Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
Курсовая работа, 05 Мая 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.
Содержание
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы жәе оның мәні
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
2 ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Құқықтың мазмұны
2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
Прикрепленные файлы: 1 файл
Курс_Исп Құқықтың түсінігі, мәні және мазмұны.docx
— 67.45 Кб (Скачать документ)Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарып, дағдарысқа ұшыратпау үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен өмірге келді. Бұл қоғамның прогрестік жолмен дамуының нәтижесі. Құқық адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты, олардың бостандығының шеңберін, мүдде-мақсаттарының орындалу шеңберін анықтап, реттеп басқарып отырады. Құқықтық норманың қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: мүдде, қатынас, норма. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани, мәдени сипатына байланысты. Құқықтың дамуына күресімен бірге саяси-әлеуметтік ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деген [11, 15].
Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.
Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын реттеп, басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды
нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың
бостандығының іс-әрекетінің деңгейін,
шеңберін норма арқылы анықтап
отыру;
3. Адамдардың, ұйымдардың
ара қатынасындағы келіспеушілікті
шешудің, реттеудің негізгі түрлерін
белгілеп отыру;
4. Мемлекеттік органның
қабылдаған, бекіткен нормативтік
актілерінің орындалуын бақылап
отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың субъектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады.
Құқық – үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бұл мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат.
Құқықтың негізгі белгі-нышандары:
1. Құқықтық нормаларды
мемлекеттік органдар ресми түрде
қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың
басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар
қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы
жоқ.
2. Құқықтық нормалардың
мемлекеттің барлық аумағына, барлық
халықтарына және барлық ұйымдарға
заңды күші болады.
3. Құқықтық нормалар жеке
адамдардың және қоғамдық мүдде-мақсаттарды
қамтиды; басқа нормалар жеке
ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын
қамтиды.
4. Құқықтық нормалардың
орындалуын мемлекеттік органдар
бақылап отырады; басқа нормаларға
мемлекеттің қатысы жоқ, олардың
орындалуын ұйымдар, бірлестіктер
бақылайды.
Сонымен, құқық дегеніміз – адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
Қоғамның өмірінде белсенді жұмыс атқаратын құқықтың функциялары. Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау. Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны, бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп, анықталып отырады. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:
1. Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық т.б. функциялары болады.
2. Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау.
Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді. Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады: қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау [12, 54].
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады: біріншісі – құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі – нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:
- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
- құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін көрсету;
- жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту.
Құқықтың функциясы дегеніміз – адамдардың іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі-нышандарына, функцияларына, қағидаларына жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді құқықтың қоғамдағы құндылығына қысқаша тоқтала кетейік. Құқықсыз қоғам дұрыс, прогрестік жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, дұрыс басқарып, дамытып келеді. Бұл объективтік процесс. Құқықтың әлеуметтік құндылығы:
1. Құқық адамдардың іс-әрекетінің,
жұмысының нақты келісімді, тұрақты,
жақсы орындалуын қамтамасыз
етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті
дамытып, нығайтып, қоғамдық мүдде-мақсаттың
жақсы орындалуына мүмкіншілік
жасайды.
2. Құқық адамдардың өзара
қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс
басқарып олардың мінезінің, тәртібінің,
сана-сезімінің, іс-әрекетінің жақсаруына
мүмкіншілік жасап, сол арқылы
қоғамның дамуын жақсартып отырады.
3. Құқықтың құндылығы
адамдардың бостандығын, теңдігін
қалыптастырып, қорғауында. Құқық пен
бостандық бір-бірімен тығыз байланысты.
Құқық бостандықтың, теңдіктің шеңберін,
шекарасын үнемі анықтап, бақылап
отырады.
4. Құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап, бақылап отырады. Сондықтан халық арасына кең тараған мақал бар: «Құқық қағаз жүзіндегі әділеттік, бостандық, теңдік». Құқық пен әділеттік байланысының, бірлігінің тереңдігі сонда, егер қоғамдағы барлық жүйелері әділеттікке қатаң бақылау жүргізсе.
5. Құқық қоғамдағы барлық
прогрестік дамудың негізгі құралы.
Азаматтық қоғамды, демократиялық
мемлекетті құрудың бірден-бір
даңғыл жолы. Бұл дүние жүзінің
мемлекеттерінің тәжірибесінен
қалыптасқан шындық.
6. Құқық халықаралық прогрестік қатынастың, байланыстың қайнар көзі-бұлағы. Дүниежүзілік экологияны жақсартудың құралы [13, 26].
Сонымен, кұқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді. Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін анықтаудан, саяси партиялардың, бірлестіктердің, ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, тәрбие құбылыстың барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқық мемлекетті, қоғамды, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын алу қызметін де атқарады.
2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны