Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 08:13, реферат
Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуы мемлекетаралық бәсекелестіктің, талас-тартыстың негізін қалыптастырды. Мәселен, ежелгі Қытай мемлекетіндегі әскери трактаттарда білімді құдайдан немесе шайтаннан әлде ой тұжырымдарынан алу мүмкін емес, қарсылас туралы ақпаратты тек адамдардан алуға болатыны айтылған екен.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Жедел іздестіру қызметі
2.1.1 Жалпы ережелер
2.1.2 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1.3 Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
     ІІІ.     Қорытынды
ІV.     Пайдаланған әдебиеттер
      23-бап. Жедел iздестiру қызметiн 
жүзеге асырушы 
              органдарға жәрдемдесушi 
азаматтарды 
              әлеуметтiк және 
құқықтық қорғау     
 1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге 
асырушы органдарға жәрдемдесетiн азаматтар 
мемлекет қорғауында болады.  
      2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген 
азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан 
Республикасының басқа заңдарына және 
қалыптық құжаттарына сәйкес олардың 
құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi 
орындауға кепiлдiк бередi.  
      3. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын 
органдарға жәрдемдесуiне байланысты 
азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың 
отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына 
немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың 
анық қаупi төнген кезде, бұл органдар 
құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды 
анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ 
қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде 
арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi 
шараларды қолдануға мiндеттi.     
 4. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн 
немесе қызмет iстеген азаматтар туралы 
мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады 
және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана 
жария етiлуi мүмкiн.  
      5. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдармен қызмет iстейтiн азаматтар 
сыйақы алуға құқылы.  
      6. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдармен азаматтардың айналысатын 
қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде 
келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет 
iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына 
кiредi. Олар Қазақстан Республикасының 
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және 
Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен 
қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте 
олардың отбасылары мен асырауындағы 
адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты 
зейнетақы алуға құқылы.  
      7. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген 
азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге 
қатысуына байланысты қаза болған жағдайда 
оның отбасына және асырауындағы адамдарға:  
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, 
қаза болған адамның он жылдық ақшалай 
ақысы мөлшерiнде;  
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет 
iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi 
жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы 
төленедi.  
      8. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген 
азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел 
iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен 
не денсаулығына өзге де зақым келген 
кезде оған:  
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген 
адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы 
мөлшерiнде;  
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет 
iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi 
жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы 
төленедi. 
      9. Жедел iздестiру шараларын жүргiзуге 
қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге 
не денсаулықтың өзгедей зақымдануына 
орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру 
Қазақстан Республикасы Үкiметi  белгiлеген 
тәртiппен жедел iздестiру қызметiн жүзеге 
асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
24-бап. Ведомстволық бақылау
 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдардың басшылары жедел iздестiру 
шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде 
заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз 
етедi.  
      Жоғары тұрған ведомстволық органдар 
өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру 
қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз 
етедi.
25-бап. Жедел iздестiру қызметiн қадағалау
 1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге 
асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын 
қадағалауды Қазақстан Республикасының 
Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар 
жүзеге асырады.  
      2. Жедел iздестiру қызметiн қадағалауды 
жүзеге асыру кезiнде прокурор:  
      1) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын 
органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн 
немесе қызмет еткен азаматтардың жеке 
басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел 
iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел iздестiру 
қызметiнiң барысы туралы материалдарды, 
құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi 
алады;  
      2) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын 
органдардың арнаулы жедел iздестiру шараларын 
жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;  
      3) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру 
кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын 
бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен 
жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;  
      4) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын 
органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi 
мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды 
қарайды;  
      5) Конституцияға, заңдар мен Республика 
Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, 
жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын 
органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын 
ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн 
нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық 
келтiредi;  
      6) жедел iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде 
құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген 
қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, 
тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;  
      7) жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығын 
қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған 
тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық 
қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;  
      8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi 
қаулысымен босатады не адамдарды ұстау 
туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;  
      9) қажет болған жағдайда жедел iздестiру 
қызметiн жүзеге асыратын органдардың 
басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда 
заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру 
жүргiзудi талап етедi;  
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгiленген жағдайларда жедел iздестiру 
шараларын жүргiзуге санкция бередi.  
      3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел 
iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың 
орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру 
қызметi туралы Қазақстан Республикасы 
заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi 
бойынша нормативтiк құқықтық актiлер 
қабылдайды.  
     
Жедел іздестіру қызметіне тән:
1. Жедел іздестіру қызметі қылмысқа қарсы мемлекеттік әрекеттерінің жеке түрі;
2. Жедел іздестіру қызметінің нақтылы заңмен және арнайы нормативтік актілермен реттелуі;
3. Іс жүзінде нақтылы, басым көпшілігі құпия жедел іздестіру әрекетімен жүзеге асырылады;
4. Жедел — іздестіру қызметі бет бұрысы (бағыты) тек қана қылмысқа қарсы бағытталған.
Жедел — іздестіру қызметі жүзеге асқанда туындайтын қатынастар жедел іздеу, ұйымдастыру және басқару әрекетін жүргізгенде қалыптасады және басым көпшілігі құпия жүргізіледі. Жалпы бұл әрекеттің негізгі мақсаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі. Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның 1 бабында жедел іздестіру қызметіне төменгідей түсінік беріледі:
Жедел іздестіру қызметі – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіріп іске асырылған нағыз заңмен, басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті шетел мемлекеттінің тыңшылық арнайы қызметінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі.