Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx

— 4.05 Мб (Скачать документ)

Тритондар акватеррариумда ұстауға қолайлы, күй талғамайтын  жануарлар. Кәдімгі тритон, қызылқұрсақты тритон, иран тритоны, кішіазия тритоны, сүйелді тритон, қысқааяқты қызылқұрсақты тритон, қолтырауын тритон, испан тритонын акватеррариумда ұстау кең таралған. Испан тритоны - қолда ұстауға ең қолайлы тритон, себебі бар өмірі суда өтеді. Ал жалды тритон аздап жабайырақ, сондықтан лаборатория жағдайында көбейту қиынырақ.

Акватеррариумда кез-келген жануарды ұстамас бұрын  ол туралы толық мәлімет жинаған дұрыс. Тритондар төменгі температураға бейімделген қосмекенділер. Сондықтан судың температурасы 18-22°С болғаны жөн. Тритондарға дөңгелек пішінді акватеррариум жарамайды, біраз қолайсыздық туғызады, сондықтан көлденең пішінді, шыны әйнекті  болғаны дұрыс. Көлемі онда ұсталатын жануарлардың санына және дене мөлшеріне байланысты. Тритондар қашып кетпеуі үшін қақпағы дұрыс жабылғаны жөн. Судың тазалығын су сүзгі қамтамасыз етеді. Ауа алмасатын саңылауларды алдын ала ойластырып, дұрыс орнату керек, себебі ауа алмасу дұрыс болмаса ылғалдылық төмендеп кетеді. Судың құрамында пайдалы микроорганизмдер, яғни биофильтрацияның болғаны жөн. Тритондарға оттегі өте қажет, себебі терісімен тыныс алады. Ол үшін арнайы ауа сығымдағыш қолданылады.  Акватеррариумның түбіндегі жер-топырақтың маңызы зор, ол гигиеналық жағдайды бақылайды. Тырбиған ағаштар тек сән беріп қоймай, жасырынатын пана болады. Тритондардың жағдайын жақсарту мақсатында және аурулардың алдын алу үшін үнемі тазалықты сақтау керек.

Тритондар көршілерімен бейбіт өмір сүре алады. Егер дене мөлшері сәйкес кеп жатса, асшаян, данио, гуппи, кардинал, неондармен бірге ұстауға болады. Ал тасбақа, шаянтектестер, цихлида, жайынмен ұстауға болмайды. Балықтармен бірге ұстау біраз қолайсыздық туғызады, себебі балықтарға жоғары температура қажет. Ал тритондар төменгі температураға бейімделген қосмекенділер.

  Тритондар тіршілік ететін ортасының қолайсыздығынан және тасымалдау кезіндегі жарақаттардан көптеген ауруларға шалдығады. Тәбетсіздік, шемен, гиповитаминоз, ішектің тарылуы, сепсис, күйік шалу, насекомдардың шағуы, ісік аурулары, өкпенің қабынуы сияқты аурулармен жиі ауырады. Көбінесе емдеу шаралары үшін антибиотктер, глюконаткальций мен глицерофосфат ерітіндісін , ультра күлгін сәулелер қолданылады.

Гиповитаминоз болған жағдайда жетіспейтін дәруменді көбірек беру арқылы емдейді. Емдеу шаралары кезінде қолданылатын дәрілер зиянды болғандықтан, тұзды ерітіндіні пайдаланады. Ол ішкі паразиттерді жою үшін қолданылады. Ауру тритонға карантин жариялап, бөлек контейнерге орналастырады. Егер ауруы ушығып кетсе мал дәрігерінің көмегіне жүгінген жөн.

Тритондар тірі қорекпен қоректенгенді ұнатады. Шаянтектестер, масаның личинкалары мен көптеген құрттар тірі қорек бола алады. Құрттар тритондар үшін таптырмас қорек. Тоңазытылған қоректі қосымша қорек түрінде берген жөн. Ал құрғақ қоректі аз  пайдаланғаны жөн, себебі көбею қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Ересек тритондарды аптасына 2-3 мәрте, жас тритондарды күнделікті қоректендіреді.

Тритондар көбейер алдында түлейді. Көбеюге қолайлы температура 18°С. Іштей ұрықтанады, көбеюдің алдында неке биін билейді. Ұрықтанып болған соң, уылдырық шашады. Аналығы 700-800 уылдырық шашуға қабілетті. Көбейердің алдында жақсылап қоректендірген дұрыс. Ұрықтары сұрғылт-жасылдау түсті болады. Балықтың шабағына ұқсас дернәсілдері пайда болады. Ерекшелігі дернәсіл кезінде тыныс алуға қатысатын сыртқы желбезектері болады. 3 айдан соң метаморфоз жүріп, ересек тритондарға айналады. Жыныстық жетілуі тіршілігінің 1 жасында болады.

Тритондарды табиғатта аң-құстар қорек ретінде қолданатындықтан және қыстаудан кейінгі өлім - жітім болғандықтан көп өмір сүрмейді. Ал егер қолда бақса  28-30 жылға дейін өмір сүреді. Жауларынан терісіндегі улы бездер болуының арқасында қорғанады.

Тритонның жауларына сужыландар, улы сұр жыландар, көкқұтандар, байғұтандар жатады, бірақ тритонның жасырынып өмір сүруіне байланысты аз шабуыл жасайды.

Тритон - пайдалы қосмекенді. Ол суда маса личинкаларын жем етеді, сондықтан да қан сорғыш насекомдармен  күресу үшін жағасында ағаш өскен суларда тритондарды көбірек өсіруге жағдай жасау қажет. Тритондарды лабораторияда тәжірибе жасау үшін пайдаланады.

Қызыл кітапқа енген тритондар: альпі тритоны, карпат тритоны, кішіазия тритоны. Жоғалып кету қаупі бар тритондар жапондық өкпесіз тритон, уссириялық тритон.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов «Омыртқалылар зоологиясы» І, ІІ том.

Алматы, ЖШС Эверо, 2011ж 121-124 б.б. 

2. А.Э. Брэм «Жизнь животных», Москва:  « Терра-Terra»,1992ж 82-87 б.б.

3.И.С. Даревский, Н.Л. Орлов  «Редкие и исчезающие животные »,

Москва: « Высшая школа»,1988ж 62-71 б.б.

4.К.Ә.Дәуітбаева, Б.Е.Есжанов, Н.С.Сапарғалиева, С.Т.Нұртазин  «Жануарлар алуан түрлілігі», Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011ж

454-456 б.б.

5. И.Акимушин «Мир животных», Москва «Мысль» 1989ж  368-370б.б.

6. Х.Қыдырбаев, А.Бекенов «Қазақстанның хайуанаттар әлемі», Алматы: «Қазақстан», 1977ж 45-50 б.б.  

7. О.Б.Беркінбай, Г.С.Шабдарбаева, Д.М. Хусаинов, М.Т. Акоев «Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі»,

Алматы, 2013ж  88-100б.б.  

8.http://floranimal.ru/pages/animal/t/738.html 

9. http://www.forum.aquastatus.ru/viewtopic.php?p=45370#p45370

10. http://www.zoofirma.ru/terrarium/hvostatye-zemnovodnye/1577-akvarium-i-terrarium.html 

11. http://zooclub.ru/amfib/39.shtml

12. http://kwitri.ru/oformlenie-akvariuma/grunt-dlya-akvariuma/

13. http://zooclub.ru/amfib/soderzhanie_vodnyh_amfibii.shtml

14. http://kwitri.ru/oborudovanie/kak-vybrat-aksessuary-dlya-akvariuma/

15. http://zooclub.ru/faq/show.php?id=1352 

16. http://go.mail.ru/search?q=reptiliy.net+amphibii.ru

17. http://zooclub.ru/amfib/38.shtml

18. http://zooclub.ru/amfib/l1/10.shtml

19. http://zooclub.ru/amfib/solevoi_rastvor_salamandr.shtml

20. http://zooclub.ru/amfib/korma_hvostatyh_amfibii.shtml

21. http://www.vitawater.ru/terra/caudata/pleu-wl2.shtml

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

12-сурет. Акватеррариум дизайны

 

13-сурет. Сапалы жасалған акватеррариум

 

14-сурет. Тырбиған ағаштар

 

15-сурет. Термометр және фильтр

 

 

  

16-сурет. Қытайлық қызылқұрсақты тритон

 

 

17-сурет.Иран тритоны

 

18-сурет. Қысқа аяқты қызылқұрсақты тритон

19-сурет. Қытайлық сүйелді тритон

 

 

20-сурет. Испан тритоны

 

 

21-сурет. Жалды тритон

 

22-сурет. Кәдімгі тритон

 

23-сурет. Қолтырауынды тритон

 

 

24-сурет. Кішіазия тритоны

 

 

 

 


Информация о работе Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау