Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 22:53, реферат

Краткое описание

Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер саласын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. Өнім - жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс шығынымен байланысты адам еңбегінің нәтижесі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалауға қысқаша шолу
Қазақстандағы ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау
Ауыл шаруашылық алкаптарын бағалық аймақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

эконом багалау.docx

— 62.31 Кб (Скачать документ)

Мал азықтық  алқаптардан 1 га есептелінген таза пайда 1 га жалпы өнімнің құны және оны өндіруге жұмсалған шығындар арасындағы айырым ретінде анықталады:

ТП = ЖӨ – Ш;

мұнда, ТП - таза толық пайда, теңге/га.

Дифференциалдық пайданы есептеу үшін ең нашар  жерлерде  алынатын нормативтік  қосымша өнім (ең төмен қоғамдық қажет таза пайда - ТМ) анықталады:

ТМ = К · (ФН + ФШ)

мұнда, К - барлық (негізгі және айналмалы) өңдірістік қорлардың тиімділік коэффициенті (К=0,15);

ФН - мал шаруашылығы негізгі өндірістік қорларының құны, теңге/га;

ФШ - өнімнің сол көлеміне шығындалған мал шаруашылығының айналмалы өндірістік қорлары.

Дифференциалдық пайда толық таза пайда (Тп) және минималды немесе нормативтік (Тм) пайда арасындағы айырым есебінде шығарылады:

ДП = ТП – ТМ

Шабындықтар да осы әдістеме бойынша бағаланады. Мұнда жыртылатын жерлерді және табиғи мал азықтық алқаптарды (шабындықтарды, жайылымдарды) экономикалық бағалау  әдістемесінің тек қана негізгі  сәттері келтіріліп отыр. Толық әдістеме 1979 ж. Қазақ КСР МҰМ шығарған «Қазақ КСР жерлерін бағалау бойынша  уақытша әдістемелік нұсқалар жинағында» жазылған.

Осы әдістеме бойынша Республикамыздың барлық аймақтары жерлерін бағалау, топырақтарын бонитеттеу ұзақ мерзім уақытында жүргізілген. Бұл мағлұматты аймақтар, облыстар бойынша орналастыруда, мамандандыруда, сатып алуда, бағаларды бағалық аймақтауда, мемлекеттік тапсырмалар жоспарлар құруда, ал соңғы кезде кәзіргі бағалау жұмыстарын жүргізуде, жер үшін төлемдердің, салықтың базалық ставкаларын анықтауда пайдаланды. Сондықтан бұл әдістеменің маңыздылығы өте зор.

Жерді бағалаудың мәліметтерін, әсіресе нарықтық қатынастырға көшу барысында, кеңінен пайдаланады. Олар жер нарығын дамыту үшін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіруде, қожалықтарды дамытуда, салық салуда және бағалық саясатты жетілдіруде өте қажет. Сондықтан 1996 ж. Қазақстан Республикасының үкіметі жеке меншікке пайдалануға беретін жерлердің төлем ставкаларын бекіткен. Бұл ставкалар жердің орта нормативтік бағасы ретінде шығарылған. Ол жер нарығының даму негізі болып келеді. Осының нәтижесінде нарықтық баға есептелінеді. Сөйтіп алдағы уақытта сауда-саттықтарды салыстыруға негізделінген дамыған батыс елдерінде кеңінен қолданылып жүрген бағалау әдісін бізде де қолдануға мүмкіндік туындайды. Бұл ставкалар жалға беру және жалға төлем келісім -шарттарды жасауға негіз болып отыр.

Кәзіргі уақытта қолданатын жыртылатын жерлерді және табиғи мал азықтық алқаптардың  нормативтік шығымдылық есептеу  әдістемесінің негізгі сәттеріне  назар аударайық.

Бастапқы  ақпаратты жинауды жеңілдендіру үшін бағаланатын аудандар бойынша  нормативтік шығымдылық жерлерді экономикалық бағалаудың үшінші түр деңгейінде алынған (республикада орнықты экономикалық жағдайда жүргізілінген). Рентабельдіктің  нормативтік деңгейі 30% деп қабылданған (бұл деңгей ауыл шаруашылығында кеңейтілген өндіріс үшін жеткілікті).

Нарықтық  баға құру енгізіліп жатқан себепті  ауыл шаруашылық азық-түлікке бағалардың нормативтік деңгейін әлемдік (биржалық) бағалар деңгейінде алған жөн. Бұл жағдай осы әдістемеде ескерілген. Жерлерді бағалау аудандары (ЖБА) топырақтар топтары бойынша орта нормативтік шығымдылық егіс көлемдердің қалыптасқан құрылымын, өсірілетін дақылдардың үлестік салмағын ескереді немесе негізгі дақыл бойынша есептелінеді.

Жыртылатын  жерлердің нормативтік базалық  бағасын есептеу екі саты бойынша жүргізіледі:

  1. Бағаланатын топырақ топтарының нормативтік бағасының шкалалары құрылады;
  2. Алынған бағалау шкалалар негізінде жыртылатын жерлердің нормативтік бағасы есептелінеді.

Қалыптасқан егіс көлемдерінің құрылымын ескере отырып, әр бағаланатын топырақ тобы бойынша жыртылатын жерлердің орта салыстырмалы шығымдылығы есептелінеді:

ШНОС =  ШН1 · ҮС1 + ШН2 · ҮС2 + ... +  ШНП · ҮСП;

мүнда, ШНОС - топырақ тобы бойынша ортасалыстырмалы нормативтік шығымдылық;

 ШН 1, 2,..П - негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының нормативтік шығымдылығы, ц.д.б./га;

 ҮС 1, 2,..П - егіс көлемдерінің құрылымындағы негізгі ауыл шаруашылық дақылдары аудандарының үлесті салмақтары.

Көлем бірлігінің нормативтік жалпы өнім құны топырақтардың  өнімділігін өнімнің нарықтылық /биржалык/ бағасына көбейтіліп есептелінеді:

ЖӨН = ШНОС х Ц;

мұнда, ЖӨН - жалпы өнімнің нормативтік қүны, теңге/га;

             Ц - өнім бірлігінің әлемдік  бағасы, теңге.

Нормативтік пайда мына формула арқылы анықталады:

 

мұнда, Пн - нормативтік пайда, теңге;

К - нормалы рентабельдігі, бір үлесінде.

Жердің  нормативтік бағасы жерді пайдалану  арқылы алынған табысты капитализация  ставкасына немесе салада капиталды  салу тиімділігіне /бұл әдістемеде 8% тең/ бөліп шығарылады:

 

мұнда, Цжн - жердің нормативтік бағасы, теңге/га;

             К - капиталдау ставкасы /0,08/.

Суармалы  құба топырақтардың 1 га нормативтік бағасын есептеу мысалы:

ЖӨН = 13242,66 теңге;        К=30%; К=0,08;

 теңге;

 теңге.

Мал азықтық  табиғи алқаптардың нормативтік  бағасын есептеу әдісі негізінде  әр түрлі сападағы жерлердің, құнарлығы /шығымдылығы/ арқылы анықталатын, табыстылығы  және тиісті өнім, оның нарықты бағасын  алу мақсатында жерлерді пайдалану  бойынша өндірістің шығындары. Табиғи мал азықтық алқаптар тікелей  тауарлы өнім бермейді, сондықтан  олардың өнімі сүтке, етке, жүнге, елтіріге аударылады /мал шаруашылық өнімінің түріне сәйкес кететін мал азықтық шығындарының тиісті нормативтері арқылы/. Есепті жеңілдету мақсатымен табиғи алқаптарды бағалау сол жағдайда мал шаруашылығының негізгі, ең тиімді бет алысы бойынша жүргізіледі. Жайылымдар немесе шабындықтардың 1 га жерлерінен шығатын мал азықтық есебінен  күтіп отырған мал шаруашылық өнімі биржалық бағасына көбейтіліп, оның 1 га құнын табады. Өнімді 1 ц.м.б. есептесе, онда 1 ц.м.б. алғандағы мал шаруашылығының жалпы өнімінің құнын шығарады. Мұнда есептерді әдістемелік тұрғыда дұрыс жүргізу керек /мысалы, қой шаруашылығында өнімнің бірнеше түрі болады/. Қаракөл қой шаруашылығында елтірі, жүн, тірі салмақ қосу алады. Сондықтан осы өнім түрлері бойынша мал азықтық шығындарын дұрыс үлестіру  керек.  Мысалы,  1 ц жүн алу үшін 135,0 ц.м.б., 1 ц тірі салмақ қосу үшің - 10,2 ц.м.б., 1 елтірі алу үшін - 1,09 ц.м.б. мал азығы шығынданады.


Ғылыми  негізделінген нормалар бойынша  қаракөл қой шаруашылығында өнімнің  ілеспелі түрлеріне шығындаланатын мал азықты үлестіру құрылымы келесідей  етіп қабылданған:

а/ жүн - 34%

б/ салмақ қосу - 48%

в/ елтірі - 18%.

Сонымен қатар жергілікті аймақтық жағдайларын  ескере отырып, нормативтерді таңдағанда өте мұқият болған жөн.

Маңғыстау облысының жайылымының нормативтік  бағасын есептеу мысалы:

 теңге;

Қаракөл қойлары  пайдаланатын шығымдылығы 3 ц.м.б. жайылымдарының 1 га бағасы:

 теңге.

Ауыл шаруашылық алкаптарын бағалық  аймақтау

Республикамыздың  әр облысында жерлерді экономикалық бағалау, жер-бағалық аудандастыру жүргізілді. Маңғыстау облысының  Түпқараған ауданын бағалық аудандастыру  топырақ және геоботаникалық зерттеу материалдары негізінде табиғи-ауыл шаруашылық аудандастырумен байланысты орындалды. Жерлерді экономикалық бағалаудың 3-түрінің бастапқы мәліметтерін математикалық өңдеу нәтижелері негізгі топырақ параметрлері және ауыл шаруашылық алқаптары шығымдылықтары арасындағы жоғары корреляциялық байланысты көрсетті. Сондықтан ауыл шаруашылық алқаптардың нормативтік бағасын анықтау негізіне нақты учаске /контур/ шығымдылығымен айқындалатын өнімділік қабілеті, жыртылатын жерлер үшін егіс көлемдерінің құрылымы ескеріліп немесе жерлерді бағалауда ең төмен бірлік ретінде бағалық контурлар алынған. Содан кейін контурлар ірірек құрылымдарға - кластарға біріктірілген. Әр контур бойынша 1 ц.м.б. орта салыстырмалы шығымдылық есептелініп, 1 га жердің бағасы анықталған. Табиғи мал азық алқаптарды бағалауда бағалау шкаласы құрылған. Сол шкалада нормативтік бағалары 0,5 мың теңге/га диапазонында II класс бөлінген.

Жайылымдардың бағалық шкаласы /мың теңге/га/:

1-   0-0,5

2-   0,6 - 1,0

3-   1,1-1,5

...       ...

II-     >50

Аудан аумағында 4 бағалық класстарға /3, 4, 5, 6/ біріктірген  жайылымдар 16 бағалық контурларға  бөлінген. Аудан аумағы бір табиғи ауыл шаруашылық аймақта /шөл/ және екі  топырақ аймақтарында /құба, сүр-құба/ орналасқан. Өндірістің мамандануы - қаракөл  қой шаруашылығы.

Аудан аумағында  орналасқан бес контур /3, 8, 10, 11, 12/ үшінші бағалық класына жатады. Осы контурлар  бедерінің негізгі элементі - болмашы, бұйрат жазық, көптеген сорларымен және ойпаттарымен айшықталған.

Жайылымдардың құба сортаң жерлерінде бұйырғын, бұйырғын-мәртөк, бұйырғын-тас  бұйырғындар, ал құба топырақтарында олар ақжерлік жусандармен тіркесе өседі. Оттылық сиректелген, жобалық жабылуы төмен - 45-50%. Жайылымдардың орта салыстырмалы шығымдылығы 0,9-1,2 ц.м.б./га. Жер бағасы - 1,1-1,4 мың теңге/га.

Жерлерді  бағалық аудандастыру мемлекет жүргізетін салық, баға саясатын жүргізу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша  шараларды жасау, жер мониторингі, кадастрі, қорларын басқару бойынша  бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін  құру үшін жерлердің сапасын, бағасын  білуге қажет дұрыс материалдармен қамтамасыз етуте мүмкіншілік береді. Сонымен қатар бағалық аудандастыру шаруашылық.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Төбедегі айтылған сөздерді ескере отырып ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалауды ескеретін жайттар көп. Ең алдымен жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтауымыз қажет, учаскені беруде және басқа жағдайларда оның бағасын біліп,  экономикалық бағалаудың

мал азықтық  алқаптарының өнімділігі - жалпы өнімнің  құны (тг/га); шығындар орнына толтырылуы - шығындардың бірлігіне келетін жалпы өнімнің құны; дифференциалды пайда - сапасы ең жақсы және жақсы жайғасқан жерлерде алынатын таза пайданың қосымша бөлігі анықтау болып табылады. Экономикалық бағалаудың ауыл шаруашылығында маңызы зор. Көптеген жерлердің қолданыстағы маңызын арттырады, оның адан әрі маңыздылығының артуы үшін ең алдымен экономикалық жағын ескеріп шығынын, еңбек мөошерін тиімді анықтау жұмыстарын барынша оңтайлы етіп жасауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Жер кадастры. (Оқулық). Алматы, «Агроунивериздат», 2001ж.
  2. Мемлекеттік жер кадастрының жаңа технологиясы. Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Игембаева С.К.
  3. Жер кадастры.  Сейфуллин Ж.Т.  Алматы.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.2011 жыл
  4. ҚР жер кодексі, Астана. 2003
  5. «Жер құқығы» Қазақстан Республикасы  Мүхитдинова Н.Т. 1998 ж.

 


Информация о работе Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау