Заң түсінігі, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ-ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Алайда, 1959 жылғы Қаз КСР Қылмыстық кодексі көптеген өзгертулер мен түзетулерге қарамастан үмітсіз ескіріп және қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-саяси және экономикалық үрдістерге сай келмеді. Жаңа уақыт жалпы адамзаттық құндылықтардың  артықшылығына негізделген жаңа Қылмыстық кодекстің өмірге келуін талап етті. Соған орай, бұдан бұрын атап өткеніміздей, 1997 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламентімен Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1-каңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.

Қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.

Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы  немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.

Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі.

 

 

1.2 Қылмыстық заңның құрылымы

 

 

Қылмыстық кодекс қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі заң болып табылады және соған сәйкес, қылмыстық заңның құрылымын қарау деп, ең бірінші кезекте Қылмыстық кодекстің және оның баптарының құрылымдарын қарау танылады. Қылмыстық кодекс жаппай сандық реттеу тәртімен орналасқан Қылмыстық кодекс баптарын біріктіретін бөлімдер мен тарауларға белінген Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімнің баптары қылмыстық заңға, қылмысқа, жазаға және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға қатысты қылмыстық құқықтың қағидаттары мен ережелерін белгілеуші нормалардан тұрады. Ерекше бөлімнің баптары жекелеген қылмыстар (кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, зорлау және басқалар) үшін жауаптылықты қарастырады.

Құрылымдық жағынан Ерекше бөлімнің нормалары Жалпы бөлімнің нормаларынан өзгешелікте болады және үш бөлімнен - гипотезадан, диспозициядан және санкциялардан тұрады. Жалпы алғанда, құқық теориясы нормалары үш буындық жүйеге - гипотезаға, диспозицияға және санкцияға бөлуге негізделген. Сонымен бірге, ҚК Ерекше бөлімінде негізінен гипотезаға немесе белгілі бір нормаларға тікелей нүсқаулар жоқ. Дегенмен, солай бола тұрса да гипотеза деп заңшығарушының құқық нормаларын құрастыру кезіндегі амалдары деп тануға болады және сондықтан ҚР ҚК Ерекше бөлімі нормаларының құрылымы үш бөлімнен тұрады деген дұрыс.

Гипотеза деп қолдану кезіндегі қажетті шарттарды көрсететін қылмыстық-құқықтық нормалардың бөлігі танылады.

Диспозиция деп қылмыстық заң бабының қылмыс істегены үшін нақты жаза тағайындалатын әрекетті атайтын, көрсететін немесе сипаттайтын бөлігі аталады. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада қылмыс құрамдарын құру техникасы мен сипаттау әдістері жай, түсіндірме, сілтеме және бланкетті диспозицияларға бөлінеді.

Жай диспозиция деп заңшығарушының қылмыстарды тек қана жалпыға бірдей белгілі терминдермен атайды, бірақ осы қылмыстардың белгілерін ашпайтын және сипаттама бермейтін диспозиция танылады (мысалы, ҚР ҚК 125-бабының «адам ұрлау» диспозициясы). Диспозицияның мұндай түрін заңшығарушы қылмыс пен оның аталуы жалпыға бірдей белгілі болғандықтан оларды нақтылап сипаттаудың кажеттігі жоқ деп танылғанда қолданады. Зандағы тек қана жай диспозициямен берілген әрекеттің белгілері сот тәжірибесінде немесе заң әдебиеттерінде ашылады. Дегенмен, жай диспозициялармен қарастырылған қылмыстарды саралаудағы қателікгерді зертгеу, ең бастысы теория мен тәжірибеде кейбір қылмыс құрамының белгілерін тану жөнінде дау тудыратын мәселелер жай диспозицияның «қарапайым» екендігіне  күмән келтіреді. Жай диспозиция өзінің мазмұны бойынша емес, тек нысаны бойынша ғана көрінеді.

Түсіндірме диспозиция болып, заңшығарушы қылмысты жалпы қабылданған терминмен атап қана қоймай, осы қылмыстарға тән негізгі белгілерді көрсетіп және оны атаған диспозиция табылады. Мәселен, ҚР ҚК 178-бабының 1-бөлігі тонауды «бөтеннің мүлкін ашық ұрлау» деп көрсетеді. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде диспозициялардың көпшілігі түсіндіруші болып табылады. Қылмыстық заңның түсіндірмелері  нақты бір қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық негіздемелерінің анықтауларына байланысты болуымен айғақталады.

Сілтеме диспозиция заңшығарушының қылмысты атауымен, алайда оның белгілерін анықтау үшін Қылмыстық кодекстің басқа баптарына сілтеуімен сипатталады. Мысалы, ҚР ҚК 104-бабында сілтеме болып «Адамның өміріне қауіпті емес және осы Кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпаған... денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» деген диспозиция танылады. Бұл дегенмен, осы қылмыстық құрамын анықтау үшін ондағы аталған зардаптарды ғана алып тастап, ҚР ҚК 103-бабына жүгінуге болатынын білдіреді.

Бланкетті деп, қылмыстық әрекеттің белгілерін қылмыстық заңның өзінде тікелей анықтамай, ол үшін құқықтың басқа салаларының (әкімшілік құқық, азаматтық құқық және т.б.) зандарына сілтейтін диспозиция танылады. Мысалы, бланкеттік диспозиция болып, еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық белгілейтін ҚР ҚК 152-бабының 1-бөлігі танылады. Ереженің өзі қылмыстық заңмен белгіленбейді, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңдар кодексімен, үкімет қаулыларымен, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілерімен (өз алдына дербес және кәсіподақтармен келісім бойынша белгіленеді. Осыған байланысты осы қылмыстың құрамын  анықтау үшін әрқашан еңбек құқығының тиісті нормативтік актілеріне жүгіну қажет. Дегенмен бланкттік диспозиция қылмыстық-құқықтық тыйым салушылықты құқықтың басқа салаларындағы нормаларда қылмыстық-қүқықтық санкцияға ғана айналдырып қоймайды. Тәртіп бойынша бланкеттік диспозицияларда қылмыстық жауаптылық шарттары қылмыстық занда тікелей көрсетілген белгілі бір зардаптардың пайда болуы керек. Мәселен, ҚР ҚК 152-бабының 1-бөлігінде қылмыстық жауаптылық шарттары еңбекті қорғау ережелерін бұзу «абайсыздықта денсаулыққа  ауыр немесе аса ауыр зиян келтіруімен» байланысады, бұл шарттар принципиальды түрде осы қылмыстық-кұқықтық тыйым салушылықты еңбек кұкығында қарастырылған еңбекті  қорғау ережелерін дәл осындай бұзушылығынан айырмашылықта көрсетеді.

Құқықтың басқа салаларының нормаларын көрсету әдетте жалпы нысанда, көбінесе тиісті нормативтік актілер мен ережелерді ескеру, еске салу жолымен көрсетіледі. Бұл, біріншіден, Қылмыстық кодексті кұқықтың басқа салаларының нормативтік актілер мен үйіп тастамас үшін, екіншіден, кұқықтың басқа салаларының нормативтік актілерінің өзгертулеріне тікелей тәуелді болдырмайтындай, қылмыстық заңның белгілі тұрақтылығын сақтау үшін жасалады. Осы сияқты айтылған жағдайлар қылмыстық заңның диспозициясының онсыз белгілі бір нәтижеге жетуге болмайтын жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттайды. Бұл кылмыстық-құқыктық актілерге қарағанда түрлі органдармен және мейілінше кеп мөлшерде шығарылатын нормативтік актілерді іздеп-табумен байланысты. Осыған орай соңғы жылдары бланкеттік диспозициялардың деңгейін азайту туралы мәселе орынды көтерілді. Әсіресе, диспозицияларда тиісті қылмыстық әрекеттердің зардаптары ған көрсетіліп коймай, сонымен бірге осы зардаптарға қатысты кінәнің түрі, ал кейде белгілі бір тыйым салушылықтың көмегімен тиісті ережелерді бұзу нәтижесінде келтірілетін зиянға мейілінше тән әдістерді көрсету ұсынылады.

Кейде ҚР ҚК Ерекше бөлімі баптарының диспозициялары түсіндірме де, бланкетті белгілерге ие болып және мұндай жағадайда  оларды аралас немесе түсіндірме-бланкетті деп атау орын алады (мысалы, ҚР ҚК 146-бабының 1-бөлігі «Сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құкығын еркін жүзеге асыруына кедергі істеу, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін аткаруына кедергі істеу»).

Түсіндірме диспозицияларды құрастыру заңнамалық техниканың көрінісі ретіндегі кылмыстық-құқықтык ұйғарымды тұжырымдау әдістерінің бір түрі болып табылады. Сонымен бірге кылмыстық құқық теориясында қылмыстык-құқықтық тыйым салуды тұжырымдаудың қиын (казустикалық) және дерексіздік (абстрактілі) әдістері болады. Қиын әдіс заңшығарушының диспозиция мәтініндегі шектеулі нақты жағдайларды қамтуға ұмтылуымен сипаттталады, мысалы ҚР ҚК 341-бабының 1-бөлігіндегі «істің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, сол сияқты оның туыстарына арына қатысты өлтіремін деп, денсаулыкка зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту».

Дерексіз (абстрактілі) әдіс қылмыстық-кұқыктық нұсқаулар көмегімен қалыптастырылған белгілерді шектеп қортындылаумен сипатталады.

Қылмыстык-құқықтық нұсқаулар (қылмыстық заң диспозициялары) ретінде қалыптастырылған құқық шығармашылық қызметі міндетті түрде нақты және дерексіз байланысты талап етуі тиіс. Дерексіз білім заттардың (объектінің) басқа қасиеттерінен (жақтарынан) назарын аударып, қандай да бір қасиетке (жақтарға) қарай ауысады. Мысалы,  бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауаптылық туралы ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігіндегі диспозицияны қарастырайық. Бұл диспозиция шын мәнінде барлық мүмкін деген мүліктік жасырын ұрлаудың жинақы көрінісін (абстрациясын) көрсетеді. Ұрлаудың мұндай жасырын әдістерінің нақты көріністері, мысалы қылмыстың істелген орнының, уақыты мен жағдайларының ерекшеліктеріне катысты әрқилы көрінуі мүмкін, бірақ олардың кез келгені өздеріне тән өзгешелігіне қарай басқаларымен сайма-сай келіп ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігіндегі диспозициялардағы белгілерге ие болады.

Сөйтіп, абстрактілі тұжырымсыз заңшығарушылық техникасының қиын да (казуистикалық), дерексіз де (абстрактілік) (таза қиын немесе дерексіз диспозициялардың болмайтыны сияқты) тәсілдері болмайды. Осыған байланысты бұл тәсілдерді айыру туралы белгілі бір шарт үлесі болғанда ғана айтуға болады (мысалы, тиісті кылмыстық құқықтық нұсқаулардың қиын немесе дерексіз бағыттылығы туралы). Мысалы дерексіз тұжырымда мазмұны заңмен емес, құқық қолданушының істің нақты мән-жайына қатысты құқықтық санасына байланысты анықталатын «елеулі шығын», «ауыр зардап» деген сияқты бағалаушы ұғымдар жиі кездеседі. Мұндай ұғымдарды пайдалануда субъектілердің (ең бірінші кезекте соттардың) қылмыстық істің нақты мән-жайларын, сондай-ақ үнемі өзгеріп тұратын қоғамдық өмірдің жағдайларын барынша ескере отырып қылмыстық заңды қолдану мүмкіндігін беруге деген заңшығарушының ұмтылысын байқауға болады.

Сонымен бірге, қылмыстық құқық теориясында баламалы диспозициялар да бар. Баламалы диспозициялар деп, қылмыстың бір құрамында бірнеше әрекетті қарастыратын диспозиция аталады, мысалы ҚР ҚК 223-бабы:

а) кем өлшеу,

ә) кем тарту,

б) кем санау,

в) тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы үшін жауаптылықты қарастырады.

Қылмыстың бір құрамында бірнеше әртүрлі зардаптардың қарастырылуы да баламалы деп танылады, мысалы, ҚР ҚК 281-бабының 1-бөлігінде, жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдыктау көздерін ластау, бітеу, сарку не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер: а) жануарлар әлеміне, ә) өсімдіктер дүниесіне, б) балық қорына, в) орман шаруашылығына, г) ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіруге әкеп соқса жаза белгіленеді.

Санкция деп Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарында қарастырылған белгілі бір қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшерін анықтайтын белігі аталады. Санкция - бұл заңмен тыйым салынған әрекет қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне заң жүзінде баға беру. Заң әдебиеттерінде санкцияның келесідей түрлері бар:

а) өте анықталмаған,

б) өте анықталған,

в) біршама анықталған,

г) баламалы және сілтеуші.

Кеңестік қылмыстық құқықтың қалыптасуы мен бастапқы дамуы кезеңінде жекелеген декреттерде мүлде анықталмаған, яғни жазаның түрі де, мөлшері де көрсетілмеген санкциялар қолданылды. Мәселен, 1917 жылдың 14 (27)-карашасындағы жұмысшы бақылауы туралы Ережеде «материалдарды, өнімдерді, тапсырыстарды жасырған және есепті дұрыс жүргізбеген және сол сияқты теріс пайдаланушылыққа кінәлі адамдар кылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады, деп белгіленген. Кеңестік қылмыстық заңнаманың (1922 жылғы РКФСР ҚК) жаңартыла бастаған кезінен бастап өте анықталмаған санкциялар қолданудан қалды. 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінде өте анықталған және сілтеу санкциялары қолданылды. Өте анықталған санкциялар жазаның түрін де, мөлшерін де көрсете отырып, жазаның бір ғана шарасын белгілейді (мысалы, ҚазКСР ҚК 173-1-бабының санкциясы - бес жылдан он бес жылға жер аударуды, екі жылдан бес жылға дейін жер аударусыз жазаны, ал ауырлатушы мән-жайларда өлім жазасын қарастырады. Мұндай санкциялар соттың әрбір қылмыстың ерекшеліктерін және ең бастысы қылмыскердің тұлғасын ескеруге мүмкіндік бермейді.

Сілтеуші санкция жазаның мөлшерін де, түрін де көрсетпей, тек қана басқа баппен қарастырылған санкцияны қолдану қажеттігін көрсетеді (мысалы, ҚазКСР ҚК 58-бабында бекітілген «аса қауіпті мемлекеттік қылмыс, істеуді сол сияқты кеңеске қарсы ұйымдарға қатысуды ұйымдастаруға бағытталған ұйымдастырушылық қызметі үшін» санкциясы «осы Кодекстің 50-57-баптарымен жазаға тартылады» деп көрсетілген).

Информация о работе Заң түсінігі, белгілері