Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері...............................................7
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.................................14
2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері...........................16
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер................................................................................................................18
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету..............................................22
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құықтың міндеттемелері.docx

— 69.78 Кб (Скачать документ)

Зиян. 
Зиян-заңмнен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді.Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген заладды толық қалпында келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма имперактивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді. Мемлекеттік өкімет билігі органының зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ, осы органдарының лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе занды тұлғаға келтірілген залалды

           Қ.Р-сы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс. 
                       Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді: 
1. Құқық бұзылған тұлға жасаған немесе зақымдануы (нақты нұқсан). 
2. Сол тұлғаның ұқсастығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда). 
Себепті байланыс-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі.Азаматтық жауапкешілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Мүліктік залалдың себептеріне оның алдындағы жағдайлар емес, нақты жағдайда оны туғызған нәрселер жатады. Бұл былай деген сөз: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандағы (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің (немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған іс емес, сол іс-әрекетке байланысты (немесе әрекетсіздігіне байланысты) дағдылы, қалыпты ретіментуғандығын анықтау шарт.  
Борышқордың заңды қайшы әрекеттері мен несие берушіге келтірілген залалдардың әрбір жағдайында олардың арасындағы қажетті айқын, тікелей байланысты қалыптастыру. Себепті байланыстың мәні міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік шарттарына тиісті т.б. Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жасалуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымен зиян келтіретін іс-әрекеттің біреуін ерекше бөліп шығару. Егер, құқық бұзушылық пен зиянның пайда болуының арасында «қалыптың себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ.  
Кейде құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қиындыққа соқпайды (мәселен, мылтықты аңғырттықпен ұстап біреу-міреуді өлтіріп алған реттерде). Бірақ ерекше күрдулі жағдайларды себепті байланысты анықтау үшін сарапшының (дәрігерлік, техникалық.т.б. көмегі қажет болады. Мүмкін, зиянның болуына құқық бұзушының іс-әрекеті де себеп болуы мүмкін. Бұл ретте оканың қалыпты жағдайында зиянның орын алуына іс-әрекеттердің қайсысының шешуші рөл аттқарғанын анықтау керек.Мысалы: АК, 935-бабына сәйкес жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды.

Ал егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зианының орын алуына немесе ұлғайуына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс. 
 
 

3.2. Міндеттемелерді  бұзғаны үшін азаматтық - құқықтың  жауапкершіліктің түрлері және  мөлшері. 
 
              Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздерді, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айруға болады. Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан,сондай ақ басқа да әреттерінен туындайтын құқықтық қатнастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы нәтижижерге қол жеткізуі болып табылады, бірақ, заң, мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушыларына орай міндеттері мен жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерінің сол нормалармен реттейді.Әдетте екі жаққа бірдей әрі мелінше қатал талаптар қойылады. Шарттан тыс қатынастар құқыққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол септі, әлбетте, жауапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құқық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.Егер құқық қатынасында жауапкершілік субьектілері бірнешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипат не субсидиялы болып есептеледі.Құқықтық қатнастың екі жағынының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә дейді.           Міндеттемеде тұлғалар көп болғанда, сондай-ақ міндеттемені орындау үшінші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жауапкершіліктуындайды. 
Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліктің борышқордан белгілі-бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңда немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла берді. Жауапкершіліктің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді, әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемеде қолданылады.(Мысалы, есеп айрысу құқық қатнастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретіңце қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы (өлшемі) болып табылады және ақшалай болып келеді.Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әр қалай анықталады.Залалдың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды рол атқарады. Азаматтық кодекстің 350 бабында мұндай шешім қарастырылған. Егер зандарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеме орындалуға тиісті жерде залал анықталған кезде борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға жүгінеді. Ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаған жағдайда сол талап арыз берілген күнгі қолданылған баға назарға алынады. Мән - жайларды негізге ала отырып, сот шешім шығарған күні не нақты төлем төленген күні қолданылған бағаны назарға ала келіп залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.Залалдың орнын толтыру жәбірленушінің мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етеді. Әдетте залал толық көлемде қалпына келтіруге тиіс. Осыған байланысты азаматтық - құқықта залалдың толықтай орнын толтыру принципі қаралған.Егер міндеттеменің орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы екі тараптың да кінәсінен болса, сот соған сәйкес борышқор жауапкершілігінің көлемін азайтады. Сот, егер несие беруші міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісті дәрежеде орындалмауынан келтірілген залал көлемінің ұлғаюына касақана немесе абайсызда себепкер бола, немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса борышқор жауапкершілігінің мөлшерінде азайтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Қорытынды 
 
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ азаматтық құқықтағы міндеттемелер қоғамдық қатнасты реттегенде үлкен маңызы бар. Өйткені міндеттемелер болмаған жағдайда қалай мемлекет қызметін атқарар еді, ол барлық экономикалық, әлеуметтік саяси жағынан ықпалын зор тигізеді. Біз жалпы міндеттемелердің орындалуын, оның орындалуына байланысты пайда болатын құқықтық жауапкершілікте және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырдық.Міндеттеменің жекеленген түрлері тәжірибеде (практикада) кеңінен қолданылуда, оларға сатып алу сату, айырбас сыйға тарту, мердігерлік, және т.б. кіреді.Міндеттемелердің шарттардан және басқа негіздерден туындалуы тәртіпке қарай нақты түрде және белгіленген мерзімде орындалады. Егер міндеттемелердің тиісті түрде орындау немесе өзге де міндеттемені орындау прициптері, орындалмаса кінәлі тарапқа мәжбүрлеу шарассы қолданылады. Оларға мыналар жатады: Міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамағаннан келтірілген залалды нақты орындалуына мәжбүр ету.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді былай десекте болады, зандарда немесе тараптардың келісімімен қаралған қосымша мүліктік сипаттағы борышқорға әсер ететін әдіс, оның - негізгі міндеттемені орындауына түрткі болатын және негізгі міндеттемені тиісті дәрежеде немесе орындалмаған жағдайда несие берушінің қызығушылықтарын қанағаттандырады.Тараптардың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, әдістері жазбаша нысанда істелуі тиіс. Азаматтық құқыққа бұрыннан мәлім болған бір жақты шарт түрі, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, банкроттық жағдайда, сатып алу-сату (өндірісті, жерді сатып алу-сату, мүліктік құқық-жер пайдалану құқығы, және т.б.) қазітргі уақытта басқа көзқарас алды және тез дамуда, қолданылуын табуда. Жаңа шарт түрлері пайда болуда рента, факторинг, франчайзинг, сенімгенрлікпен басқару және т.б. Бұл процесс жалғасуда. Себебі мемлекет дамыған сайын оның қоғамдағы қажеттіліктері өзгеріп, зандарда өзгереді. Осы міндеттемелер тақырыбын зерттеу барысында қазіргі қолданылып жүрген заңымыздың, яғни азаматтық кодексте грамматикалық деймізбе, әлде кішкене баптарында қарама-қайшылықты анықтадым. Яғни ол, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінде әңгіме болып отыр. 
Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады деп көрсетілген. Ал осы аманат Азаматтық кодекстің 330-бабында кепіл болушыны деп алынған, яғни кепіл болушылық ол, кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді. 
Менің ойымша осы келеңсіздікті жою үшін Азаматтық кодекстің 292-бабындағы аманат деген сөзді кепіл болушылық деген сөзге ауыстыруды ұсынып отырмын. Оны қабылдау, қабылдамау құзырлы органның немесе лауазымды адамның қолында.Тағы бір айта кететін жай, шарттық міндеттемелерді болу әр-түрлі критерилерге байланысты зандық әдебиеттерде әлі де талас жүруде.Менің өз көз-қарасым бойынша міндетемелер институтын бөлу борыш қордың қызмет ету садасы бойынша дұрыстау болар еді.

  Сонымен сөздің кең мағынасында міндеттеме дегеніміз жазбаша нысандағы, сөзсіз орыңцалуға қажет ететін ресми түрде берілген уәде. Бұл жағдайда әңгіме жоғары сапалы адамдардың имандылық сипатындағы қабылдаған міндеттемелері туралы болып отыр.Біз міндеттемелердің керекті сұрақтарын қарастырдық. Олар қоғамдағы қатынастарда көп жағдайларда қолданылады. Мемлекеттің дамуындағы бір алғы шарты болып табылады. Міндеттемелер заман ағысына қарай алға дамиды береді. Міндеттемелердің туындауы көбінесе шарттардан, мәмілелерден, зиян келтіру саддарынан, занда көзделген басқа да негіздерден туындайды. Оларды орыңдуу борышқордың өз іс-әрекеттерімен істеуі қажет. Егер міндеттемелер негізсіз себептермен, орындалмаса, борышқор жауапты болады, яғни айыппұл төлеиді немесе залалдың орнын толтырады. Егер өз еркімен істемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде істетіледі. Сөйтіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қалпына келтіріледі. Біздің еліміздің өтпелі кезеңінде экономиканы, халықтық, әлеуметтік жағдайды ең нәтижелі және сенімді құқықтық реттеу туралы құралы ретінде міндеттеме екені сөзсіз деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер 
 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, "Жеті  жарғы", 1998 ж. 
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы және ерекше бөлімдер, "Юрист" баспасы, 2001 ж. 
3. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 22-желтоқсан. 1995 ж. 
4. "Банкроттық туралы " Қазақстан Республикасының заңы 21-қаңтар. 1997 ж. 
5. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме, ред. басқарған Сапарғалиев F. Аударған С.Бақтыгерейүлы  Алматы: Жеті  жарғы, 1999 ж. 
6. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық- Алматы, Жеті  жарғы.1998ж. 
7. Гражданский кодекс Республики Казахстан. общая часть, коментарии. Алматы, Жеті жарғы, 1-2 том, 1998 г. 
8. Мемлекет және құқық негіздері. Н.Дулатбеков, С. Амандықова, Астана. Фолиант. 2001ж. 
9. Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері, оқулық, Алматы, Жеті - жарғы, 2001 ж. 
10. Шарттар жинағы, құрастырған Р.А.Темірғалиева. Алматы, Әділет, 2001 ж.  
11. Алексеев С.С. Проблемы теорий права М. Ч.-І. 1992г. 
12. Гражданское право, в 2-х том,уч для вуз, Е.А. Суханов 2-е изд. I перераб и доп. М. издателство БЕК, 2000г. 
13. Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы-Алматы: Қаз МЗА, 2001ж. 
14. Сапарғалиев F. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері-Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994ж. 
15. Булгакова Д.А. Теория государства и права (уч.методичекое пособие)- Алматы, Дәнекер. 2001 г. 
16. Лазарев В.В., Липеть С.В. Теория государстваи права: учебник для вуз. - М. "спарк" 1998г. 
17. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық. Қ.Д.Жоламан, А.Қ. Мұхтарұлы. Алматы, Қаз М.З.У. 1999 ж. 
18. З.О.Ашитов Егемен Қазақстан құқығы, Алматы, жеті — жарғы, 1997ж. 
19. Гражданское право, 1-том уч. для вуз: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, КазГЮА 2000г. 
20. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., Овчиников И.Н. 1998г. 
21. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996г. 
22. Основы гражданского право. М.Г.Маркова. 
23. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. 
24. Гражданское право. Е.А.Суханов. 
25. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, "Әділет- Пресс", 1997г. 
26. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М.,1997г. 
27. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва. Гражданское право, часть в*торая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г. 
29. Алексеев С.С. Проблемы теории права- М., 1972г. 
30. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г. 
31. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж. 
32. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М.А. 1996г.

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері