Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 15:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
• тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
• негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
• халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
• азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 87.52 Кб (Скачать документ)

Мүгедектердің әлеуметтік-мәдени және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуімен байланысты құқықтары сақталмайды.

Мүгедектердің әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін, шаруашылық жүргізуші субъектілерде жұмыс істеуін және кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануын қамтамасыз етуге бағытталған тең мүмкіндіктер саясатын іс жүзінде ілгерілету мынандай шараларды жүргізуді талап етеді:

- арнайы құрылғылар, көмекші  құралдар: пандустер, съездер, кең лифтілер, қия жолдар жасау, оларды мүгедектер  тұратын жерден бастаған жөн, сосын қоғамдық сипаттағы барлық  мекемелерге тарату қажет;

- мүгедектік түрлері әртүрлі  адамдарға қол жетімді және  арнайы жабдықталған қоғамдық  көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз  ету;

- мүгедектердің, әсіресе  ауылды жерлерде тұратын мүмкіндігі  шектеулі балалардың, сондай-ақ мамандандырылған  мекемелердегі ұсталатын балалардың  білім алуға жан-жақты қол жетуін  қамтамасыз ету;

- халықты мүгедектік проблемалары  бойынша ақпараттық ағарту;

- мүгедектерді жұмыс қамтитын  мамандандырылған өндірістік кәсіпорындар  үшін кәсіпкерлік саласындағы  барынша қолайлы режим қалыптастыру;

- мүгедектердің сұраныстары  мен мүмкіндіктерін ескеретін  икемді және баламалы жұмыс  істеу шартын енгізуге және  реттеуге жағдай жасайтын шаралар  кешенін әзірлеу;

- мүгедектердің кәсіпкерлік  қызметін шағын несиелер беру  мен шағын және орта бизнестің  басқа да бағдарламаларын дамыту  жолымен көтермелеу.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік қамсыздандырудыњ түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Доклад ҚҰҚЫҚ

leumettk-amsyzdandyrudy-tsng-pn-funkciyalary-zhne-trler-DOKL-Y.doc [ b] (cкачиваний: 9) 
 
Жоспар 
 
1 Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі  
2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері  
3 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру  
 
 
1 Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі 
 
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық – адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген. 
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 
«Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігін әртүрлі мағынада қолдануға болады. 
Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру ретінде әкімшілік-биліктік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі». 
Екіншіден – бұл мемлекеттің функциясы. 
Ұшіншіден, азаматтарды қартаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке қабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысты материалдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде. 
Төртіншіден, құқық саласы ретінде. 
Бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде. 
Біздің ойымызша, әлеуметтік қамсыздандыру – бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық игіліктер қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді. Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет әлеуметтік мәнге ие деп таныған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудің қайнар көзі ретіндегі жоғалған жалақыны өтеуге бағытталған, мемлекет қалыптастыратын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі ретінде де анықтауға болады. 
Әлеуметтік қамсыздандыру осы мақсаттар үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ақша құралдарының қайнар көзіне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың екі түрін ажыратуға болады: 
- мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру; 
- зейнетақы қорларының салымшыларының – заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеуметтік қамсыздандыру. 
2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері 
 
