Автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 07:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жобаның негізгі мақсаты – ақпаратты қорғау тәсілдерінің негізгі жолдарымен және олардың қасиеттерін қолдану үшін қашықтықта оқытуға арналған электрондық оқулық даярлау.
Жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылды:
Ақпараттың берілу тәсілдерін оқып үйрену;
Ақпаратты қорғау жүйесінің негізгі концептуалдық нұсқаулары қарастыру;
Электрондық оқулықты жасауға қойылатын талаптарды анықтау;
Электрондық қабықшаны құрудың негізі болып табылатын Delphi ортасының мүмкіндіктерін оқып үйрену;
Ақпараттың қасиеттері мен берілу тәсілдерін оқып үйренуге арналған электрондық қабықшаны құрудың өңдемесін дайындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс Ақпарат және информатика.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Қоғамның казіргі кездегі  дамуының ең басты белгісі - бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі – қалай да болсын — ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде — ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.

Біз өмір сүріп отырған  ғасырға — автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, әлектрондык техника сияқты ғылымның, техниканың жөне жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (XV ғасырдың ортасы) радиокабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал алғашқы транзистор мен интегралдық сызба-нұсқасының арасындағы уакыт не бары 5 жыл болды.

XVII ғасырдан бастап ғылыми акпарат жинау саласында акпарат көлемі, шамамен әрбір 10—15 жыл сайын екі есе кебейіп отырды. Сондыктан адамзаттың тіршілік әрекетінің кез келген саласындағы ақпараттың тасқынды ағыны оның ең маңызды мәселесінің бірі болып табылады.

Мысалы, есеп бойынша қазіргі кезде әр маман өз кызметі саласындағы барлык жаңалықты қадағалап біліп отыруы үшін жұмыс уақытының 80%-не дейін жұмсауы керек.

Курстық жобаның өзектілігі ақпаратты қорғаудың тәсілдерін, ақпараттың берілу  әдістерін, яғни ақпараттың берілу қасиеттері мен деңгейлерін қарастыра отырып, қазақ тілінде Delhpi бағдарламасын пайдалана отырып электрондық  оқулық әдістемелік құралын құру.

Курстық  жобаның негізгі мақсаты – ақпаратты қорғау тәсілдерінің негізгі жолдарымен және олардың қасиеттерін қолдану үшін қашықтықта оқытуға арналған электрондық оқулық даярлау.

Жұмыстың мақсатына  байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • Ақпараттың берілу тәсілдерін оқып үйрену;
  • Ақпаратты қорғау жүйесінің негізгі концептуалдық нұсқаулары қарастыру;
  • Электрондық оқулықты жасауға қойылатын талаптарды анықтау;
  • Электрондық қабықшаны құрудың негізі болып табылатын Delphi ортасының мүмкіндіктерін оқып үйрену;
  • Ақпараттың қасиеттері мен берілу тәсілдерін оқып үйренуге арналған электрондық қабықшаны құрудың өңдемесін дайындау.

«Ақпаратты басқару жүйесін өңдеу және құру» атты курстық жобада компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдың нұсқасының құрамына төмендегідей материалдар кіреді:

  • Ақпаратты туралы барлық негізгі  материалдардың теориялық тілде берілуі;  
  • Осы берілген теориялық материалдарды пайдаланып электронды оқулық даярлау;

Жұмыс кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде ақпараттың негізгі түсініктері қарастырылады.

           Екінші бөлімде ақпаратты қорғау жүйесінің негізгі тұжырымдамалық қағидалары туралы қарастырылып кетеді.

Қорытындыда курстық жобаны дайындау үрдісінде орындалған маңызды әрекеттер ақпаратты басқару жүйесін өңдеу және құрудың түрлері қарастырылады, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі баяндалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Ақпарат туралы негізгі түсінік

1.1 Ақпараттық  процесстер

Ақпарат — адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталган) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал жануарлар мен кұстардың тілі ақпаратқа қандай бай! Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап – ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркенетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады [2].

Акпарат дегеніміз не?

"Акпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген үғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бүл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ен көп пікірталас тудырған түсініктердін бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдай-ларда ол интуициялык болып келеді жөне оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың аныктамаларының көп болуы – бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде акпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әркайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Бірінші теория (К.Шенон) сандық – акпараттық тұрғыдан қарастырады да, акпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдығына тәуелді: хабар негұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория акпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үшін өте колайлы. Акпаратты осы тұрғыдан түсінгенде – бұл  анықталмағандықтың алуы немесе мүмкін баламалар жинақтан таңдап алу нәтижесі.

Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде карастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдаға негізделген. Акпаратты бұлай түсінуді академик В.М.Глушков айқын бейнелеп жеткізген. Ол "Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттері немесе адамның тілі ғана емес, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да, сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдыры да жеткізеді" деп жазады. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т.б. туралы түсінік береді. Ол материядан тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауга, сактауға және өңдеуге болады.

Үшінші теория         мағыналық   (семантикалық)   тұрғыдан

негізделген, ол бойынша  ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес, оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін-өзі баскару үшін пайдаланылатын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат — бүл білімнің әрекеттегі, пайдалы, "жүмыс істеуші" бөлігі [6].

Бүл теориялар бір-бірін  белгілі бір шамада толықтырады, ақпарат түсінігінің мәнін жан-жақты керсетіп, сонысымен оның негізгі қасиеттерін түсінуді жеңілдетеді.

Ақпараттың көптеген анықтамаларының ішіндегі орындысы: Ақпарат, бұл — айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісіздікті) анықтайтын мәліметтер. Олар: сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.

Мәлімет, бұл — сигнал, хабарлама және т.б. арқылы берілген білім.

Тұрмыста ақпарат деп адам әр түрлі дерек көздерінен алатын

кез келген мәліметтер мен деректерді айтады. Мысалы, қандай да бір оқиға туралы, біреудің әрекеті туралы және т.б.

Кибернетиканың "атасы" Норберт Винердің ақпаратка берген тағы бір анықтамасын келтірейік: "Ақпарат, бұл — сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету".

Акпарат көздері мен  пайдаланушыларының әр түрлілігі оның әр алуан: символдык, мәтіндік және графикалық тәсілдермен берілуін тудырды.

Символдарды - әріптерді, цифрларды, белгілерді және т.б. қолдануға негізделген символдық тәсіл — ең қарапайым, бірақ ол іс жүзінде тек әр түрлі оқиғалар туралы күрделі емес сигналдарды беру үшін қолданылады. Бұған жаяу жүргендерге немесе автокелік жүргізушілеріне жүріс басталуы туралы белгі беретін көшедегі бағдаршамның жасыл жарығы, жүргізушіге оның не істейтіні жөнінде акпарат беретін автоинспектордың ысқырығы, жүру бағытын керсететін таяқшасы мысал бола алады [1].

Акпарат ұсынудың мәтіндік тәсілі күрделірек. Мүнда да, алдыңғы тәсілдегі сияқты, символдар: әріптер, цифрлар, математикалық белгілер пайдаланылады. Бірақ акпарат тек бұл символдармен ғана емес, олардың үйлесуімен, орналасу ретімен де беріледі. Мысалы, ЛАС пен САЛ сөздері бірдей әріптерден тұрады, бірақ оларда әр түрлі ақпарат бар. Символдардың өзара байланысы мен адам тілін бейнелеуінің арқасында мәтіндік ақпарат өте қолайлы, сондықтан ол адам әрекетінде кеңінен қолданылады. Мысалы: кітап, кітапша, газет-журнал, түрлі күжаттар, аудио-жазбалар және т.б.

Ақпарат ұсынудың графикалык тәсілі көлемді және күрделі. Бұл түріне адам әрекетінде мәні зор фотосурет, схема, сызба, суреттер жатады.

Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:

•   техникалық   тұрғыдан  алғанда,   бұл  - дәлдік,   сенімділік, сигнал беру жылдамдығы және т.б.;

•  семантикалық, бұл — мәтіннің мағынасын кодтардың көмегімен беру;

•  прагматикалык, бұл — ақпараттың объектінің мінез-күлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.

Прагматикалық аспект ақпараттың басқару процестеріне, адамдардың мінез-құлкына әсерін тигізу қабілетімен сипатталады жөне ақпарат пайдалылығы немесе кұндылығы түсініктерімен сипатталады.

Акпарат қоғам емірінің барлық салаларын қамтиды, әрбір адамның емірінде нық орын алып, оның ойы мен мінез-кұлқына әсерін тигізеді. Ол адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттар мен мемлекеттердің қарым-қатынасына қызмет етеді, адамдардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, коғам өмірінің

түрлі құбылыстары мен процестерін ұғынуға, әркімнің мәдени және білімділік деңгейін арттыруына, заңдар мен адамгершіпік принциптерін меңгеруге және сақтауга көмектеседі. Баскару ісінде ақпарат өте үлкен, ештеңемен ауыстыруға болмайтын рөл аткарады. Шын мәнінде, ақпаратсыз өзара байланысты объектілер мен жүйелердін мақсатқа бағытталған әрекеті туралы, басқарудың қандай да болсын түрі туралы сөз болуы мүмкін емес [3].

Қазіргі кезде мәні бойынша  әр алуан, арнайы тасушыларға жазылған ақпарат ұлттық байлықтың жаңа типі— мемлекеттің ақпараттық ресурсы болады. Ақпараттык ресурстың тағы бірегей қасиеті бар  ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді. Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен құтылып, өз параметрлерін анықтай отырып, ұдайы дамытылады және жетілдіріледі. Мысалы, адамдардың карым-катынаста болуы, бір-біріне мәлімет беруі — олардың жақындасуына, ой-өрісінің мүмкіндіктерінің apтуына себеп болады.

Ақпарат беру, сактау және өңдеу процестері ақпараттық npoцестер деп аталады.

Ақпаратты талдай отырып, біз алынған ақпараттың сапасын багалау және мөлшерін анықтау қажеттігімен кездесеміз. Акпараттың сапасын анықтау өте қиын, ал көптеген жағдайларда тіпті мүмкін емес. Кейбір, мысалы, тарихи мәліметтер, ондаған жылдар бойы керексіз деп есептеліп, кенеттен олардың бағалылығы күрт өсуі мүмкін. Мұнымен қатар, акпарат мөлшерін анықтау - тек керек қана емес, мүмкін де. Алдымен, бұл ақпараттың жиындарын бір-бірімен салыстыру үшін, бұл ақпаратты сақтайтын материалдық объектілердщ (қағаз, магнитті таспа және т.б.) өлшемі қандай болу керектігін анықтау үшін қажет. Ол үшін ақпаратты оның техникалық аспектісінде қарастырады жөне оның көлемін хабардағы символдар саны бойынша анықтайды.

Ақпарат мөлшерін анықтаудың басқа да біздің объект туралы азайтумен байланысты тәсілдері бар. Бұл тәсілдерде математикалық: ықтималдық және логарифм түсініктері қолданылады. Мысалы, Р.Хартли акпарат алуды алдын ала берілген ақырғы жиыннан, тең ықтималды N хабардан бір хабар тандау процесі ретінде қарастырды, ал тандалран хабардағы I ақпарат мөлшерін N екілік логарифмі ретінде анықтады.

I = log2 N.

Бірден мыңға дейін сандар жиынынан бір санды табу керек делік. Ол үшін ақпараттың қандай мөлшері керек екенін Хартлидің формуласы бойынша есептеуге болады: I=log.,1000, яғни — 9.965. Сонымен, дұрыс табылған сан туралы хабардағы ақпарат мөлшері, шамамен 9.965 битке тең.

1.2 Ақпаратты  басқару жүйесі

"Ақпарат" және "басқару"  түсініктерінің бірігуі XX ғасырдың 40-жылдары Н.Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік тудырды. Кибернетика, тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. "Ақпарат" үғымын қолдану қазіргі биологияның, өсіресе оның нейрофизиология және генетика сияқты болімдерінін дамуына маңызды ықпал жасады [5].

Н.Винер алғашқы рет  жанды, жансыз және жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің кептеген ортақ белгілері бар екендігі жөнінде ой айтты. Үқсастықтарды айқындау - - нәтижелері әр түрлі жүйелерде қолданылатын "басқарудың жалпы теориясын" жасауға жетеледі.

Бұл идея өр түрлі мәселелерді  бірыңғай шешуге қабілетті компьютерлер пайда болғаннан кейін ғана мүмкін болды. Компьютерлік есептеулердің әмбебаптағы жан-жақты басқару cxeмаларының болуы туралы гипотезаның әділеттілігіне көз жеткізді.

Бұл гипотеза уақыт сонына төтеп бере алмады, бірақ кибернетикада жинақталған басқарудың түрлі жүйелері туралы мәліметтер, қайткенмен де, жарым-жартылай болса да табылған ортақ принциптер, белгілі бір сала маманының тар шеңбердегі кәсіптік көзқарасын әр түрлі объектілер мен жүйелердің ортақтығы тұрғысынан қарайтын көзкарасқа ауыстыруға көп пайдасын тигізді. Бір саладағы идеялар мен модельдерді басқа салаға көшіру, әр түрлі сала мамандарының кибернетиканың бірыңғай тілінде өзара қарым-қатынас жасауы өз нөтижесін берді. Қазіргі кезге дейін дәл әдіс пен есептеулерді білмеген ғылым салаларында кибернетикалық рухтағы модельдер пайда болды.  

Информация о работе Автоматтандырылған ақпараттық жүйе