Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Егер зат немесе құжат  анықтама органдарының қызметкерлері арқылы жедел-іздестріру әрекеттерін жүргізу барысында табылса, онда олар сол тұлғаның мәлімдемесімен ұсынылуы мүмкін [24, 23-24; 148, 126-127]. Ал мұндай жағдайда ұсынылып отырған объектінің табылған уақыты, орны және мән-жайлары көрсетіледі. Тергеу немесе сот талқылауы барысында жедел қызметкерден затты немесе құжатты табуға байланысты мән-жайлар жөнінде куә есебінде жауап алынуы мүмкін.

Әр себептің өзінің дербес мәні бар. Әрқайсысына жеке-дара тоқталып кетейік.

  1. Азаматтардың арыздары.

Бұл қылмыстық іс қозғаудағы ең көп тараған себеп болып табылады.

ҚР ҚІЖК-ң 178-бабына сәйкес, азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жазбаша арызға оны беріп отырған  адам қол қоюға тиіс.

Ал ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Өзге жағдайларда жеке «Ауызша арыз беру» хаттамасы жазылады. Хаттамада арыз берушінің толық аты-жөні, оның тұратын жері, туған жері және туған жылы, жұмыс орны, сонымен қатар оның жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетілуі керек. Хаттамаға арыз беруші және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

Арыз берушіге әдейі  жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан  Республикасы Қылмыстық Кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы міндетті түрде ескертіледі, және бұл туралы хаттамада белгі қойылып, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылады [25].

Негізінен барлық азаматтар  өздеріне белгілі қылмыс туралы мәліметтерді немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс фактілерін құзыретті органдарға немесе лауазымды тұлғаларға хабарлаулары немесе арыз жолдаулары керек. Өйткені бұл азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады.

Бұндай мәліметтер анықтау  органдарының Кезекші бөлімінде «Арыздар мен хабарларды тіркеу» деген кітапқа тіркелуі керек.

Қылмыс туралы ауызша хабарларлама телефон арқылы да айтылуы мүмкін. Мұндай мәлімет анықтау органдарының Кезекші бөлімінде «Мәліметтерді тіркеу» деген журналға тіркелуі керек.

А.Р. Михайленконың айтуынша, барлық жағдайда азаматтардың телефон арқылы хабарлауға мүмкіндіктері болмайды, бұл кезде азаматтар қылмыс туралы мәліметтерді хат, пошта арқылы немесе бандерольдің көмегімен де қылмыстық ізге түсу органдарын хабарлауға құқылы [26, 30].

Қылмыстық іс қозғауға себеп  болатын арыз ретінде азаматтардың шағымдарын да (жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша) қарастыруымызға болады.

Алдын ала тергеу органдарына «домалақ арыздардың» (анонимные заявления) келіп түсуі тәжірибеде көп кездеседі. Бұндай арыздар әр түрлі мән-жайларға байланысты болады (мысалы, қорғау, жала жабудан қорқу, кек алу, т.б.), көп жағдайларда домалақ арыздарды жіберген адам өзінің шын аты-жөнін жазбайды немесе лақап ат қолданады. Домалақ арыздардың мазмұнында жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі [27, 43-44].

ҚР ҚІЖК-ң 177-бабының 4 бөліміне сәйкес «домалақ арыздар» тек олар алдын ала тексерілгеннен кейін, аталған жеткілікті деректер болғанда ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.

Біздің ойымызша, «домалақ арыздарды» қылмыстық іс қозғаудың дербес себебі ретінде қарастыруға болмайды.

2) Кінәсін мойындап келу.

Қылмыстық іс қозғаудың  екінші себебі – өз кінәсін мойындап келу болып табылады. Бұл қылмыс жасаған адамның жасаған қылмысы туралы ерікті түрде мәлімдеуі.

ҚР ҚІЖК-ң 179-бабына сәйкес, кінәсін мойындап келу – адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзі жасаған қылмысы туралы қылмыстық ізге түсу органдарына ерікті мәлімдеуі.

Аталған мәлімдеме жазбаша  және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. Кінәсін мойындап келген адам арызын қылмыстык процесті жүргізетін органға  беруге  тиіс. Ауызша мәлімдеме «Кінәсін мойындап келу» хаттамасына енгізіледі, хаттамада жасалған қоғамға қауіпті әрекет туралы мәлімдеме егжей-тегжейлі жазылады.

Хаттамаға кінәсін мойындап келген адам және мәлімдемені қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

Кінәсін мойындап келген кездегі мәлімдемеде қылмысқа бірге  қатысқан адамдар аталған жағдайда, мәлімдеуші әдейі жалған хабар бергені  үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы туралы ескертіледі.

Кінәсін мойындап келу қылмыстық занда жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың қатарында. Сондықтан, шын жүректен өкіну және тікелей сезіктіден жауап алу кезінде оның өзінің кінәсін мойындауын кінәсін мойындап келуден ажырата білуіміз қажет.

Осыған байланысты кінәсін мойындап келудің келесі белгілерін атап өтуге болады:

1. Жасалған немесе жасалуға дайындалып жаткан қылмыс қылмыстық іс жүргізу органдарына белгісіз болуы керек;

2. Немесе нақты осы адамның қылмыс жасағаны белгісіз болу керек;

3. Бұл адамға әлі айып тағылмауы керек.

Кінәсін мойындап келген адам соңыра, алдын ала тергеу барысында  немесе сотта іс қарау барысында, кінәсін мойындамауы да мүмкін. Бұл  жөнінде           К.Ф. Гуценко былай деп корсетеді: «Егер кінәсін мойындап келген адам болашақта өз мәлімдемесінен бас тартатын болса, ондай кезде тергеу барысында айып тағылған кезде және сот өндірісінде үкімнің негізіне мәлімдеушінің бастапқы мәлімдемесі міндетті түрде салынады» [28, 181].

Кінәсін мойындап келген адамның мәлімдемесі  міндетті түрде тексеруден өтеді. Қылмыстық ізге түсу органдарының қызметкерлері мәлімдеменің қаншалықты шындыққа сәйкестігін білулері керек. Өйткені кінәсін мойындап келген адам өзіне өзі жала жабуы да мүмкін. Ол қылмысты мүлдем жасамаған болып немесе жасаған ауыр қылмыс фактісін жасыру мақсатында, немесе біреуден қорыққанынан, немесе басқа себептермен кінәні өз мойнына алуы мүмкін. Бұл практикада көп кездесетін жағдайлардың бірі.

Кінәсін мойындап келген адамнан мәлімдемені  қабылдап алған лауазымды адам, жасалған қылмыс туралы барлық ақпаратты сұрап, біліп алып, оны хаттамаға енгізуі керек. Соның ішінде, қылмыстың қашан жасалғандығы, оның жасалған орны, уақыты, амалдары, одан басқа қылмысқа қатысушылар болған немесе болмағандығын, қылмыстың құралы туралы және т.б. іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтап білуі керек. Егер кінәсін мойындап келген адам өзімен бірге заттай дәлелдемелерді немесе ұрланған заттар, қылмыстың құралын әкелсе, олар туралы мәліметтер де міндетті түрде хаттамаға тіркелуі керек.

А.Р. Михайленконың айтуы бойынша, кінәсін мойындаушы адам құқық қорғау органдарына барып айтуы міндетті емес. Ол өзінің кінәсі туралы телефон немесе пошта арқылы, сондай-ақ басқа адам арқылы айтуы мүмкін [26, 50]. Бірақ ол адам міндетті түрде өзін ерікті түрде құқық қорғау органдарының қолына беруі тиіс.

3) Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы.

ҚР ҚІЖК-ң 180-бабына сәйкес мемлекеттік  органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын  адамның қылмыс туралы хабарлауы жазбаша түрде жасалуға тиіс. Хабарламаның ресми құжат ретіндегі тиісті реквизиттері: сол мемлекеттік органның лауазым иесінің қолы, мөрі, мекеме штампысы немесе т.б. реквизиттері болуы тиіс.

Хабарламаға қылмыс туралы жасалған хабарды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса тіркеледі. Кейбір жағдайларда сол ұйымның, мекеменің ревизия актілері, инвентаризация, қызметтік тексеру туралы құжаттар, лауазымды тұлғалардың, басқа азаматтардың түсініктемелері қоса тіркелуі мүмкін немесе дербес құжат ретінде де жіберілуі мүмкін.

Мемлекеттік органның лауазымды адамы  немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адам жасалған, жасалуға дайындалып жатқан немесе жасалып жатқан қылмыс туралы хабарламасын қылмыстық  іс қозғауға құқылы органның кез-келгеніне хабарлауға құқылы.

Бұндай хабарламалар тексеруден өту  керек. Оны қылмыстық ізге түсу органдары  жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау органдары (аурухана, емхана, госпиталь, т.б.), өрт қауіпсіздік органдары, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, егер денсаулық сақтау органына ауыр дене жарақатымен түскен адамдар болса, өрт кезінде адамдардың күйіп қалу фактісі болса, немесе өндірісте (несчастный случай) адамның өлу фактісі болған жағдайда міндетті түрде қылмыстық ізге түсу органдарын хабардар етулері керек [29, 30].

Мен аудандық ішкі істер  басқармасында оқу-өндірістік тәжірибе өткен кезде осындай жағдаймен кездестім. Аудандык ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне жедел көмек көрсету мекемесінен азамат Семеновтың ауыр дене жарақаттарымен түскендігі туралы хабар келіп түсті. Біз дереу кезекшіліктегі тергеушімен бірге сол емханаға бардық. Азамат Семенов болған мән-жайдың барлығын түсіндіре келе, оны бұрын таныс емес екі азаматтың ұрып-соғып кеткені туралы мәлімдеді. Осы уақытында жіберілген хабардың арқасында ішкі істер органының қызметшілері тез арада, ізін суытпай, осы қылмысты ашып, қылмыскерлерді ұстады.

Осындай мемлекеттік  органдардан немесе лауазымды тұлғалардан  уақытында келіп түскен хабарламалар құқық қорғау органдары үшін қылмысты тез арада ашу үшін өте маңызды  болып табылады.

Қылмыс туралы хабар  тек мемлекеттік ұйымдар мен  мекемелерден ғана емес, ол жеке, діни ұйымдардан, Қазақстан Республикасы аумағындағы шет ел елшіліктерінен, консулдықтардан, туристік-спорт ұйымдарынан, оларды баскарушы лауазымды тұлғалардан да қылмыс фактісі туралы мәліметтер қылмыстық ізге түсу органдарына келіп түсуі мүмкін. Өйткені олардың да мүліктік құқықтары Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарымен қорғалады.

4) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар.

Бұқаралық ақпарат кұралдарындағы жасалған қылмыс немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда, не радио немесе теледидар арқылы таратылғанда қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.

Қылмыс туралы хабарды  жариялаған немесе таратқан бұқаралық  ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық  іс қозғауға құқығы бар адамның талап етуі бойынша жасалған мәлімдемені растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ мәліметтерді ақпарат көзін құпия ұстау шартымен берген жағдайларды қоспағанда, сол мәліметтерді берген адамның атын атауға міндетті. Бұл себеп ҚР ҚІЖК-ң 181-бабында көрініс тапқан.

Кез-келген бұқаралық  ақпарат құралдарында, ол жеке, аудандық, облыстық басылым болсын, жарияланғанда, хабар қылмыстық іс қозғауға себеп  бола алады. Тек хабардың мазмұнында міндетті түрде жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыстың фактісі туралы мәлімет болуы керек. Бұндай хабарлар да міндетті түрде тексерілуі тиіс. Өйткені кейбір журналистер сенсация үшін жалған, шындыққа сай емес хабар басып шығарулары ықтимал.

Егер мәліметтер жалған болып шығатын болса, құқық қорғау органдары сол авторды заңды негіздермен жауапкершілікке тартуға құқылы.

Сондай-ақ, егер басылып  шыққан мәлімет шындыққа сай болмаса, және ол нақты бір тұлғаның ар-намысы мен ожданына нұқсан келтіретін болса, сол тұлға (жәбірленуші) сотқа арыз жазып, шағымдануға құқығы бар.

5) Қылмыстық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдардың және органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

ҚР ҚІЖК-ң 182-бабы бойынша  қылмыс туралы мәліметтерді қылмыстық  істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдардың және органдардың анықтауы қылмыстық істі қозғауға мынандай жағдайларда себеп бола алады:

1) өзінің қызметтік  міндеттерін атқару кезінде анықтау  органының қызметкері, тергеуші, прокурор  қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың ізін немесе салдарын ол жасалғаннан кейін бірден байқағанда;

2) анықтау органы мен  анықтаушы қылмыс туралы мәліметтерді  өз функцияларын жүзеге асыру  кезінде немесе басқа бір қылмыс  туралы іс бойынша тергеу кезінде  алғаңда;

3) тергеуші қылмыс туралы мәліметтерді басқа қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша тергеу кезінде алғанда;

4) прокурор қылмыс туралы мәліметтерді зандардың орындалуына қадағалау жасаған кезде алғанда.

Бұл қылмыстық іс қозғаудың  себебінің ерекшелігі - мәліметтерді немесе хабарды тікелей құкық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы болып табылады және бұл қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешімді олар өздері дербес шығарады, тергеу әрекеттерін жүргізеді.

 

 

2.2 Қылмыстық іс қозғаудың  негіздері

 

Қылмыстық іс қозғау үшін, себептермен қатар, негіздер де яғни қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті деректер де болуы керек. ҚР ҚІЖК-нің 177-бабының 2 бөлімінде қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын  мән-жайлар   болмай,  қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады делінген.

Қылмыстық іс қозғаудың  негіздері нақты болуы үшін қандай белгілер анықталуы қажет? Қылмыстық  іс қозғаудың негізінің бар не жоқ екендігі туралы мәселені шешу кезіндегі әрбір жағдайларда  айтылып отырған арыздағы әрекеттің қоғамға қауіпті екендігі анықталуы тиіс. Егер әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың бұл бөлінбес бөлігіне не болмаса, онда қылмыстық іс қозғаудан бас тартылуы тиіс.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, қылмыстық іс қозғау үшін бір немесе екі қылмыстың белгілерінің болуы жеткілікті. Ол көбінесе қылмыстың объектісі мен объективтік жағы болады. Егер қылмыстың белгілері болмаса, онда қылмыстық іс қозғауға негіздің жоқтығын білдіреді [30, 143-145].

Біз бұл пікірмен мүлдем келіспейміз. Өйткені қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыстың белгілері болып әрекеттің қоғамға қауіптілігі, заңға қайшылығы, қылмыстық заң бойынша жазалануы және кінәлілігі танылады. Сондықтан қылмыстық іс қозғауға негіз ретінде осы белгілерді қарастыруымыз керек. Және де осы төрт белгінің барлығы болуы керек.

Осыған байланысты біз  ғалым-процессуалистердің ішінде кездесетін –«қылмыстық іс қозғаудың негізі деп қылмыстың объективтік жағын көрсететін құзіретті органның қарауында болатын жеткілікті деректер» деген пікірін қате пікір деп санаймыз.

Р.Л. Рахунов қылмыстық іс қозғаудың себебі мен қылмыстық іс қозғаудың негізінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп айтады. Оның ойынша, «кінәсін мойындап келу» - ол қылмыстық іс қозғаудың негізі болып табылады [20]. Бұл пікірді де дұрыс пікір деп айтуға болмайды, өйткені қылмыстық іс қозғауға себеп – бұл қылмыс туралы мәлімет, ал қылмыстық іс қозғауға негіз – осы мәліметті дәлелдейтін жеткілікті дерек» болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде