Түйе жоңышқа (Melіlotus)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 10:02, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы
Курстық жұмыстың міндеті :
Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясымен танысу
Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері танысу
Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттарын зерттеу
Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктерімен танысу

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Әдебиетке шолу......................................................................................................5
І Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы

1.1 Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясы.................7
1.2 Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері...........................................................................................................9
1.3 Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттары.................................................................................................................11
1.4 Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктері.......................12
ІІ Тәжірибелік бөлім

2.1 Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады............................18
2.2 Дақылдан жоғары өнім алу үшін агротехникалық жүйені әзірлеу...........20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................28
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.73 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

 

Кіріспе......................................................................................................................3

Әдебиетке шолу......................................................................................................5

І Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы

 

1.1 Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясы.................7

1.2 Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері...........................................................................................................9

1.3 Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттары.................................................................................................................11

1.4 Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктері.......................12

ІІ Тәжірибелік бөлім

 

2.1 Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады............................18

2.2 Дақылдан жоғары өнім алу үшін агротехникалық жүйені әзірлеу...........20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................28 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Түйе жоңышқа (Melіlotus) – бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі, дала шалығынында, кейде сортаң жерлерде, өзен аңғарында, жол жиегінде, бақта өсетін 3 түрі бар. Ең маңыздысы әрі жиі кездесетіні ақ түйежоңышқа (М. albus) және сары не дәрілік түйе жоңышқа (М. offіcіnalіs). Бұлардың биіктігі 30 – 100 см. Кіндік тамыры тарамдалған. Сабағы тік, бұтақталып өседі. Жапырағы күрделі, үш құлақты, ұзын сағақты, бөбешік жапырақшалары тісті болады. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2 мм-дей, бес тісті. 9 аталығы бір-бірімен түтікше тәрізді болып бірігіп кеткен. Біреуі, көбінесе, бос жатады. Гүлі ұсақ сары не ақ түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Жемісі – ұзынша келген, мұртшасы бар бұршаққап, сыртында көлденең қатпарлары, ішінде бір тұқым болады. Түйе жоңышқа құрғақшылыққа, суыққа төзімді келеді, топырақ талғамайды. Құрамында кумарин бар, белогы көп, витаминдер мен минералды тұздарға бай мал азығы. 100 кг шөбінде 18,5 – 19,5 азық өлшемі, 3,1 – 3,2 кг сіңімді протеин бар, шөбін малдың барлық түрі жейді. Медицинада, темекі, шарап өнеркәсібінде пайдаланылады. Аудандастырылған сорттары: «Медет», «Кузику 1», «Башқұрттық», «Беде пішіндес 9654», т.б.

Түйе жоңышқа бады ашық-янтарь немесе ақтүсті болады. Ол бірінші сортты балдар қатарынан саналады. Бұл өзінің ваниль иісін еске түсіретін өте нәзік хош иісімен, жоғары дәмдік қасиетімен белгілі. Аралар оны сары және дәрілік түйе жоңышқаның ашық – сары гүлдерінен жасайды. Балдың құрамында 36,78 (глюкоза және 39,59) фруктоза бар. Түйе жоңышқаның гүлдері мен жапырақтары емдік мақсатта пайдалынады және одан мелилот (жасыл) пластырь жасалады. Жабайы түйе жоңышқаның әрбір гектарынан 200, ал қолдан өсірілетін түйе жоңышқаның әр гектарынан 600 кг-ға дейін бал алынады.

Мал азығы өндiрiстерi бойынша  шаралардың жүйесiне ауыл шаруашылығының дамытуың қазiргi деңгей сәйкес келетiн көпжылдық шөптердің жаңа сорттарын енгiзу кiредi.  Солтүстiк Қазақстанының шоқы - жазық аймағында жоңышқаға және түйе жоңышқаға ақуыздық жем-шөптi алуда едәуiр көңіл бөлінуде. Көпжылдық шөптерден жоңышқамен түйе жоңышқаның шабындықта  егiн себетiн жерлерiнiң құрылымында болмашы көлемдерде орналасады. Бұл мал азықтық массаның әлсiз өнiмдiгi, аумалы тұқымдық өнiмдiлiкпен, және жоңышқамен түйе жоңышқаның сорттарңың жоқтығымен, толық мәнде егін шаруашылығының талаптарына жауап бермейтіндігімен түсіндіріледі.    

   Солтүстік Қазақстанда жоңышқа мен түйе жоңышқа жоғары ақуыздық малазықтық дақыл есебінде саналады. Құрамында мұндай сiңiмдi протеин, алмастырылмайтын амин қышқылдары, витаминдар, каротин, көмiрсутектер және минералды тұздаратын нәрлi заттардың болуымен ерекшеленеді.

 

Курстық жұмыстың мақсаты: Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы

 

 Курстық жұмыстың міндеті  :

  • Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясымен танысу
  • Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері танысу
  • Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттарын зерттеу
  • Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктерімен танысу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиетке шолу

Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С., Агрономия негіздері – Ачстана, 2010- әдебиетінен -   Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің маңызы ерекше. Республикада малазықтық көп жылдық шөптер 2006 жылғы деректер бойынша 23,80 мың гектарды алып жатыр. Соның ішіндегі кең тарағандары: жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және тағы басқалары. Жоңышқа, эспарцет және түйе жоңышқа, пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнтағын дайындауға және малға жас күйінде беруге пайдаланылады. Қазақстанның солтүстігінде бұршақ тұқымдас шөптерді, ең дұрысы ерте көктемде егу. Әр гектарға жоңышқа мен түйе жоңышқаның 1-класты тұқымның 3-6 млн. (6-12 кг), эспарцеттың 3-4 млн. (35-50 кг) өңгіш тұқымын жай қатарлап 3-4 см тереңдікке егу жақсы нәтиже береді.  Әрінов Қ., Нағымтаев А., Ысқақов М., Серікпаев Н., Жұмағұлов И., Агрономия негіздері – Астана, 2007 – әдебиетінен - Көп жылдық шөптердің жылдық тіршілігі мынадай сатылардан тұрады: көктемгі көктеуі, түптенуі, масақтануы, шашақтануы, гүлдеуі, дән байлауы, қайталап түптенумен, күзгі тіршілігі, қыста тіршілігін тоқтатуы. Осындай тіршілік сатыларының өзгеруі олардың агротехникалық ерекшеліктерін жасайды. Қазақстанда 2006 жылы түйе жоңышқаның Ақбас, Альшевский, Омский скороспелый, Шавекен, Колдыбанский, Сретенский-1, Карабалыкский, Медет, Кокпектинский сорттары аудандастырылған.        Сагалбеков У.М. Донник – универсальная культура – Алматы, 1995 – әдебиетінен - Қазақстанда гүлденуге қолайлы жылдары 1 әр гектар егістіктен 200-300 кг бал жинауға мүмкіндік беретін  өсімдік. Түйе жоңышқа - қуаңшылыққа  жоғары төзмділігімең тұзға тезімділігімен ерекшеленеді, оны топырақты тұзсыз дандыратын мелиорант-өсімдік деп қарастыру керек, оны сидералды дақыл ретінде, сонымен қатар жартылай бекіген құмдарды игеру үшін пайда-лануға болады. Түйе жоңышқа екі жылдық өсімдік болғанымен пайдалы жақтарын ескере отырып әрбір шаруашылықта оның белгілі бір мөлшерде егістігі болғаны дұрыс.           Артюков Н.В., Донник М: Колос, 1973 – әдебиетінен - Түйе жоңышқа қуаңшылыққа, аязға төзімділігімен сипатталады. Ол топырақтағы тұздарды ыдыратуға, азотпен байытуға көмектеседі, сондықтан түйе жоңышқа жаздық бидайға, тарыға, қант қызылшасына, күрішке жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. Ол – бал бергіш өсімдік. Түйе жоңышқаның көк балаусасын пішенге, пішендемеге және сүрлемге пайдаланады. Гүлдену сатысының алдында түйе жоңышқаның құрғақ массасында 19% ақуыз болады.   Гейдебрехт И.П. Донник в кормовых севооборотах Ставрополь, 1990- әдебиетінен - Егіс алдындағы тыңайтқыштарды дала егістерімен қатар бірге енгізеді. Тыңайтқыштар қсімдікті қысқа уақыт ішінде егін көгінің, тамыр жүйесінің қалыптасуына әсер етіп, қоректік элемент терді және тыңайтқыштарды оңтайлы сіңіру қабілетін арттырады.  Тұқым өнуінің екі аптадан соң өсімдікте фосфорға деген қиын-қыстау кезеңі басталады.   Можаев Н.И., Ысқақова М.Ә., Солтүстік Қазақстандағы мал азықтық дақылдардың агротехникасы – Алматы, 1981 – әдебиетінен - Түйе жоңышқа  аурулармен және зиянкестермен мүлде  жарақаттанбайды деуге    болады. Түйе жоңышқа реакциясы қалыпты немесе сәл сілтілі, құрамында  извесі бар. Солтүстік Қазақстанның  барлық топырақтарында  өсе береді. Түйе жоңышқа айқас тозаңданатын бал әкелетін  өсімдік, үй араларымен тозаңданады.        Суворов В.В. Донник – М-1, 1962- әдебиетінен - Түйе жоңышқа туыстығына жатады, оның құрамына екіжылдық, және бір жылдықтардың 16 түрі кіреді. Болса маңызды екі жылдық түйе жоңышқаның екі түрі бар. Олар жабайы түрінде кең тараған.          Сагалбеков У.М. Новый сорт донника белого – 1996 - әдебиетінен - Ақ  түйе жоңышқа Солтүстік облыстарда, ал сары түйе жоңышқа оңтүстік облыстарда жиі кездеседі. Сары түйе жоңышқаның құрамында 1,11-0,22% кумарин болады, ал ақтүйе жоңышқада ол 1,4-0.14% шамасында.   Зырянова И.П. Донник белый Сретенский – әдебиетінен - перспективный сорт для Читинской области. - 1969 - Түйе жоңышканың  сорттары: Қазақстанда аудандастыруға жіберілген ақ түйе жоңышқаның сорттары.            Сагалбеков У.М. Сорт донника желтого Сибирский 2 - Омский  Скоросполый - әдебиетінен - Сібір АҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 55-84 см, жапырақтануы 47-62%, қысқа, қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.          Мейірман Ғ., " Агрожаршы" журналы, - Алматы, 2011 – журналынан - Бұршақ тұқымдастарға жататын түйе жоңышқа – тұзды және сортаңды жерлерде теңдесі жоқ дақыл. Қайталап тұзданған және сортаңданған жерлердің көлемі республикада аз емес. Суармалы аймақтарда топырақтың беткі қабатына тұздың көтерілуіне байланысты егістікке жарамсыз, ал солтүстік аймақтарда сортаңданған алқаптар пайдаға аспай жатыр. Міне, осындай жерлерді пайдалануда түйе жоңышқа егісін ұлғайтудың маңызы зор. Оның басқа дақыл түрлеріне қарағанда топырақ құнарына талғамы жоғары емес. Түйе жоңышқаның құнарсыз немесе құнары кеткен жерлерде өсу мүмкіндігін пайдалану арқылы үш бағыттағы шаруашылық мәселелерін шешуге болады. Біріншісі – жоғары белокты мал азығын өндіру, әсіресе сүрлемше дайындау, екіншісі – жоғары сапалы ара балын өндіру, ал үшіншісі – топырақ құнарлылығын арттыру. 

