Азаматтық мәмілелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 19:41, реферат

Краткое описание

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРС№8.docx

— 23.38 Кб (Скачать документ)

                            Азаматтық мәмәлелер.

 

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.

Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.

Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.

Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.

Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.

Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.

Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).

Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.

 

Мәміленің жарамды болу шарттары

Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісіміне көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.   Мынадай мәмілелер міндетті түрде жазбаша жасалуы тиіс:

 

- егер мәмілелердің жекелеген  түрлері үшін заңдарда өзгеше  арнайы көзделмесе немсе іскерлік  қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан  туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің  өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде  жүзеге асырылатын мәмілелер;

- мәмілелерді жасау кезінің  өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары  сомаға мәмілелер;

- заңдарда немесе тараптардың  келісімінде көзделген өзге де  реттердегі мәмілелер.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлік қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі. Екіжақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі. Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Оларға мәміледегі белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Егер азамат кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі өол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс. Жазбаша түрде жасаған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.  Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Бұл талапты сақтамау мәміленің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер, егер заңнамада өзгеше көзделмесе олар тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.

 

Тіркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі.          

 

Мәміленің жарамсыздығы

Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыз мәмілелердің түрлері азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

- субъект құрамының ақауы болатын  мәміле;

- ерікке қатысты ақауы бар  мәміле;

- нысанның ақауы бар мәміле;

- мазмұнның ақауы бар мәміле.

Субъектінің құрамында бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екіншісі заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

Мәмілелер жарамсыздығының негіздері:

- Қажетті лицензия алмай, не  лицензияның қолданылу күшінің  мерзімі біткеннен кейін жасалған  мәміле жарамсыз болады; 

- Теріс пиғылды бәсеке мақсатын  көздейтін немесе іскерлік әдеп  талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз  болады;

- Тұрмыстық ұсақ мәмілелерді  қоспағанда, он төрт жасқа толмаған  адам жасаған мәміле жарамсыз  болады;

- Он төрт жастан он сегіз  жасқа дейінгі кәмелетке толмаған  баланың ата-анасының немесе қамқоршыларының  келімінсіз жасаған мәмілесін, заң  бойынша оның өзі дербес жасауға  құқығы бар мәмілелерді қоспағанда  сот, ата-анасының немесе қамқоршысынң  талабы бойынша жарамсыз деп  тануы мүмкін.

- Есуастық немесе ақыл-есі кем  болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі  жоқ деп танылған адам жасасқан  мәміле жарамсыз деп тануы  мүмкін;

- Сот әрекет қабілеттілігін  шектеген адам жасасқан мәмілені  сот оның қамқоршысының талап  етуі бойынша жарамсыз деп  тануы мүмкін;

- Әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің  мәнін түсіне алмайтын немесе  өзінің не істегенін білмейтін  жағдайда болған азамат талабы  бойынша, ал егер тірі кезінде  талап етуге азаматтың мүмкіндігі  болмаса, азамат қайтыс болғаннан  кейін басқа мүдделі адамдардың  талабы бойынша жарамсыз деп  тануы мүмкін;

 

- Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен  жасалған мәмілені, басқа тарап  пайдаланған жағдайларға қарағанда  адам өзі үшін мүлде тиімсіз  ауыр мән-жайлардың  салдарынан  жасауға мәжбүр болған мәмілені  сот жәбірленушінің талабы бойынша  жарамсыз деп тануы мүмкін;

- Бір тарап  өкілінің екінші  тараппен зұлымдық ниетте келісуі  нәтижесінде жасалған мәмілені  сот жәбірленуші тараптың талабы  бойынша жарамсыз деп тануы  мүмкін. 

Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді:

- мәміле жасауға іштей келіспей  жасаған мәміле;

- ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы  салдарынан жасалған мәміле.

Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле. Зорлап мәміле жасату дегеніміз – мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану немесе жан дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес. Қорқыту – тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе моральдық зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоққы жасау. Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыздеп тану үшін қорқыту құр сөзбен емес, шын мәнінде болуы мүмкін. Алдау  дегеніміз – мәмілеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып мәміле жағдайлары жөнінде жалған айту. Керіптарлық мәміленің үш белгісі болады:

- мүлде тиімсіз ауыр мән жайларда  жасалуы;

- өзі үшін тиімсіз ауыр мән  жайлардың орын алуы салдарынан  жасалуы.

- мәжбүрлік, яғни тұлғаның еркінен  тыс жасалуы.

Мұндайда сот жәбірленушінің талабы бойынша ондай мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін. Жарамсыз мәміленің келсі түрі нысанының ақауы бар мәмілелер. Азаматтық Кодекстің 153-бабында орай мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптардың мәмілені жасағанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлікайғақтармен растау құқығымен айырады. Мәмілені жарамсыз деп тану кезіндегі талап қою мерзімі іс жүзінде маңызға ие. Мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша заңды талап мерзімі зорлық немесе тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзгеде мән жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Бұдан басқа жағдайда мәміленің жарамсыздығына жалпы үш жылдық заңды талап мерзімі қолданылады. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

  

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты). 

 

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады. 

 

Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атанынан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға. 

 

Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.). ... 

 

 Сенімхат

 

Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады. 

 

Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.  

 

Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның бас есепшісі қол қоюы қажет. 

 

Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған: 

 

1) мүлікті басқаруға арналған  сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған). 

 

Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. 

 

Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі. 

 

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек .

Информация о работе Азаматтық мәмілелер