Заң түсінігі, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ-ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

3) көзделген жаза мерзімінің  ең жоғарғы жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);

4) сондай жазаның ең төменгі  жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);

5) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жазаны алып тастаса;

6) негізгі жазаны өзгерту мүмкін  емес болған жағдайда қосымша жазаның түрін және мерзімін жеңілдетсе;

7) жаңа заң бойынша жазалауды  алдыңғы заңмен салыстырғанда  бір мезгілде күшейтсе және  жеңілдетсе, онда нақты әрекет  үшін неғұрлым жеңілірек жаза  колданылуы мүмкін.

Бұл орайда алдыңғы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.

Қылмыстық заңның кері күші сотталған және жазасын отеп жүрген немесе бұрынғы, қатаң норма бойынша жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын женілдетсе, тағайындалған жаза жанадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК-тің 5-бабының екінші бөлігі).

ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды:

1) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;

2) егер ол жауаптылықты немесе  жазаны күшейтсе;

3) егер ол әрекетті жасаған  адамның жағдайын өзге де жолмен  нашарлататын болса.

 

 

 

2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру

 

 

Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.

Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:

а) субъектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты:

- аутенпткалык, (түпнұсқалық);

- легальды (заңды, ресми);

- соттық;

- дектриналдық, (ғылыми);

ә) көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер (қатынастар) шеңберіне байланысты:

- дәлме-дәл;

- таралған (кең көлемдегі);

- шектелген (тар көлемдегі);

б) әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты:

- грамматикалык, (филологиялық);

- жүйелі;

- тарихи болып бөлінеді.

Аутентикалық түсіндіру - бұл заң шығарушы органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға бірдей.

Легальды/ресми түсіндіру - заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді.

Соттық түсіндірме деп - соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін сол іс бойынша міндетті болады.

Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі "Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы" Қаулысы бола алады1.

Доктриналдық ғылыми түсіндіру - ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.

Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен зан нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.

Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру - заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.

Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру - заңға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру. Мысалы, тар көлемдегі түсіндірме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы, 1993. №2. 25 заңдарды соттардың қолдануы туралы" Қаулысында "кісі өлтіруге оқталу қасақана ниеттен болады" деп көрсетілген'.

Грамматикалық (филиологиялық) түсіндіру - заңның мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің кәмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.

Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, "лауазымды тұлғалардың" түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде ашылып көрсетілген.

Заңда қолданылатын сөздердің, ұғымдардың, терминдердің мағынасы мен түсініктері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулыларында да беріліп тұрады. Сондықтан Жоғарғы Сот Пленумының тиісті Қаулыларына жүгініп тұру қажет.

Жүйелі түсіндіру - қылмыстық заңның мазмұнын, оның. қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа заңдармен және мазмұны жағынан ұқсас заңдармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді. Яғни, жүйелі түсіндіру осы жолдармен заңның мағынасын аша түседі. Мысалы, КК-тің 109-бабында  көзделген қажетті қорғаныс шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтірудегі қылмыстық жауаптылықтың негіздерін түсіндіру үшін, осы аталған бапты ҚК-тің басқа баптарымен, яғни 66, 103-баптарымен міндетті түрде салыстыру қажет.

Тарихи түсіндіру - қылмыстық заңды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалык, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады. Қылмыстық заңды түсіндірудің барлық әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.

 

    1. Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері

 

 

Адам мен азаматтардың  құқыктары мен бостандықтарын жаппай қорғау, зандылықты нығайту қылмыстық заңның дәлме-дәл және дұрыс қолданылуын талап етеді. Заңды дұрыс қолдану үшін оның әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын және оның не үшін шығарылғанын, мазмұны мен мағынасын түсіну қажет, сөйтіп заңшығарушының ойын ұгына білу қажет. Ал бұған заңды түсіндіру жолымен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, түсіндіру әдісін пайдалана отырып, заншығарушының ойын дамытуға, түзетуге немесе бейімдеуге, заңға  жаңа мағына беруге болмайды, әйтпесе занды түсіңдіру бұл жағдайда заншығарушылық қызметіне, және әрбір судьяны заңшығарушыға айналған болар еді /9/. Түсіндіруді теріс пайдалану өктемдікке және заңсыздыққа әкеп соғуы мүмкін.

Қылмыстық заңды түсіндіру деп оның мазмұнын анықтау, оның мағынасын ашу, заңшығарушы пайдаланған терминдерді ұғынып-түсіндіру мен анықтау танылады /10/.  Түсіндіру бірнеше түрге бөлінеді: субъекті бойынша түсіндіру, тәсілдері (әдістері) бойынша түсіндіру, көлемі бойынша түсіндіру.

Субъекті бойынша түсіндірудің мынадай түрлері болады:

1) жария (ресми, заңды);

2) соттық;

3) доктринальды (ғылыми).

Ресми түсіндірме деп оны қабылдаған (шығарған) органдармен немесе лауазымды адамдармен заңнамалық актілерге берілетін түсіндірмелер танылады. Мұндайларға қазіргі кезде заңшығарушы орган - Қазақстан Республикасының Парламенті жатады.

Жария деп заңға түсіндірме беруге арнайы өкілетенген органның түсіндірмесі жатады.

Соттық деп, нақты бір істі қарау кезінде қылмыстық заңды қолданушы соттың берген анықтамасы жатады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол (яғни ондағы қылмыстық заң түсіндірмесі) осы іс ұшін заңды күшке ие болады. Әсіресе, соттың жоғарғы органдары берген түсіндірмесі ерекше орын алады. Олардың шешімдері көптеген жағдайда біліктілік пен әр дәйектіліктің үлгісі болып табылады. Солай бола түрса да, кеңестік құқықтану қашанда кесімді түрде елде соттық өнегенің болу мүмкіндігін жоққа шығарып отырды. Социалистік зандылық жағдайында соттық енеге боларлық жағдай болмайды және болуы мүмкін емес деп саналды.

Бір жағынан, сот, әрине, нақты іс бойынша Жоғарғы соттың немесе кез келген соттың шешімі негізінде үкім шығара алмайтын болғандықтан, сот өнегесі де болған жоқ. Екінші жағынан, соттар жоғарғы соттардың (әдетте Жоғарғы соттың) шешімдерін өздерінің соттық шешімдері үшін эталон ретінде жиі пайдаланатындықтан, бұл шешімдер бейресми түрде дәл осындай рөлді атқарып келді. Және, көбіне, бұл негізді еді. Тіпті ағылшын кұқығында да өнеге боларлық жағдай (прецедент) жаңа құқықтық нормалардың пайда болуы ретінде ғана емес, қолдағыны өзіндік бір нақтылау ретінде қарастырылды (соттық қайталанудың деклараторлық теориясы деп аталатын).

Іс жүзінде соттық өнеге болғандығын тіпті кеңестік сот тәжірибесінде де соттық өнеге болғандығын жоққа шығаруға болмайды, өйткені тек қана соның негізінде (дәлірек айтқанда, тиісті шешім шығарған соттың бастамашылығы бойынша) және қылмыстың заңның бір сөзі де өзгертілмеседе кейде сот тәжірибесі өзгеріп отырды.

Соттық түсіндірмеде төменгі буындағы соттар үшін белгілі бір кылмыстық заң нормаларын қолданудың барлық жағдайында міндетті болып саналатын сот тәжірибелерінің қорытындылары мен соттың мәліметтерге түсіндірме беретін Қазакстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ерекше орын алады. Бұрын мұндай түсіндірмелерді КСРО Жоғарғы сотының Пленумы, одан кейін ҚазКСР Жоғарғы соты беретін. Соттар өздерінің шешімдерінде жетекші түсіндірмелерге кеңінен және толығымен ресми түрде жүгінеді. Сөйтіп, өзінің мәніне қарай емес (заң «әліппесін» нақты мазмұнмен толықтыру), сонымен бірге өзінің нысанына қарай (сот шешімдеріндегі ресми сілтеме) Жоғарғы сот Пленумының түсіндірмелері іс жүзінде қылмыстық құқықтың қайнар-көзіне айналады.

Соттық өнеге арқылы қылмыстық құқық қайнар-көздерінің рөлін мойындау «белгілі бір заңға жүгінбейтін қылмыс болмайды» деген қағидаға қайшы келмейді. Қылмыстық заңды түсіндірудің түрі ретіндегі соттық өнеге қылмыстық заңға қатысы бойынша екінші немесе туынды шама болып табылады. Ол оған бағынышты, заңның нақты мазмұнын толықтыра отырып, оны «әліппесін» нақтылаушы ретінде көрінеді, соңында заңшығарушының ойлаған еркін жүзеге асырудың қажетті шарттары болып табылады.

Доктриалды (ғылыми) түсіндірме деп қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда, ғылыми мақалаларда, монографияларда берілетін түсіндірмелер танылады. Оның ресми түрдегі міндетті күші бар, бірақ сот тәжірибесі материалдарын талдау мен қорытындылауға негізделе отырып, сөз жоқ қылмыстык заңды дұрыс түсінуге, демек оларды қолдануда ерекше зор маңызға ие болады. Заңгерлердің кұкыктық саналылығы мен кәсіптік дайындығы көптеген жағдайлар да осы доктринальдық түсіндірмелер арқылы аныкталады.

Тәсілдері (әдістері) бойынша түсіндіру мыналарға бөлінеді: 1) грамматикалык; 2) жүйелік; 3) тарихи.

Түсіндірудің грамматикалық әдісі заң мәтінін этимологиялық және синтаксистік талдау, сондай-ақ заңдарда колданылатын сөздердің, ұғымдардың, термиңдердің мәні мен мағынасын түсіндіру жолымен көрінеді. Мысалы, ҚР ҚК 16-бабында есі дұрыс еместік былайша аныкталады: «Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті істеген кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес» Осы норманың мағынасын қалай түсінуге болады? Есі дұрыс емес деп тану үшін езінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық кауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмағандығы бөлек-бөлек талап етіле ме немесе осы екі белгілінің жиынтығы керек пе? Түсіндірудің грамматикалық жолы арқылы біз осы екі белгілердің арасына заң шығаруы «немесе» деген бөлгіш жалғаулық қойғандығьш көреміз. Демек, есі дұрыс еместік күйді тану үшін осы қарастырылып отырған белгілердің біреуін ғана анықтау талап етіледі екен. Егер кінәлі өзінің әрекетіне есеп бере алғанның өзінде де, бірақ жан күйзелісінің салдарынан өзін өзі басқара алмаса, бәрібір ол есі дұрыс емес деп танылуға тиіс.

Жүйелі түсіндірме - бұл құқықтық нормалар мағынасын басқа нормалармен байланысын анықтау жолымен түсіндіру. Түсіндірменің бұл әдісінің маңызы ҚР ҚК Ерекше бөлімі баптарының жай, түсіндіруші, сілтеме және бланкетті нормаларын қарастыру кезінде көрсетілген.

Информация о работе Заң түсінігі, белгілері