Ақша құралдарының қайнар көзіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін: 
- ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, материалдық көмек және т.б.); 
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары); 
- қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үйинтернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.); 
- мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жақсартуымен (стационарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда), емдеу орнына баруымен және қайтуымен байланысты қосымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту (қайта дайындықтан өткізу); 
- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілеріне келесідей түрлерге бөлуге болады: 
1) еңбекке қабілеттігі жоқ жастағы азаматтар: 
- зейнеткерлер, солардың ішінде мүгедектер және жалғызбасты тұлғалар; 
- балалар, солардың ішінде жасөспірімдер. 
2) еңбекке қабілетті жастағы азаматтар: 
- жұмыссыздар; 
- уақытша жұмыссыздар; 
- мүгедектер; 
- көпбалалы отбасылар; 
- тұрмыстық жағдайы төмен тұлғалар. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары 
Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады: 
- саяси; 
- экономикалық; 
- әлеуметтік; 
- еңбек; 
- демографиялық; 
- сауықтыру. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тәуелді болады. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады. Бұл аталған тұлғалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет. 
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналарды қамтиды: 
• азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды; 
• заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз ету; 
• процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қоғамдық қатынастар. 
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруға болады: 
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің (стандарттың) шегінде қоғамның саналы (ұтымды) қажеттіктеріне және экономикалық мүмкіндіктеріне сай игіліктерге қатысты теңдей құқықтарына негізделеді. Мысалы, отбасының жан басына шаққан табысына сәйкес медициналық қызмет көрсету, өтемақылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек қызметімен немесе зейнетақы жарналарын төлеумен байланысты болмайды; 
- бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материалдық қамсыздандырудың қажеттіктерін ескере отырып теңестірілмейтін, бірақ нормаланған сипаттағы; 
- құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы. 
Мысалы, дәрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен сату; 
- ақы үшін; 
- еңбектің саны мен сапасына қарай. 
Байқағанымыздай, бұл қатынастар әртекті және құқықтық реттеудің әртүрлі әдістерін талап етеді. Қызметті ақылы түрде көрсету қағидасына негізделген қатынастар азаматтық құқықтың реттеу саласын қамтиды. Оларға үшінші тәсілдің ақылылыққа негізделетін қатынастары да жатады. Қатынастардың бесінші түрі еңбек құқығы саласына жатады. 
Алғашқы үш тәсілдегі қатынастар негізінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығына жатады. 
Ұзақ уақыт бойы бұл қатынастар еңбек, әкімшілік және қаржылық құқықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уақыт ағымымен заңшығарушылық материалдың дамуымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының және оның ерекшеліктерінің дамуымен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы дербес құқық саласы болып бөлініп шықты. 
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақылық қатынастар табылады. Зейнетақылық құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды: 
• жасына байланысты зейнетақыларды; 
• мүгедектігі бойынша зейнетақыларды; 
• еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыларды; 
• әлеуметтік зейнетақыларды. 
Жәрдемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды: 
• еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды; 
• жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды; 
• қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты жәрдемақыларды; 
• жұмыссыздарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті; 
• бала туумен байланысты бір жолғы жәрдемақыны. 
Өтемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар келесідей өтемақыларды төлеумен байланысты туындайды: 
• 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы, І-топ мүгедегін, 80 жастан асқан қартты күтуші еңбекке қабілетті азаматтарға берілетін өтемақыларды. 
Заттай нысанда көмек көрсетуге қатысты құқықтық қатынастарға мыналар негіз болады: 
- тегін немесе жеңілдікпен берілетін тауарлар және көрсетілетін қызмет түрлері; 
- медициналық көмек; 
- дәрі-дәрмектер; 
- санаторийлық-курорттық емделу; 
- балаларды балалар мекемелеріне орналастыру; 
- мүгедектерге берілетін көлік құралдар; 
- кәсіби оқыту және қайта дайындықтан өткізу; 
- өзге де жеңілдіктер. 
Процедуралық сипаттағы құқықтық қатынастар келесідей заңды мәнге ие әрекеттерді жасаумен байланысты туындайды: 
1. оларсыз материалдық қатынастар туындамайтын заңды фактілерді белгілеу (мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақыны тағайындау үшін мүгедектік фактісін анықтау қажет, ал еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін еңбекке жарамсыздық фактісін анықтау қажет және т.б.); 
2. әлеуметтік қамсыздандыруға құқықты жүзеге асыру, яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кез келген түрін тағайындау кезінде. 
Іс жүргізушіліқ сипаттағы құқықтық қатынастар осы салада туындайтын дауларды қараумен және лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік органның шешімін әкімшілік не сот тәртібінде шағымдаумен байланысты. Бұл даулар әртүрлі мәселелер бойынша туындауы мүмкін: қандай да бір әлеуметтік қамсыздандыру түрін тағайындаудан бас тартуға қатысты немесе оның мөлшерін ақшалай нысанда анықтау кезінде, мүгедектің себептерін не тобын, жеңілдіктерге құқықтарды анықтау кезінде және т.б. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі, зейнетақылық қатынастармен қатар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп қарастыруға болады. Оларға Зейнетақы қорын қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қатынастар, азаматтарға медициналық және санаторийлық-курорттық көмек көрсетуге қатысты қатынастар, соғыс және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік қайнар көздер есебінен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге қатысты қатынастар жатады. 
Бұл құқықтық қатынастардың барлығының жиынтығы әлеуметтік қамсыздандырудың пәнін құрайды. 
Әлеуметтік қамсыздандырудыңі тиісті түрлері болып мыналар табылады: 
1. зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар; 
2. заттай көмек көрсету; 
3. процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек. 
Зейнетақының түрлері: 
1. жасына байланысты; 
2. мүгедектік бойынша;1 
3. еңбек сіңірген жылдары үшін; 
4. асыраушысынан айырылуына байланысты; 
5. әлеуметтік зейнетақылар. 
3 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру 
 
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпы декларациясы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне, соның ішінде тамақтануға, киінуге, тұрғын үйге, медициналық күтімге, оның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен жақсы өмір сүруі үшін қажет әлеуметтік қызмет көрсетуге және жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтарын бекітті. 
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын бекіте отырып, бұл ережелерді одан әрі дамытты. 
Қазақстан Республикасы да осы халықаралық-құқықтық нормаларды өз заңдарында бекітіп әрі дамыта отырып, өз мойнына оларды орындауға қатысты міндеттемелерді алды. 
Әлеуметтік қамсыздандыруының құқығы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында бекітілген, бұл Конституция Қазақстан Республикасының саясаты адамның еркін дамуын және жақсы өмірін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Бұл ереженің одан әрі нақтылануы Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында көрініс тапқан, оған сәйкес әрбір азаматқа жалақының ең төменгі мөлшері және жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де негіздер бойынша зейнетақы кепілденеді. 
Заңдарда мемлекеттік зейнетақылар және әлеуметтік жәрдемақылар белгіленген. Ерікті әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және қайырымдылыққа жол беріледі. 
Әркімнің әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тани отырып, ҚР Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды жүктейді. 
ҚР Конституциясының 28-бабының 1-тармағында туындауы әлеуметтік қамсыздандыру үшін негіз болып табылатын жағдайлар аталған. 
Бұл адам өмірінің жасымен (жастық, кәрілік), денсаулық жағдайымен немесе еңбекке қабілетімен (ауру, мүгедектік), отбасы міндеттерін орындауымен немесе орындай алмауымен байланысты белгілі бір кезеңдері болуы мүмкін. Аталған тізім осымен шектелмейді, себебі әлеуметтік қамсыздандыру заңдарда көзделген өзге жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы, жұмыссыз мәртебесін иелену, жүктілігіне және босануына, баланы күтуге байланысты еңбек демалысында болу және т.б. ҚР Конституциясының 28-бабында әлеуметтік қамсыздандырудың тек ақшалай нысаны – мемлекеттік зейнетақылар және әлеуметтік жәрдемақылар туралы айтылған. Ақшалай төлемдерге қоса, әлеуметтік қамсыздандыру заттай нысандарда да жүзеге асырылуы мүмкін: қарттар және мүгедектер үшін үй-интернаттарға, балалар үйіне орналастыру, үйде әлеуметтік көмек көрсету және т.б. 
Әлеуметтік қорғау – бұл жынысына қарамастан адамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты. 
Қолданыстағы заңдарда әлеуметтік қорғау түсінігі салыстырмалы түрде тар мағында пайдаланылады: ол адамның өмір сүру саласындағы құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын білдіреді. Сонымен, бір мезетте халықты әлеуметтік қорғау концепциясы, мемлекеттің күрделі жағдайларға ұшыраған кез келген азаматқа оның еңбек стажына, зейнетақы жарналарының мөлшеріне және т.б. қарамастан беретін кепілдіктерін заңшығармашылық тұрғыдан бекітілуінен тұрады. 
Яғни, халықты әлеуметтік қорғау – бұл адамның жақсы өмір сүруін, оның қоғамның қазіргі кезгі даму стандарттарының деңгейінде материалдық қамсыздандырылуын және мәдени құндылықтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекетпен кепіл етілген және жүзеге асырылатын құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар жүйесі. Сондықтан, «әлеуметтік қорғау» және «әлеуметтік қамсыздандыру» түсініктерінің арақатынасы туралы сөз қозғай отырып, аталғандардың біріншісі – әлдеқайда кең және көлемді түсінік, ал екіншісі оған құрамдас бөлік ретінде енеді деген қорытындыға келуге болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы.


  • A

  • A

  • A

«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы 20 қазандағы № 164 Қаулысына сәйкес, қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің Күні болып белгіленді және облыстың халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері бұл мерекені екінші жыл атап өтуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің республикамыздағы мемлекеттік саясаттың басты артықшылығы адами құндылықтарды дамыту, халықтың деңгейі мен әл-ауқатын жоғарылату болған да, болып та келеді. Үкіметтің осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалары ең алдымен халықты жұмыспен қамтуға және табыс көзін арттыруға, халықтың ерекше әлсіз категориясын әлеуметтік қорғауға бағытталған.  

Қазірге кезеңде әлеуметтік саясат басты екі бағытқа көзделіп отыр, олар: мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобын қорғау және еңбекке қабілетті азаматтардың экономикалық белсенді болуына жағдай жасау.

Егер артта қалған және халық тағдырына қауіп төндірген 1991 жылға оралып, бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, олардың қаншалықты ерекшеленетіндігін көруге болады. Жалақының кешіктірілетіндігіне дағдыланғандары соншалық, кімнің ата-анасы зейнеткер болса, солар тығырықтан алып шыққан күндер болған.

Тәуелсіздікке қол жеткізген соң әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға мемлекеттің шығындары өсе бастады, ал әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырудың өсуі төлем алушылардың барлық топтарына әлеуметтік төлемдердің деңгейін көтеруге мүмкіншілік жасады.

Қазақстанда зейнетақы реформасы 1998 жылдың 1 қаңтар айынан бастап «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздардыру туралы» ҚР жаңа Заңының күшіне енуінен басталды.

1998 жылдан бастап 2005 жыл  аралығында мөлшерлерін белгілеу  бір уақытта өзгертіліп отыратын  әр түрлі мемлекеттік жәрдемақылардың  саны көбейді. Егер 1991 жылы тек  бір ғана төлем түрі болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 41 төлем  түріне дейін жеткізілді.

1999 жылдың сәуір айынан  бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар  төлене бастаса, 2000 жылдың қаңтар  айынан бастап мемлекеттік арнайы  жәрдемақылар (№ 1 Тізім бойынша), 2008 жылдың қаңтар айынан бастап  № 2 Тізім бойынша төлемдер жүргізіле  бастады.

2003 жылдың қаңтар айынан  бастап бала тууына байланысты  біржолғы мемлекеттік жәрдемақы  төленсе, 2006 жылдың маусым айынан  бастап ата-аналар бір жасқа  толғанға дейінгі  бала күтіміне жәрдемақы алатын болды.

Аталған әлеуметтік төлемдер туу санының артуына және жас отбасыларының әлеуметтік қорғалуының өсуіне айтарлықтай деңгейде ықпал етті.

2002 жылы 1 қаңтардан бастап  ТМД елдері арасында Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік  мекен-жай көмегі туралы» Заңы  күшіне ене бастады, ол 2000 – 2002 жылдарға  жұмыссыздықпен және кедейлікпен  күресу Бағдарламасына сай жасақталды. Әлеуметтік мекен-жай көмегін  алушылардың категориясына балалар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер және кедейлік шегінен  төмен тұратын басқа да тұлғалар  кірді.

2002 жылы 7 тамыздағы ҚР  Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 пайызға  зейнетақы мөлшерін өсіру туралы  берген мемлекет басшысының тапсырмасын  орындау мақсатында, «2003 жылдың 1 қаңтар  айынан бастап ЗТМО-нан зейнетақы  төлемдерінің мөлшерін өсіру  туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы  жасақталып, қабылданды.

Кейінірек, 2006 жылы наурызда «Қазақстан өз дамуында жаңа оқыс алға ұмтылу жолында» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, осы жылдың 1 шілде айынан бастап соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге, соғыс мүгедектеріне теңестірілгендерге, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған  қаһармандардың жесір әйелдеріне, қайтыс болған әскери қызметкерлердің жанұяларына, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті.

