Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 22:53, реферат

Краткое описание

Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер саласын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. Өнім - жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс шығынымен байланысты адам еңбегінің нәтижесі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалауға қысқаша шолу
Қазақстандағы ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау
Ауыл шаруашылық алкаптарын бағалық аймақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

эконом багалау.docx

— 62.31 Кб (Скачать документ)

Әл  Фараби атындағы  Қазақ  ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті


География, жерге орналастыру және кадастр  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Сәрсенбай. Гүлбағы

                                                                Қабылдаған: Сағымбай Ө.Ж.

 

 

 

Жоспары

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалауға қысқаша    шолу
    2. Қазақстандағы  ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау
    3. Ауыл шаруашылық алкаптарын бағалық аймақтау

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық  бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер саласын  экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. Өнім - жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс шығынымен байланысты адам еңбегінің нәтижесі.

Бірдей  өндірістік шығындарға келетін өнім немесе өнім бірлігіне келетін шығындар мөлшері экономикалық тұрғыдан жер  сапасын көрсетеді. Былай айтқанда, жер сапасының айырмашылығы әр түрлі  сапалы жерлерге келіп бірдей шығындардың  орнын толтырумен, тиімділігімен  себептелінеді. Осы жай жерді  экономикалық бағалау әдістемесінің  негізін қалаушы болып табылады. Бұл жай бойынша, бірдей шығында  қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің сапасы жоғары деп саналады. Алынған өнімдердің айырымы сан  түрінде жерлер сапасының айырмашылығын  көрсетеді.

Экономикалық бағалаудың мақсаты жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшерін, заттандырылған еңбек, өндіріс шығынымен байланысты адам еңбегінің нәтижесі анықтау болып табылады.

Экономикалық бағалаудың міндеті болып көптеген еңбек, өндіріс шығыны т.б адамдарға, жер пайдаланушыларға түсіндіру шараларын жүргізу т.ю болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл  шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

 

Экономикалық  бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер саласын  экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. Өнім - жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс шығынымен байланысты адам еңбегінің нәтижесі.

Бірдей  өндірістік шығындарға келетін өнім немесе өнім бірлігіне келетін шығындар мөлшері экономикалық тұрғыдан жер  сапасын көрсетеді. Былай айтқанда, жер сапасының айырмашылығы әр түрлі  сапалы жерлерге келіп бірдей шығындардың  орнын толтырумен, тиімділігімен  себептелінеді. Осы жай жерді  экономикалық бағалау әдістемесінің  негізін қалаушы болып табылады. Бұл жай бойынша, бірдей шығында  қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің сапасы жоғары деп саналады. Алынған өнімдердің айырымы сан  түрінде жерлер сапасының айырмашылығын  көрсетеді.

Жер қүнарлығының айырмашылығын талдауда К. Маркс  бірдей шығындардағы нәтижелерді салыстырды. Ол: «...Қосымша пайда, егер ол кездейсоқ  жағдайларға байланысты емес, дұрыс  құрылса, қашанда да капитал және еңбектің екі бірдей мөлшеріндегі өнім арасындағы айырымы ретінде шығады жөне осы қосымша пайда, егер капитал  және еңбектің бірдей мөлшерлері бірдей көлемдердегі жер учаскелерінде  әр түрлі нәтижелер берсе, онда ол жер рентасына айналады,» - дейді. /Маркс К., Энгельс Ф./ Шығармалар жинағы, 2 басылым, 25 т., 2 бөлім, 200б./

Өсімдік шаруашылығы өнімі өндірудің  өсуін қамтамасыз ететін маңызды  шарттардың бірі жыртылатын жерлерді дұрыс пайдалану,егістіктер құрылымын  жақсарту. Жыртылған жерлерді пайдалануды  талдау кезінде қолданатын негізгі  көрсеткіштерөайдалған жерлерді пайдалану  коэффиценті ,күтіп-бапталатын ауыл шаруашылығының дақылдарын экономикалық бағалау көрсеткіштері, егістіктер құрылымының тиімділігін  бағалау көрсеткіштері. Жыртылған жерлерді пайдалану коэффиценті егістікке пайдаланылатын жыртылған жер алаңының (шаруашылықтың егістік алаңының) шаруашылықтағы баржыртылған жер алаңына қатынасы. Жыртылған жерді пайдалану коэффиценті егер барлық жыртылған жер ауыл шаруашылығы дақылдары егістігіне пайдаланылады деген жағдайда 1-ге тең.

Арендатор салықты төлеуге және барлық басқа  да шығындар үшін жауапты мойынына алатын жағдайда жалға алынатын ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер мен коммерциялық қолданыстағы учаскелер  жағдайында бұл әдіс негізгі болып  қалады. Жердің дамыған нарығыменелдерден  айырмашылығы ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау кезінде Қазақстанда  нормативтік бағаны есептеу үшін ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлерді экономикалық бағалаудың 3 туры нәтижелерін  қолдануға негізделген өз әдістемелік  көзқарастары қалыптасты.

Ауыл  шаруашылығы жерлерін бағалаудың бірінші  кезеңі республикада 1986 жылы аяқталды. Топырақ бонитировкасы орналасқан орнын бағалау, жердің технологиялық  қасиеттерінің сипаттамалары негізінен  барлық аудандар бойынша бар. Жерлерді бағалаудың екінші және үшінші сатыларын  іске асыру ауыл шаруашылығы үшін бұл міндеттерді шешуге нақты  – практикалық көзқарастар әзірленген болатын. Республикадағы жерлердің  барлық санаттарын бағалаудың екінші кезеңінде мұндай қағиданы жер үшін төлем ақы ставкасын анықтау  кезінде жер шаруашылығының мемлекеттік  ғылыми - өндірістік орталығы қолданды.

      Жерді бағалау және жердің пайдаланылуын бағалау дегендер бір ұғым емес. Сапасы бірдей жерлерді әр түрлі пайдалануға болады, сондықтан оларда өнім өлшерлері әр түрлі болады. Егер қосымша қаражат жұмсалып, егіншілік мәдениетін нашар жерлерде дұрыс, қарқынды  пайдаланса жақсы жерлерге қарағанда, жоғары өнім көлем бірлігін алуға болады. Сондықтан, тек қана өнім шығыны арқылы шығындарды, агротехниканы, былай айтқанда өндірісті жүргізу деңгейін ескермей, жер сапасын шын мәнінде бағалауға болмайды. Өндіріс шығындары әртүрлі  мөлшерде болатындықтан, жерлерді қай деңгейде бағалауға болады деген сұрақ туады. Өз есептерінде және дифференциалдық рентаны негіздеуде К. Маркс орта, ең кең тараған шығындарды алған. Бұл деңгейді ол норма ретінде қабылдап, шығындарды нормалық деп қараған. Шығындардың нормалық деңгейі, әрине, жердің тиісті өңделуін себептейді. Сондықтан жерді экономикалық бағалау үшін шығындардың нормалық деңгейіне сүйену керек.

Жерді пайдалану  тек қана өндіріс деңгейімен шектелмей, оның жеке бөліктерін пайдалану сипатымен айқындалады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық алқаптардың құрамында, олардың әр түрлі мақсаттарда пайдалануында байқалады /ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру, мал бағу, шөп шабу/. Әр түрлі ауыл шаруашылық алқаптарды бағалаудың әдістемелік тәсілдерінде ерекшеліктер пайда болады. Сондықган жеке бағалауда дақылдармен шектелмей, алқаптар түрлері бойынша да жүргізу қажеттігі туындайды.

Жер құнарлығына  топырақ-климаттық жағдаймен қатар экономикалық жағдайлар да әсерін тигізетіндіктен жерлерді экономикалық бағалауды табиғи-экономикалық аймақтар бойынша жүзеге асырады. Жерді экономикалық бағалауда оның орналасуы да ескеріледі. Бұл жай ең алдымен ауыл шаруашылық өндірістің шығын мөлшеріне әсер етеді. Жер учаскесінің орналасуы жер учаскелерінің бірінен кейін бірі өңделу үзділігі үшін өте маңызды және жердің орналасуы мен оның құнарлығы екі сапалық фактор екенін, сонымен қатар олар дифференциалдық рента негізі ретінде қарама-қарсы бағыттарда әсер ететіндігін К.Маркс айтып кеткен. Кеңес кезінде сатып алу бағаларын жоспарлау, дифференциалдау мақсатымен жер учаскелері тек қана экономикалық салыстырмалы тұрғыда бағаланған болатын. Қазіргі кезде, жер ауыл шаруашылық пайдаланудан дифференциалдық пайданы алу үшін ақша салынатын орынға айналғандықтан, бірінші орынға жердің бағасын табу шығып отыр. Бұл жағдайда әсіресе жердің орналасуын ескерудің мәні өте зор. Жердің бағасын көп жағдайда топырақтың жалғыз құнарлығы емес, өнімді нарықтан өткізетін, қамтамасыз ететін, оның орналасу қашықтығы және өндірістік әлеуметтік, шаруа құрылымының дамығандығы, мекендегендігі сияқты негізгі факторлар себептейді.

Республикамызда ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау  жалпы түрде келесі мақсаттарда  жүргізіледі.

1. Нысаналы  мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін  пайдалану тиімділігін анықтау; 

2. Жер  учаскесін кепілдікке беру арқылы  банктік несие алу;

3. Салық  салу, жерді жалға алу төлемдерін  анықтау; 

4. Мемлекеттік  мүдделер үшін жер учаскелерін  ықтиярсыз алып қою және реквизиция  жағдайында төлеу мөлшерлерін  және өтеу бағасын сот арқылы  анықтау;

5. Шаруашылық  серіктестіктердің жарғылық қорына  жарна ретінде немесе өндірістік  кооперативке пай ретінде учаскесін  беруде және басқа жағдайларда  оның бағасын білу;

6. Жер  учаскесін немесе жерді пайдалану  құқығын сату кезінде оның  бағасын білу.

 Жыртылатын  алқаптарды жалпы бағалау өсімдіктану  тиімділігі бойынша, жеке бағалау  - негізгі ауыл шаруашылық дақылдарды /дәнді дақылдар, жүгері, күріш, мақта,  қант қызылшасы, бір жылдық  және көп жылдық шөптер/ өсіру  тиімділігі бойынша жүргізілді. Табиғи малазықтық алқаптарды бағалау табиғи шабындық және жайылымдар бойынша жеке жүргізілді. Жерді жалпы бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:

1. Жыртылатын  алқаптардың өнімділігі - ЖӨ (бірыңғай  кадастрлік бағадағы жалпы өнім  қүны, тг/га);

2. Шығындар  орнының толтырылуы - ШТ (1 теңге шығынға келетін өнім құны);

3. Дифференциалдық  жайда - ДЖ (жақсы сапалы және  жайлы орналасқан жерлерден алынатын  таза пайданың қосымша бөлігі).

Жерді жеке бағалауда қолданатын негізгі бағалау  көрсеткіштері:

1/ ауыл шаруашылық  дақылдары шығымдылығы - ШД;

2/ белгілі  ауыл шаруашылық дақыл бойынша  шығындар орнының толтырылуы - ШТ;

3/ белгілі  ауыл шаруашылық дақыл бойынша  дифференциалдық пайда - ДП.

Бағалау нысанасы ретінде жыртылатын жерлердің  тиімді құнарлығы алынған. Зерттеу  нәтижесінде ауыл шаруашылық кәсіпорындары, әкімшілік аудандар, облыстар толық республика бойынша жерлерді бағалау көрсеткіштері анықталған.

Жерді бағалау  бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1/ дайындық  жұмыстар, бастапқы ақпаратты жинау,  өңдеу; 

2/ топырақтарды  бонитеттеу;

3/ жердің  жалпы және жеке экономикалық  бағалау көрсеткіштерін есептеу;

4/ жердің  бағалау мағлұматтарын қарау; 

5/ жердің  бағалау материалдарын жасап  шығару, беру.

Табиғи  мал азықтық алқаптарды бағалауда  бағалау объектісі топырақтың өзі емес, бағаланатын топырақ топтарындағы кәзіргі күйдегі өсімдіктер болып табылады. Жайылымдар және шабындықтарды бағалау критерийлері: 1. Өнімділік /мал азықгық бірлікте, қорытылатын протеинде/; 2. Жалпы өнімнің құны /кадастрлік бағада/; 3. Шығындар орнының толтырылуы; 4. Дифференциалдық пайда /1 га/.

Ботаникалық - мал азықтық зерттеуде 1 га шығатын өсімдіктер массасы бойынша мал азықтық бірлік пен қорытылатын протеиннің шығымдылығы анықталады. Жайылымдар бойынша пайдаланатын әр маусымдардың жиынтық шығымдылығы алынады, ал шабындықтар үшін шөп және балауса массалары қосылады. Эталон /100 балл/ ретінде 1 гектарда 10 ц мал азық бірлік және 100 кг қорытылатын протеин құратын шартты шығымдылық алынады.

Мал азықтық  алкаптың нақты түрі бойынша оның шығымдылығын эталонмен салыстыру  жолымен бағалық балл анықталады:

;

мұнда, Б - бағаланатын  мал азық алқап түрінің баллы;

            Ша - алқап шығымдылығы;

            Шэ - эталон шығымдылығы.

Табиғи  мал азық алқаптарын экономикалық бағалау  үшін негіз ретінде оларды бонитеттеу мәліметтері және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері көрсеткіштері алынады.

Экономикалық  бағалаудың критерийлері болып, келесі көрсеткіштер табылады:

1/ мал  азықтық алқаптарының өнімділігі - жалпы өнімнің құны (тг/га);

2/ шығындар  орнына толтырылуы - шығындардың  бірлігіне келетін жалпы өнімнің  құны;

3/ дифференциалды  пайда - сапасы ең жақсы және  жақсы жайғасқан жерлерде алынатын  таза пайданың қосымша бөлігі.

Мал азықтық  алқаптардың өнімділігі мал азықтық  бірліктің шығымдылығы арқылы анықталады. Мұнда шығымдылық бағаланатын ауданның мал шаруашылығының негізгі бағытына байланысты мал шаруашылық өніміне /сүт, ет, жүн/ қайта саналады. Мал  азықтық алқаптарының шығымдылығын мал шаруашылық өніміне қайта  есептеу мал азықтық бірліктегі мал азықтық шығындары нормативтері бойынша жүргізіледі.

Жалпы өнімнің  құны 1 га жайылымның есептік шартты мал шаруашылық азығындағы өнімділігін оның кадастрлік бағасына көбейтіп табады.

Шығындар  орнының толтырылуы келесі формула  бойынша анықталады:

 

мұнда, ШТ - шығындар орнының толтырылу коэффициенті;

 ЖӨ - 1 га мал азықтық алқаптың жалпы өнімінің құны, теңге;

  Ш - жалпы  өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар, теңге.

Информация о работе Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау