Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау
Курсовая работа, 06 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.
Содержание
Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша
Прикрепленные файлы: 1 файл
Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx
— 4.05 Мб (Скачать документ)Жаңадан сатып алынған акватеррариум азотты циклдың болмауына байланысты тритондарға қауіпті. Яғни қалдық өнімдерді ыдыратын бактерияның болмауына байланысты. Егер мүмкіндік болса акватеррариумға тритондарды жібермей тұрып, онда азотты циклдың пайда болуын күткен жөн. Пайдалы бактериялардың пайда болуына бірнеше апта қажет, ал бұл кезеңде аммиак пен нитраттың мөлшері көбейіп кетуі мүмкін, сондықтан акватеррариумға тритондарды жібермеген дұрыс. Жаңадан алынған акватеррариумға пайдалы бактерияларды енгізу үшін ескі террарирумның су сүзгісінің немесе басқа заттардың бөліктерін пайлансаңыз болады. Пайдалы бактериялар қайда болады? Акватеррариумның жоғарғы бөлігінде - әйнекте, тастарда, су сүзгінің ылғалды бөлігін қолмен ұстап байқаса шырышты көруге болады. Бұл шырыш- биофильтр. Бұл пайдалы шырышты құртуға болмайды. Азотты цикл бар акватеррариумдардың өзінде зиянды заттардың мөлшерінің көбейіп кетуі мүмкін. Оларды жоюдың басты тәсілі- судың бөлігін жаңасымен алмастыру. Әдетте шамамен судың 20% ауысады. Циклды орнату кезінде егер акватеррариумда тритондар болса бірнеше күн сайын жасау қажет. Суды ауыстырмастан бұрын аммиак пен нитраттың мөлшерін өлшеу керек. Бірнеше айдан кейін цикл толық орнатылған соң, суды әрбір 1-2 апта сайын 10-20% ауыстырып, осы қалыпты сақтау керек. Бір аквариумда көп тритондар ұстауға болмайды. Бұл судың құрамының өзгеруіне және ауруға шалдығуға әкеліп соғады. Мысалы 40 л акватеррариумға бір мезгілде 30см-лік тритон(бұл әрқайсысы 10см-дей келетін 3 тритон болуы да мүмкін), ал 60-80л акватеррариумның 2/3 бөлігі су болса 40см-дей болатын тритон ұстауға болады. Тритондарға 1 күнде жей алатындай қорек мөлшерін беріңіз. Қорегінің қалдығын бүріккішпен (аспап) бірден тазалаңыз. Су сүзгі қалдықтарды тазаламайды, ол тек бір жерге шоғырландырады. Қалдықтарды көрмесеңіз де ол акватеррариумда орналасып, суды уытты заттармен ластайды. Суға үнемі оттегін сіңіріп отыру қажет. Пайдалы бактериялар суда оттегі көп болғанда тез көбейеді және оттегі болмағанда өледі. Тритондарға оттегі өте қажет, олардың көпшілігі терімен тыныс алады. Ол үшін арнайы ауа сығымдағыш (компрессор) қолданылады. Көптеген су жүргізетін жүйелер суды зарарсыздандыру үшін хлор емес, хлорамин қолданады. Хлорды жою үшін оны бір түнге тұндырып қойса жеткілікті. Ал хлораминді жоюға бұл әдіс жеткіліксіз, ол үшін суға арнайы қосымша заттар қосады. Сондай-ақ термометрде қажет. Жалпы акватеррариумдарда қолданылатын 2 түрлі термометр бар. Біріншісі сорғыш арқылы әйнекке бекінетін, екіншісі сұйық кристаллдардан тұратын жалпақ термометр, ол акватеррариумның сыртына бекітіледі. Сұйық кристаллдар температура өзгергенде түсін өзгертеді. Кейбір тритондарға жоғары ылғалдылық қажет. Бұған бірнеше әдістермен жетуге болады. Акватеррариумға оның ішінде өсімдікке, тіпті жасанды өсімдіктерге де бүріккіш (пульверизатор) су бүркуге болады.Тірі өсімдіктер ылғалдылықты жақсы сақтайды. Келесі бір тәсіл топырақ пен мүкті дымқылдау арқылы қажетті ылғалдылыққа жетуге болады.
Жасырынатын пана көптеген тритондарға керек. Әсіресе, түнде белсенді тіршілік ететін тритондарға міндетті түрде керек. Шартты түрде жасырынатын пананы табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи пана ағаштардың діңі, ін, жапырақтар арасындағы қуыстар. Ал жасанды паналар әрине адамның қолымен жасалады. Бұл ылғалды бөлік, жасанды індер, өңдегіш плиткалардан құралған арнайы төбешіктер, керамикалық құмыралар болуы мүмкін. Жасырынатын пана тым кең болмауы керек. Жаңадан келген тритонға жаңа ортаға бейімделу үшін жасырынатын пананың маңызы зор. Арнайы жасырынатын пана зоодүкендерде сатылады.
Судың түбіндегі жер-топырақтың да маңызды бірнеше қызметі бар: акватеррариумдағы нысапты сіңіру арқылы (нәжістік тыңайтқыш) гигиеналық жағдайды бақылайды, жоғары ылғалдылықты сақтайды, сәндік ерекшелікке ие. Жалпы жер-топырақ ретінде қара түсті өзен құмы, тастар, шымтезек, ұсақ керамзит, кокосты ұнтақ және т.б. пайдаланса болады. Екінші жұмсақ қабат есебінде мүктер, қыналар мен балдырлар қолданылады.
Ал тастарды бір-біріне силиконды желім арқылы жабыстырып, желім толық кепкен соң су түбіне тастайды. Жалпы жер-топырақтың қалыңдығы 3-7 см болады. [12]
Акватеррариумдағы өсімдіктер жасанды және табиғи деп бөлінеді. Өсімдіктер акватеррариумға сән беріп қана қоймай, ылғалдылықты да сақтайды. Бірақ өсімдіктерді күтіп қарау оңай шаруа емес. Акватеррариумды көгалдандырғанда өсімдіктерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру қажет. Өсімдіктерге біраз тұрған суды шашу және құю керек. Сонымен қатар 10 күнде 1рет суға нәрлі заттарды қосады. Ауруға шалдыққан және құрыған өсімдіктерді дереу жойып, жаңасымен алмастыру керек. Акватеррариумдағы өсімдіктерге тыңайтқыш себуге болмайды, бұл тритондарға қауіпті. Егер өсімдік тыңайтқышқа мұқтаж болса, оны бөлек алып тыңайтып, сосын қайтадан орналастыру керек. Негізі өсімдікті құмыраға отырғызған жөн. Өсімдік түрін таңдау жануарға және оның тіршілік әрекетіне байланысты. Өсімдіктерді жиі тығыз емес, үйлесімді орналастырған дұрыс.
Суда тырбиған ағаштар әдемі көрінеді және тек көрік беріп қана қоймай тритондарға жасырынатын пана болады. Орналастырмас бұрын оны қабығынан тазалап алған жөн. Алдымен тұзды, сосын ағынды суда жуады. Бұндай әдіс зиянды бактериялардан және түбіне түсуге кедергі жасайтын тесіктердегі ауаны шығаруға пайдасын тигізеді. Тырбиған ағаштар мен тастарды акватеррариумға орналастырмай тұрып бір қайнатып алады. Қайнату ұзаққа созылады, мысалы 10-12 сағат. (14-сурет)
Кейбір жас тритондар және жаңадан өсіп келе жатқандары ультракүлгін шамдарын пайдаланбағандықтан мешел (рахит) ауруына шалдығады. Сондықтан арнайы ультракүлгін шамдарын пайдаланады. Мысалы, 2-5% UVB шамдары.
Акватеррариумды үнемі таза ұстап, залалсыздандырып (дезинфекция) отыру керек. Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі қылшақтар, ысқыш және жуатын жабдықтар. Акватеррариумды тазалағанда қолғап пен қорғаныш көзілдірік қажет.
Акватеррариумды тазалағанда тритондарды уақытша қоя тұратын екінші акватеррариум керек. [14]
Күнделікті тазалыққа желінбеген қорек қалдығын, тіршілік әрекеті барысындағы өнімдерін, түлеуден кейінгі тері қалдықтарын, сонымен қатар қорек пен суға арналған табақтарды тазалау мен залалсыздандыру жатады.
Апта сайынғы тазалыққа акватеррариумды тазалау мен залалсыздандыру, су түбіне төселген топырақты, сәндік заттарды тазарту жатады. Тазалықтан соң қолды міндетті түрде сабынмен жуу керек.
Тритондарды басқа жануарлармен бірге ұстауға болама? Бір аквариумде бірнеше түрді ұстауға болмайды. Тым үлкендері мен агрессивті түрлері кішілеріне қысым көрсетеді. Зақымдау мен жарақат алу қаупінде ұмытпаған жөн. Ал егер шамамен бір мөлшерде болса бірге ұстауға болады. Мысалы, оттықұрсақты, жалды, калифорниялық тритондарды бірге ұстау қауіпті емес. Дегенмен, жолбарысты амбистома мөлшері бірдей болғанымен , өзінің қорегінен де үлкен қоректі жеп қоюы мүмкін. Сондай-ақ тритондарды шаянтәрізділер мен теңіз шаянымен бірге ұстамаған дұрыс. Шаянтәрізділер тритондарды қымсынбай жарақаттауы мүмкін. Шаянтәрізділерден тек тұщы суларда мекен ететін асшаянды көрші есебінде тритондармен бірге ұстауға болады. Сонымен бірге тритондар ұлулармен де жақсы көрші бола алады, тек дене мөлшері сәйкес болса болғаны, керісінше жағдайда бір-біріне қорек болуы мүмкін.
Тритондарды жалпы балықтармен бірге ұстаудың мәселесі көп. Себебі балықтардың көпшілігі тропикалық, сондықтан жоғары 25-26°С температураға тәуелді, ал тритондарға тиісінше бұдан төменірек 20°С температура керек. Сонымен қатар үлкен балықтар тритондарды жарақаттауы мүмкін және тритондар балықтардың көптеген ауруына бейімделген. Цихлида, жайын және сол тәріздес балықтармен бірге ұстауға болмайды. Ал тритондар алтын балықтармен жақсы көрші. Тасбақалар да тритондар үшін қауіптірек.
Егер тритондардың балықтармен көрші болғанын қатты қаласаңыз:
- бірге ұсталатын балық 100% дені сау болуы керек.
Тритонмен бірге ұстауға болатын балықтардың түрлері:
- гуппи (тірі туады)
- данио
- кардиналдар
- коридорастар
- әйнекті алабұға
- неондар
Балықтар бейбітсүйгіш, тритонға қорек болып қалмауы үшін шапшаң, тритоннан тым үлкен емес және суықтау суда тіршілік ете алатындай болуы керек. Балықтардың саны шамадан тыс болып кетпесін, тритондарға қорек жетіспей қалады. [6, 15, 16]