Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx

— 4.05 Мб (Скачать документ)

Ресей федерациясы,Украина, Швеция және т.б. Тауға теңіз деңгейінен 2000м биіктікке көтеріледі (Карпат 1450м, Алпі тауы 1100м).

Дене мөлшері. 18см-ге дейін. Жалды тритон-тритондар тұқымдасының ең ірісі. Терісі қатқыл,ірі түйіршікті,құрсақ жағы жұмыр.

Кәдімгі тритонға қарағанда 5-6 рет сиректеу кездеседі. Басы жайпақтау, денесі мығым әрі көлемді.Тісті жалы көз бөлімінен бастап, негізгі құйрық бөлімінде аяқталады.Құйрығы қысқа немесе денесінің ұзындығына тең. Аталықтарында тұмсығы жұмырланған, клоака дөңестеу, ал құйрығында ұзына бойы ақ-көк сызық бар. Аналықтарында жалы болмайды, арқа  жағында жіңішке сары сызық бойлай өтеді, клоакасы жалпақ әрі қызғыштау. Түстерін өзгертуге бейім. [3]

Күтімі.  Кәдімгі тритонмен ұқсас, тек айырмашылығы жалды тритон суыққа төзгіш салқынқанды, сондықтан күндізгі 19,4-20,6°С, түнгі 16-19°С температура қолайлы, суды жылыту қажет емес. Тері бездері улы шырыш бөледі,сондықтан жасырынып өмір сүретін кәдімгі тритонға қарағанда жалды тритондардың жаулары аз. Міне, осы себептен жалды тритонмен бірге акватеррариумда бірге орналастыруға болмайды. Субстрат есебінде үлкен малта тастар жарайды немесе ағаш бұталар, кендір талшықтары да болады. Суды алмастыру міндетті.

Қоректенуі. Көзінің жақсы көрмеуіне байланысты шапшаң қимылдайтын жануарды ұстай алмайды,сол себепті жиі аш жүреді. Бүйір жақтарындағы сезгіш мүшесінің көмегімен өзіне 1 см-дей қашықтыққа қалқып жүзіп келген шаянтәрізділерді сезеді. Олжаларын иістерінен бірден сезеді. Суда су насекомдары және олардың дернәсілдерімен, моллюскамен, дарабастармен, балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Ересек жалды тритондардың арасында  каннибализм (жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық) кездеседі. Құрлықта аз қоректенеді, кешқұрым жауын құрттарымен және т.б. Жеңіл ет кесегін пинцетпен беруге болады.

Көбеюі. Көюеюі және дернәсілдерінің жетілуі суда жүреді. Институт лабораторияларында қолдан өсіріп көбейту қиынырақ болады, себебі бұл тритондар жабайырақ келеді. Неке ойыны су температурасы 6°С-қа жеткенде басталады. Уылдырық шашатын орны кәдімгі тритонға қарағанда 0,5-0,7 м тереңдікті қалайды. Суға ен бірінші аналығы кетеді, әрбір аталық өз аумағын таңдайды, мысалы тас, бұта ағаш немесе балдырлардың шоғыры. Аталығы өзінің территориясын клоакасымен өсімдіктер мен тастарға жабысып  таңба салып белгілейді. Бұны аналығының назарын аударту үшін жасайды. Ұрықтануы іштей. 60-800, әдетте 200-дей уылдырық шашады. Уылдырық шашу 2 аптадан 2 айға дейін созылады. Уылдырығы 2-4,5 мм және үсті пигментсіз. Уылдырықтарын судың үстіне шығып тұратын жапыраққа орайды, кейде түбінде жабыстырады. Дернәсілдік дамуы 3 айға жуық. Дернәсілінде сыртқы желбезектері болады. (21- сурет)

Испандық қылқанды (қабырғалы) тритоны  (Pleurodeles waltli)

Таралу аймағы. Оңтүстік-батыс Испания, Португалия және Марокко. Ағынсыз немесе ағысы жай суларда тіршілік етеді.

Дене мөлшері. Еркіндікте өмір сүргенде 30 см-ге жетеді, ал акватеррариумда 20см-дей болады. Денесі созылыңқы әрі сымбатты.

Құйрығы бүйірінен сопақтау келген, соңы үстіңгі және астыңғы жағынан есуші қылқанмен жабдықталған.  Басы сопақтау.  Алдыңғы және артқы аяқтарында бос  бес саусақтары бар.  Көкіректің бүйір жағында  кейде сүйір қабырғалардың ұштарынан өтетін мүйізді төбешіктер бар,сондықтан да қылқанды деп аталған.  Денесінің түсі қара дақтары бар қоңырлау, ал құрсақ жағы сарғыштау қара-сұр дақтары болады.

Күтімі. Бұл күй талғамайтын, көнбіс тритондар. Лабораторияларда көлемі 50х50см, биктігі 25см-ге жететін акватеррариумда 10-ға жуық тритонды асыраса болады. Ал үй жағдайында көлемі онша үлкен емес, төбесі қақпақпен міндетті түрде жабылған акватеррариумда да жарайды. Су температурасы 15-27°С, қолайлысы 20°С. Судың тазалығын сақтау үшін фильтр болуы керек. Барлық уақыты суда өтетіндіктен, құрлыққа шығатын аралшалардың қажеті жоқ. Судың түбіне топырақ міндетті емес, егер қаласа гранитті түйіршіктер жарайды. Акватеррариумды көгалдандыру үшін кез-келген суда өсетін өсімдікті өсіруге болады. Акватеррариум жарық жерде тұрса , онда жарықтандыру қажет емес, егер қараңғы жерде тұрса жәна су өсімдіктерінің тез өсуі үшін, суды ысып кетуден қорғайтын люминесцентті шамдарды қолдануға болады. Аналықтары үлкен әрі күшті болғандықтан аталықтан бөлек ұстаған жөн, себебі қорек үшін талас кезінде жарақаттануы мүмкін.Тритондар жасырынғанды жақсы көреді, сондықтан акватеррариумда кішкене үйшік немесе басқа заттарды орналастырса артық болмайды. Тритондар түлеуге бейім. Терісінің түлеуі маңызды, себебі терісімен тыныс алады. Бұл су бетіне ауаға қайта-қайта шықпауға қолайлы. Терісі кірленсе түлеп, тастап кетеді.

Қоректенуі. Қорек түріне келгенде де талғамайды. Тірі және өлі көбелектерді аса тәбетпен жейді, жауын құрттары-ең сүйікті қорегі, сиыр бауырынан да бас тартпайды. Дегенмен, тірі қорек-ең қолайлысы,себебі одан су бүлінбейді. Сонымен қатар еттің немесе тауық етінің тритонның ауыз мөлшеріне сай келетін кесегі де қолайлы қорек түрі. Алғашында қоректі табу қиын болғандықтан, пинцетпен береді, сосын иісінен тауып алады. Зоодүкендерде негізінен көңді құрттар сатылады, тритондардың бұл құрттармен қоректенуі жауын құрттарынан кем түспейді. Тритондарды аш қалдыруға болмайды, себебі көршілеріне шабуыл жасауы мүмкін , яғни қорек үшін талас болады. Ересектерін аптасына 2-3 рет тамақтандырады, ал жаңадан өсіп келе жатқандарын күнде тамақтандыру керек. Қылқанды тритондарды өздері қоректен бас тартпайынша  тойғанша тамақтандыру керек. (20- сурет)

Көбеюі. Уылдырығы жабыстырылған өсімдікті бөлек акватеррариумға немесе кристаллизаторға орналастырады. Температураның төмендеуі көбеюлеріне қолайлы жағдай . Қайтадан екінші рет уылдырық шашуға аналығы жақсылап тамақтанып болған соң бірнеше айдан кейін дайын болады. Акватеррариумның көлемі 20 литрдей болса жеткілікті, судың таза болуы міндеті, фильтр пайдаланылады. Уылдырықтың жетілуі 18°С -та, 11-13 күнге созылады. Жаңадан туылған тритондар алғашында қозғалыссыз. Дернәсілдері басында планктондармен қоректенеді де, өскен сайын қорегі үлкейе береді. Каннибализмнің алдын алу үшін, дернәсілдері өскен сайын сорттап отырады. [4]

Иран тритоны   (Neurergus kaiseri)

Таралу аймағы. Шах-Базан, Нуристан, Хузестан, Иран. Көбінесе таулы жерлерде, біразы үлкен биіктіктерде (500-ден 1430м-ге дейін теңіз деңгейінен ) тіршілік етеді.  Іс жүзінде суда өмір сүреді, құрлыққа тек қыстау үшін ғана шығады.

Дене мөлшері. 17-18см-ге дейін. Ішкі  құрсақ жағы  ашық сарғыш-қызыл, бүйірі көз шағылыстыратындай ақ түсті. Арқа жағы ақ-қара аралас, желкеден бастап құйрығына дейін омыртқаны бойлай ақшыл сарғыш сызықты жолақ өтеді. Табандары қара дақты сарғыш-қызыл. Құйрығы қара және әр түрлі ақшыл дақтармен, жіңішке сызықтармен әдеміленген.

Күтімі. Иран тритондарына көлденең типті немесе көлемі 60х30х30см , шамамен 30 литрлі , судың түбінде қиыршық тастары бар акватеррариум жарайды. 1-2 түрлеріне минимальді көлемі 40х25х20 , су мөлшері 20л болатын акватеррариум болады. Судың тазалығын қамтамасыз ету үшін  фильтр орнатылады, бірақ судың ағысы тритондарға кедергі жасамайтындай жай болуы керек. Судың сүзілуі жақсы болғаны жөн, уылдырықтың инкубациясы үшін болмаса жылыту қажет емес. Жақсы өрмелегіш болғандықтан акватеррариумның қақпағы болу керек. Акватеррариумда кішкене аралша немесе тритондар шығу үшін жағаларды орнату керек. 15-23°С температура қолайлы, егер 25-28°С-қа көтерілсе жағдайлары нашарлап, солғын тарта бастайды, кейде өліп кетеді. Суда қыш құмыраға немесе топыраққа кез келген температураны салқындатуға әсерін тигізе алатын өсімдіктерді өсіреді, мысалы бұрамжапырақ, жебежапырақ, қауырсынжапырақ,  кабомба, элодея, мүйізжапырақ, явалық мүктер жатады.  Тритондарды топпен ұстаса да болады. Күндіз UVB 2% УФ шамының сәулесін пайдалануға болады, күн сайын 10-12 сағат сәулелендіруді керек.

Қоректенуі. Ірі және ұсақ масаққұртпен,ұсақ дарабастармен және усыз кез келген қосмекенділермен қоректеренді. Сондай-ақ құрлықта сақыналы құрттарды,  шырылдауық шегірткені беруге болады.

Көбеюі. Шағылысу кезінде аталығының клоакасы жуандайды. Жыныстық жетілу өмірінің  1-2 жылдары. 14-16°С -тан 18°С-қа дейінгі  көбеюге қолайлы температурада аналықтарының жолын бөгеп, құйрығымен бүйір жағынан толқынтәрізді осып жүріп неке ойынын бастайды. Шағылысып болған соң, 2-3 тәуліктен кейін  аналығы уылдырық шығара бастайды. Аналығы уылдырығын судағы өсімдіктің жапырағына жабыстырады, сондықтан алдын ала суда жапырақты өсімдіктер өсіру қажет. Иран тритонының уылдырығы аса үлкен емес, 2-2,5 мм, ашық сұр түсті. Уылдырығын үлкен емес мөлшермен 5-30 тәулік шашады. Жарып шығуды тездету үшін инкубация температурасы 22-24°С. Инкубациялық кезең 18-22 күннен кейін , 4-5мм әлсіз сұр түсті, сарыуыз қабығынсыз дернәсілдері шығады.

 Алғашқы 1-2 күндері еш қозғалыссыз су түбінде жатады, кейінірек су түбінде ары -бері жылжып қозғала бастайды. Алғашқы аптада молынан акватеррариумға салынған инфузория дернәсілдің қорегі болады. Жарып шыққаннан кейінгі 10-12 күндері 1см-ге жетеді және жіп тәрізді жіңішке қолдары пайда болады. 30 күннен кейін артқы аяқтары да жетіле бастайды. 50-110 күннен кейін, мөлшері 6-7см -ге жеткенде метаморфоз жүреді. Алғашқы айларда дернәсілдерінің түсі әлсіз құмтүстес қара дақты, сарғыштау. Дене тұрқы 5см-ге жеткенде ашық түстерге ауыса бастайды, бірінші арқасында ақшылдау сызық пайда болады, сосын табандарында қара дақтар,тұлғасы қарая бастайды да үстінде ақ жолақтар пайда болады. Метаморфоздан кейін акватеррариумда құрлыққа шығатын басқыштар немесе су деңгейін төмендетіп, тритондар өремелеп шығатын кішкене ағаштар орналастыру керек. Дернәсілдердің тез өсуіне қолайлы температура 20-22°С. Ауа сығымдағыш пен фильтрдің көмегімен үнемі суды таза ұстау керек.(17 сурет)

Кішіазия тритоны ( Ommatotriton vittatus)

Таралу аймағы. Батыс Кавказ, Кіші Азия, Израйль. Сирия, Грузия, Ирак, Ливан, Ресей федерациясы, Түркияда кеңінен тарлаған. 600-2750 м биіктікте, жыл бойына суда (кейде қыстайды) тіршілік етеді. Ағынды таза суларды қалайды. Құрлықта  ормандарда, аңғарларда тастардың, ағаш пен жапырақ үйінділерінің арасында жасырынып тіршілік етеді.

Дене мөлшері. 17см-ге дейін. Денесі  електі қара кесте тәрізі өрнегі бар қола-сарғыш түске боялған. Үстіңгі бөлімі астыңғы бөлімінен екі жағынан да ақ сызықпен сызылған  күміс түстес ақ жолақпен бөлінген. Құрсақ жағы кірпіш түстес қызыл немесе отты сарғыш-қызыл түсті. Аналығы қаралау, үстіндегі кестетәрізді өрнегі айқын емес, бұлдырлау дақпен қосылып кетеді. Терісі тегіс, кейде дәнді түйіршікті. Аяқ-қолдары және саусақтары ұзын, үшінші саусағы білегінен ұзынырақ, ал төртінші саусақ саннан ұзынырақ келеді. Көбейер алдында көздің сызығынан бастап құйрыққа дейін 19мм-дей болатын  кетілген жалы болады. Арқа жағындағы жалы тік жолақты, балықтардың жүзбеқанаттарының сәулесін еске түсіреді. Артқы аяқтарындағы жүзгіш жарғақтары кеңейген. Құйрығы жалпақ әрі пішіні жапырақа ұқсайды. Уылдырық шашып болған соң жалы жоғалады,  бірақ олар сонда да баяғыша әдемі болып қалады.

Күтімі. Бұл тритон жыл бойына суда тіршілік ету қасиетіне ие. Басқа тритондарға сай акватеррариум мен күтім жасалады. Қақпағы бар акватеррариум жарайды және онда майда жапырақты өсімдіктер өсіруге болады. Сондай-ақ судың тазалығы мен ылғалдылығын қадағалау керек. Қысқы ұйқыға температура 6°С шамасында кетеді.

Қоректенуі. Ересек түрлерін жауын құрттары, масаққұртпен қоректендіреді. Дернәсілдері дафниямен, басқа да қорекпен қоректенеді. Жас тритондарға кішкентай көбелек, биттер, есекқұрттар,  энхитреустар беруге болады.

Көбеюі. Аталықтары ақшыл түсті, қол-аяқтары ұзын, құйрығы биігіре әрі жапырақ формалы. Көбейер алдында жал болады. (24 сурет)

Жыныстық жетілу өміріні 3-5 жылдары. Көбею уақыты ақпанның аяғынан басталып, шілденің ортасын дейін жалғасады. Көбеюдің қарбалас уақыты сәуір-мамыр айлары. Аталықтарында көбеюге тән белгілері пайда болғанда ғана аналығы байқайды. Аталығы 5-7°С-та сперматофорын шығарады, ал аналығы уылдырығын 9°С-та шашады. Температура 15°С-қа жеткенде некелік белсенділік шегіне жетеді, аталығы жалынан айырылады. Аталығы су асты заттарына өзі жайлы ақпараттан хабар беретін  өзінің хош иісті таңбасын қалдырады, осылай өзіне лайықты аналықты табады. Аталығы басқа аталықтарға сес көрсете бастайды. Әрбір аталық өз аумағын қорғайды, сол жерде сперматофорын шашады. Сперматофордың мөлшері 5-7мм. Аталығы аналығының жолын бөгеу үшін оның алдына  перпендикулярлы тұрып алады. Денесі алға қарай иіліп, жалы аналығын жабады, ал құйрығы S тәрізді иіледі. Аталығы аналығының бүйірінен тұмсығының ұшымен итереді. Бұл дәстүр бірнеше рет қайталанады. Лезде аталығы сперматофорын субстратқа жабыстырып үлгереді, аналығы оны клоакасымен ұстап, ішке енгізеді. Аналықтары уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады, мысалы бұражапырақ, элодея . Уылдырық бір-бірден жапырақтарға жабысады, аналығы оларды қаббатап жапыраққа орайды. Уылдырық кәдімгідей үлкен-диаметрі 3мм. Күнде аналықтары 10-15 уылдырықтан шашады. Уылдырық шашу аптаға жуық немесе одан да көп уақытқа созылады. Аналығы 100-ге жуық уылдырық шашуға қабілетті. Көбеюі және дернәсілінің жетілуі ағынсыз және ағыны баяу (pH= 7,2-8,5), орташа минералды суларда жүреді. Жаңадан шыққан дернәсілдері 10-12мм. Инкубация кезеңі 1 апта, 3 тәуліктен кейін дарабастар жүзе бастайды, 5-10 күннен кейін қоректене бастайды. 1,5 айдан кейін метаморфоз басталады. Уылдырық шашқаннан толық метаморфозға дейінгі уақыты 5-6 ай. Кейбіреулері дернәсілдік  сатысында қыстап шығып, денесі 28-32мм-ге жеткенде   келесі көктемде толық метаморфозға өтеді. Кішіазия тритонының дернәсілі моллюскалармен, насекомдармен , ал жас тритондар қосқанаттыларға, өсімдік биттеріне шабуыл жасайды [7].

Ескерту: Кішіазия тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.

Қытайлық-қызылқұрсақты тритон (Cynops orientalis)

Таралу аймағы. Янцзы өзенінің сағасы, орталық-шығыс Қытай, Хубэй, Хэнань, оңтүстік Аньхой, Дзянсу, Чжэцзян, Цзянси, Хунань, Фуцзянь аудандары,  Гаунси-Чжуанский автономиялы ауданы.

Дене мөлшері. 7-9см-ге дейін. Арқа жағы қоңырлау, құрсақ-қарын бөлімі қызыл, арқасында жалы болмайды. Паротит-құлақтүбі бездері жақсы жетілген.

Күтімі. 2 жұп тритонға 15 литрлік аралшасымен және жағасымен акватеррариум жарайды. Судың бетіне қалқып жүру үшін кішкене ағаштың бұталарын орналастыру керек. Аралшаны акватеррариумның қабырғасына іліп қояды. Төбесін қақпақпен жабу міндетті.

Информация о работе Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау