Ақпараттық жүйе деректер қорының моделін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 14:20, реферат

Краткое описание

Қазіргі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талап – талғамының өсуі электронды ақпараттық жүйелерді кең көлемде қолданылуы, ағарту саласындағы жаңа техникалық әдістерді енгізді. Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Ақпаратқұндылығы мен ақпараттық қызмет көрсетудің салмағы қазіргі қоғам өмірінде жеделтүрде өсуде. Бұл ақпараттандыру процессі кезінде материалдық құндылығы болмаса дабасты роль деуге негіз береді.
Кез келген деректер қорын құру үшін, құрушысы бірнеше модель жасайды. Бірінші модель - инфологиялық мәліметтер моделі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срсп_каз_2.docx

— 29.76 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

СОӨЖ

Мақалалар

 

 

 

 

Орындаған: Алжабаева К.У

Тексерген: Кайратова Н.К

 

 

 

 

 

 

Алматы-2013 ж

 

 

Ақпараттық жүйе деректер қорының моделін жасау

 

Қазіргі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талап – талғамының өсуі электронды ақпараттық жүйелерді кең көлемде қолданылуы, ағарту саласындағы жаңа техникалық әдістерді енгізді. Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Ақпаратқұндылығы мен ақпараттық қызмет көрсетудің салмағы қазіргі қоғам өмірінде жеделтүрде өсуде. Бұл ақпараттандыру процессі кезінде материалдық құндылығы болмаса дабасты роль деуге негіз береді.

Кез келген деректер қорын құру үшін, құрушысы бірнеше модель жасайды. Бірінші модель - инфологиялық мәліметтер моделі. Бұл кезеңде деректер қорын құрушы пәндік  аймақ туралы мәліметтер жинақтайды және сол жинақталған  мәліметтерді табиғи тіл арқылы, кестелер арқылы, математикалық формулалар арқылы графикалар арқылы сипаттайды. Бұл кезде ДҚ құрушы ешқандай МҚБЖ қолданбайды. Екінші  модель - мәліметтердің  даталогиялық модулі -  қандайда бір МҚБЖ тілінде ДҚ сипаттау. Үшінші модель - мәліметтердің физикалық моделі сипаттайды. Инфологиялық моделінің мақсаты  жиналған модель ақпараттық жүйелік оны ДҚ қалай сақтайтындығын бейнелеу. Инфологиялық моделін иерарахиялық  ER- диаграммалары немесе (ақпараттық модель) деп те атайды. Деректердің реляциялық моделдерінің графикалық бейнесінің жалпыға танылған түрі ER-диаграмма болып табылады. Мұндай диаграммада мән (кестелер) өзара сызықтармен (байланыспен) байланысқан, тікбұрыш түрінде бейнеленеді. Мұндай графикалық көрсетілу деректер қорының құрылымын мәтіндік сипаттаумен салыстырғанда, түсініп қабылдауды жеңілдетеді.

ERwin орындалатын міндеттерге  арналған (деректер моделін) визуалды  көрсетуді жасайды. Бұл ұсыныс  жасау циклінде қажетті құжаттың  бөлігі ретінде нақты саралауға, дәлелдеуге және таратуға  қолданылуы  мүмкін. ERwin тек салу құралы ғана  емес, ол деректер қорын автоматты  түрде жасайды.

Erwin диаграммасының негізгі  компоненттері – бұл  мәндер, атрибуттар және байланыстар. Әрбір  мән даналар деп аталатын, жеке  объектілер тәрізді жиынтықтар  болып табылады. Әрбір дана дербес  және басқа барлық даналардан  өзгеше болуы қажет. Мәліметтер  моделін құру мәндер мен атрибуттар  анықтамасымен болжамдалады, яғни  нақты мәнде немесе атрибутта  қандай ақпарат сақталатынын  анықтап алу қажет. Егер диаграмманы  пәндік аймақтың ережелерінің  графикалық көрсетілімі ретінде  қарастырылса, онда мәндер мен  атрибуттар зат есім, ал байланыс  етістік болып табылады.

Диаграммада мән тікбұрыш түрінде бейнеленеді. Диаграмманың көріну режиміне байланысты тікбұрыш мән атынан, оны сипаттамасынан, оның атрибуттарының тізімінен және басқада мәліметтерден тұрады. Тікбұрыштың көлденең сызығы мәннің атрибуттарын екі жиынтыққа бөледі – үстіңгі бөлігінде бастапқы кілттерден тұратын, ал астыңғы бөлігінде (бастапқы кілтке жатпайтын) қалған атрибуттар.

 

 

Ақпарат ұғымы

 

Ақпарат ұғымы зат, энергия және ақпараттың өзін түрлендірумен байланысты процестерді жақсарту мүкіндігін беретін жаңа мәліметтерді атайды. Ақпарат ұғымы ақпараттандыру ұғымымен тікелей байланысты, сондықтан онымен қатар ақпараттың көзі және ақпаратты тұтынушы ұғымдарын қарастырған жөн. Ақпарат тұтынушының маңызы мынадай анықтамаларда көрсетілген. Ақпарат дегеніміз - тұтынушының қабылдаған, түсінген және пайдалы ретінде бағаланған жаңа мәліметтер. Ақпарат деп тұтынушының білімдер қорын кеңейтетін мәліметтерді атайды. Ақпарат 3 кезеңде « өмір сүреді» : Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік түсініктер және бағалау жүйесіне қабылданған хабарламаның адам саласында бейнеленуі. Құжатталған ақпарат – қандай да бір физикалық тасымалдаушыда таңбалық формада жазылған мәліметтер. Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде қарастырылатын мәліметтер. Көп жағдайда құжатталған және жіберілетін ақпарат қарастырылады. Ақпараттың үлкен көлемі таңбалар көмегімен жинақталады, жіберіледі және өңделеді. Таңбалар деп ақпарат көзімен қабылдаушы арасындағы ақпараттың мағыналық мазмұны жөніндегі келісім бар болған жағдайдағы ақпаратты жібере алатын сигналды атайды. Осындай келісім орнатылған таңбалар жиыны таңбалық жүйе деп аталады. Көптеген таңбалық жүйелерді шектеу шын мәнінде мүмкін емес, дегенмен ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдеуде таңбалардың шектелген нақты тізімі қолданылуы міндетті. Тұтынушының ақпаратты дұрыс қабылдауы ақпараттық шу да түрлі кедергілердің әсерінен қиындауы мүмкін. Шудың 3 түрін бөліп қарауға болады, сәйкесінше оларды шектейтін 3 ақпараттық фильтр қолданылады: 1. Синтаксистік фильтр – тасымалдаушыда сақталынатын немесе жіберілетін таңбалар тізбегінде олардың мағыналық мәні жоқ бөліктері болуы мүмкін. Осы бөліктер синтаксистік шуды құрайды және оларды синтаксистік фильтр анықтайды. Фильтр дұрыс (мағыналы) және дұрыс емес (мағынасыз) таңбалар тізбектерін айыра алатын шешуші ережелердің жиынынан құралады. 2. Семантикалық фильтр – семантикалық шудың алғашқы аспектісі қабылданатын хабарламада жаңа мәліметтердің болмауымен байланысты, яғни хабарлама тұтынушының білімін кеңейтеді. Семантикалық шудың 2-ші аспектісі синтаксистік фильтрден жалған хабарламаның өтуімен байланысты. 3. Прагматикалық фильтр – ақпараттың тұтынушы үшін құндылық деңгейін анықтайды. Прагматикалық бағалау элементтері әдетте ақпараттың толықтығын ( құбылысты толық сипаттайтын) оның уақытқа сәйкестілігін, ықшамдылығын,қолданымдылығы және қол жетімділігін қамтиды. Ақпарат алғаш көзінен тұтынушыға дейін кодтаушы және кері кодтаушы құрылғылар, есептегіш машина т.б. сияқты түрлендірушіден өтеді. Түрлендірудің аралық кезеңдерінде хабарламалардың семантикалық және прагматикалық қасиеттері тұтынушыдан алшақтығына байланысты қарастырмай қалады. Сондықтан ақпарат ұғымы «берілгендер» ұғымымен алмастырылады. Берілгендер бір-бірімен лексикалық және синтаксистік түрде байланысқан тұжырымдар , деректер мен сандардың жиынтығын құрайды. Лексикалық қатар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды сипаттайды,ал хабарламаның жекеленген бөліктерінің арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен сипатталады. Семантикалық және прагматикалық фильтрлар деректерге әсер етпейді. Ақпарат пен деректер арасындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда,олар синонимдер ретінде қолданылады. Экономикалық ақпарат ұғымын анықтау үшін экономикалық процестерді айқындап алу қажет. Жалпы түрдегі экономикалық процестер ретінде материалдық құндылық өндірісі , таратылуы және тұтынылуы қарастырылады.

 

Жүйе ұғымы

Жалпы бүтін болып әрекет ететін өзара байланысты элементтердің кешені жүйе ұғымын қамтиды.Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын ,екінші жағынан өзара байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген объектіні атайды. Жүйе құрамына мынадай компоненттер енеді: Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады. Кіріс және шығыстар . Жүйенің «өмір сүру» заңы – кіріс және шығыс өзгерісін байланыстыратын функция. Мақсат және шектеулер – жүйенің сапалы қызмет етуі белгілі бір айнымалының мәндерімен байланысты.Айнымалылардың біреуі әдетте максималды мәнге бағытталып, мақсаттық функция немесе жай ғана мақсатты анықтайды, ал қалған айнымалыларға шектеулер қойылады. Жүйенің мынадай қасиеттерін қарастырайық: салыстырмалылық, бөлінгіштік, тұтастық. Салыстырмалылық қасиеті – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына тәуелді екендігін анықтайды. Бөлінгіштік қасиеті - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды. Тұтастық қасиеті – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды. Экономикалық ақпараттық жүйелер нақты өмірдегі қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жөніндегі ақпаратты жинақтаумен, сақтаумен,өңдеу және тасымалдаумен айналысады. Олар деректерді өңдеу мәселесін шешуге, құжаттық жұмыстарды автоматтандыруға, керекті ақпаратты іздеуге және жасанды интеллект әдісіне негізделген шешім қабылдауға арналған.

 

Ақпараттық жүйені жобалау

Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі. Ақпараттық жүйені жобалауды осы тұрғыдан алғанда ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде жобалық шешімдерді ретпенен формализациялауға келіп тіреледі. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің кезеңдеріне: жоспарлау және талаптарды талдау, техникалық және жұмыстық жобалау, ақпараттық жүйені ендіру және пайдалану жатады.

Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.

Салық органдарының ақпараттық жүйелері

Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларсыз, ғаламторсыз біздің өмірді елестету мүмкін емес. Күн сайын инновациялық бағдарламалар жасалады, жаңа электрондық қызметтер ұсынылады. Салық төлеушілермен байланысты орнатуда Салық комитетінің web-ресурстарына қол жетімділік маңызды рөлді атқарады. Барлық мәселелер бойынша Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен салық төлеушілер арасындағы интерактивтік байланыс жекелеген мәселелер бойынша жұмыс істейтін үшін әртүрлі сайттардың орнына бірыңғай www.salyk.gov.kz порталы енгізілді. Портал қолдануға қиын емес, әрдайым жаңартылатын, толық ақпараттандырылған және мазмұны бойынша актуалды.

   Портал аймақтық  салық қызметтерінің ақпараттық  ресурстарын біріктіруге мүмкіндік  берді. Осыған дейін аймақтық  салық қызметтері тек өздерінің  сайттарында жұмыс істейтін. Қазіргі  таңда әрбір салық қызметі  өзінің құқықтары шегінде өз  ақпараттарын жаңа веб-порталдың  бөлек торабында орналастырады. Алдыңғы сайттар тек орыс тілінде  жұмыс істеуге мүмкіндік берген, ал жаңа портал алдыңғылармен  салыстырғанда үш тілде жұмыс  істеуге мүмкіндік береді: қазақ, орыс және ағылшын. 

   Порталда сіз әрдайым  салық салу саласындағы жаңалықтарды, салық төлеушілердің интерактивтік  сұранымдарын таба аласыз, ҚР  ҚМ Салық комитетінің форумына  кіре аласыз, салықтық анықтамамен, салық төлеушінің күнтізбесімен, салық органдарының интерактивтік  картасымен танысуға мүмкіндік  бар. Келесі ақпараттық сервистер  сіздерге өте қажетті: жеке табыс  салығын санау, айыппұлды санау, көлікке салықты санау, түбіртекті  енгізу және басып шығару, салықтық  есептілік нысандары, СЕН тапсыру  бойынша бағдарламалық қамтамасыз  етудің жаңартылуы, СТН және басқа  критерийлер бойынша салық төлеушілерді  іздеу, ҚҚС салық төлеушілері  бойынша мәліметтерді жариялау  және іздеу, жалған кәсіпорындар  тізімі. Портал аптаның жеті күнінде  тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалықбілімділікжәне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауі, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.

Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ (Слайд 2)

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалалы. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше оқытудың ақпараттық-технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелерге қосылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

 


Информация о работе Ақпараттық жүйе деректер қорының моделін жасау