Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….. 11
1 Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
1.1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні .................................... 15
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар ....................................... 23
1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу
модельдері және маңызы ....................................................................
31
2 Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
2.1 Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі.... 36
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері..................................................... 42
2.3 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері............................... 44
3 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
3.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі .................................................................................................
50
3.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер ............ 55
3.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау................ 59
Қорытынды .................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 71

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес саты ісқоз.2012.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

- аяқталған кылмыстық  істерді прокурорға жолдайды.

Тергеу бөлімінің бастығы  қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық  істі өзінің өндірісіне алуға және тергеушінің өкілеттігін пайдалана  отырып, өзі алдын ала тергеу жүргізуге  кұқылы. Негізінен аталған ерекшеліктердің көбісі тергеу бөлімі бастығының ұйымдастырушы-басқарушы рөлін сипаттайды.

Тергеу бөлімі бастығының қылмыстық іс бойынша нұсқауы  тергеушінің дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда  беріледі және атқарылуы міндетті, бірақ ол жөнінде прокурорға шағымдануға болады.

Тергеушінің тергеу бөлімі бастығының іс әрекеті жөнінде прокурорға шағымдануы, қылмыстың квалификациясы мен айыптың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жіберу туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кідіртпейді. Басқаша айтқанда, тергеуші тергеу бөлімінің бастығының барлық жазбаша нұсқауларын орындауға міндетті. Тек аталған төрт нұсқауымен келіспеген жағдайда, берілген нұсқауды орындамай, ол туралы прокурорға шағымдауға құқылы.

Қылмыстық іс қозғауға байланысты қызметті қарастыруда тергеу органдарының істі өз өндірісіне қабылдау қаулысының, осы қызметпен қамтылмайтындығын міндетті түрде ескеруіміз қажет. Бұл қаулы – қылмыстық істі тергеу органдарының актісі десек те, ол тәжірибелік тұрғыдан қозғау мен тергеу қатар жүргізіледі. Ол қозғалған қылмыстық істің бар екендігін және қылмыс туралы хабарламаның қабылданып, қарастырылып оңды шешілгеннен  кейін ғана ойға сыйатындығын білдіреді. Қылмыстық іс қозғау органдарының алдында тұрған міндеттерді орындау тергеу органдарының істі өз өндірісіне қабылдау қаулысының болғандығын көрсетеді [17, 184].

Кейбір жағдайларда  қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда  істі өз өндірісіне қабылдау туралы шешім көрініс табады. Бірақ ол жағдайды өзгертпеуі тиіс. Бұған, біріншіден, жан-жақты қарастырылғаннан кейін ғана жол беріледі. Екіншіден, ол бір ғана процесуалдық құжатта екі түрлі шешімдердің бекітілетіндігін  куәландырады. Сондықтан құжат арқылы процесуалдық сатыларды қатаң шектеудің барлық уақытта мүмкін екендігін ұсынады.

Қылмыстық іс қозғауға құкылы субъектілер - анықтаушы мен анықтау  органына толығырақ тоқталатын ҚР ҚІЖК-ң 186-бабына сәйкес анықтаушы, анықтау  органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.

Анықтаушы – өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам болып табылады. Ол сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылу туралы шешім қабылдауға, занда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдерді қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқығы бар.

Анықтаушының келесі ҚР ҚІЖК-ң 67-бабының 4, 5 бөлімдерінде көрсетілгендей өкілеттігі бар:

  1. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша                          (ҚР ҚІЖК-нің 285-бабында көрсетілген істер бойынша) анықтау органының бастығының бекітуімен қылмыстық іс қозғауға не қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға;
  2. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізуге;
  3. Алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша          (ҚР ҚІЖК-нің 192-бабында көрсетілген істер бойынша) кідіртуге болмайтын жағдайларда, анықтау органы бастығының нұсқауы бойынша қылмыстық іс қозғауға;
  4. Алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру әрекеттерін жүргізуге (ҚР ҚІЖК-нің 200-бабына сәйкес);
  5. Ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге;
  6. Соттың, прокурордың, аддын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындауға;
  7. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.

Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті болып табылады. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына  прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Бірақ, нұсқауларға шағым жасалуы, олардың атқарылуын тоқтатпайды. Аталған тәртіп анықтаушының процессуалдық дербестігінің тергеушінің процессуалдық дербестігіне қарағанда шектеулі екендігінің дәлелі болып табылады.

Анықтаушының процессуалдық  дербестігінің шектеулі екендігінің тағы бір дәлелі – ҚР ҚІЖК-нің 66-бабының бесінші бөлімінде көрсетілген жағдайларда анықтаушының қылмыстық іс бойынша жүргізетін процессуалдық әрекеттерінің, соның ішінде шығаратын процессуалдық шешімдерінің, міндетті түрде анықтау органының бастығының бекітуіне жататындығында, яғни олардың заңды күшіне тек анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін ғана енетіндігінде. Осы тәртіпке сәйкес анықтаушының қылмыстық іс қозғау не қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулылары міндетті түрде анықтау органының бастығының бекітуіне жатады.

Қылмыстық процестегі анықтау органы бастығының өзінің қарамағындағы анықтаушыларға қарағандағы өкілеттілігі басымдау болып табылады, яғни тергеу бөлімі бастығының өзінің қарамағындағы тергеушілерге қатысты өкілеттігі мен анықтау органы бастығының құзыреті ұқсас болып келеді.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында  анықтау органы бастығының өкілеттілігіне өз құзыретінің шегінде бас басқарманың (Департаменттің) бөлімнің, бөлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары ие болады.

Жоғарыда айтып өтілгендей, қылмыстық  іс қозғау туралы шешімді қабылдау кезінде анықтаушының процессуалдық  дербестігі шектеулі. Өйткені анықтаушының ісі бойынша шығаратын шешімдері, хаттамалары, соның ішінде қылмыстық  іс қозғау туралы және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыларының заңды күші тек анықтау органы бастығының бекітілуінен кейін пайда болады. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгілері мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және олардың алдын алу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдануды ұйымдастырады.

ҚР ҚІЖК-ң 66-бабының 3 бөліміне сәйкес анықтау органының бастығы алдын  ала тергеу органдары тергейтін  қылмыстар туралы істер бойынша:

1) кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) прокурордың, тергеушінің тапсырмаларын,  соның ішінде жекелеген тергеу  және өзге де әрекеттер жүргізу  туралы және жәбірленушілерді, куәларды, қылмыстық процеске қатысушы  басқа да адамдарды қорғау  шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

3) соттың тапсырмаларын орындауды  ұйымдастырады.

Сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау  органдары жүзеге асыратын қылмыстар  туралы істер бойынша анықтау  органының бастығы анықтаушылардың  іс-әрекетерінің уақытында орындалуына және заңдылығына бақылау жасайды және:

1) олардың өндірісіндегі істерді  тексеруге;

2) жекелеген тергеу және өзге  де іс жүргізу әрекеттерін  жүргізу, айыпталушы ретінде жауапқа  тарту, қылмысты саралау және  айыптың көлемі туралы, істерді  бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беруге;

3) анықтау жүргізуді бірнеше  анықтаушыға тапсыруға;

4) қылмыстық іс қозғауға және  істі өзінің өндірісіне қабылдап  не жекелеген процессуалдық әрекеттерді  орындай отырып, анықтауды жеке-дара  жүргізуге құқылы.

Анықтау органының бастығы:

- қылмыстық іс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тінту жүргізу және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметтен шеттету, айыпталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту, немесе тоқтату туралы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту, қамауға алынбаған айыпталушыны стационарлық, сот медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберу, айыпталушыны немесе сезіктіні қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, оған іздеу жариялау туралы қаулыларды бекітеді;

- қылмыс жасады деп күмән  келтірілген адамдарды ұстау  туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын  бекітеді;

- қылмыс жасауға жағдай туғызатын  жағдаяттарды жою жөнінде шаралар  қолдануды қамтамасыз етеді;

- прокурорға айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі жолдайды.

Анықтау органдарына келесі органдар жатады:

1) ішкі істер органдары;

2) ұлттық қауіпсіздік органдары;

3) сотты құрметтемеуге және сот  шешімдерінің атқарылуы тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;

4) экономикалық қылмыстармен және коррупциямен күресу агенттігі;

5) контрабанда және кеден төлемдерін  төлеуден жалтару туралы істер бойынша - кеден органдары;

6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,                         Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, кұрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша - әскери полиция органдары;

7) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасы туралы  зандарды бұзу туралы істер  бойынша, сондай-ак Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде  жасалған қылмыстар туралы істер бойынша – шекара бөлімдерінің командирлері;

8) Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде,                         Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

9) өздерінің қызметкерлері  болған елдерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жөне өкілетті өкілдіктерінің басшылары;

10) өртке байланысты  барлық қылмыстар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.

Анықтау органының барлық қылмыстары туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының басшыларына да көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктеледі.

 

 

1.3 Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу модельдері және маңызы

 

Жалпы осы параграфтың бұлай  деп аталуы мен жазылуының мақсаты, ол отандық және шет елдік қылмыстық процесті талдаудың негізінде сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу модельдерінің маңызын анықтау, сондай-ақ қазақстандық  заңдылығына  мүмкін болатын ұйымдастырушылық  рецепциясы мен өзге де тиімді жолдарды ұсыну. Осы жұмыстың аумағында мынадай ұғымдардың  шегін анықтауға болады: «сотқа дейінгі іс жүргізу», «алдын ала тергеу», «анықтама» жүргізу және олардың мынадай шектелген нысандармен арақатынасы, оларға жатады: «қылмыстық қудалау», «қылмыстық іс қозғау», «айыптау», «тергеуге дейінгі тексерулер».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу кодексі қабылданғаннан кейін де сақталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қайшылықтар қазіргі таңда да жетілдіруді қажет етеді. Ол қайшылықтарға ұлттық қылмыстық сот ісін жүргізудегі қылмыстық іс қозғау мен алдын ала тергеу сатыларының ұйымдастырушылық  және іс жүргізушілік тәртіптерін концептуалдық тұрғыдан анықтау жатады. Қылмыстық істер бойынша алдын ала іс жүргізудің өзекті мәселелері мына жағдайлармен анықталады және олар өз кезегінде реформалауды талап етеді:

- алдын ала тергеудің жаңа  құрылымы оның тарихи тұрғыдан дамуымен қылмыстық процестің айыптау және сайысушылық типтерінің тенденцияларымен жақындауы толығыменен сай келмейді;

- мемлекет және ғылыми қоғамдастық тұрғыдан  қылмыстық істер бойынша  алдын ала (сотқа дейін) іс жүргізудің  тиімді құрылысының біртұтас анықтамасы жоқ, оның әсері қоғамда қылмыстың өсуіне  қарсы тұратын мүмкіндіктер мен  оның ілгері дамуына да әсер етеді;

-сотқа дейінгі іс жүргізудегі  нысандар арасында ұйымдастырушылық  және іс жүргізушілік тәртіптерінің   арасында да қарама-қайшылықтар  бар: қылмыстық ізге түсу функцияларының араласуы, қылмыстарды тергеу мен ашу, қылмыстық істерді шешу мен соттық бақылау, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудегі іздестіру мен сайысушылық бастамаларының бақталасулары.

Демек, Қазақстан сотқа дейінгі ұйымдастырушылық және іс жүргізушілік құрылымы бойынша және тарихи тұрғыдан дамуына тиімді жолдарды ғана қарастырып қолданып келеді.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғау алдын ала тергеу сатысының дербес сатысы ретінде