Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау
Курсовая работа, 06 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.
Содержание
Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша
Прикрепленные файлы: 1 файл
Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx
— 4.05 Мб (Скачать документ)
Акватеррариумға көптеген су өсімдіктерін отырғызған жөн, мысалы шыбынсалы, бақоты, эхинодорус, қауырсынжапырақты, кабомба, элодея және т.б. Өсімдіктер таңдағанда олардың температураға деген әсерін де білу керек. Суда ішкі фильтрмен сорғы болуы керек, бірақ судың жай қозғалуын қадағалаған абзал. Температура қыста 12-15°С, жазда 20-22 °С. Судың түбіне құм немесе қиыршықты тас төсеуге болады. Тритондарды топпен ұстауға да болады.
Қоректенуі. Акватрерариум жағдайында тритондарды масаққұртпен, құрттармен, шырылдауықтармен, еттің және балықтың кесегімен қоректендіреді. Жас тритондарға масаққұрт береді. Дернәсілдері кішкентай омыртқасыздармен қоректенеді. Ал акватеррариумда циклоп, ұсақ дафниямен, сонымен қатар қосымша қорек түрлерін ұсынса болады. Дернәсілдерді және жас тритондары күнделікті қоректендіреді. Ересектерін 2-3 күнде 1рет қоректендірсе болады. Жас және ересек тритондарға қорекпен қосымша минералды қоспалар беру керек, мысалы ұнтақталған жұмытқаның қабығы, құрамында кальций бар препараттар. Айына 1 рет дәрумендер беру керек. Жақсы үйлестірілген қоректерді нұсқау бойынша берген дұрыс.
Көбеюі. Аналығы аталығынан үлкен, түстерінде айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Шағылысу кезінде аталықтарының клоакасы жуандайды. Жыныстық жетілу өмірінің 1-3 жылдарында өтеді. Қыстап шыққан соң, акватеррариумда температураны 24°С-қа көтеріп, суды тазалап болған соң, неке ойынын бастайды. Аналығынын ынталандырып болғаннан кейін, аталығы сперматофорын шаша бастайды. Аналығы сперматофорды тауып, клоакасының шетімен ұстап, сперматекаға орналастырады. 2-3 тәуліктен кейін аналығы уылдырық шашып, өсімдіктерге жабыстырады. Аналығы 100-300 уылдырық шашуы мүмкін. Уылдырық шашып болған соң, ересектерін басқа акватеррариумға ауыстырған жөн, себебі уылдырықты жеп қоюы мүмкін. Акватеррариумның температурасына байланысты 14-28 күннен кейін дернәсілдері шығып, қоректене бастайды. 60-140 күннен кейін дернәсілдерінің мөлшері 3,5 см-ге жеткенде метаморфоз аяқталады. Осы уақытта су деңгейін қадағалап, дернәсілдері құрлыққа шығу үшін көпірше орнату керек немесе су деңгейін төмендетіп, жас тритондар жорғалап шығатын бұта ағаштар орнату керек. Осыдан кейін оларды дымқылдығы жоғары құрлыққа ауыстыру керек. Дернәсілдер үшін судың температурасы 20-22°С ,үнемі суды сүзгіден өткізіп, тазалап тұру қажет. (16 сурет)
Қытайлық сүйелді тритон (Paramesotriton chinensis)
Таралу аймағы. Қытайдың оңтүстік аудандарында кездеседі. Ылғалды субтропикалық және тропикалық ормандарда, жазықтықтарда, таудың төменгі белдеулерінде.
Дене мөлшері. 14-16 см-ге дейін. Терісі арқа омыртқасынан бастап түйірлі. Құйрығы биік әрі бүйірінен қысылған, денесінің ұзындығына тең, кейде сәл ұзынырақ. Аяқтары жақсы жетілген.
Басы үлкен емес, аталықтары аналығынан кішірек. Арқасы қоңыр-жасыл, сұр түстен бастап, қара қоңырға дейін. Кейде денесінде және құйрығында қара дақтармен қатар әр жерінде қызғыш-сары дақтар да болады. Құрлықта тіршілік ететін түрлері біркелкі қара түске және денісінің әр жеріне біркелкі емес түскен сарғыш-қызыл дақтарға ие. Көбейер алдында аталықтарында құйрықты бойлай күмістүстес ақ жолақ пайда болады және клоакасы ісінеді.
Күтімі. Сүйелді тритонды су деңгейі 20см-дей болатын және судың бетінде қалқып жүретін ағаштар мен бұталар бар акватерраиумда ұстау керек. Судың түбіне майда қиыршық тастар немесе құм салуға болады. Судың температурасы 20-22°С-тан аспауы дұрысырақ. Үнемі судың тазалығын қаматасыз ету керек. Жалпы барлық тритондарға жасалатын жағдайларды ескере отырып, акватеррариумдарда асырауға болады.
Қоректенуі. Акватеррариумда тритондарды ұсақ жауын құрттармен, насекомдардың дернәсілдерімен, масақұртпен, ұсақ шаянтәрізділермен және қосымша тоңазытылған қоректер түрлерімен қоректендіреді.
Көбеюі. Су температурасының көбею кезінде 17°С-тан аспағаны жөн. Аналықтары 100-115 уылдырық шаша алады. Дернәсілдерінің түсі әдетте қара. Дернәсілдерінің қалыпты жетілуі үшін тік бағыттағы, су тепмературасы 18-22°С-тан аспайтын бөлек акватеррариум керек. Судың тазалығы міндетті. Акватерраиум жағдайында 10 жылға жуық өмір сүреді. (19 сурет)
Қысқааяқты қызылқұрсақты тритон (Pachytriton labiatus)
Таралу аймағы. Қысқааяқты тритондар Қытайдың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендейді. Батысында мекендейтін аймақтары оқшауланған екі Гуйджоу, Гуанси және Цзянси, Чжэцзян бөліктерге бөлінген. Салқын, таза, ағысы күшті өзендерде, арықтарда тіршілік етеді.
Дене мөлшері.19см-ге дейін. Терісі басқа Азия тритондарымен салыстырғанда тегіс әрі төмпешіксіз. Қол-аяқтары қысқы, жуан, саусықтары кішірейген. Құйрығы бүйір жағынан қысылған, қалақ пішінді, жүзу кезінді қозғалтқыш қызметін атқарады. Басы тік бағытта жалпақ келген, жоғарғы ернінде бүйір ауыз тесігін және төменгі жақты жасырып тұратын тері қатпары жақсы жетілген. Көздері үлкен емес. Бұлардың барлығы оларға біршама балыққа ұқсас келбет береді. Негізінен денесі қоңыр түсті, бас, қол-аяқ, құйрықтары біршама ақшылдау. Денесінің астыңғы жағында үлкен, бір-бірімен араласып кеткен қызыл дақтар бар. Кейбір түрлерінде бүйірінен кеудесіне қарай бойлай орналасқан жіңішке қызыл жолақты көруге болады.
Күтімі. Бұл тритондарды тек қана суда ұстауға болады, құрлыққа шығу үшін аралшалар немесе ағаш-бұталар жасаудың қажеті жоқ.Кәдімгі үй жағдайында акватеррариумда бұл тритондарға жағдай жасау қиынырақ. Судың температурасы 18-22°С-тан аспаған жөн. Суды таза ұстау керек, ол үшін акватеррариумға күшті сорғысы бар фильтр орнату керек, сонымен қатар аммоний мен нитраттың концентрациясында қадағалан абзал. Қысқааяқтылар жеткілікті түрде агрессивті, кішірек акватерраиумда бір-біріне зақым келтіруі мүмкін.
Акватеррариумның түбіне тырбиған ағаштар, тастар салуға, сондай-ақ ұзынсабақты өсімдіктерді отырғызуға болады. Акватеррариумға күндіз 10-12 сағат жанып тұратын UVB 2% УФ шамын орнатуға кеңес беріледі.
Қоректенуі. Жалпы кез-келген құрттардан бастап ұсақ балықтарға дейінгі тірі қорекпен және кептірілген қорек түрлерімен қоректенеді.
Көбеюі. Аталықтарының клоакасы көбейер алдында және басқа уақытта да жуан. Ересек аталықтарында аналықтарына қарағанда құйрығы жалпақтау, ұзын, аяқтары да ұзынырақ. Қыстап шыққан кейін акватерраиумды жақсылап тазалап, су температурысын 24°С-қа дейін көтереді. Неке ойынынында аналығын ынталандырып болған соң, аталығы сперматофорын шашады. Аналығы спертафорды тауып, клоакасымен сперматекаға салып алады. 4-6 тәуліктен соң аналығы уылдырықтарын шашып, өсімдіктерге жабыстырады. Аналығы 20-80 уылдырыққа дейін шашады. Дернәсілдері 15-25 күннен кейін шығып, қоректене бастайды. Метаморфоздың аяқталуы 62-110 күн. Дернәсілдердің ары қарай жетілуі үшін су температурасы 22°С болғаны жөн және суды үнемі тазалап отыру қажет. (17 сурет)
Қолтырауын тритон (Tylototriton)
Таралу аймағы. Оңтүстік-шығыс Азия, Қытайда Юньнань ауданың таулы аймақтарында теңіз деңгейінен 1000-2500 м биіктікте мекендейді. Ағысы жай және ағынсыз суларда, кешқұрым белсенді тіршілік етеді.
Дене мөлшері. 17см-ге дейін. Арқасында омыртқаны бойлай құйрыққа дейін жалғасатын көз шағылыстыратын сарғылт түсті жолағы және денесінің бүйір жағында орналасқан 12-14 айқын көрінетін белгі дақтары бар.
Бас пен қол-аяқтары сарғылт түсті. Бас бөлігінде шықшыт безі у бөліп шығарады. Басындағы өсіндісі тәжге ұқсас болғаннан кейде "әмірші тритон" деп атайды. Арқасының қанық қара-қоңыр болуына байланысты сарғылт дақтары тез байқалады, соның себебінен жыртқыштарға жем болады.
Күтімі. Кәдімгі кең емес аквктеррариумда ұстауға болады. Бұл уақыта олар күндіз белсенді қозғалады. Субстрат есебінде шымтезек мүгін пайдаланса дұрыс. Ылғалдылық жоғары болуы тиіс. Акватеррариумдағы температура 15-25°С аралығында. Температура тритондардың қандай мекеннен алынғанына да байланысты. Түнде температураны күндізгімен салыстырғанда 3-5°С-қа төмендеткен дұрыс.
Қоректенуі. Шырылдауық шегіртке, қоңыздың дернәсілі, масақұртпен қоректенеді. Қосымша қатырылған қорек түрлері де жарайды және минералды препараттар мен дәрумендер болғаны пайдалы. (23 сурет)
Көбеюі. Көбеюі іштей. Негізгі көбеюі сәуір- мамыр айларында суда өтеді. Ал қалған уақытта суда жүреді. [9]