Жыл сайынғы Жолдауда белгіленетін әлеуметтік саяси тапсырмалар:

біріншіден, табыс көзін және  халықтың барлық топтарын әлеуметтік қорғау жағынан деңгейін көтеру;

екіншіден, туу жағдайын қалпына келтіру негізінде халық санын көбейтуге әр түрлі көмек көрсету, ана болуды және балалық шақты қорғау; 
     үшіншіден, әлеуметтік – еңбек қатынастарын оңтайландыру.

2007 жылдың қаңтар айынан  бастап барлығы жаңа зейнетақыны  ай айына ала бастады.  

Ал 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар заңдарына енгізілген түзетулер іске аса бастады. Оның ішінде, зейнетақыны қайта есептеу жүргізілді, жүктілігіне және босануына, ана болуына байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. 2005 жылы 1 маусымда Президенттің тапсырмасымен енгізілген базалық зейнетақы төлемі де өсе бастады. Бұл еңбек өтіліне де, табысқа да қарамайтын мемлекетпен кепілденген зейнетақымен қамсыздандырудың төменгі деңгейі. Басты талабы – зейнеткерлік жас. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бұл 8720 теңгеге дейін өсірілді.

Сонымен қатар, зейнетақы мөлшерін есептеу үшін жоғарғы табыс деңгейі жыл сайын өзгеріп отырды: егер 2007 жылы 15 айлық есептік көрсеткіш = 16380 теңгені құраса, 2008 жылы 25 айлық есептік көрсеткіш = 29200 теңге болды, 2009 жылы 28 АЕК = 36288 теңге болса, 2010 жылы 32 АЕК = 45216 теңге, 2011 жылы 39 АЕК = 58968 теңге, ал 2012 жылы 63102 теңгені құрайды.

Біз бүгінгі күні әлеуметтік төлемдердің жыл сайын өсіп отырғандығына куә болып отырмыз.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап  зейнетақы мөлшері орташа 25 пайызға,

2010  жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға,

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға,

2012 жылдың 1 қаңтарынан 9 пайызға  өсті.

Егер 2008 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 7900 теңге болса, 2012 жылы 17491 теңгені құрайды.

2005 жылы Елбасы «Балалы  отбасыларға берілетін мемлекеттік  жәрдемақы туралы» ҚР Заңына  қол қойды. 2006 жылдың 1 қаңтарынан 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға ай  сайынғы жәрдемақыны бір айлық  есептік көрсеткіш, 1 жасқа дейінгі  бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 3айлық есептік көрсеткіш және  одан жоғары болуы қарастырылды. Оған қоса, 18 жасқа дейінгі жәрдемақы  жан басына шаққандағы табыс  көзі азық-түлік деңгейінің мөлшерінен  төмен отбасыларына тиісілі.

2005 жылы міндетті әлеуметтік  сақтандыруды енгізу жұмысынан  айрылған, еңбек ету қабілетінен  айрылған, асыраушысынан айрылған  жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік  қатер туған жағдайда және  ана болуды, балалық шақты қосымша  қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік  қорғаудың көп деңгейлі жаңа  нұсқасын қалыптастырды.

2008 жылдан бастап әйелдерге  жүктілігіне және босануына байланысты  табысынан айрылған жағдайда  әлеуметтік төлем төленеді. Оған  қоса, әйел адамдар 30 АЕК көлемінде  республикалық бюджеттен төленетін  бір жолғы жәрдемақыға да ие  бола алады, яғни 48540 теңге (16308 теңге  болды). Бала туғаннан кейін де  жалақыдан 40 пайыз көлемінде  1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне жәрдемақы төленеді. Бірақ бұндағы шектеу – төлемнің ең көп мөлшері 10 АЕК-тен 40 пайыз аспауы қажет.

Жұмыссыз әйелдер республикалық бюджеттен 48540 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы, төрт және одан көп балалар үшін 80900 теңге және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы:

2012 жылы бір балаға – 8899 теңге (3276 теңге болды), екінші  балаға – 10517 теңге (3822 теңге болды), үшінші балаға – 12135 теңге (4368 теңге  болды), төртінші және одан да  көп балаға – 13753 теңге (4914 теңге  болды).

18 жасқа дейінгі мүгедек  баланы тәрбиелеушіге берілетін  жәрдемақы 14952 теңге болса, қазір 17439 теңгені құрайды. 

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» 20 қадам» атты сөз сөйлеуінде Қазақстан Президенті: «мемлекет пен халықтың қарама-қайшы қатынасын нығайтуда болсын, азаматтарды ақпараттандыру мәселелерінде болсын интернет-технология мүмкіншіліктерін кеңейту және қазақстандық қоғамның ақпараттық өмірін жоғарылату қажеттігін» атап өтті. Осыған сәйкес, бүгінгі күні халыққа электронды портал арқылы әр түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету үшін жұмыстар атқарылуда және Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті халықтың әлеуметтік сұрақтарға жауап алуы үшін әлеуметтік желіде өзінің жеке сайтын иленуде. 

 

Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының жобасын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 481

  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Екі тілде

  • Көшіру

  • Қағазға шығару

 

      Қазақстан Республикасының  Үкіметі қаулы етеді:  
      1. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының жобасы (бұдан әрі - Тұжырымдаманың жобасы) бүкіл халықтық талқылау үшін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.  
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 министрлігі Тұжырымдаманың  жобасы жарияланған күнінен бастап  бір ай  мерзімде келіп түскен  ескертулер мен ұсыныстарды қорытсын  және Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне белгіленген тәртіппен  қарауға енгізсін. 3. Осы қаулы  қол қойылған күнінен бастап  күшіне енеді.  Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  жоба  Қазақстан  Республикасының халықты әлеуметтік  қорғау тұжырымдамасы  Кіріспе  

 
      Әлеуметтік қорғау - бұл қолайсыз  жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық  жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан  айрылуы) байланысты экономикалық  белсенді бола алмайтын және  лайықты еңбекақы төленетін еңбекке  қатысу жолымен өзін табыспен  қамтамасыз ете алмайтын азаматтар  үшін өмірлік қажетті игіліктердің  және әл-ауқаттың белгілі бір  деңгейін қамтамасыз етуге арналған  жүйе.  
      Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:  
      - тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;  
      - негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;  
      - халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;  
      - азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланысты болады.  
      Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.  
      Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Мұндай жүйелерді қаржыландыруды бүкіл салық төлеушілер мойнына алады да, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады. Ал шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобына, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлер немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады. Бұдан басқа, дербестендірілген жүйелер, яғни ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттік институттардың қатысуы ең жоғары елдер арасында Францияны, Италияны, Бельгияны, Германияны, Австрияны, Жапонияны атауға болады. Мемлекеттің ең аз қатысуы, әлеуметтік қорғау құралдарының көбін жеке меншік институттарында беру Латын Америкасының бірқатар елдерінде таралған. Бірақ, мемлекеттердің көпшілігінде, мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Аргентинада, Голландияда, Данияда, Швецияда, Польшада, Латвияда аралас жүйе, яғни, мемлекеттік те, жеке меншік институттар да қатысатын аралас жүйе пайдаланылады. Әдетте, толық ынтымақтастық жүйелері - мемлекеттік, жинақтаушы сипатындағы дербестендірілген жүйелерде жеке меншік басым, ал шектеулі ынтымақтастықта, көбінесе, мемлекеттік те және жеке меншік те институттар қатысатын аралас жүйе қолданылады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі халықтың әлеуметтік қорғаумен қамтылуы және әкімшілік шығыстар деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштерге әсер етеді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін ұстаудың неғұрлым жоғары әкімшілік шығыстары - жеке меншік жүйелерге, неғұрлым төмені - мемлекеттік және аралас жүйелерге тән. Мемлекеттік жүйеде еңбек етуде қабілетті халықты әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса, аралас жүйеде де қамсыздандыру деңгейі сондай, ал жеке меншік жүйеде - салыстырмалы түрде төмен болады.  
      Еңбекке ынталандыру тұрғысынан алсақ, жарнаны аудару дербестендіруге негізделген жүйеде барынша жоғары, ал толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде - төмен болады. Өйткені, еңбекке ынталандыру деңгейі жарна мен төлем ақы дәрежесіне байланысты болады және тұрақты түрде әрі жоғары деңгейде жарна төлеген еңбеккерлерге өз үлесіне сәйкес қосымша артықшылықтар беру арқылы қамтамасыз етіледі.  
      Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар;  
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.  
      Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.  
      Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.  
      Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әрі азаматтың өзін өзі зейнетақымен дербес қамсыздандыруына арналған.  
      Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджет қаражаты есебінен қосымша қорғауды көздейді.  
      Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар.  
      Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.  
      Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.  
      Өтпелі кезеңнің басында мемлекет бұрын беймәлім болып келген инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі сияқты жаңа экономикалық факторлардың әсерінен әлеуметтік қорғаудың ағымдағы мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды.  
      Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, жасалған басқа қадамдар күрделі болса да, өтпелі кезеңнің ағымдағы мәселелерін шешуге бағытталды.  
      Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесі заңнаманың толық жүйелілігінің, атаулылының жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен және күрделілігімен сипатталады.  
      Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа Әлеуметтік қорғау тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.  
      Денсаулық сақтау мәселелері бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды.  
 
            Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік  
                 қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы  
 
      Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.  
      Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Қазақстанның барлық азаматтары өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек үлесіне және жүйеге қосқан жарнасына қарамастан, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Азаматтың еңбек үлесі ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасындағы тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік еңбек үлесі болмаған азаматтардың да алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.  
      Еңбеккерлер, яғни ресми жұмыс істейтін азаматтар қатерлі жағдайға тап болған кезде жүйедегі жарнасына қарай қосымша қорғау деңгейімен қамтамасыз ететін шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйе жоқ.  
      Жинақтаушы зейнетақы жүйесі - қартайған шақтағы қамсыздандырудың қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидасына негізделген жүйеге қатысуға пәрменді ынталандыратын бірден бір түрі.  
      Азаматтардың жекелеген санаттарына заңнамаға сәйкес мемлекеттің қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.  
      Қолданылып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ол бірқатар факторларға байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Біздің еліміздегі тәжірибемізде мемлекет басқаратын жүйедегі халықтың қамтылу деңгейі жоғары және әкімшілік шығыстар төмен, ал жеке меншік институттары қатысатын жүйеде халықты қамтудың төмендігі мен әкімшілік шығыстар жоғары болатыны халықаралық тәжірибедегі тұжырыммен дәлелденіп отыр. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктері мыналар:  
      - жетілдірілмеген заңнама: әлеуметтік саланы реттейтін заңнама, әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, көбіне әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған, сондықтан күрделі және анық емес;  
      - әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен: әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салық аудармайтындардың алдында салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің артықшылығының болмауы;  
      - айқындықтың жеткіліксіздігі: дербес сәйкестендіру жүйесі немесе жәрдемақыларды алу мен бөлу процесін қадағалау үшін дерекқордың қалыптасу сатысында болуы.  
      Қолданылып жүрген жүйені сақтау қызмет ету параметрлерінің нашарлауына және әлеуметтік қорғау міндеттерін шешу мүмкіндігінің төмендеуіне апарып соғады.  
 
            Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік  
            қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары  
 
      Әлеуметтік қорғау жүйесін реформалауға жалпы көзқарас  
      Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығыстары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр.  
      Әлеуметтік проблемаларды шешудің нарықтық қатынастарға негізделген кешенді моделі іске асырылады. Жаңа жүйе халықты өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе болады.  
      Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтері, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ; пәрменді де тиімді жұмыс істейтін және халықты неғұрлым толық қамтитынын ескере отырып, қалыптастырылуы тиіс.  
      Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама өмірде кездесетін қатерлердің негізінде қалыптастырылуы керек.  
      Жүйе әділ болуы тиіс. Кейбір елдерде әділдікті барлық азаматтар үшін, адамның салымына қарамастан, әлеуметтік төлемдердің мөлшері бірдей болатындығы деп біледі. Басқа бір елдерде әр адамның әлеуметтік қорғалу оның еңбек үлесін, аударымдардың мөлшері мен ұзақтығына байланысты деп ұғады. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі ұсынылған екі көзқарасты ұштастыруға негізделетін болады. Әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру азаматтар үшін қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар әлеуметтік қатер туындаған кезде барлық алушылар үшін төлемдердің бірдей деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның еңбек үлесіне байланысты болуы керек.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесі әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуы тиіс.  
      Жүйе пәрменді, жәрдемақылар атаулы болуы керек, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі. Жүйе тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым, түсінікті болуы, ал жәрдемақылардың қосарлануы мейлінше азайтылуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттерін реттеу икемді болуы қажет.  
      Жүйе белгілі бір қысқа мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.  
      Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде және қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:  
      - барлық азаматтарға әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;  
      - жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің аударымдары есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;  
      - жинақтаушы зейнетақы жүйесі;  
      - әлеуметтік көмек және белгілі бір санаттағы азаматтарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.  
      Азаматтар әлеуметтік қатерлерден өздерін ерікті сақтандыруға құқылы.  
      Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс.  
      Әлеуметтік төлемдерді неғұрлым тиімді басқару үшін әрбір азаматқа дербес код бере отырып, осы код негізінде барлық әлеуметтік төлемдерге бақылау жасайтын мемлекеттік жүйе мен ұлттық дерекқор жасалуы тиіс.  
      Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында жүктілігінің алғашқы кезеңінде медициналық ұйымда диспансерлік есепке тұрған әйелдерге бір жолғы жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін іздестіру және басқа да көмек түрлері сияқты бала тууды арттыруға ықпал жасау тәсілдерін енгізу жолымен демографиялық процестердің оң үрдістерін қолдауды ынталандыру шаралары қалыптастырылатын болады.  
      Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктерді мүгедектерге қатысты қоғамдық оң пікір қалыптастыруға тарту жоспарлануда. Мүгедектік проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзірлеу, мүгедектердің мұқтаждарына арналған өндірістерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердің негізгі құқықтар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізу қарастырылады.  
      Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдері негізінде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берілетін болады. Бұдан басқа, адамдардың белгілі бір топтарына - ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзірленеді.  
      Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көбейтіп, күнкөріс деңгейіне жақындату маңызды болып табылады. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады. Ең төменгі жалақы мөлшерінің және әлеуметтік жәрдемақылар деңгейінің арақатынасы қисынды болады.  
      Жасы, асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыруды енгізу сәтіне дейін тағайындалған азаматтарды қамтамасыз ету қағидалары өзгерістерге ұшырамайды.  
      Әлеуметтік қорғаудың кез келген жүйесі тікелей немесе жанама түрде еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылатындықтан, әлеуметтік қорғау жүйесіне әрбір нақты азаматтың ғана емес, Үкіметтің әлеуметтік әріптестерінің - кәсіподақтардың және жұмыс берушілер бірлестіктерінің қатысу деңгейін көтеру қарастырылады.  
 
      Өмірде қатерлер туындаған кезде әлеуметтік қорғаудың негізгі тәсілдері  
      Әлеуметтік салықты аударатын ұйымдарда жұмыс істейтін барлық еңбеккерлер асыраушысынан, еңбек ету қабілетінен және жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізгенде алғашқы кезеңінің ерекшеліктері ескеріледі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің аударымдары есебінен жүзеге асырылады. Төлемдердің ең төменгі және ең жоғары мөлшерлері заңнамамен белгіленеді. Жарна аударылатын табыстың ең жоғары шегі белгіленеді.  
 
      Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайдағы әлеуметтік қорғау  
      Мүгедектерді оңалту (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) және әлеуметтік қатерлердің алдын алудың жеке бағдарламаларын дамыту олардың әлеуметтік, еңбекке бейімделу жүйесін құруға, мүгедектердің қоғамға кірігуіне көмек көрсету шаралары қабылданатын болады.  
      Еңбек етуге қабілетті жастағы азаматтардың мүгедектік дәрежесін бағалауда тіршілік әрекетінің шектелуін бағалаудан еңбек ету қабілетінің шектелуін бағалауға көшу қарастырылады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссияларының еңбек ету қабілетін айрылу деңгейін айқындаудағы жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.  
 
      Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ету қабілетінен айрылу  
      Еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі. Сақтандыру жұмыс беруші мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған шарт талаптары мен жұмыс берушінің сақтандыру ұйымына міндетті аударымдарының есебінен жүзеге асырылады. Сақтандыру ұйымы сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда еңбеккерге келтірілген зиянды өтеуді еңбеккердің бүкіл ғұмыры бойы берілетін төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясы зардап шегушіні протездеуге, емдеу мен оңалтуға, оның еңбек ету қабілетін қалпына келтіруге кеткен және т.б. шығыстарын өтейді. Мүгедектік жұмыс берушінің кінәсінен болған жағдайда, мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жәрдемақы төленбейді және азаматқа келтірілген зиянды өтеу үшін мемлекет жауапты болмайды.  
      Төлемдердің ең төменгі мөлшері (мемлекет берген кепілдік деңгейінен кем емес) заңмен белгіленеді және жұмыс берушілерге сақтандыру шарттарын уақытылы жасамағаны үшін салынатын айыппұл санкцияларының жүйесі енгізіледі. Сақтандырудың осы түрін енгізу жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және жақсартуға ынталандырады.  
      Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ету қабілетінен айрылу кезіндегі зиянды өтеудің ерекше тәртібі белгіленетін болады.  
 
      Жұмыс берушінің кінәсінен болмаған еңбек ету қабілетінен айрылу  
      Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайындағы әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау оның мынадай үш деңгейлік құрылымын енгізуді көздейді:  
      Бірінші деңгей: барлық азаматтарға мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен бірдей деңгейдегі жәрдемақы беру.  
      Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен зейнеткерлік жасына жеткенге дейін қосымша төлемдер беру.  
      Үшінші деңгей: азаматтардың өзінің меншікті қаражаты есебінен еңбек ету қабілетінен айрылуын ерікті сақтандыру.  
      Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен берілетін жәрдемақы мөлшері еңбеккердің жасы, аударымдарының ұзақтығы және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне қарай белгілі бір уақыт ішіндегі орташа жалақысын алмастыру коэффициенті негізінде есептелетін болады. Төлемдердің ең төменгі және ең жоғары мөлшері заңмен белгіленетін болады. Жарна аударымдары жүргізілетін табыстың ең жоғары шегі белгіленеді.  
 
      Асыраушысынан айрылу жағдайында әлеуметтік қорғау  
      Асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмыс берушінің кінәсінен қайтыс болған жағдайларды қоспағанда, мемлекет барлық азаматқа жүйеге қатысуымен байланыстырмай, әлеуметтік қорғауды жәрдемақылар түрінде бірдей деңгейде ұсынуға кепілдік береді.  
 
      Жұмыс берушінің кінәсінен асыраушысынан айрылу  
      Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайындағы сияқты шарттар бойынша қызметкердің өміріне келтірген зиян үшін де жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылады. Сақтандыру төлемінің мөлшері асырауындағы адамдар санын ескеретін болады.  
 
      Жұмыс берушінің кінәсінен болмаған асыраушысынан айрылу  
      Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру сияқты асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу қарастырылады. Осындай қатер туындаған кезде төлемдердің мөлшері асырауындағы адамдар санына қарай есептелетін болады. Төлемдердің ең төмен және ең жоғары мөлшері заңмен белгіленеді. Жарна аударымдары жүргізілетін табыстың ең жоғары шегі белгіленеді.  
 
      Жұмысынан айрылу жағдайында әлеуметтік қорғау  
      Жұмысынан айрылу жағдайында азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау оның екі деңгейлі құрылымын енгізуді көздейді.  
      Бірінші деңгей: жергілікті бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар беру жолымен әлеуметтік қорғау.  
      Екінші деңгей: еңбеккерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы белгілі бір мерзім ішінде төлем ақы беру жолымен төлеген жарнасына қарай қосымша қорғау.  
      Ресми түрде жұмыссыз деп танылған және белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген әрі сақтандыру жүйесіне белгілі бір үлесі болған азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлем алу құқығы туындайтын болады. Төлемнің мөлшері жалақы деңгейіне және аударымдардың ұзақтығына тәуелді болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна аударылатын табыстың ең жоғарғы шегі белгіленетін болады.  
      Әртүрлі деңгейде шектеу жүйесі қолданылады, мысалы, лайықты жұмыстан бас тарту, өз өтініші бойынша жұмыстан шығу, жекелеген құқық бұзушылықтар орын алғанда, төлемді алу мерзімінің кейінге қалдырылуы, оның мөлшері азайтылуы не жойылуы мүмкін.  
      Жұмыссыздықтан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу азаматтарды жұмысынан айрылған кезеңде қамсыздандыру жүйесін едәуір жақсартады және кеңейтеді. Еңбеккерлерге жұмысынан айрылған жағдайда алатын жәрдемақының болжамды мөлшерін білетін болады және жәрдемақы төленетін кезеңнің шектелуін ескеріп, белсенді түрде жұмыс іздеуге ынталы болады. Жұмыссыздарды ақпараттық қолдау мақсатында еңбек рыногында мамандықтар мен аумақтар бойынша сұраныс пен ұсыныстың орталықтандырылған дерекқоры құрылады.  
 
      Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау  
      Ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдірілетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйенің зейнеткерлерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру қағидаттары өзгертілмейді.  
      Халықты, ең алдымен ауыл тұрғындарын пошта-жинақ қызметінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және басқа институттардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту жөнінде шаралар көзделіп отыр. Зейнетақы активтерін сақтауды қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатын әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялау кезінде қатерлерді әртараптандыру тетігін реттеу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ережелерін насихаттау мен түсіндіруді жандандыру қарастырылып отыр. Зейнетақы төлемдерінің тәсілін жетілдіру жалғастырылады. Аннуитеттік зейнетақы төлемдері рыногын енгізу, оның ішінде ерлі-зайыпты жұптардың бірлескен аннуитеттерді сатып алуын ынталандыру жөнінде шаралар ұсынылатын болады. Мемлекеттік емес және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мәртебесін теңестіру және уәкілетті органның талаптарына сәйкес болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы активтерін қаржы құралдарына дербес инвестициялау құқығын беру мақсатымен қолданыстағы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізіледі.  
 
         Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау  
 
      Жаңа жұмыс орындарын ашу және жалақының мөлшерін көбейту арқылы кедейліктің азаюына қол жеткізіледі. Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға ақшалай, заттай, институционалдық нысандарға, сондай-ақ нақты мұқтаждық өлшемдері негізінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстар беру түрінде көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілін де, табыс деңгейін бағалау әдістемесін де жетілдіру жалғастырылады.  
      Заттай және институционалдық нысандағы әлеуметтік көмек еңбек етуге қабілетсіз азаматтарға: балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге ғана беріледі. Бұдан басқа, еңбек етуге қабілетті халыққа әлеуметтік көмек қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру, қайта оқыту бағдарламалары мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы да көрсетіледі. Нысаналы қоғамдық жұмыстар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың уақытша шарасы болмақ. Қоғамдық жұмыстардағы еңбекақы деңгейі азаматтардың бұған ұзақ уақыт қатысуын ынталандырмай, тұрақты жұмысты белсенді іздеуге итермелейтін болады.  
 
      Әлеуметтік қорғау жүйесін құқықтық, қаржылық, ақпараттық және  
      институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру бағыттары  
      Әлеуметтік қатерлер түрлері және төлемдер негіздері жөніндегі заңнаманы кезең-кезеңімен жүйелеу ұсынылып отыр. Азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша қорғауға қатысты арнаулы заңнама әзірленетін болады. Әлеуметтік нормативтерді есептеу әдістемесі одан әрі жетілдіріледі.  
      Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салықтың бір бөлігін жарнаға айналдыру және дербестендіру есебінен жүзеге асырылады. Бұл шара еңбеккердің, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қаражаттарды аудару процесін бақылауға ықыласын арттырады.  
      Әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау бүкіл республика халқының мүддесін қозғайтын болғандықтан, халықты барлық мүдделі мәселе бойынша анық та толық ақпаратпен қамтамасыз етуге ерекше мән берілуі қажет. Халықтың арасында қажетті түсіндіру жұмысы әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жүргізіледі.  
      Реформаланатын әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандырудың ролі артуын ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ақпараттық қамтамасыз ету мен есепке алу маңызды мәселеге айналады. Жарналарды дербестендірілген есепке алу реформалаудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік салықтың бір бөлігін жарнаға айналдырудың дәл мөлшерін анықтау үшін әлеуметтік сақтандырудың барлық түрі бойынша қажетті актуарлық есептер жүргізіледі. Бұл ретте әрбір азаматтың қатысуын есепке алу бірыңғай стандарт болып табылатын арнайы жеке коды арқылы жүзеге асырылады.  
      Осы код арқылы азаматтардың әлеуметтік төлемдерді алуы жүзеге асырылады. Мұндай жүйенің өзекті элементі барлық азамат бойынша дерекқор болып табылады, бұл инфрақұрылымды ұстауға арналған әкімшілік шығындарын азайтуға және жәрдемақылардың қосарлануын болдырмауға, әлеуметтік жарна мен әлеуметтік жәрдемақыларды алу құқығы арасында байланыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізінде азаматтарды барлық әлеуметтік төлемдер бойынша ақпаратты есепке алу және жүйелеу органын құруды көздейді. Әлеуметтік қорғау мұқтаждары үшін актуарлық есептердің әдістемелік жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады.  
      Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғаудың жаңа саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидасы болып табылады. Жүйеге қатысушылардың қызметін бақылау мемлекетте қалатын болғандықтан, мемлекеттің рөлі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын әлеуметтік сақтандыру жүйесі дамуының деңгейі жоғары болған жағдайдың өзінде жетекші болады.  
      Әлеуметтік сақтандырудың міндетті түрлерін енгізу жүйеге қатысатын азаматтардың аударымдарын шоғырландыру үшін мамандандырылған институттарды құруды қарастырады. Шектелген ынтымақтастық қағидасына негізделген әлеуметтік сақтандыру жүйесі дамуының халықаралық тәжірибесін ескере отырып, әкімшілік шығындарды азайту, халықтың толық қамтылуын және бүкіл жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлік қоғам түрінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын құру ұсынылып отыр. Аударымдардың қатысуы мен мөлшерін жеке бақылау арқылы қор қысқа мерзім ішінде еңбектің ресми секторын, соның ішінде жеке ұйымдар үшін қызығушылық тудырмайтын шалғайдағы ауылдық аудандарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді. Осымен қатар қордағы қаражатты мақсаттан тыс пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын бақылаудың пәрменді тетіктері енгізіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесімен тығыз өзара байланысын ескере отырып, оның функциялары мен міндеттері кеңейтіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының міндеттемелері қолданылып жүрген акционерлік қоғамдар туралы заңның шеңберінде ғана мемлекеттің акционер ретіндегі міндеттемелері болып табылады. Сонымен бірге, келешекте міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер төленуін ұйымдастыру кезінде жеке институттардың қатысуы мүмкін болады. Әлеуметтік-экономикалық

Информация о работе Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру