Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:51, дипломная работа

Краткое описание

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................4

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі......................6
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...................13
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері........................34

II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.

2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары..... 43
Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................50
Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер...........................................................................66

Қорытынды..............................................................................................70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_62.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

Процессуалдық санкцияларды, қылмыстық-процессуалдық  нормалардың талаптарын орындамау  немесе бұзу фактісі жатады. Мәжбүрлеу бұл жағдайларда, не заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнына келтіру мен бетке шығарылған бұзушылықтарды жою мақсаттарында, не құқықтық норманы бұзуға мойын бұрған тұлғаны жазалау мақсаттарында қолданылады.      Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану шынайы құқық бұзушылық фактісінен тікелей тәуелділікке қойылмайды. Көп жағдайларда бұл шаралар алдын ала қолданылады және бір мақсатты көздейді: қылмыстық-процессуалдық нормаларды бұзғызбау, тиісті тұлғаны заңмен талап етілетін тәртіпен басқаларының бәрін жоққа шығаратын жағдайларға қою.     Мәжбүрлеу шаралары мен процессуалдық мәжбүрлеудің басқа шараларын қолданудың негіздері болып тұлғаның құқыққа қайшы тәртібінің мүмкін болуына көрсететін шынайы мәліметтер немесе ықпал етудің тиесілі тәсілі керек қылатын және қылмыстық-процессуалдық әрекетті қиындататын, басқа да жағдайлардың көрініс табуы табылады. Қорыта айтқанда, қылмыстық-процессуалдық санкциялар мен процессуалдық жауапкершілікке қарағанда, мәжбүрлеу шаралары бұл қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына жетуді тікелей қамтамасыз етуші, айыпкер /сезікті/ тарапынан жасалынатын процессуалдық бұзушылықтарың алдын алу мен жоюдың тәсілдері. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары келесі жағдайлармен мінезделеді:    

1/ олар тек қана  қылмыстық сот өндірісінің саласында  қолданылады;

2/ оларды қолдану мүмкін етілетін, қатысты тұлғалардың еркі мен  ықыласына тәуелсіз қолданылады;

3/ бұл шараларды қолдану тұлға  құқықтарын белгілі бір шектеумен  байланысты, ерекше алғанда жеке  бостандық құқығы, дене қолсұқпаушылығы,  еркін жүріп, тұрып мен әрекет етуді тандау құқығы, хат жазысу құпиясы мен пәтер-үй қолсұқпаушылығы құқығы;

4/ нақты шаралар, оларды қолдану  негіздері, шарттары, шектері мен  тәртібі қылмыстық процессуалдық  заңмен қатаң шектеледі, қолдануға  мүмкін тиісті тұлғалар;

5/ оларды қолданудың заңдылығы мен негізділігі саяси, экономикалық, құқықтық, соның ішінде қылмыстық-процессуалдық кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Қорытындыға былай айтуға болады: процессуалдық мәжбүрлеу  шаралары жеке өзіндік логикалық  құрлысы бар қылмыстық-процессуалдық құқықтың бөлек нормалары ретінде қарастырылады.

Процессуалдық мәжбүрлеу  шаралары қылмыстық сот өндірісінің  міндеттерін тиісті жүзеге асыруды  қамтамасыз ету мақсаттарында, қылмыстық  істерді тергеу мен шешу үрдісінде  пайда болатын,мүмкін және айқын  кедергілерді жою үшін айыптыға, сезіктіге, жәбірленушіге, куәға және т.б. тұлғаларға қатысты сотпен прокурорға тергеушімен және алдын ала тергеу органымен, заң мен қатаң бекітілген тәртіптерде қолданылатын, қылмыстық-процессуалдық заң шығарушылықпен қарастырылған мәжбүрлеу мінездегі процессуалдық тәсілдер деп анықтауға болады.      Қылмыстық процесте көптеген әрекеттер оның жеке қатысушыларының ықыласына қарсы жүзеге асырылады, бұл тұрғыда күштеудің бір қатар дәрежесінен айрылады. Бұл әрекеттерге куә мен жәбірленушіні көрсетулер беруі үшін, экспертті сараптама қортындысын беру үшін шақыруы қылмыстық жауапкершілікке тарту және т.б. жатқызылуы мүмкін. Осы негізде жекелеген авторлар бұндай да әрекеттерді процессуалдық күштеу шараларына жатқызу теоретикалық және тәжрибелік  тұрғыдан негізсіз расталмаған т.б.

Процессуалдық күштеу шаралары алдында қойған мақсаттары орындаумен қылмыстық процестің дұрыс дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және сол бейнеде, өзінің оларға көрініс табатын, күштеу мінезіне байланысты шығатын ерекше тәсілдер болып табылады.    Қылмыстық-процессуалдық күштеу мемлекеттік күштеудің бір түрін бейнелейді. Ал соңғысы, арнайы актілер түрінде және құқықтық нормалардың шегінде мемлекеттің лауазымды тұлғалары мен құзіреті бар органдармен қолданылатын, қоғамдық өмір субъектілеріне, сонда көрініс тапқан мемлекет пен қоғам еркін қызығушылықтарына олардың еркін мінезін бағындыру мақсатында психикалық, физикалық немесе материалдық ықпал ету. Қылмыстық-процессуалдық күштеудің қылмыстық сот өндірісінде ғана орын алуы мүмкін екендігін айта отырып, біз “биліктік қатынастар” түрінде көрініс табатын, нақты қылмыстық-процессуалдық күштеу шаралары қолдануда қалыптасатын және дамитын қатынастар мен әрекеттердің мемлекеттік биліктік мінезін бетке шығарамыз13

Қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрледі қолдануды құзыреті бар  субъектілер ортасы заңда нақты анықталған-бұл алдын ала тергеуді жүзеге асырып отырған тұлға, тергеуші, прокурор, судья және сот.

Процессуалдық мәжбүрлеу  ең алдымен қылмыстық сот өндірісін  жүзеге асыру үрдісінде пайда  болатын “конфликтік жағдаймен” және оның мақсаттарын қамтамасыз етудің қажеттілігі мен күрделілігімен шығатын жағдайлармен сипатталады. Біз қылмыстық іс қозғалғаннан кейін пайда болуы мүмкін болатын жағдайлар туралы айтып отырмыз. Яғни, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеуді қолданудың шарттарының бірі т.б. деген факт туындайды.

Бір жағдайларда қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеу шаралары қылмыстық-процессуалдық  қатынастардың белгілі бір субъектілерінің  процессуалдық-құқықтық нормалардың  нұсқамаларына сәйкес келетін тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған басқа жағдайларда дәлелдемелік материалдарды алу мен зерттеуді қамтамасыз етуге шақырылады.

     Қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеу қылмыстық-процессуалдық  әрекеттің қатысушыларын жеке, мүліктік  немесе ұйымдық мінездегі құқықтық  шектеулерде көрініс табатын мемлекеттік ықпал етудің әдісі, оларға заңмен анықталған негіздердің болуында тергеу, прокуратура, сот органдарымен, әділ сот мүдделеріне қауіп төндіретін әрекеттерді жою үшін және қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын тиімді шешу шарттарын қамтамасыз ету мақсаттарында процессуалд-құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкін.

    Қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеуді қолданудың әр түрлі:

     1/ дәлелдеу  саласы: қылмыстық сот өндірісінің  сәйкес субъектілерінің ықыласына  қарсы дәлелдемелерді табу мен тексеру жөніндегі тергеу және сот әрекеттерін жүргізу;

     2/ процессуалдық  құқық-қолданушы актілердің заңдылығын  қамтамасыз ету саласы:

     а/ тергеушінің,  прокурордың, соттың заңсыз актілерін,  толық немесе жеке бөлек, жоққа  шығару;

    б/ жеке /ерекше/анықтаманы/қаулыны/ шығару, егерде заң бұзылмаса;

     в/ тергеушінің  жіберген қателіктеріне байланысты, тергеуге қатыстырмау;

     г/ отводтар

   3/ құқыққа қайшы,тәртіпке  қарсы әрекет жасау саласы-айыппұл  шаралары;

     4/ тұлға  құқықтарын кепіл ету саласы-процесс қатысушысының оның процессуалдық құқығын жүзеге асыруға мәжбүрлеу;

     5/ превенция  саласы:

     а/ мәжбүрлеу  шаралары кәмелеттік жасқа толмағанды  қарауға беру,келу жөніндегі айыпкердің  міндеттемесі, ұстау;

     б/ лауазымдылығынан босату және мүлкіне қамау салу түріндегі айыпкердің керексіз әрекеттері мен мүмкін болатын құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі шаралар;

    в/ мәжбүрлеу  шарасын аса қатаң түріне өзгерту  немесе мәжбүрлеу шарасын тағайындағандағы  енгізілген залогты /кепілді/ мемлекет кірісіне енгізу.

     Қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеу шаралары өзінің мінездемесі  бойынша бірдей емес және оларды  қолдану әр түрлі мақсаттарды  көздейді14. Олардың біреулері айыпкердің өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастыруының мүмкінділігінің алдын алуға бағытталған, оның тергеуден немесе соттан жалғастыруының мүмкінділігінің алдын алуға немесе оны тергеу іс жүргізу әрекеттеріне кедергі жасауының алдын алуға бағытталған /мәжбүрлеу шаралары, ұстау, лауазымдылығынан босату/. Басқалары тұлғаларды тергеу немесе сот органдарына әкелуінен қажеттілігіне байланысты /привод/. Үшіншілері, дәлелдемелерді табу мен процессуалдық бекітуіне бағытталған /тінту, алу, куәландыру, салыстырып зерттеу үшін үлгілерді алу/. Төртіншілері, мүлкін тәркілеусаласында, үкімді орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қызмет етеді /мүлкіне қамау салу/. Осының бәрін қорытындылап айтсақ, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын өзінің тағайындалуы бойынша үшке бөлуге болады:

     1/ заңға  қайшы әрекеттердің алдын алу, жою тәсілдері;

2/ тиісті мінезді,  құқық бұзудың алдын алуды  қамтамасыз етуі тәсілдер;

3/ дәлелдемелерді алу  тәсілдері.

     Жоғары  да айтылғандай, айтылған кепілдіктердің  бірі болып процессуалдық мәжбүрлеу  шараларының тек қана қозғалғаніс  бойынша ғана қолданылатын т.б. Мәжбүрлеу шаралары және кейбір басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін тұлғаны айыпкер ретінде тарту қажетті /лауазымдығынан айыру/.

     Заң нақты  түрде процессуалдық мәжбүрлеу  шараларын қолдануға құзіреті  бар лауазымды тұлғалардың ортасын анықтайды және олар қолдануы мүмкін, мәжбүрлеп ықпал ету қажеттілігін растайтын, нақты жағдайлардың, яғни негіздердің болуында ғана, тұлғалардың ортасын анықтайды. Жоюшы мінездегі мәжбүрлеу шараларын қолдануда бұл жағдайлар субъектінің мүмкін және жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерінде көрініс табады. Қамтамасыз етуші мінездегі мәжбүрлеу шараларын қолдануғажалпы негіз ретінде нақты тергеу әрекетінің нәтижесінде іс үшін маңызы бар дәлелдемелер табылады деп есептеуге мүмкіндік беретін мәліметтердің болуы көрініс табады. Заң, мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалды тәртібінқатаң анықтап шектейді. Бұл шаралар сот шешімі немесе тергеу органының негізделген қаулысы бойынша қолданылады. Бұл шешімдер мен қаулылар өз қатарында заңмен бекітілген жағдайлар мен тәртіптерде, қатысты шығарылған тұлғаға жария етіледі. Азаматтардың конституциясымен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын аса қатты шектейтін процессуалдық мәжбүрлеу шараларын анықтайды.     

     

      1.2    Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері

 

     Бұлтартпау  шараларын қолданудың мақсаты,  негізі және шарттары. Бұлтартпау  шаралары-бұл қылмыстық соттың  ісжүргізудің мақсатына жетуге  бөгет жасайтын күдіктілер мен  айыпталушылардың мінезіне мәжбүрлі  әсер ету тәсілдері /істің шынайы жағдайын айқындау, заңды дұрыс қолдану, кінәлілерді жазалау мен кінәсіздерді соттауға жол бермеу/.

     Бұлтартпау шараларын  қолдану азаматтардың жеке бостандықтарын  шапшаң шектеумен байланысты, атап  айтсақ тұлға дербестігіне құқы, бөгетсіз жүріп тұру және тұру орнын таңдау құқықтары.

     Бұлтартпау шаралары  заңмен белгіленген негіздерге  арқа сүйер және тиісті құқықтық  тәртіпті сақтау арқылы қатаң  тәртіпте қолданылуы керек.

     Бұлтартпау шараларының  өзіндік шағын, ерекше мақсаттары  бар:

     1/ айыпталушының /күдіктінің/ анықтаудан, алдын ала тергеуден және соттан жасыруына жол бермеу;

     2/ айыпталушының /күдіктінің/ ақиқатқа жетуге бөгет болуына  жол бермеу;

     3/ айыпталушының /күдіктінің/ кейінгі қылмыстық қызметін тоқтату;

     4/ үкімді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

     Бірінші мақсатқа  жету айыпталушының қатысуымен  тергеу әрекеттерін жүргізуді,  оның сотпен анықтауға қатысуын, сотталушының сотпен тағайындаған  жазаны өтеуін және қылмыспен  келген зиянның орнын толтыруды  қамтамасыз етеді. Сонымен қоса әрине айыпталушының тергеу және соттық әрекеттерге қатысуы оған куәлік беру немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жасау міндетін тудырмайтының білген жөн.

     Екінші мақсат айыпталушыға  куәгерлерді, жапа шегушілерді,  мамандарды және әлі қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған тұлғалармен заттай айғақтар мен құжаттарды жасыру мен жалған қылуда астартын келісім жасауына, сатып алуына жол бермеу. Бұл мақсаттың маңыздылығы айыпталушының жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерге жауап бермейтіндігінде.

     Үшінші мақсаттың  мазмұны ұзаққа созылған қылмысты  тоқтату және айыпталушының басқа  қылмыстар жасауына тосқауыл  қою. Қарастырып отырған шаралардың  “із кесушілік” астары бәрінен  бұрын осы мақсатта көрінген. Алғашқы екі мақсат /бұлтартпау  шараларының мақсаттары/ із кесу мен емес, айыпталушының қажетсіз мінез-құлқын ескерту мен жол бермеуге байланысты. Сондықтан “бұлтартпау шаралары” деген атаудың өзі бар институттың мәнің толық аша алмайды. Із кесу шаралары айыпталушыныңрұқсат етілмегені қызметіне тосқауыл қоюмен ғана айналыспайды сонымен қоса оның жөні түзу мінез-құлығын қамтамасыз етеді. Бұл кейбір авторларға оларды “қамтамасыз ету” деп атауға жол береді.

     Бұлтартпаудың төртінші  мақсаты біріншімен сәйкес келетін  сияқты: айыпталушының тергеу мен  соттан жасырынуын ескере отыра, біз үкімнің кейін орындалу мүмкіндігін қамтамасыз етеміз. Егер бұл осылай болса онда. Төртінші мақсатты бөліп алу қажеттілігі жойылады. Бірақ кейбір авторлар кейбір бұл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың пікірінше ол мақсатты сот айыптау үкімін шығарғанда көздейді. Осылай сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалдырған үкімді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен ұсыныс жасауға болады: бірінші және төртінші мақсаттарды қосы осы бірегей мақсатты келесі сипатта айқындауға болады: айыпталушының /күдіктінің/ анықтаудан, алдан ала тергеуден, соттан және үкімді орындаудан жасырынуына жол бермеу.   Қарастырылған мақсаттар із кесу шарасын таңдауға негіз болатын жағдайда дәлелдеуге жатады. Айыпталушының анықтаудан, тергеуден, соттан немесе үкімді орындаудан қашып жүргенін, ол ақиқатты айқындауға бөгет жасауы немесе қылмыстық қызметті жалғастыруы мүмкіндігін дәлелдеу қажет. Із кесу шарасын таңдау үшін аталып өткен айыпталушының қажетсіз мінез құлқының жоқ дегенде біреуінің ықтималдығын дәлелдесе жетіп жатыр. Бұл жағдайда дәлелдеу, болжамдық сипатқа ие, яғни болашаққа айтылған.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі