Қабылдаудың тұрақтылығы
Реферат, 17 Июня 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
Прикрепленные файлы: 1 файл
БИЛЕТ ПСИХОЛГИЯ.docx
— 35.79 Кб (Скачать документ)ҚАБЫЛДАУ - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.[1]
Физиологиялық негізі
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.
Ерекшеліктері
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау]
Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.
Байқағыштық — адамның қандай да бір нысанаға назарын аудара білуі, құбылыстар мен заттардың елеулі, өзіне тән, сонымен бірге аса елеулі емес қасиеттерін байқай білу және қабылдау.[1] Адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Ол көп аңғарылмайтын, мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қою түрінде көрініс береді. Оған ие болу жіті көру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Мысалы, аңшылықты кәсіп еткен адамдар басқаларға қарағанда аң-құстың ізіне қарап, оның түрін, дене бітімін, т.б. қасиеттерін жақсы ажыратады. Байқағыштық — өмірдің әр саласы үшін өте қажет. Ол, әсіресе, ғылыми жұмыста, ақын-жазушының өмірінде, әскери және мұғалімдік қызметте ерекше орын алады.
Aдамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.. Мұндай сөздерді осы нәрсені өте жетік білетін адам ғана айта алады. Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді.
Сонымен қатар жіті көру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты. Осы айтылғанды да көптеген фактілер дәлелдейді . Байқағыштық – өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын-жазушының өмірінде ерекше орын алады. Қабылдаудың кейбір түрлері (көру, есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсіктердің түрлеріне қарағанда күрделі болады. Демек, қабылдауда бірнеше анализаторлар бірлесіп жұмыс істейді. Мәселен, қозғалыс анализаторының қабылдаудың барлық түрінде де кездесетіндігі біздің осы айтқанымызға дәлел бола алады.
Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теоретикалық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы болып табылады. Оның өзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны талдау бізге оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теоретикалық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы болып табылады. Оның өзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны талдау бізге оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық психологияның міндеттері
Жалпы, педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап, зерттейді. Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы (нығаюы) және әртүрлі жағдайларда пайдалануы;
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың (еңбектестік, оқытудың белсенді формалары және т.б.) формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;
оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық белсенділікке әсерін анықтау;
педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке-психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;