Ірі қара малының, шошқаның, ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 10:45, реферат

Краткое описание

Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.

Содержание

Ірі қара малдарының гигиенасы
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

гигиена сро.docx

— 39.90 Кб (Скачать документ)

          1. Малды жыл бойына қорада ұстайтын  болса өте көп төсеніш қажет  болады да, шаруашылықтың мүмкіншілігі  болмай малдардың астынан сыз-суық  өтіп, арытып күйінің төмендеуіне  апарып соғады.

2. Қора ауасының  ылғалдылығы жоғарлап, зиянды газдардың  мөлшерінің көбеюі, мал денесінің  ластанып, өнімінің сапасын төмендеуіне  әсерін тигізеді.

3. Малдардың  арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-бірін сүзіп  жарақаттауы жиі байқалады.

Сондықтан мұндай ұстау тәсілі сүт өнімін алуға бағытталған шаруашылықтарда қолдану шектеліп, еттік бағыттығы өндірістерде кең таралған.

Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды жігіне, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға бөлу қаралады және қораның ық жағынан азық науалары қойылып, су құбырлары тартылған серуен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар өз еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады.

Малдарды бос еркін байлаусыз ұстаудың екінші түрі арнайы жасалған боксттарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын бойынан арнайы  тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай, ені 1-1,2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш, немесе металды екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы жағына азық науасы орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті торкөзді еденмен жабылған көң жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып, жатып дем алып, бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп қана бокс орнынан шығады да, мал нәжісі бокс еденін ластамай, көң жолына түсуі қаралған. Мұндай бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал организміне жайлы болу үшін бокс орнының құрылымына мынандай   негізгі гигиеналық талаптар қойылады:

1. Бокстің  едені тегіс, су өткізбейтін, жылу  сақтайтын, көң жолынан 15-20 см биікте  орналасуы керек.

2. Бокстің  жанындағы бөлгіш сырықтардың  төменгі шегі 45 см биікте (төмен  болса мал жатқан жерде ұршығын  соғып жарақаттаса, жоғары болса  ұсақ мал астынан өтіп кетуі  мүмкін), ал жоғарғы екінші шектеу  бөлігі 55 см биіктікте орналастырылады.

3. Көң жолының  ені 2,7 метрден кем 3 метрден артық  болмауы қадағаланады. Себебі 2,7 метрден  тар болса малдардың (ірі) бокстан  шығуы қыйындайды, ал 3 м артық  болса малдар көң жолының үстінде  жатып дем алуына жағдай туады.

Ірі қара малдарын бокста ұстауға жабдықталған қоралардың микроклиматы сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай болуға  тиіс. Бокстардың арт жақ араларынан беті төркөзді еденмен жабылған көң арықтары жасалады. Малдың қыйы төркөзден өтіп арық түбіне  түседі де, одан өздігімен немесе арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады.

Азық бетіндегі төркөзді еден дұрыс жасалып, оған түскен мал қыйы бөгетсіз болуын қадағалау керек және мал тұяғына жайлы, қыстырылып қалмайтын болып жасалады. Бокстар қатары бірнеше бөліктерге (секцияға) бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне қарап жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту процесстеріне негізделеді. Ондай топтағы сыйырлардың саны өте көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте 30-40 бастан артық болса, оларға бақылау жасау қиынға түсіп, олардың туу мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін қалыптау, соған байланысты топтау жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен аланыңа шығатын есігі болуға тиіс.

Ірі қара малдарын арнайы бокстарда ұстау тұрғызып байлап ұстау тәсілімен салыстырғанда артықшылығы бар екендігі дәлелденген. Бірақ бұл тәсілмен ұстау кезінде ірі комплекстерде малдарды азықтандыруды қалыптау, оларға тиісті серуендеуіне жағдай туғызу тағы басқадай малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп күтім көрсету толықтай шешілмейді. Осындай жаңа технологияның бірі болып конвейерлі боксты ұстау болып саналады. Бокстар арнайы рельстердің бойына екі қатар орналастырылып, азық науаларының үстіне жүретін жылжымалы құрылым арқылы нормалы азық түрі түсіріліп отырады. Бокста ұстау кезінде малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің ұтымды жақтарын (жекелеме құрғақ, жайлы, жылы орынмен қамтамасыз ету, қалыпты микроклиматпен жекелеме азықтандыру т.б.) және малды бос еркін ұстаудың тиімді бөлігі (активті моцион, механизациялау т.б.) біріктіріледі.

Бірақ ірі қара малдарын күтіп-бағу кезінде бос еркін және тұрғызып байлап ұстау тәсілдерінің тиімді тиімсіз кемшіліктерін ескерумен қатар әр шаруашылықтың азықтандыру жолын, жер орайын, ауа райын, жайлым және азық көздерін, шаруашылықтың ветеринариялық-санитарлық жағдайын, зоотехникалық есеп жұмыстарының жүру дәрежесі т.б. ескерілуі қажет.

Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.

- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;

- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар; 

- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;

- Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;

- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.

Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.

Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.

Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.

Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.

Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға – 15 м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.

Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.

Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.

Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.

Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады. 

Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.

Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы – 1,0-1,5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.

Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада – 44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі дәлелденген.

Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі, шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.

Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.

Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36 мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7,7-10,2 % төмендейді (кесте 16).

Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып, соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды (кесте 17).

Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін – 24-28 % көтеріп, ал өлімін – 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе, оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %) кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1,5-2 есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз болып шығады.

Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.

Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.

Экстенсивті жүйе – көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т.б.) механикаландырудан  гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.

Интенсивті жүйе – жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.

Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе – құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында – интенсивті жүйеде ұсталады.

Информация о работе Ірі қара малының, шошқаның, ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы