Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 15:34, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы жәе оның мәні
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
2 ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Құқықтың мазмұны
2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Исп Құқықтың түсінігі, мәні және мазмұны.docx

— 67.45 Кб (Скачать документ)

Құқықтық бөлім – бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.

Құқық саласы – қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.

Құқық – салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.

Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары:

1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің  қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның  жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.

2. Әкімшілік құқық –  бұл сала қоғамды, мемлекетті  басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.

3. Қаржы (қаражат) құқығы  – бұл сала әр елдің мемлекеттік  қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды  басқарады.

4. Жер құқығы – бұл  сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық  бағыттағы қатынастарды реттеумен  шұғылданады.

5. Азаматтық құқық –  қоғамның ең күрделі саласындағы  мүліктік қатынастарды реттеп  отырады.

6. Еңбек қүқығы – азаматтардың  еңбек бағытындағы қатынастарын  дамытып, реттейді.

7. Жанұялық құқық –  осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын  реттейді.

8. Азаматтық-процессуалдық  құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы  қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.

9. Қылмыстық құқық –  қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен  шұғылданады.

10. Қылмыстық-процессуалдық  құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.

11. Еңбекпен түзеу құқығы  – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс  жолға салып, қоғамға пайдалы  азамат болуын қамтамасыз ету  жолындағы қатынастарды қамтиды.

12. Халықаралық құқық –  мемлекеттердің арасында туындайтын  қатынастарды реттейтін құқықтық  нормалар.

Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.

Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады.

Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.

Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.

Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады.

Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі – жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші – сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.

Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен Құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.

Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.

Материалдық құқық – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.

Процессуалдық құқық – материалдық құқықты калай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда керсетілген нормалар.

Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Бұқаралық құқық – мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы – жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп, басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады.

Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады.

Бұқаралық құқық – мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы – жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады.

Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.

 Саяси биліктің халықтың  атынан жүзеге асуы. Бұл ереже  Қазақстан Республикасында мемлекеттік  биліктің бірден-бір бастауы —  халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық  мемлекеттік билікті тікелей  және өз өкілдері арқылы жүзеге  асырады.

 Меншіктің дамуы, қорғалуы  және олардың субъектілерінің  теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық  базасын құрудағы маңызды шарт.

 Конституцияда Республиканың  экономикасы мемлекеттік, сонымен  қатар жеке меншік нысандарына  негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінің заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.

 Демократизм азаматтық  құқьіқтар мен бостандықтардың кең. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны, олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

 Интернационализм —  барлық ұлттар мен ұлыстардың  өзінің саяси, шаруашылык және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдаяттарға қарамастан құқық пен бостандық кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

 Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгершілік) — адамның жеке тұлға ретіндегі құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз етуден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлық жасау.

 Адамгершілік принципі  Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге  құқығы бар екені, ешкімнің ез  бетінше адам өмірін қиюға  хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам  мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.

Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Мемлекет құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым-қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы – мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  1. Байжанова К.Т., Мемлекет және құқық теориясы, Болашақ-баспа, 2006. – Б 174

  1. Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда)

  1. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – Б 112

  1. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. “Мемлекет және құқық теориясы”: оқулық.- Алматы, 2005, - 124-127 бет. – Б 264

  1. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық. – Алматы, 2003, - 98 бет. – Б 196

  1. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. “Мемлекет және құқық негіздері”: фолиант. – Астана, 2001, - 10-14 бет. – Б 246

  1. Әлібаева Г., Айтхожин Қ. «Құқықтану» Алматы. 2006 ж. – Б 271

  1. Жакупова А. ”Конституция-основа развития государства”//Журнал. Заң және заман.-год, 2005.-№9.-17 стр. – Б 22

  1. Қуандықов Е., Маликова Ш., Есетова С. «Құқықтану» 2007ж. – Б 168

  1. Маркс К., Энгельс Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалары. 2 т., 15б. – Б 249

  1. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – Б 416

  1. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – Б 161

start="14"

 Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. – Б 316

  1. Құқық негіздері оқу құралы, Агдарбеков Т., Алайдаров А. – Б 172

 

 


Информация о работе Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны