Қора- жайдағы микроклимат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Осындай маңызды міндеттерді орындау үшін студент топырақты, суды, ауаны зерттеу әдістерін, олардың мал өсіру үшін қауіпсіздігі мен жарамдылығын, онда мал шаруашылығы нысандарын салу мүмкіндігін санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалауды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі типті мал қораларын жобалау үшін түсіндірме жазбаларын құрастыру, қажетті есеп қисап жұмыстарын жүргізе алуды меңгеруі қажет.

Содержание

I Кіріспе
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
III Жерге қойылатын талап
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға
қойылатын талаптар
VI Жануарларға арналған қорадағы микроклиматы бақылау
VII Қорытынды
VIII Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

гигиена.docx

— 2.11 Мб (Скачать документ)

Әйнек. Шыны жасайтын зауыттар құрылыс үшін әр түрлі мақсатқа және түрлі көлемде әйнектер дайындайды. Олар терезе, блоктар мен шыны құбырлар және басқа керекті материалдар жасауға қолданылады.

Ірге тас. Бұл ғимараттың барлық тіректі элементтерін ұстап тұратын жерастындағы бөлігі.

Цоколь- ірге тастың қабырғамен жалғасатын жері. Цоколь негізінен ірге тастың топырақ бетіне шығып тұратын жоғары бөлігі десе де болады.

Едендер. Едендер мал қора- жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық- гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына әсер етеді. Олар- жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып- жинауға қолайлы болу керек.

Қораның төбесі. Төбе ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол- тіректі бөлімдерден және сыртқы жабыныштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп салады.

Қақпа, есік және тамбурлар. Бұлардың бәрі ғимарат пен басқа құрылыстарды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады. Сондықтан оны тығыз, суық күндері қақпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.

Терезелер мен жарықтандыру.Терезелердің саны мен мөлшері ғимаратқа қажетті және сәулеттік шешімге сай болу керек. Терезелер ғимаратты сырттан бөліп тұратын және табиғи жарық беретін, ішін желдендіріп отыратын қажетті элементтер.

 

 

V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға қойылатын талаптар. Көңнің мөлшері мен сақтайтын алаң көлемін есептеу.

Қорадан көңді тазалап шығару әдістері мал түрлері, өңдірістің бағыты мен технологиясына байланысты. Қолмен шығарудан бастап әртүрлі конструкциялы қондырғылар қолданылады. Белгілері тырнап шығаратын скребкалы транспортерлар (ТСН-2, ТСН-3Б), штангалы транспортерлар (ТШ-30А, ШТУ, ТШПН). Шошқа қораларында сумен жуып, шайып шығару әдістері қолданылады. Сондықтан қорадан шығарылатын көң сұйық және қатты болуы мүмкін.

Көңді сақтау алаңы және көңді залалсыздандыру

Фермаларда санитарлық жағдайдың талаптарға сай болуы үшін көң сақтауға аса зор мән беріледі. Қора маңында қалай болса солай әр жерде шашырап, үйіліп жатқан көң, өзінің тыңайтқыштық қасиетін 50-60 % жоғалтады және айналуы қауыпті ауру қоздырушыларымен ластайды.

Сұйық және қатты көңде туберкулез, паратуберкулез, аусыл ауру қоздырушыларымен, аскарида, параскарида т.б. гельминттердің жұмыртқалары көп уақытқа дейін сақталады.

Аурулардан таза шаруашылықтарда көңді далаға бірден шығарып, нығыздап үйіп, жылы уақытта кеуіп кетпеу үшін жан-жағын топырақпен жауып тастайды. Көң ылғалдығын 70-85 % сақтау үшін, астыңғы жағында ылғалды көң қалдырылады.

Көң сақтау алаңын мал қораларынан 60 м, сүт өндіру цехтарынан 100 м, елді мекенді жерлерден 500-2000 м қашықтықта орналастырады. Көң алаңын қоршап, оның айналасын көкаландырып, жол салады. Көң алаңының қабырғалары мен едені су өткізбеу керек. Көң алаңын биік жерде тұрғызады.

Көң сақтаудың екі әдісі бар: аэробты және анэробты.

Біріншісінде көңді нығыздап салып, ылғалдылығын жоғары ұстайды. Көңде анаэроб микробтарының әсерінен көң 25-300С – дейін қызады.

Екіншісінде – көңді тығыздамай қалыңдығы 70-90 см қылып жаяды; 4-5 күнде аәроб микробтарының әсерінен көңде ашу үрдістері жүріп, температура 60-700С дейін көтеріледі де барлық ауру қоздырушылары жойылады. 5-7 күннен соң көңді тығыздайды.

Ауру қоздырушыларын таратпау үшін көңді биотермиялық залалсыздандыру әдісі қолданылады. Көң алаңын елді мекеннен, су өздерінен 100 м қашықтықта орналасытрады. Ол үшін алаң орнының енін 3 м дейін, тереңдігін 25 см ортасына қарай қазады. Ортасында ұзынынан ені мен тереңдігі 50 см өзек жасайды. Алаңның еденін, өзегін және екі жақ жанын қалыңдығы 15-20 см қаптайды.

Алаңға көң салмас бұрын, өзекті талмен жауып, үстін құрғақ сабамен жауып, қалыңдығы 20-40 см құрғақ көң салады да, оның үстіне сақтайтын көң салынады. Көңді алаң шетіне 40-50 см. жеткізбейді және оны пирамида тәрізді үйеді. Биіктігін 1,5-2 м жеткізеді. Ірі қара көңіне сабан араластырады немесе 6:1 қатынасында жылқы қиын қосады. Құрғақ көңге 1м3 көлеміне 50 л садыра қосады.

Сақтауға салынған көңді тұтасымен сабанмен жауып, үстінен 15-20 см топырақпен жабады, қыста топырақ қалыңдығы 30-40 см болуы керек. Жазда 1 ай, қыста 2 ай сақталады. Көңде 4-5 күннен сөң температурасы 40-450С жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   VI.Жануарларға арналған қоралардағы микроклиматты бақылау әдістері

Мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады.

Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері – температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады. 

Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. Құрал қолданып жүргізілетін әдіс микроклиматты жүйелі зерттеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Микроклиматтың кейбір көрсеткіштерінің жағдайын бақылауды үнемі және қажетті талаптарды қатаң сақтап жүргізу керек. 

6.1 Ауа температурасын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

1) жануарлар ағзасына температураның әсерін зерттеу;

2) мал қораларында ауа  температурасын өлшеу құралдарының  құрылысымен және жұмыс істеу ретімен танысу;

3) мал қораларындағы ауа  температурасын бақылау әдістерін меңгеру. 
         Ауа температурасын анықтау

Ауа температурасы Цельсий градусымен өлшенеді. 1 Цельсий градусы (оС) судың қайнау (100 оС) және қату (0 оС) нүктелері арасындағы температуралық шкаланың жүзден бір бөлігіне тең. Мәні бойынша Цельсий градусы Кельвин (К) градусына – температураны өлшеудің қазіргі бірлігіне тең. СИ жүйесі бойынша 0 оС – 273,15 К, ал 100 оС – 373,15 К тең.

Мал қораларындағы ауа температурасын анықтауға арналған құралдар: 
      Қоралар мен сырттағы ауа температурасын анықтау үшін сынапты, спирттік және электрлі термометрлерді қолданады.

Сынапты термометрлер кең тараған, олардың дәлдігі өте жоғары және –35 тен 375оС аралығындағы температураны өлшеуге болады. Спирттік термометрлердің дәлдігі төменірек, бірақ сынапты термометрлермен анықтауға мүмкін болмайтын (сынап –37,4оС температурада қатып қалады) –70оС дейінгі төменгі температураларды өлшеуге мүмкіндік береді.

Кез-келген уақыт аралығында барынша жоғары және ең төмен температураны тіркеу үшін арнайы минимальды, максимальды және аралас максимальды-минимальды термометрлер болады.

Максимальды термометрлер (сынапты) бақылау кезеңінде ауаның максимальды температурасын көрсетеді.

 Сынапты максимальды термометрлер резервуардың капиллярға өтетін жерінде тарылады. Температура жоғарылауы кезінде сынап кеңейе отырып капиллярмен жылжиды. Ал егер температура төмендесе сынап бағанасы капиллярда қалады, өйткені тарылған жердегі кедергіні жеңе алмайды.  
Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді қолданар алдында қатты сілкиді. 
       Минимальды термометр (спиртті) бақылау кезеңіндегі минимальды температураны көрсетеді. Бұл термометрдің резервуарын ауамен шектесу ауданын үлкейту үшін шаңышқы түрінде істейді. Термометр капилляры саңылауында шыны штифтик – көрсеткіш болады, оны температура өлшеуді бастар алдында спирттің жоғарғы деңгейіне апарып қояды. Спирт, температура жоғарылауы кезінде кеңейіп, орнында қалатын көрсеткіш жанынан еркін өтеді. Температура төмендегенде спирт сығылады да, үстіңгі тартылысқа байланысты, көрсеткішті өзімен ілестіріп әкетеді. Сондықтан көрсеткіштің жоғарғы ұшы әрқашан минимальды температураны бекітеді. 
     Аралас максимальды минимальды термометр мал қораларындағы температура ауытқуларын өлшеу үшін қолданылады. Термометр екі жағы иілген түтік түрінде болады, оның оң жақ ұшы шар тәрізді кеңейген, ал сол жағы цилиндр тәрізді болады.Түтіктің ортаңғы (төменгі) бөлігі сынаппен, сол жақ тізесі – спиртпен, ал оң жақ тізесі спиртпен шар тәрізді кеңейген жерінің ортасына дейін ғана толтырылған. Бұл кеңейген жерінің екінші жартысында спирт буы болады. Екі тізесінде де сынапты менискілерінің үстінде болаттан жасалған қылшықты көрсеткіштері болады. Температураны өлшер алдында екі көрсеткішті де магниттің көмегімен сынап бағанасының менискілеріне олардың төменгі ұштары сынапқа тиіп тұратындай етіп жақындатады. 
Температура төмендегенде сол жақ тізедегі спирт кеңейеді, сынап бағанасына күш түсіре отырып, оны түтіктің оң жақ тізесінде жылжытады. Бірмезгілде температура көрсеткіші де жоғары жылжиды. Температура төмендегенде және спирт пен сынаптың теріс жылжуы барысында көрсеткіш қылшықтары үйкелуі нәтижесінде орынында қалады да максимальды температураны көрсетеді. Мұнда сол жақ тізедегі сынап бағанасы көтеріліп, көрсеткішті итереді, сонда ол бақылау кезеңіне минимальды температураны көрсетеді.  
      Тегіс беттердегі (қабырға, еден және т.б.) температураны өлшеу үшін бетпен жанасу ауданын ұлғайтатын резервуарлары тегіс, спираль тәрізді иірілген термометрлерді қолданады. Ыңғайлы болу үшін термометр шкаласы спираль жазығына 90о бұрышта орналасқан. Термометр көрсеткішіне қораның ауа температурасының әсерін болдырмау үшін оның спиралін мауыт немесе тығыннан жасалған дөңгелекпен қорғайды. Бұл термометрді қабырғадағы немесе едендегі өлшеу нүктесіне канифольді балауыздан жасалған жапсырмамен бекітеді.

  Электротермометрлер қорадағы ауаның, қоршау конструкцияларының (қабырға, төбе, еден), төсеніш, т.с.с температурасын өлшеу үшін қолданылады. Құралдардың жұмыс істеу принципі микротермисторлардың ауаның аздаған ауытқуларында кедергіні өзгертуіне негізделген. Олар әртүрлі типті болады: 1) ЭТП-М, ТЭМП-60, АМ-2М, ЭВМ-2

электротермометрлері қорадағы ауа температурасын, беттер мен қоршаулар, т.б. температурасын өлшеуге арналған.; 2) ЭА-2М электротермоанемометрі температураны, ауа қозғалысы жылдамдығы мен ауа ағындарының бағытын өлшейді.  
      Кез-келген уақыт аралығында (тәулік, апта) ауа температурасын тіркеу үшін термографтарды қолданады.Термограф температуралық көрсеткіштен, биметаллды тақтадан, берілу механизмінен, қауырсынды тілден, сағаттық механизмді барабан мен корпустан тұрады.

Термографтың жұмыс істеу принципі биметалл тақтаның ауа температурасына байланысты қисығын өзгерту қасиетіне негізделген. Биметалл тақтаның бүгілуінің өзгеруі берілу механизмі арқылы арнайы сиямен қайықша тәрізді толтырылған қауырсынды тілшеге беріледі, ол өз кезегінде көтеріліп-түсіп, барабанның айналмалы таспасына температуралық қисықты (термограмманы) сызады. Термограф таспасы көлденеңінен апталарға, күндер мен сағаттарға, ал тігінен - 30о до +40оС аралығындағы температура көрсеткіштеріне бөлінген.

 
Сурет 1 – М-16А типті термограф. 
1 – корпусы; 2 – корреляциялық бұранда; 3 – биметалл тақта (температура

көрсеткіші); 4 – қауырсынды тілше; 5 – сағаттық механизмді және диаграммалық таспалы барабан.

 
 

 
        Температураны өлшеу ережелері:

1) қорадағы ауа температурасын  тәулігіне үш рет (таңертең, кешке  және түсте) дәл бір уақытта  үш нүктеде (қораның ортасы мен  диагональ бойынша екі бұрышында) ұзынша қабырғалардан 3м және  шеттерден 0,8-1,0 м қашықтықта өлшейді. Тігінен жануарлардың жату, тұру  және малшылардың бойының деңгейінде:

а) сиыр қораларында – еденнен 0,5 - 1,2м және төбеден 0,6м; 
б) шошқа және сиыр қораларында – еденнен 0,3 - 0,7м және төбеден 0,6м;  
в) құс қораларында: еденде ұстағанда – еденнен 0,2 – 1,5 м және төбеден 0,6; торда ұстағанда – өлшеу нүктелерін батарея арасындағы жолда төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабат клеткалары аймағында таңдайды.

2) термометр немесе термографты  тікелей күн сәулесі түспейтіндей, жылыту қондырғылары мен құралдарынан  жылу, терезе мен желдету каналдарынан  суық келмейтіндей етіп орналастыру  қажет, термографты жануарлардан оқшау ұстайды.

3) әрбір нүктеде температураны  өлшеу ұзақтығы термометрді орнатқаннан  бастап, 10-15 мин кем болмауы керек.

   6.2.Ауаның ылғалдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

1) ауа ылғалдылығының  жануар ағзасына әсерін зерттеу  және негізгі гигрометриялық өлшемдерді анықтау.

2) мал қорасы ауасының  ылғалдылығын анықтауға арналған  құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен танысу.

 3) ауа ылғалдылығын өлшеу әдістемесін меңгеру.

  Ауа ылғалдылығын өлшеуге арналған құралдар:

Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер;

психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық);

гигрографтар тәуліктік және апталық болады.

Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық

көрсеткіштермен сипатталады.

       Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.

       Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г).

      Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:

R = e / E · 100

Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық:

Д = Е – е

Шық нүктесі (Т) - ауадағы су булары қанығып, сұйық күйге ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық түрінде шоғырлануы). 
Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді. 
Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.

      Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген бір-бірінен 4-5 см қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден тұрады.  
Термометрлердің бірінің резервуары (ылғалды) кішкентай матаның кесегімен оралған, орауыш соңы ширақ жіппен байланып, иілген шыны түтік - пробирканың кеңейген ұшына салынған. Түтікті тазартылған (дистильденген) сумен толтырады. Капиллярлылығына байланысты, материал үнемі суланады да, термометр түйіршігінен су тұрақты буланып отырады. Бұл булану жылдамдығына пропорционалды жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым құрғақ болса, булану соғұрылым қарқынды жүреді. Осыған орай, дымқыл термометрде құрғақ термометрмен салыстырғанда температура көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің көрсеткіштерінің айырымашылығы есептеу негізіне алынады.. 
Ауаның абсолютті ылғалдылығын Август психрометрінің (статикалық) құрғақ және дымқыл термометрлерінің көрсеткіштері бойынша келесі формуламен есептейді:

Информация о работе Қора- жайдағы микроклимат