерзімді активтер:

- негізгі құралдар;

-материалдық емес  активтер;

- ұзақ мерзімді инвеститциялар;

- ұзақ мерзімді дебиторлық  қарыз;

- алдағы кезеңдердің  шығындары.

2)Ағымдағы активтер:

- ақша қаражаттары;

- қысқа мерзімді инвестициялар;

- бір жыл ішінде  алынатын дебиторлық қарыз;

- ағымдағы активтерді  сату үшін аванстық төлемдер;

- алынуға тиісті шоттар;

- дебиторлық қарыз.

Осы баланстың актив  құрылымына талдау қызметін жүргізген кезде, әрбір баптың (статьяның) сомалары салыстырылып, ауытқуы шығарылады (+,) өзгерістің оң терісі.

Теңгерімнің активтерінің әрқайсысының жыл басының, жыл соңының  қалдық сомалары көрсетіледі.

Теңгерімдегі активтің жыл басына, соңына праценттік үлестері (теңгерімнің құрылымы) шығарылады. Проценттік үлестің өзгерісіне баға беріледі.(+-)

Активтігі өндіріс құралдарының сомасы шаруашылық субектілердің әлеуетін сипаттайды.

Әлеуеті дегеніміз өндіріс қуаты, мүмкіншілігі, потенциялы.

Өндіріс құпалына негізгі  құралдар, өндіріс  запастары жатады.

Өндіріс әлеуметтің еселігін шығару керек.  Ол үшін (процентпен) өндіріс құралдарының сомасын, барлық активтің сомасына (Е=>0,5-0,6) кем болмағаны жөн. Бастапқы құнының өскені, көбейгені жөн.

Негізгі құралдардың  амартизация сомасының өсуі теріс  көрсеткіш береді.

Негізгі құралдардың  амартизация сомасы 75%-тен аспағаны жөн.

Активтің ішінде негізгі құралдың тиімді қолдануын сипаттайтын көрсеткіштер:

а)Қор қайтарымдылығы - негізгі құралдарды қолдану арқылы келтірілген табыстың мөлшерін білдіреді. Бұл көрсеткішті шығару үшін өнімдерді, тауарды, қызметтерді сату табысының сомасын негізгі құралдың орташа құнына бөлеміз.

б) Қор сиымдылығы - белгілі табыс мөлшерін келтіру үшін қолданылған негізгі  құралдың құны. Бұл көрсеткішті шығару үшін негізгі құралдың құнын өнімді,қызметті сату табысының сомасына бөлеміз.

в)Қормен қамтамасыз етілгенділік, яғни орташа жұмысшының санына шаққанда қанша негізгі құралдың барын білдіреді. Оны шығару үшін негізгі құралдардың құнының жұмысшының санына бөлеміз.

г) Қор қуаттылығымен қамтамасыз етілгені, яғни бір жұмысшыға шаққанда негізгі құралдардың қуаты. Негізгі құралдардың қуаты кВт-қа аударылып жұмысшылардың орта санына бөлеміз.

 

кесте

«Альфа Актобе» жапуакершілігі шектеулі серіктестік бойынша  бухгалтерлік баланстың актив құрылымын талдау

2009жыл

 

Актив

Жыл  басында

Жыл соңында

  Ауытқуы + -

сомасы

%

үлесі

 сомасы

% үлесі

сомасы

%

үлесі

I Ұзақ мерзімді активтер:

           

Материалдық емес активтер:

           

1. Алғашқы құны

172498

 

200318

     

2. Жинақ  құны

5181

 

34533

     

3. Қалдық құны 

167317

1

165785

0,5

- 1532,0

- 0,5

Негізгі құралдар

           

4. Жер 

           

5. Ғимарат 

19365800

 

21651915

     

6. Машина құралдары

42677979

 

210697598

     

7. Басқа да негізгі  құралдар

4923242

 

9910351

     

8. Жинақ құны 

4552262

 

31010146

     

9. Қалдық құны

62414759

25

211249718

32,5

+148834959

+7,5

10. Бітпеген құрылыс

           

12. Ұзақ мерзімді деб.  Қарыз

           

  І –  бойынша барлығы:

62582076

26

211415503

33

+148833427

+7

ІІ Ағымдағы активтер

           

13.Тауар-материалды құнды-р

           

14. Материалдар 

96158

0,5

4172744

0,5

+4076586

 

15. Дайын өнім 

           

16. Дебиторлық қарыз

117846079

47

280254339

46

+162408260

-1

17. Алдағы кезең шығыны

   

2214441

1

+2214441

+1

19. Ақша қаражаты

66890523

27

114305751

19

+47415228

-8

20. Басқа да ағымдағы  активтер

   

9570093

1

9570093

1

ІІ –бойынша барлығы:

184832760

74

410517368

67

+225684608

-7

Барлығы:

247414836

100

621932871

100

+374518035

 

Информация о работе Қаржы тұрақтылығын талдау