Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 08:13, реферат
Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуы мемлекетаралық бәсекелестіктің, талас-тартыстың негізін қалыптастырды. Мәселен, ежелгі Қытай мемлекетіндегі әскери трактаттарда білімді құдайдан немесе шайтаннан әлде ой тұжырымдарынан алу мүмкін емес, қарсылас туралы ақпаратты тек адамдардан алуға болатыны айтылған екен.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Жедел іздестіру қызметі
2.1.1 Жалпы ережелер
2.1.2 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1.3 Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
     ІІІ.     Қорытынды
ІV.     Пайдаланған әдебиеттер
11-бап. Жедел iздестiру шаралары
 1. Жедел iздестiру шаралары - бұл жедел-iздестiру 
қызметiн жүзеге асырушы органдардың өз 
құзыретi шегiнде осы Заңның 2-бабында көзделген 
мiндеттердi шешуге бағытталған iс-әрекеттерi. 
      2. Жалпы жедел-iздестiру шаралары мыналар: 
      - азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ 
қою, олардан хабарламалар алу; 
      - азаматтар жария және жасырын қатынастар 
орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне 
пайдалану; 
      - қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу; 
      - қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық 
үлгiсiн қолдану; 
      - астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру; 
      - берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды 
жүзеге асыру; 
      - арнаулы техникалық құралдарды қолдану; 
      - мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың 
(олардың 
бағыныстылығына және меншiк нысандарына 
қарамастан) есептерi бойынша анықтамалар 
мен тексерулер жүргiзу; 
      - зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп 
алу; 
      - бақылау үшiн сатып алу; 
      - iздеу-қызмет иттерiн пайдалану; 
      - белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және 
ұқсастыру; 
      - ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын 
iздеу;  
      - құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, 
жасырын анықтау және 
алу, оларды алдын ала зерттеу; 
      - қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның 
iзiне түсу және оны ұстау;  
      - ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты 
iс-әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар 
мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ 
тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге 
де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын 
тексерудi жүзеге асыру;  
      - қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде 
операциялар жүргiзу;  
      - жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық 
тiркеу жүйелерi бойынша тексеру болып 
табылады.  
      3. Арнаулы жедел-iздестiру шаралары мыналар:  
      - сотталғандардың хат-хабарын цензуралау;  
      - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;  
      - байланыс желiлерiндегi жедел iздеу; 
      - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де 
арнаулы техникалық құралдарды пайдалана 
отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып 
алу, телефондар және басқа да сөйлесу 
құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi 
тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон 
арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы 
мәлiметтер алу;  
      - байланыстың техникалық арналарынан, 
компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық 
құралдардан хабарламалар алып тастау;  
      - соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды 
(дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн 
және басқа техникалық құралдарды), жеке 
адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы 
ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және 
материалдарды пайдалана отырып байқау;  
      - тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, 
ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк 
және өзге техникалық құралдарға кiру 
және оларды тексеру.  
     
12-бап. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу шарттары
 1. Адамдардың 
азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты 
жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және 
мүлiктiк жағдайы, қандай 
      2. Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген 
жедел-iздестiру шараларын өздерiне жүктелген 
мiндеттерге сәйкес жедел-iздестiру қызметiн 
жүзеге асырушы органдар жүргiзедi және 
бұл шаралар олардың құзыретi шегiнде шектеледi. 
Iшкi iстер органдары осы Заңның 11-бабының 
2-тармағында тiзiп көрсетiлген жедел-iздестiру 
шараларын Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару 
жүйесiнiң мекемелерiнде қылмыстық-атқару 
жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның 
аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша 
жүзеге асыруға құқылы.  
      Осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген 
жедел-iздестiру шараларын:  
      а) iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару 
жүйесi,  қаржы полициясы және кеден органдары 
- сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; 
посылка және бандероль түрiнде почта 
жөнелтiлiмдерiне бақылау жасау; бейне-, 
аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы 
техникалық құралдарды пайдалана отырып, 
сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, 
телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары 
арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау 
және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы 
жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер 
алу; компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық 
құралдардан хабарламаларды алып-тастау; 
байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық 
құралдарды (дыбыс бейне жазбаларды, кино-сурет 
түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), 
материалдар мен заттарды пайдалана отырып 
байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, 
ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк 
және өзге техникалық құралдарға кiру 
және оларды тексеру;  
      б) ұлттық қауiпсiздiк органдары - почта 
жөнелтiлiмдерiн бақылау; байланыс желiлерiндегi 
жедел iздестiру; бейне-, аудиотехниканы 
немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды 
пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау 
және жазып алу, телефондар және басқа 
да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн 
сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ 
телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер 
туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық 
арналарынан, компьютерлiк жүйелерден 
және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды 
алып тастау, байқау, соның iшiнде арнаулы 
техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, 
кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық 
құралдарды), материалдар мен заттарды 
пайдалана отырып байқау; тұрғын және 
жайларға, үйлерге, ғимараттарға жер учаскелерiне, 
көлiк және өзге техникалық құралдарға 
кiру және оларды тексеру;  
      в) жедел қамтамасыз ету объектiлерiнде 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 
әскери барлауы мен Президентiнiң Күзет 
қызметi - байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық 
құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет 
түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), 
материалдар мен заттарды пайдалана отырып 
байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, 
ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк 
және өзге техникалық құралдарға кiру 
және оларды тексеру; бейне-, аудиотехниканы 
немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды 
пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау 
және жазып алу, телефондар және басқа 
да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн 
сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ 
телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер 
туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық 
арналарынан, компьютерлiк жүйелерден 
және басқа да техникалық құралдардан 
хабарламаларды алып тастау iсiн жүзеге 
асырады.  
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, 
Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару 
жүйесi, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қорғаныс 
министрлiгiнiң әскери барлау, қаржы полициясы, 
кеден органдары мен Президентiнiң Күзет 
қызметi қажет болған жағдайда осы Заңның 
11-бабының 3-тармағында көрсетiлген арнаулы 
шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара 
жәрдемдесуге мiндеттi.  
      6-бапта көрсетiлген барлық органдардың 
мiндеттерi шешу мүддесiне орай телекоммуникациялар 
желiлерi мен байланыстың почта арналарын 
пайдалануына орай арнаулы жедел-iздестiру 
шараларын техникалық жағынан Қазақстан 
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары 
жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi 
күштер мен қаржы бөлiнедi.  
      3. Жедел iздестiру шараларын жүргiзуге 
құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң 
және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн 
жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың 
басшылары белгiлейдi.  
      4. Заңмен қорғалатын жеке өмiрге тиiспеушiлiк, 
хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф 
хабарлары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, 
сондай-ақ тұрғын үйдi қол сұғудан қорғау 
құқығын қозғайтын арнайы жедел-iздестiру 
шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, 
сондай-ақ қылмысты топтар әзiрлеп жатқан 
және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын 
алу және ашу үшiн прокурордың рұқсатымен 
ғана жүзеге асырылады.  
      Мұндай шараларды жүргiзуге рұқсатты 
жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың 
қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының 
бас прокуроры, оның орынбасарлары, республиканың 
әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары 
мен оларға теңестiрiлген прокурорлар 
бередi.  
      5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел 
ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң, сондай-ақ 
терроризмнiң барлау-бүлдiру мақсатында 
қол сұғушылықтарын анықтау, алдын алу 
және болдырмау мақсатында тек қана барлау 
хабарламасын алу үшiн осы баптың 4-тармағында 
көрсетiлген жедел-iздестiру шаралары Қазақстан 
Республикасының бас прокурорымен келiсiлген 
тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.  
      6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, 
меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың 
өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша 
жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган 
басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың 
iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар 
ете отырып, олардың телефондарынан немесе 
басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргiзiлген 
сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға 
рұқсат етiледi.  
      7. Кейiнге қалдыруға болмайтын және террористiк 
әрекет бiлдiру және басқа да ауыр қылмыстар 
жасауға әкелiп соғуы мүмкiн жағдайларда 
жедел iздестiру қызметiн жүргiзушi тиiстi 
орган басшылары бiрiнiң дәлелдi қаулысы 
негiзiнде прокурорды хабардар ету және 
соңынан 24 сағаттың iшiнде рұқсат алу арқылы 
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру 
шараларын жүргiзуге жол берiледi.  
      8. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген 
жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге рұқсат 
алу кезiнде прокурорға жедел iздестiру 
қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия 
негiзде қызмет жасаушы немесе қызмет 
жасаған азаматтардың жеке басы туралы 
мағлұматтар құпиясын ашуға мүмкiндiк 
бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды 
жүргiзуге негiздеме материалдар тапсырылады.  
      9. Жасырын жедел iздестiру шараларын ұйымдастыру 
және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк 
құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының 
Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын 
мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, 
әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы 
мүмкiн.
      13-бап. Жедел iздестiру қызметiн 
жүзеге асырушы 
              органдарға жәрдемдесу 
       1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк 
органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, 
ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына 
және меншiк нысандарына қарамастан), әскер 
бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық 
бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен 
басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында 
көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру 
қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге 
мiндеттi.  
      2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша 
жедел iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен 
қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, 
өз келiсiмiмен жедел iздестiру шараларын 
әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде 
келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. 
Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын 
әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне 
мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға 
және аталған органдарға көрiнеу жалған 
хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды 
жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама 
бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының 
заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.  
      3. Жедел iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар 
кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен 
олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, 
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, 
бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге 
жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан 
ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай 
алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу 
шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық 
құжаттармен белгiленедi.
      14-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң 
нәтижелерiн 
              пайдалану     
 1. Жедел iздестiру қызметi үрдiсiнде 
алынған материалдар тергеу жұмыстарын 
әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың 
алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi 
жедел iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, 
сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына 
сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық 
iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы 
мүмкiн.  
      2. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде 
алынған материалдар оларға қылмыстық 
iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге 
дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге 
мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай 
құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды 
және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн 
шектеу үшiн негiз бола алмайды.  
      3. Жедел iздестiру қызметiн ұйымдастыру, 
нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды 
алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк 
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия 
болып табылатын мағлұматтар заңдарда 
көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ 
азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен 
қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария 
етiлмейдi.  
      4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде 
жедел iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм 
болған мағлұматтарды жария еткен адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген тәртiппен жауапты болады.
15-бап. Жедел iздестiру қызметiндегi шектеулер
 Жедел iздестiру қызметiн жүргiзу 
кезiнде:  
      - аса қажет және қорғаныс қажет болған 
жағдайда басқа реттерде азаматтардың 
өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер 
төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;  
      - қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ 
қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi 
үшiн әрекет етуге;  
      - азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге 
және арандатуға;  
      - азаматтар мен лауазымды адамдардың 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн 
шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер 
төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз 
әрекеттер жасауға;  
      - жедел iздестiру материалдарын бұрмалауға, 
сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды 
пайдалануға тыйым салынады.
16-бап. Жедел iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
 Жедел iздестiру шаралары: 
      - жедел iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы 
шешу көзделген 
мiндеттер орындалған ретте; 
      - алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi 
түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар 
анықталған ретте; 
      - тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының 
заңдарында көзделген негiздер бойынша 
жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар 
анықталған кезде тоқтатылады. 
      Жедел iздестiру шаралары жедел iздестiру 
қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық 
құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан 
Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен 
жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
      17-бап. Қазақстан Республикасының 
жедел iздестiру 
              қызметiн жүзеге 
асырушы органдарының өзара 
              iс-қимылы
      Қазақстан Республикасының 
жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдары:  
      - өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi 
дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, 
мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың 
мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн 
пайдалана отырып шешедi;  
      - осы органдардың құзыретiне қатысты 
қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi 
туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды 
қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi 
көрсетедi.
      18-бап. Басқа 
мемлекеттердiң органдарымен 
             iс-қимыл     
 1. Басқа мемлекеттердiң 
жедел-iздестiру қызметiн жүзег
      2. Қазақстан Республикасының жедел iздестiру 
қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа 
мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды 
және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, 
сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер 
негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен 
белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
      19-бап. Жедел iздестiру 
қызметiн жүзеге асырушы 
             органдардың халықаралық 
құқық қорғау 
             ұйымдарымен өзара 
iс-қимылы     
Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.
 20-бап. 
Жедел iздестiру қызметiн 
қаржылай 
              қамтамасыз ету     
 Жедел iздестiру қызметiн қаржыландыру 
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде 
де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты 
есебiнен жүзеге асырылады.  
     
 21-бап. 
Жедел iздестiру қызметiн 
материалдық-техникалық 
               қамтамасыз ету     
Жедел iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      22-бап. Жедел iздестiру қызметiн 
жүзеге асырушы органдар 
              қызметкерлерiн әлеуметтiк 
және құқықтық қорғау     
 1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге 
асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк 
мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi 
болып саналады және мемлекет қорғауында 
болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер 
мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық 
және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. 
Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi 
ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер 
берiлуi мүмкiн.  
      2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет 
бабында заң талаптарын басшылыққа алады 
әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды 
көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың 
шешiмдерiне байланысты болмайды.  
      3. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына 
заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан 
басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. 
Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн 
бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар 
заңды басшылыққа алуға мiндеттi.  
      4. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, 
олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын 
туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, 
мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  
      5. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн 
лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби 
даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге 
және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн 
қажеттi жағдайлар жасалады.