 

 

 

 

 

 

І Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы

1.1 Көп жылдық  бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясы

Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің маңызы ерекше. Біріншіден, олар төрт түлікті ерте көктемнен күздің аяғына дейін азықпен қамтамасыз етеді. Көп жылдық шөптерден пішендемеге, сүрлемге брикет және гранула даярлауға болады, сонымен қатар, олар жайылымдық дақылдар. Екіншіден, көп жылдық шөптердің көк балаусасы және пішені жоғары сапалы малазықтық қасиеттерімен ерекшелінеді. Үшіншіден, көп жылдық шөптер – топырақтың су және жел эрозияларын болдырмаудың қуатты құралы. Эрозияға бейім жерлерде, ауыспалы егістіктің 50% -ы көп жылдық шөптер иесіне тиеді. Төртіншіден, көп жылдық шөптер қоректік заттардың тамыр орналасқан қабатынан шайылып кетпеуіне көмектеседі. Бесіншіден, көп жылдық шөптер топырақта қарашіріктің жиналуына жағдай туғызады. Қарашірік топырақ қасиеттерін жақсартады. Алтыншыдан, бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер топырақты азотпен байытады.      Республикада малазықтық көп жылдық шөптер 2006 жылғы деректер бойынша 23,80 мың гектарды алып жатыр. Соның ішіндегі кең тарағандары: жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және тағы басқалары. Жоңышқа, эспарцет және түйе жоңышқа, пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнтағын дайындауға және малға жас күйінде беруге пайдаланылады.            Көп жылдық шөптердің өсімдік топтарынан айырмашылығы жер үстіндегі өркендері тіршілігінің соңына қарай толық немесе жартылай жойылады. Тіршілікке қабілетті өсімдік бүршіктері біреулерінде сабақтың төменгі жағында жер үстіне жақын орналасса, екіншілеріне жер үстіне жақын жатқан тамырсабақтарында, жуашықтарында, түйнектерде болады. Өсімдіктерінің биіктігі бірнеше см-ден 4-5 м дейін (қамыс) болады. Тіршілік ету мерзімі әр түрлі: түйе жоңышқа 1-2 жыл, астық және бұршақ тұқымдастар 6-8 жылдан 20-25 жылға дейін, қияқөлеңдер 100-120 жылға дейін[1].              Көп жылдық  шөптер тіршілігі біржылдан асатын мал азығына пайдаланылатын шөп тұқымдас өсімдіктер. Табиғи шабындық пен жайылымдарда өседі, егістіктерде өсіріліп, мал азығы қорын жасаудың негізі болады. Қазақстанда көп жылдық шөптер егісі 5,6 млн. га-ға жетті. Көп жылдық мал азығы шөптерінен негізінен бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдастар, аздаған басқа тұқымдастар өсіріледі.      Бұршақ тұқымдас шөптер тамырында тіршілік ететін түйнекшелер арқылы топырақты азотпен байытып, басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады.             Көп жылдық шөптердің жылдық тіршілігі мынадай сатылардан тұрады: көктемгі көктеуі, түптенуі, масақтануы, шашақтануы, гүлдеуі, дән байлауы, қайталап түптенумен, күзгі тіршілігі, қыста тіршілігін тоқтатуы. Осындай тіршілік сатыларының өзгеруі олардың агротехникалық ерекшеліктерін жасайды.             Көп жылдық мал азығы шөптеріне топырақ өте ұқыпты дайындалады, ол үшін топырақ майдалап тегістеледі, тапталады. Өйткені, көптеген шөптердің тұқымы майда келеді, сондықтан да олар саяз тереңдікке (0,5-4см) сіңіріледі. Барлық көп жылдық шөптерге себу алдындағы үстеп қоректендіру мен минералды тыңайтқыштар енгізудің әсері мол[3].       Жоңышқа мен эспарцеттың тұқымы 2-3°С-та, тіршілікке бейімделу өскіндері 5-6°С пайда болады. Топырақтың оңтайлы ылғалдылығында тұқымның өнуіне ең қолайлы жылылық – 18-25°С. Өскіндер көктемгі – 3-6°С бозқырауға шыдайды. Көктемгі жандануы (2-ші және кейінгі тіршілік жылдары) ауаның жылылығы 7°С жуықтығында басталады. Қазақстанның солтүстігінде суландырылатын жағдайда жоңышқадан бір жазда 2-3 рет пішен өнімін алуға белсенді жылу жиыны жеткілікті. Түйе жоңышқаның қысқа төзімділігі оның түріне және экотипіне байланысты. Түйе жоңышқаның жергілікті жерден тараған ақ және сары бас түрлері қысқа төзімділігі бойынша жоңышқа мен эспарцеттен асып түседі: тамыр мойыны орналасқан тереңдіктегі - 30-40°С аязға шыдайды. Аталған шөптердің қысқа төзімділігі сол жылғы егілген мерзіміне байланысты. Тұрақты салқын (5°С төмен) түскенге дейінгі жасы 50-60 күндік өсімдіктер қыстан жақсы шығады. Түйе жоңышқаның кейбір түрлері құрғақшылыққа төзімділігі бойынша құмдық эспарцеттен асып түседі. Құрғақ аудандарда жоңышқа мен эспарцет пішен және көк балауса өнімінің ең жоғарғы деңгейін алғашқы екі жылда береді де, кейінгі жылдары кемітеді. Түйе жоңышқаның ең жоғарғы өнімі тіршілігінің екінші жылында жиналады. Эспарцет пен түйе жоңышқа топырақ құнарлылығына аз талап қояды: олар қарқоңыр, сұр, бұрыл және т.б. топырақ түртектерінде өсе алады. Жоңышқа топырақ құнарлылығына жоғары талап қояды, бірақ сәл тұзды топырақтарда өсе алады, тіпті оны тұзсыздандырып, екінші рет тұзданудың алдын алады.        Мал азығын өсіру ерекшеліктері. Бұршақ тұқымдастарды ауыспалы егістікте дұрыс орналастыру егілген жылы жақсы сабақ жиілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және кейінгі 3-5 жылдары жемшөптің жоғарғы өнімін алудың кепілі болып табылады. Ең жақсы алғы дақылдар – сүрі жер, жүгері, сүрі жерден кейінгі бидай. Түйе жоңышқа әр түрлі дақылдан кейін орналаса алады.             Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптерді жамылғысыз (бүркемесіз) немесе тарының, итқонақтың егістігіне бүркеме астына, егуге болады.   Бүркеме дақыл астына егу көп жылдық шөптердің өнімін төмендетуі мүмкін. Эспарцетті негізінен бүркемесіз еккен дұрыс. Дәл солай түйе жоңышқаны да, ал арамшөптерден таза танаптарда оны алғашқы кезде баяу дамитын және пішенге жиналатын итқонақ, тары, қонақ тарының астына еккен дұрыс болады[2].           Қазақстанның солтүстігінде бұршақ тұқымдас шөптерді, ең дұрысы ерте көктемде егу. Әр гектарға жоңышқа мен түйе жоңышқаның 1-класты тұқымның 3-6 млн. (6-12 кг), эспарцеттың 3-4 млн. (35-50 кг) өңгіш тұқымын жай қатарлап 3-4 см тереңдікке егу жақсы нәтиже береді.  Егер бүрекеме дақыл астына егілген болса, қыста жақсы қар қалыңдығын қалыптастырып және танапты сабаннан тазарту үшін, бүркеме дақылды мүмкіндігінше ертерек биіктеу (20-25 см) орып, жинап алу керек.      Бұршақ тұқымдас шөптерді өсімдіктерінің бүршіктену – гүлдеу кезеңдерінің басында, протеиннің ең мол болған кезінде жинайды[1].    

1.2 Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

 

Түйе жоңышқа - сабағы тік тұратын бұтақты өсімдік, жапырақтары үштік, жұмыртқа формалы кетікті жапырақшалары бар. Гүлдері ұсақ, ұзындығы 4-5 мм, ұзын гүл шашағына (10-16 см) орналасқан. Бұршақтары біртұқымды, ақ түйе жоңышқада тор әжімді, ал сары түйе жоңышқада көлденең әжімді. Ақ түйе жоңышқаның 1000 түқымының массасы 1,6-2,5 г, сары түйе жонышқада-1,3-1,9г. 

Морфологиялық ерекшеліктері: Қазақстанда гүлденуге қолайлы жылдары 1 әр гектар егістіктен 200-300 кг бал жинауға мүмкіндік беретін  өсімдік. Түйе жоңышқа - қуаңшылыққа  жоғары төзмділігімең тұзға тезімділігімен ерекшеленеді, оны топырақты тұзсыз дандыратын мелиорант-өсімдік деп қарастыру керек, оны сидералды дақыл ретінде, сонымен қатар жартылай бекіген құмдарды игеру үшін пайда-лануға болады. Түйе жоңышқа екі жылдық өсімдік болғанымен пайдалы жақтарын ескере отырып әрбір шаруашылықта оның белгілі бір мөлшерде егістігі болғаны дұрыс. Бұл-өнімді дақыл-оған көңіл аударылған шаруашылықтарда тіршілігінің екінші жылында құнарлылығы төмен және сортаң топырақтардың өзінде кек балауса өнімі 130-160 ц/га жетті[3].       

Биологиялық ерекшелігі: Түйе жоңышқаның тұқымы топырақта 3-4° ылғалдылықта өне бастайды, ал +7-8° температурада оның көктеуіне қолайлы жағдайлар қалыптасады. Егіннің көгі – 5-6° бозқырауды төтеп береді. Аудандастырылған сорттарының өсіп-өну кезеңі көктей бастағаннан бірінші шабысқа дейін 41-50 күн, тұқымның пісуіне дейін 36-91 күн. Түйе жоңышқа - қуаңшылыққа  төзімді өсімдік, ата тегі оңтүстіктен  шыққан кейбір формалары мен түрлері  қысқа төзімділігі жөнінен жоңышқамен эспарцеттен асып түседі, және  тамыр  түбі (мойны) 30-40° аязға төзе алады. Түйе жоңышқа қысқа мерзімді су басуға (6-7 күнге дейін) төтеп бере алады,ал  көктемгі су басуға 15 күннен асып кетсе түйе жоңышқа өліп қалады. Түйе жоңышқаның қыстың суығына төзімділігіе, басқа бұршақ тұқымдас шөптер сияқты, шабу мерзіміне  де байланысты. Ол тамызда шабылатын  болса егістігі қыста үсіп кетеді, сондықтан жаздың  екінші жартысында түйежоңышқаны себу тиімсіз[8].

Түйе жоңышқа туыстығына жатады, оның құрамына екіжылдық, және бір жылдықтардың 16 түрі кіреді. Болса маңызды екі жылдық түйе жоңышқаның екі түрі бар. Олар жабайы түрінде кең тараған.    Ақ  түйе жоңышқа Солтүстік облыстарда, ал сары түйе жоңышқа оңтүстік облыстарда жиі кездеседі. Сары түйе жоңышқаның құрамында 1,11-0,22% кумарин болады, ал ақтүйе жоңышқада ол 1,4-0.14% шамасында. Әдетте ақ түйе жоңышқаның құрамында протеин кептеу  алайда сары түйе жоңышқаға қарағанда олардың құрамында кумарин мөлшері көптеу, болады. Көктемде себілген түйе жоңышқалар екі жылдық өсімдіктер сияқты дамиды, ал қысы жылы аудандарда жазда сепкенде, егер қыста өліп қалмаса, тіршілік цикпын қыстап шыққаннан кейін аяқтайтын біржылдық күздік дақылдар ретінде дамиды. Жаздың соңында себілетін түйе жоңышқаның шаруашылық маңызы жоқ, өйткені Солтустік Қазақстан жағдайында қыстың суығына төзімділігі айтарлықтай емес. Түйе жоңышқа кейде алғашқы жылы гүлдейді, бірақ  қанша ерте себілсе де, тұқымы пісіп жетілмейді. Екінші жылы ерте кектейді, жедел өсіп жетіледі де, маусымның 15-25-іне қарай мол өнім қалыптастырады. Сары түйе жоңышқа ақ түйе жоңышқаға қарағанда 10-12 күн бұрын гүлдейді. Сары түйе жоңышқаның да, ақ түйе жоңышқаның да арасында өте ерте пісетін вегетациялық кезеңі 60-70 күн вегетациялық кезеңі 120-140 күнге дейін созылатын өте кеш пісетін сорттары да бар[17].   Түйе жоңышқа  аурулармен және зиянкестермен мүлде  жарақаттанбайды деуге  болады. Түйе жоңышқа реакциясы қалыпты немесе сәл сілтілі, құрамында  извесі бар. Солтүстік Қазақстанның  барлық топырақтарында  өсе береді. Түйе жоңышқа айқас тозаңданатын бал әкелетін  өсімдік, үй араларымен тозаңданады.  Гүлдеуі мамырдың екінші- үшінші  онкүндігінде басталады, қуаншылық  жылдары  12-20 күнге, ал жауын-шашынды  жылдары 30-35 күнге дейін созылады. Түйе жоңышқаның тұқымы біркелкі піспейді де 25-35 күнге созылады. Жинағаннан кейін 40-70% тұқымы қатты  болады, ал қуаңшылықты жылдары  мұдай тұқымның саны максимум дәрежеге жетеді.               Түйе жоңышқаның жарыққа қатынасы: жарық сүйгіш өсімдік.  Вегетация ұзақтығы 80-135 күнге дейін ауытқиды. Сондықтан ерте, орта кеш, кеш және өте кеш пісетін болып бөлінеді.         Температуруға қатынасы: Түйе жоңышқа суыққа төзімді өсімдік.  Орманды дала және  далалы аймақтарда 20см қар жамылғысында  -30-40ºС аязға төтеп бере алады. Сонымен қатар түйе жоңышқаның суыққа төзуі тамыр жүйесі және бірінші жылы қалыптасқан сабақтарына байланысты.                                                                               Түйе жоңышқаның ылғалға қатынасы:Түйе жоңышқаның суыққа төзімділігі 

неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құрғақшылыққа да төзімділігі жоғары болады. Ылғалға қатынасы бойынша бірқалыпты. Ол  жоғары өнімділікті ылғалды жылдары, құрғақшылық жылдары да өзінің жақсыдамыған жәнетерең бойлатын тамырларының арқасында. Бірақ өсіп- өну кезеңдерінде құрғақшылыққа төзуі әр фазада әр түрлі болып келеді. Мысалыға: гүлдену кезінде ылғал жетіспесе жапырақтары түсіп гүлшоғыры кеуіп кетеді.                                                              Топыраққа қатынасы: Түйе жоңышқа қара- қоңыр топырақтарда, сортаң және нашар  күлгін, корбанатты топырақтарда өседі. Рн=5-6тең  , Бірақта түйе жоңышқаның тісті түрінен басқалары шалшықты суы бар батпақты топырақтарда өсе алмайды. Кілегейленген қышқылды топырақтарды  нашар көтереді, бірақ  көмірқышқыл кальций және глаубер тұзы бар тұзды топырақтарға жақсы өседі.                                                                             Қоректік элементтерге қатынасы: Түйе жоңышқа басқа да ауылшаруашылық дақылдары сияқты қиын сіңірілетін қоректік заттарды топырақтаң сіңіріп, бактериялар арқылы азотты көп мөлшерде сіңіріп жинақтайды. Сондықтан құнарлығы аз топырақтарда жақсы дамиды.Бірақ жер асты және жер үсті массасының қалыптасуы үшін  қөректік элементтерді түйе жоңышқа басқа да өсімдіктер сияқты мұқтаж болсада басқа санда сіңіреді. Түйе жоңышқа топырақтан астық тұқымдастарға қарағанда  3-5 есе кальций, 2-3 есе калий, 1,5-3,0 есе фосфор, 3-5 есе азот алады[7].

 

1.3 Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттары

Түйе жоңышқа қуаңшылыққа, аязға төзімділігімен сипатталады. Ол топырақтағы тұздарды ыдыратуға, азотпен байытуға көмектеседі, сондықтан түйе жоңышқа жаздық бидайға, тарыға, қант қызылшасына, күрішке жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. Ол – бал бергіш өсімдік. Түйе жоңышқаның көк балаусасын пішенге, пішендемеге және сүрлемге пайдаланады. Гүлдену сатысының алдында түйе жоңышқаның құрғақ массасында 19% ақуыз болады.           Қазақстанда 2006 жылы түйе жоңышқаның Ақбас, Альшевский, Омский скороспелый, Шавекен, Колдыбанский, Сретенский-1, Карабалыкский, Медет, Кокпектинский сорттары аудандастырылған. Сыртқы орта факторларына қойылатын талаптар: Түйе жоңышқа – қуаңшылыққа төзімді дақыл, жарық сүйгіш өсімдік. Әкке бай топырақты жерлерде жақсы өседі. Вегетация кезеңінің ұзақтығы – 80-135 күн[2].      Алғы дақыл: Түйежоңышқаға отамалы дақылдар (картоп, қант қызылшасы, жүгері) жақсы алғы дақыл болып саналады.            Тыңайту және жер өңдеу: Түйе жоңышқа  қоңырбас тұқымдарға қарағанда топырақтан қоректік заттарды көп жұмсайды. Мысалы: кальцийді – 3-5 есе, калийді – 2-3, фосфорды – 1,5-2,5 есе жұмсаса, 1 тонна пішен қалыптастыру үшін топырақтан – 3-3,5 кг фосфор, 20-24 кг калий, 15-16 кг кальций алады. Түйе жоңышқа өсірілетін танаптарға 3-4 центнер суперфосфат және 1,5-2,0 ц калий тұзын беру жақсы нәтиже көрсетеді. Көбінесе түйе жоңышқаны бүркемелі дақылмен себеді. Сондықтан топырақ өңдеу жүйесі бүркеуші  дақылға арналған технологиямен жүргізіледі.          Себу: Дақылдың тұқымдары қатты болады. Тұқымның тығыз қабығы ұрыққа ылғал жібермейді. Сондықтан, тұқымды себер алдында скарификациялайды, яғни тұқымды арнайы құралмен тырнайды. Себілетін күні нитрагинмен өңңдейді. Себілу мөлшері әр гектарға 20-25 кг, сіңірілу тереңдігі – 3см. Түйе жоңышқаны жаздық дақылдармен қатар себеді.           Егістікті күтіп-баптау: Бүркеуші дақылдар пісе сала, оны жинайды. Қажетіне өзара минералды тыңайтқыштар шашады. Қажетіне қарай минералды тыңайтқыштар шашады. Екінші жылы, ерте көктемде танап тырмаланады. Шабылу жиілігіне байланысты қоректендіріліп, суармалы жерлерде суарылады. Түйе жоңышқаны пішенге шанақтану, гүлдену сатысына жинайды. Шабылу биіктігі – 15-18 см. Тұқымдық түйе жоңышқаны бұршақ қабының 1/3 бөлігі сарғайған кезде шауып, дестеге түсіреді. Массасының кебуіне қарай, комбайнмен бастырады[4].                Түйе жоңышканың  сорттары: Қазақстанда аудандастыруға жіберілген ақ түйе жоңышқаның сорттары.       Медет - Сібір АҒИ-да шығарылған Өсімдігі жақсы түктенеді(4-6сабак,) биіктігі 110-180см бұта түзеді. 1000 тұқымның массасы 2,0-2,4 г. Ерте пісетін сорт, көктемде және шабылғаннан кейін жақсы көктейді, 1989. Сретенский 1-6- Забайкал АҒИ-да шығарылған. Өсімдігі жақсы түптенеді. (4-7 сабақ), биіктігі 150-350 см, жапырақтануы 35-48%. Орташа мерзімде пісетін сорт. Көктемде және шабылғанан кейін жақсы көктейді, қыстың суығы мен қуаңшылыққа тезімділігі жоғары Ақмола облысында аудандастырылған.  А қ б а с - ҚАШҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 71 -98 см, дөрекілеу, түптенуі орташа. Қысқа төзімді, қуаңшылыққа жоғары төзімді, ЮОО тұқымның массасы 2.6 г, 1973.          Сары түйе жоңышқаның сорттары: Апьшеевский-Башқұргстанда шығарылған. Өсімдігі 2-3 сабақ түзетін биіктігі 140 см тік өсетін бұта құрайды, жапырақтануы 49-52%. Көктемде және шабылғаннан кейін жақсы көктейді. Қыстың суығы мен қуаңшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді. 1968. Калдыбанский- Орал МАТС-да шығарылған. Өсімдігі 2-5 сабақ түзетін әлсіз, құламалы, биіктігі 124см-ге дейін баратын бұта қалыптастырады. Сорт қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен және қыстың суығына орташа төзімділігімен ерекшеленеді. Көктемде жақсы, ал шабылғаннан кейін нашар кектейді, 1973.          Карабалыкский - Қарабалық МАТС-да шығарылған Өсімдігі шашыранды, биіктігі 120-135 см бұта түзеді, жапырақтануы 45-49%. Сорт қысқа және қуаңшылықққа төзімді, 1978 .      Омский  Скоросполый - Сібір АҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 55-84 см, жапырақтануы 47-62%, қысқа, қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді,1978[10,16].        

Информация о работе Түйе жоңышқа (Melіlotus)