Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері...............................................7
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.................................14
2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері...........................16
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер................................................................................................................18
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету..............................................22
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құықтың міндеттемелері.docx

— 69.78 Кб (Скачать документ)

                  2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. 
           Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау және тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда және келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. АҚ 292 бап талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін аманат кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер жатады. 
       Қамтамасыз ету әдістері өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуші болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда және тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша соммасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.  
Төртінші топқа біздің заманымызға бұрын сонды тән болмаған әдіс - борышқордың мүлкін ұстап қалу болдып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу  сату шарты негізгі міндеттеме б.т.ды, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлеу туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. АҚ 292 бабының 3 тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал, міндеттемені қамтамсыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарасыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамсыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысананың сақтамауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.  

        Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері. Айып төлеу. 
Борышқор міндеттемесін орындамаған не тиісінше ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті заңдар мен және шартпен белгіленген ақша соммасы айып төлеу (айыппұл, өсім ) дептанылады. 
Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.Айып төлеу  кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасмалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарды ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жолдау және т.б.) қолданылады. Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күні үшін сомманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу  уақытын өткізіп алғанына орай өндііріледі.

        Айыппұл тек қана ақша соммасында және сомманың белгілі бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады. 
    Занды түрдегі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатын айқындайды.

Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасмалдау, өнімді жекткізу, құрлысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. 
Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер заңдарда тиім салынбаса, тараптардың келісімімен занды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. 
Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданатынын өздері анықтайды. 
Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді. Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мысалы, міндеттемені орындаумауға байланысты залалдар 5 мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқор борышқордан 2 мыңды айып төлеу деп, 3 мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар. Әдетте айып төлеу есепті сипатқа не. Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, занда және келісімдерде басқаша көзделгеннен басқа ретте, қолданыла береді.Айрықша айып төлеу. Несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың теңгені төлетеді де қояды. Айрықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасмалдың жоспарын орындамаған үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатынасуымен болатын қатынастарға, аиталық, пәтер ақы электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға тап осындай айып төлеу түрі қолданылады.

         Балама айып төлеуде несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндіпте ме, әлде төлеуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді. Сондай  ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және барышқордың міндеттемені орындау дәрежесінде және барышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуға ескереді. Айып төлеудің негізгі мақсаты барышқордың өз міндеттемесін орындамаған және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады. 
 
Кепіл.  
          Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен ие болады.Мүлік кепіл мен міндеттемені орындауда қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, барышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Кепіл бойынша заң және шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз барышқордың өзі , сондай ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт басқаша талаптардан бастартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. 
Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттарымен оларды басқаға беруге тыйм салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шағынан өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған соммалар бойынша шығыннан орнын толтыруды талап етуге құқылы.Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдалысқан жағдайда кепіл болашақты пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін.Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мөлшері мен орындау мерзімі көрсетуге тиіс.Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме ноториалды куәландырута жатса, онда кепіл туралы шарт ноториалды куәландірілуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.Кепіл туралы шартты өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезенін бастап, басқа мүлік жөнінен бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер біреуге жатпаса кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап т.б. (АК 310 бап).Қазіргі қолданылып жүрген зандар кепілге салынып үлгерген затты қайтадан кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартты рұқсат етілген не тиым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан келіп кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады.

                     Кепілдің екі түрі бар: а) ипотека ә) кепілзат. 
Ипотека  кепілге салынған мүлік кепіл салушының және үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекеленген құрлыстар ғимараттьары яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер сондай ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне сай кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады. 
Ипотека, содай - ақ белгілі бір мүліктің кепілі заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.Бұл орайда әңгіме кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрлыстардың, пәтерлердің жер учаскесіне құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі

ҚР-ң қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы заңмен реттелетіндігі жөнінде болып отыр. Ипотека туралы ҚР-ның заңында өзгеше ережелер белгіленбеген ретте ипотекаға АК-тегі кепіл жалпы ережелер қолданылады. Ипотека туралы шартты ипотеканың мәні, оның атауы тұрған жері және бұл мәннің айтарлықтай индентификация үшін сипаттауы, сондай - ақ кепіл, осы несие берушінің құқығын тіркеген осы мүлікке  мемлекеттік органның тіркеуі көрсетлілуі тиіс. Жер учаскесінің ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті комиттетері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет. Шартта негізгі міндеттеме туралы  міндеттеменің ақшалай құны, туындау негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге міндетті (кепіл құқықтары, жалға беру, және т.б.). Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады. Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып және белгі қойылуы арқылы сақталады.Кепілге салынған мүлікті күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік араласқан жақ мойнына алады. Сондай  ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол сұғылып талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға кепілге салынған мүліктің жоғалуы және бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші тарапқа дереу хабарлауға міндетті.Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынушыдағы мүлікті қысқа мерзімді несиені қамтамасыз ету, үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл ұстаушы ломбард б.т. Бұл лицензия негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыратын арнайы ұйым. Заттың кепілі туралы шарт кепілдік билеттерімен рәсімделеді. Кепілге салынған мүлік ломбардқа беріледі, ал өз кезегінде кепіл берушінің пайдасына заттың құнымен сақтаңдырады. Оның кепілге салынған затты пайдалануға, иелік етуге хақысы жоқ. Ломбард кепілге салынған заттардың жоғалуы және бүлінуі үшін жауапты болады. 
          Қазақстандық азаматтық заңдарда борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір екіншілігі несие беруші заттық құқыққа ие бола түрып меншік иесі бола алмайды. Несие беруші заттың есесіне қайтару, залалдардың орнын толтыру және т.б. өзінің талаптарын заттың құнын қанағаттандырады. Мұңдай әдістің кепіл әдісіне келетін тұстары? бар. Бұл жағдайдың қайсысында болсын несие берушінің, кепіл ұстаушының талаптары алдын ала белгіленген мүлік есебінен орындалады. Сонымен қатар міндеттемені орындаудың осы айтқан әдістері арасында айтарлықтай ерекшелік те бар. Борышқордың мүмкін алып қалу бір жақты әрекет ол заңға негізделген және міндеттеменің ақшалай орындалмауына байланысты (затты төлеу, жоғалғанда қалпына келтіру, және басқа залалдар) белгілі бір заңдық фактілердің туындауынан көрінеді. Бұл әрекет бұзылған құқығы қорғауға бағытталған, сондықтан да, оны несие берушінің бұзылған құқығын өздігінен қорғау деп тануға болады. Борышқордың мүлкін алып қалу құқық сақтаушыға, комиссионерге марапат ретінде, ал сятушыға тауарды төлеу және т.б. ретінде жүреді.Кейбір ғалымдардың пікірінше, борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу құқық бұзушының әрекетіне орай (шұғыл) шара қолдану делінеді. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтан (борышқордың) несие берушісі алдында сол жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қолсалқы жауаптымын деп міндеттенеді (АҚ 33 бап.) Кепіл болушылық арқалы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өз өзгеше көзделмесе кепіл болуышылықта көрсетілген сомма шегінде жауапты болады.Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық қатынастарында үш субъект қатысады. Біріншіден борышқор өзінің негізгі мінднттемесі бойынша кепіл болушымен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні жөнінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында жасалады.Бұл қатынастардың өзіндік негізгі тері сол, несие беруші алдында негізгі міндеттеме бойынша борышқор мен қосымша міндеттеменің кепіл болушысы жауапты болады. Мұнда қатынастар құрылымды несие берушінің өз міндетін атқаруына үлкен сенімділік туғызады. Оның белгілері: кепіл болушының міндеттемесін негізгі борышқордың міндеттемесіне толық енмесе ішінара қосалқы қосалқы түрде қосалқы түрде қатысты болады; Кепіл болушы несие беруші алдында борышқордың жетпейтін ақшасы көлемінде жауапкершілікті мойнына алады, бірақ ол кепіл болушылық шартында көрсетілген деңгейден аспауы керек; Несие беруші кепіл болушыға талаптар қоймастан бүрын борышқордың бұл талаптарды ақылға алады орында шараларын ойластырып алады.

Кепілдік. 
Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқор мен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге қатысты кепіл беруші әрқашан үшінші жақ болады. (АК, 270 бабы). Кепілдік міндеттемесі негізгі міндеттемден туындай тұрса да негізгі борышқор оған тікелей араласа алмайды және кепілдік бойынша құқықтық қатынасқа қатыспайды. Кепіл беруші мен борышқор арасындағы қатынас кепіддік бойынша құқықтық қатынастық және негізгі міндеттемеден тыс болады. Әрі оның соңғысы үшін ешқандай маңызға ие емес. Кепілдік шарттары жазбашаны нысанда жасалады. Жазбаша нысанды сақталу кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

            Кепілдік беруші несие беруші алдында негізгі міндеттеменің тиісінше орындалмауына және міндеттемені борышқордың орыБдалмауынан несие берушіге келген залалға борышқордың жауапкершілігі тұрғысынан. Сонымен бірге бір мезгілде кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепіл берушінің жауапкершілігі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін. 
Кепіл пұл. 
     Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақша сомма кепілпұл деп танылады.Кепілпұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің соммасы мен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында да жазбаша жасалады. Бұл ерекше негізгі міндеттеме наториалдық жолымен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтарады. Кепілпұл заңға сәйкес, біріншіден төлем міндетін атқарады, өйткені, ол шартқа сәйкес екінші жакқа берілетін нақты ақша саласы болып есептеледі: екіншіден, тараптар арасындағы шарттық қатынастардың барлығын дәлелдейді.Егер шарт жасалмаса кепілпұл туралы келісім де болуы мүмкін емес; үшіншіден, жасалған шартты қамтамасыз ету құралы болып табылады.

        

 

 

3 тарау. Міндеттеменің  бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің 
жалпымәселелері. 
3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтың жауапкершіліктің ұғымы және негіздері. 

           Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық - құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақта бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті түлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады. 
"Міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудың несие берушіге мүлікті зиянды салдарларын тигізіп мүліктік нұсқа келтіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс." 
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады.Ең алдымен, азаматтық -құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайту да , осы мақсаттың аддын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық - құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін (мысалы міндеттемені бұзғаннан келетін залалдық орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікгі белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.Азаматтық- құқықтық жауапкершілік Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, ереже бойынша азаматтық - құқықтық қатнастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігі - заң ғылымында даулы мәселе.Басқа автордың тұжырымдауы бойынша: "Заң жүзіндегі жауапкершілік әр қашанда мінез құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды"."Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс - әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі" деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн. Жауапкершілік дегенді "мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбірлеу шарасын қолдану " деп те түсіндіретіндер де кездеседі.Мұндай көз қарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуде азаматтық - құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады.Азаматтық - құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.Мысалы, міңдеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктің залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі- бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс. Азаматтық - құқықта залал ұғымын міндеттемені қарыздар орындаған жағдайда несие беруші алуы ықтимал, несие беруші өндірген шығындарды, оның мүліктерінің жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ ол алмаған табыстар түсіндіріледі, яғни бір адамның екінші адамға мүліктік нұқсан келтіруі залал болып табылады. Сөйтіп, залалдардың екі түрі бар: бір жағынан - тура мүліктік нұсқан, екінші жағынан - борышқор міндеттемесін орындаған жағдайда болуға тиісті несие берушінің табыстары. Қандай жағдайда болсын шаруашылық шарттарын бұзғаны үшін келісімі мен жауапкершілікті шектеуге болмайды. Материалдық нұқсан толық өндіріліп алынуы тиіс. 
Жауапкершіліктің көлемі төмендеген жағдайда мүліктік жауапкершіліктің тәртібі және одан босанудың шарттары толық белгіленген.Мүліктік жауапкершілікке тарту үшін белгілі бір шарттар қажет. Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз - заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс - әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады.Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден — бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшылығының жағдайы іс-әрекеттеріне әрекетсіздіте көрінуі мүмкін. Тәртіптің саналықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқықтық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәліліктің шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар, жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетті түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет.Занды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құқыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бөрі белгілі бір негіздерді сақтай отырып, сапалы түрде атқаруды қажетсінеді, ал олардың бұзылуы-құқыққа қайшылық, міне, оның салдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды.Кінә-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. 
Жалпы заң ілімі кінәлі тұлға өзінің заң бұзу әрекетін немесе әрекетсіздігін жан дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.Қылмыстық зандарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау тұрғысынан болады. Занды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжау да қасақаналық болып саналады, ал абайсыз занды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіптен сезбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжай да алмайды алмайды.

Информация о работе Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері