Жер салығының экономикалық мазмұны мен төлеу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:15, реферат

Краткое описание

Салықты есептеу әрбір жер учаскісі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдын кейінгі айдан бастап есептеледі. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер салығының экономикалық мазмұны мен төлеу тәртібі.pptx

— 97.60 Кб (Скачать документ)

Жер салығының экономикалық мазмұны мен төлеу тәртібі

 

Тексерген:Мұздыбаева А.Ш

Орындаған:Жиеналы  Г

Салықты есептеу әрбір жер учаскісі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдын кейінгі айдан бастап есептеледі. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.

Жер салығын  есептеу тәртібі

 

Бюджетке жер салығын төлеу учаскесінің орналасқан жері бойынша  жүргізіледі. Салық жыл ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы – қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскілері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлерін бонитет балы негізге алына отырып анықталады.

Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимінде  жүзеге асыратын заңды тұлғалардың  жер салығын төлеу тәртібі  ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды  тұлғаларға арналған арнаулы салық  режимінде белгіленген.

Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу  тәртібін ҚР –ның Үкіметі белгілейді.

Заңды тұлғалардың  салықты есептеу тәртібі

 

    • Заңды тұлғалар  жер  салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

 

    • Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

 

Заңды тұлғалардың төлеу мерзімдері

 

Ағымдағы төлемдердің  сомалары ағымдағы жылдың мына мерзімдерінен кешіктірмей  тең үлестермен төлеуге тиіс:

    • ·        20 ақпаннан;
    • ·        20 мамырдан;
    • ·        20 тамыздан;
    • ·        20 қарашадан;
    • ·       Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдардағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып саналады.

 

Жеке  тұлғалардың төлеу тәртібі

 

   Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланылатын жер учаскілері бойынша жекеленген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланылатын жер учаскілері бойынша жекеленген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде  пайдаланатын жер учаскілері бойынша жер салығын заңды тұлғалардың  жерлеріне белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

          Салық кезеңі

 

   Жер салығын есептеу  мен төлеу салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады. Салық есептелігі. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша  декларацияны және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

  Жер салығы  бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің  15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етеді. Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің  мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша  ағымдағы төлемдер есебін төменде көрсетілген мерзімдерде табыс етеді. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу обьектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы  және 1 қарашадағы жағдай бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан,15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.


Информация о работе Жер салығының экономикалық мазмұны мен төлеу тәртібі