Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 16:03, курсовая работа

Краткое описание

Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.

Содержание

Кіріспе
І тарау.
1. Геронтология ғылымы туралы түсінік.
2. Қартаң адамдардың проблемалары.
3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде.
ІІ тарау.
1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі.
3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.
ІІІ тарау.
1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері
2. Экспериментелдық топтардағы сынақтан өтушілердің эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері.
3. Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазм-ны Кіріспе І тарау. Геронтология -ылымы туралы т-сінік. -ар.doc

— 472.00 Кб (Скачать документ)

Жұмыстың бұл формасы арнайы  әдебиеттер бойынша  жалпы  оқытуды  ойластырады. Бұл әдебиеттерде егде  жастың  ерекшеліктері туралы, негізгі  қиыншылықтар  туралы ақпарат  беріледі, себебі  зейнеткерлікке  шыққан адам осы проблемаларға тап болуы мүмкін.

 Бұл форма барынша ыңғайлы, бірақ жеке жандасудың  мүмкіндігі  болмаған соң оның тиімділігі  төмендейді.

  1. Кеңес беру.

Зейнеткерлікке  шығуға  дайындаудың  әртүрлі  мәселелері бойынша жекелей кеңес берулерді  ұйымдастыру қажет. Бұл әдістің негізгі жетістігі болып жекелей жандасу мен материалды берудің  ауызша  формасы болып табылады.

Кеңес беру процесінде  егде адамдарды  зейнеткерліктегі  өмір тәрізімен  таныстыруға мүмкіндік пайда болады, сонымен бірге ол зейнектерлікке бейімдеу процесін  қиындататын әртүрлі әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешуге жәрдем береді.

  1. Топтық жұмыс.

Арнайы жасалған  ережелер бойынша дайындық  топтарын құру керек. Топтарды жасақтау мен іріктеу  зейнеткерлікке шығуға теріс  көзқарастағы егде адамдардың есебінен  өткізілуі мүмкін.

Дайындық топтарын комплектация жасау принциптері:

  • Өндірістік, яғни фирмалар мен мекемелерде зейнеткерлікке  шығуға дайындыққа жүргізу. Бұл принцип ұйымды іс-шарамен қамтамасыз етеді және топ мүшелерінің бір-бірімен  танысуына байланысты алғашқы кезеңді жеңілдетеді. Бірақ,  бұл принциптің де әлсіз жақтары бар, өйткені егде адамдарға қатынас шеңберін кеңейтуге және жаңа әлеуметтік  байланыстарды орнатуға мүмкіндік беріледі.
  • Территориалдық принцип (тұрғылықты жерді есепке алған жағдайда).

Бұл принциптің үстемдігі оның жақын арада тұратын адамдарға үздіксіз байланыста болуына мүмкіндік жаратады.

Дайындық топтарын жасақтау  аталған принциптердің  кез келгені бойынша  жүргізілуі мүмкін.

Топтардың  ерекшеліктеріне қарай жұмыс бағдарламаларының мазмұны  әртүрлі болуы мүмкін. Бұларға коммуникативтік  тренинг,  өзіне  сенімділік беру, креативтік және  сенотивтік  тренингтері жатады.

Жұмысытң  бұл формасы болашақ зейнеткерлердің ұжымға интеграциялауына жағдай жасайды, ал ол бейімделу процесіне оң ықпал етеді.

ІІ кезең

Еңбектен кейінгі  кезеңде егде адамдармен  жұмыс істеу.

Мақсаты: Еңбектен  кейінгі  кезеңде  зейнеткерлердің  бейімделуі үшін  әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасау.

І. Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Бейімделуі  нашар егде адамдармен зейнеткерлік кезінде жұмыс істеу.
  2. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу.

Бейімделуі жоқ егде адамдармен арақатынас процесі жеке және топтық формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Бағдарлама жасау кезінде егде адамдардың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет, өйткені сол жағдай зейнеткерлікке  шыққан соң сәтті бейімделуді қамтамасыз етеді.

 Осы ерекшеліктерді талдау  негізінде жұмыстың келесі  блоктарын  көрсету мүмкін:

  • Сәйкес  өзіндік  бағалауды  қалыптастыру бойынша жұмыс, өйткені  бейімделуі  төмен  деңгейдегі  адамдар өздерінің  өмірлеріндегі  оқиғаларды басқа  адамдардың әрекеттерінің немесе  кездейсоқ жағдайлардың  нәтижелері деп  есептейді. Осы егде  адамдар өз өмірлеріндегі  оқиғалар үшін жауапкершілікті  сезінгені  жөн және  олар көп нәрсе  өздеріне  байланысты екенін түсінуі керек.

Бұл деңгейде, топтық жұмыс жасау тиімдірек.

  • Жұмыссыз  зейнеткерлердің  әлеуметтік бейімділігін  арттыру  бойынша  жұмыс, өйткені  еңбектік  қызмет аяқтасымен кейбір егде адамдарда қоғамға  керексіздік сезімі пайда болып, кейінгі  өмірдің  келешегі жоқтығы сезімі дами түседі. Демалыс және бос уақыт шеңберінде  айналысуды тиімді бейімдеу  мен дұрыс таңдау  зейнеткерлік  кезеңіне  әлеуметтік  бейімделудің  елеулі  оң  факторы  болып табылады.

Зейнеткерлікке  шыққан соң  адамдарда  көп бос уақыт пайда болады және бұл оң әсер беруі мүмкін. Бос уақытты  құқықты  өткізу  егде адамға қанағаттанды сезімін береді, сондықтан  тұлғаның  әлеуметтік  белсенділігін  жан-жақты ашу үшін нақты мүмкіндіктерді ұсыну  қажет, ал олар тиімді  өмір тәрізінің алғышарттары  ретінде шығады. Уақыт өткізудің  пассив түрі егде адамның психологиялық  денсаулығына  теріс әсер береді және ерте қартаюға себеп болады. Сондықтан мынадай қажеттіліктер шығады:

1. Қоғамдық ойда зейнеткерлік  кезеңді  өмірдің белсенді кезеңі  ретінде пікір қалыптастыру керек.

2. Егде адамдардың қызығушылықтары  мен жекелей қабілеттеріне  сәйкес  әрі тиімді  ірі елеулі  айналысуларды  олар үшін жан-жақты іздестіру керек.

Егде адам өзінің ішкі қызығушылықтарын сәйкес қызмет түрін  таңдауға  мүмкіндік  алуы өте маңызды. Бұл жерде қызығушылықтар бойынша әртүрлі үйірмелер мен курстарды ұйымдастыру қажет.

Клубтық  жұмыстарды ұйымдастыру егде адамдардың өзара  қатынасу  процесін  жолға қоюға  жәрдем  береді. Бейімделуі  төмен  деңгейдегі  егде  адамдарда басқа  адамдармен  қатынас жасауында  проблемалары болады.

 Олар  қатынастарға   қанағаттанбайды  және  оларды  бақылу  шеңберінен  өздерін  тыс  деп санайды.

 Бірақ,  соған  қарамастан  олар  жақындарынан  қолдау және  қамқорлық  күтеді. Олардың  басқаларды  қабылдау  деңгейі төмен  болғаны үшін, олар  басқаларды теріс  тәрізде  қабылдайды. Басқалармен  салыстырғанда  олар  өздеріндегі  пессимизмге  жол береді және әлеуметтік  жағынан  өздерін  бағаламайды, ал бұл жағдай оларға  басқалармен  қатынас жасауына  кедергі  жасайды.

Сұхбат  кезінде  олар  сұхбаттасқа  қызығушылық білдере  бермейді, сондықтан  олар теріс  сезінуді  қалыптастырды жағдай  жасаудың маңызы зор.

Сонымен,  бейімделуі  жоқ егде адамдармен  психологиялық  жұмыс белсенді әлеуметтік рольді  орындауға қоршаған адамдармен қатынас жасауға,  оң өзіндік  бағалауды және психологиялық байсалдылықты  қолдауға  бағытталуы керек.

  1. Егде  адамдардың  туыстарымен  жұмыс жасау.

Бұл жұмыс консультативтік  формада  ұйымдастырылуы  мүмкін. Егде адамдардың  туыстарына мына  жайттерді  түсіндіру  қажет: әлеуметтік  қолдау егде адамдарға  өздерін  құзырлы  сезінуге  көсектеседі,  оң  сезімдер  берілген  соң  егде  адамдар  өздерін  басқалардың  құрметейтінін,  бағалайтынын және  қамқорлық  жасайтынын  сезіне алады.

Бұл егде  жастағы  бейімделуге  жағдай  жасайтын  басты  фактор болып табылады.

Сонымен,  егде  жастағы  бейімділікті  профилактика  жасау бойынша  жұмыстары өз ішіне  психологиялық  денсаулықты  нығайтуға,  проблемаларға  барынша  тиімді  қатынас жасауға  бағытталған психологтар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан  жүргізілетін  сабақтарды  енгізу  қажет, өйткені  аталған  проблемалар егде жаста пайда болуымен сипатталады.

 

ІІІ тарау. 3.Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі

Кәрілік (қартаю) мәселесі ХХ ғасырдың, әсіресе, соңғы оонжылдықтардың жаңа әлеуметтік  феномені болып отыр. Кәрілік жеке дамудың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгейдің әлеуметтік  процесстеріндегі өзгерістер бағытының индикаторы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап береді.

Егер 1990 жылдары Батыс елдерінде халықтың 18 % зейнеткурелік жаста болса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 30%-ға көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен.

Біріккен ұлттар ұйымының  сараптамасына ден қойсақ, егде жастағы адамдар  165 мемлекетте 4 % болса, ол  мемлекет – жас  мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп есептелеінеді екен.

Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 4-5 еңбек ететін келеді. Осындай жағдайдан кейін 1991 жылы БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді.

Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады.

Қазіргі кездегі қарттық туралы әлеуметтік ғылымының дамуының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:

    1. Қартаюды биологиялық және писхологиялық процесс ретінде меңгеру (игеру);
    2. Егде жастағылармен әлеуметтік орнын және әлеуметтік-экономикалық статус мәселесін сипаттайтын институтционалды қатынас;
    3. Әр халықтың өзіне тән кәрілік туарлы әр қилы тарихи мәдени  сараптамасы.

Қазіргі қоғамдағы қартаюдың  салдарын үш топқа бөліп қарауға болады. Бііріншіден, бұл төмендегідей жағдайлармен сипатталатын әрі демографиялық және макроэкономикалық салдар:

  • туылу көрсеткіші;
  • өмір сүру ұзақтығы, әсіресе оның ең жоғарғы шегі, әрі егде жасқа жетуге талпынушылар саны;
  • зейнеткер қарттар өмірінің тиесілі сапасы стандартын қамтамасыз етудің ұжымдық жауапкрешілікке қатынасы;

Екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынас аумағында айтарлықтай өзгерістер болады:

  • жанұялық-туысқандық қарым-қатынас құрылымында;
  • әртүрлі ұрпақтардың бір-бірін қолдау жүйесінде;
  • потенциалды еңбекпен айналысушылық құрылымында;

Үшіншіден, еңбек нарығында демографиялық құрылым өзгерісі байқалады:

  • еңбеккерлерді егде жаста қайта біліктіліктен өткізу қажеттілігі туындайды;
  • егде жастағы зейнеткерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек іс-әрекетіне байланысты қатынастар өзгереді, яғни зейнетке шығу мәселесі;
  • әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекпен шұғылданушылық пропорциясы өзгереді, себебі егде жастағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп.

 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың техналогиясы.

 Әлеуметтік қызмет  мекемесінің жүйесі

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан  Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады.

Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.

Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.

Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы  топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен  әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық  шарттарға әкелетін критикалық өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің  стационарлы және стационарлы емес түрі - әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі.

Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге  көмек көрсету.

Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік  органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.

    1995 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде  қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік  қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.

Әлеуметтік қызметтің ең кең дамыған жерлері  Тараз қаласында  барлығы  140 қарт адам бар. Олардың 28 адамы қазақтар.

Информация о работе Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері