Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар кейбір қылмыстар бар, олардың жасалуында бірден кінәнің екі нысаны (ниет және абайсыздык) орын алады. Бір қылмыстың өзінде кінә нысандарының осылай бірігуі әдебиетте кінөнің аралас, қосарланған не күрделі нысаны деп аталады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 22 бабы кінәнің  қосарланған нысанын осы қылмыс нәтижесінде болған зардаптарға  қатысты қасақана жасалған әрекетпен және абайсыздықпен сипаттап  анықтайды.

Кінәнің қосарланған  нысаны, атап айтқанда, қандайда бір арнаулы ережелері бұзылған жөне соның нәтижесінде зиянды зардаптар болған қылмыстарда орын алуы мүмкін (ҚК-тің 265 бабының 2 бөлігі, 267, 277, 280, 281, 282, 286, 289, 293, 295, 296 және т.б. баптары).

Арнаулы ережелерді бұзуға байланысты қылмыстарда кінәнің  қосарланған нысаны сол ережені  бүзу фактісіндегі ниетте жөне болған зардаптарға  қатысты абайсыздықта көрініс табады. Зардаптарға қатысты  ниет болмайды. Зардабының екеу болуы мүмкін қылмыстарда бірінші, онша ауыр емес зардапқа қатысты кінө ниетте, ал екінші, ауырырақ зардапқа қатысты кінә абайсыздықта көрініс табады. Бұл жағдайда ауырырақ зардапқа қатысты ниет болмайды.

Негізінен, денсаулыққа ауыр зиян келтіретіңдіктен жөбірленушінің қаза табуы кінәнің қосарланған нысанының бар екендігін көрсетеді (ҚК-тің 103 бабының 3 бөлігі), мұның қасақана адам өлтіруден айырмашылығы осында (ҚК-тің 96 бабы). Кандай да бір ереже бұзылған, кінөнің қосарланған нысаны бар  қылмыс, жалпы  алғанда, абайсызда жасалған қылмыстар санатына жатады, ал болуы мүмкін екі зардап көзделген және олардың біреуіне (ауырлауына) занда қатаңырақ жаза қарастырылған, кінөнің қосарланған нысаны  бар қылмыс қасақана  қылмыстар  санатына  жатады.

Егер адамның әрекетке жөне оның зардаптарына психикалық қатынас  ниетте немесе абайсыздықта бірдей көрініс  тапса, онда кінәнің қосарланған  нысаны да жоқ. Бірінші жағдайда қылмыс қасақана деп, екінші жағдайда — абайсызда  жасалған деп саналады.

 

4.6  Кателік және оның түрлері

Адамның қылмыс жасар алдындағы ойлану процесі көпқырлы және күрделі. Объективтік және субъективтік факторлардың әсерінен адам ойы әртүрлі  қателіктер  жіберуі  мүмкін, олар кінәнің нысанына ықпал етеді.

Казақстан Республикасының қылмыстық заңында қателіктер туралы мәселелерді  реттейтін арнайы нормалар жоқ.

Олар кінө және оның нысандары  туралы ережелер негізінде теория жүзінде  қаралып шешіледі. Қателік субъектінің  өзі жасайтын әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатынасының арнаулы нысаны болып табылады, сондықтан ол қылмыс құрамының субъективтік жағы жайында мәселе  қозғалғанда  қарастырылады.

Қателік —  өзі жасаған іс-әрекеттің заңдық қасиетін немесе нақты мән-жайын  адамның  дұрыс түсінбеуі (қателесуі).

Дұрыс түсінбеу адамның субъективтік ерекшеліктерінің және сол қылмыс жасалған объективтік жағдайлардың нәтижесінде болуы мүмкін. Адамның субъективтік ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қолданылып жүрген нормативтік актілерді білмеу, қажетті кәсіби немесе өмір төжірибесінің болмуы, қорқудың, мазасызданудың немесе толқудың нәтижесінде өрекет жасалатын жағдайды, басқа да мән-жайларды дұрыс бағалай алмауы жатады. Объективтік жағдайларға әрекет жасалған жағдай, орын, уақыт жөне басқа нақты мән-жайлар жатады.

Қылмыстық заң теориясында қателіктер заң жүзіндегі жөне іс жүзіндегі болып бөлінеді.

Заң жүзіндегі қателік  — өзі жасаған әрекетінің заңдық қасиеті мен қүқықтық зардаптарын  адамның дұрыс түсінбеуі. Ол өзі  жасаған әрекеттің заңға қайшы  екендігін қылмыстық заң түрғысынан дұрыс түсінбегендікте, әрекетті дұрыс сараламауда, ол үшін берілетін  жазаның сипатын анық білмеуде.

Заң жүзіндегі қателіктердің  бір түрі - адам жаза көзделмеген  іс-әрекет жасап, оны өзі қылмыс деп  санайды. Мұндай қателік сол жасалған әрекет үшін қолданылатын қылмыстық-заң нормасы болмағандықтан оны қылмыстық жауаптылықтан құтқарады. Мысалы, арзанға сатып алған тауарды қымбатқа сатқанын (спекуляция) адам қылмыс жасадым деп қате ойлайды.

Заң жүзіндегі қателіктің тағы бір түрі — адам өзінің жасаған  әрекетін қылмыстық  заңға қайшы емес деп қате ойлайды, ал қылмыстық заңда ол әрекет үшін жауаптылық қарастырылған.

Мысалы, адам тауып алған  оқ-дәрісін өзінде сақтайды, ол үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылмаған  деп қате ойлайды. Әрекеттің заңға  қайшылығын  ұғыну ниеттің қажетті нышаны болып табылмайтындықтан, бұл көрсетілген әрекеттер ҚК-тің 251 бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыс деп танылады.

Адамның  әрекеттің  заң бойына саралануын, жазаның сипаты мен мөлшерін  дұрыс түсіне  алмауы да оның кінәсі мен жауаптылығына ықпал ете алмайды.

Іс жүзіндегі қателік  — адамның өзі жасаған әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайын дұрыс түсінбеуі. Іс жүзіндегі қателік адам жасаған қылмыстың құрамының  жеке элементтеріне  қатысты болады: объектіге, объективтік жағына не  сол қылмысты саралаушы мән-жайларға.

Осыған байланысты іс жүзіндегі қателіктер мынадай түрлерге бөлінеді:

 а) озбырлық жасау объектісі бойынша қателік; б) іс-әрекеттің сипаты бойынша қателік; в) субъекттің әрекеті мен болған нәтиже арасындағы себептік байланыстың дамуы бойынша қателік.

Объект бойынша  қателікте, адам өзінің қателесуі салдарынан, ниет болган объектіге емес, басқа объектіге озбырлық жасайды. Мысалы, адам дәріханадан ұрланған дәрілерінің құрамында есірткі заттары бар деп ойлайды, ал іс жүзінде ұрлаған дәрілері ондай болып шыкдайды. Бұл жағдайда әрекет ниеттің неге бағытталғанына қарай — есірткі заттарды ұрлауға оқталғандық деп сараланады (ҚК-тің 15, 260 баптары).

Объект бойынша  қателікті қылмыстың кінәсі мен саралануына ықпал етпейтін  жәбірленушінің жеке басы бойынша қателіктен ажыратқан жөн. Мысалы, Н. қателесіп А.-ны өлтірудің орнына В.-ны өлтіреді.

Қасақана адам өлтірудің  құрамы үшін А.-ның өмірі де, В.-ның  өмірі де тең объект болып танылады.

Егер объект ойластырылған  және іс жүзінде жасалған өрекеттерде  заң бойынша өзара тең болып келмесе, бұл жағдайда, объект бойынша қателікте бірқатар ерекшеліктер болады. Мысалы, қылмыскер халықаралық қорғаудағы адамға шабуыл жасауды ойластырады, бірақ қателесіп басқа адамға шабуыл жасайды. Бұл жағдайда, жауаптылық ҚК-тің 163 бабында көзделген қылмысты жасауға оқталғандық орын алған.

Шындығында жоқ болса  да өзінің әрекетінде қылмыстық құрамның объективтік жағының нышандары  бар деп адамның қате түсінуі  кінәға  ықпал жасай алмайды. Мысалы, радиоактивтік материалға жатпайтын  затты радиоактивтік екен деп қателесіп заңсыз сақтаса жарамсыз озбырлық ретінде жауаптылық жүктеледі, яғни әрекет КҚ-тің 24 жөне 247 баптары бойынша сараланады.

Сол қылмыстың объективтік  жағын құрайтын нышандар өз әрекетінде бар деп қате түсіну басқа сипаттағы қателікке жатады, мұнда ниет болмайды, бұл әрекетте қьшмыстық құрам жоқ деп танылады. Мысалы, егер адам заттың радиоактивтік екенін білмей оны өзінде сақтаса, ол ҚК-тің 247 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес, себебі ол қылмыс қасақана қылмыстар санатына жатады, сондықтан да айыпкер сақтауындағы материалдың  радиоактивтік  екенін білу тиіс.

Іс-әрекеттің сипатындағы  қателіктің басқа бір түріне, сонымен  қатар, қьшмыс жасау құралынан қателесу жатады, бұл жағдайда адам қылмыстық нәтижеге жету үшін қателесіп өзінің объективтік қасиеттері жағынан айыпкер көздеген нөтижені бере алмайтын құралдарды пайдалаңады. Бұл ретте жарамсыз құралдар пайдаланылады. Мысалы, өлтіру мақсатында бұзылған қарудан ату немесе удың орнына қателесіп уы жоқ затты қолдану.

Көрсетілген жағдайларда  әрекет ниеттің бағыттылығы бойынша, қасақана өлтіруге оқталғандық ретінде сараланады, себебі айыпкер ойластырған зардап болған жоқ.

Құралды пайдаланудағы  қателік басқа да сипатта болуы мүмкін, мысалы, адамның қылмыс жасауға ниеті болмаса да, ол қоғамдық қауіпті зардаптарға соқтыратын  құралды  қателесіп пайдалануы мүмкін.

Мысалы, медбике  қателесіп дәрінің орнына ауруға улы зат береді, нәтижесінде ауру адам өледі, бұл жағдайда айыпкер, егер  мұндай зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білетін және білуге тиіс болса, абайсызда жасалған қылмыс үшін ҚК-тің 114 бабының  бірінші  бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

 

 

5 Қылмыс субъектісі

 

5.1 Қылмыс  субъектісі  ұғымы

Есі дұрыс, қылмыс жасаған  кезде қылмыстық заңда белгіленген  жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің  нышандары ҚК-тің 14 бабында айтылған. ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде  былай делінген: «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық  жауапқа  тартылуға тиіс» КҚ-тің 14 бабының екінші бөлігінде қылмыстық занңың аса маңызды принщттерінің бірі — азаматтардың  заң алдыңда тең екеңдігі заң жүзінде бекемін тапқан: «Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтьша, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығьша, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдыңда бірдей». Бұл принцип сонымен қатар конституциялық та больш табылады, себебі ҚР Конституциясьшьщ 14 бабына негізделген.

Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады.

ҚК-тің 14 бабының бірінші  бөлігінде айтылған жеке адамдар дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары, бұл ҚК-тің 6 жөне 7 баптарының мазмұнынан туындайды.

Қылмыс субъектісі ретінде  тек жеке тұлғаларды тану - заңды  тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды деген мағына білдіреді.

Қылмыс субъектісінің қажетті нышандарының бірі — қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық — қылмыстық  заңда көзделген қоғамға қауіпті  әрекетті жасаған кезде адамның  өз іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты және қоғамға қауіптілігін ұғынып, соған ие болу қабілеті

Есі дұрыстық — адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың  қажетті шарты болып табылады.

Қылмыстық заңның нормалары, өрқашанда, төңірегіндегі жағдайды дұрыс  пайымдап, өз әрекетінің  маңызын  түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы  қалыптан  ауытқымаған  адамдарға  бағытталады.

Мұндай қабілеті жоқ  адамдар  психикасы.

Заңды тұлғалардың қылмыстық  жауаптылығы АҚШ, Англия, Франция  және басқа бірқатар мемлекеттердің  қылмыстық  заңында кезделген бұзылғандықтан өз іс-әрекетінщ (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан олар есі дұрыс емес деп танылады, қылмыстық жауапқа тартылмайды (ҚК-тің 16 бабы).

Қылмыс субъектісінің  есі дұрыстықтан басқа міндетті нышаңдарының бір — қылмыс жасаған кезде адамның заңда белгіленген жасқа толуы.

 Өз іс-өрекетін  дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің  әлеуметтік маңыздылығын ұғыну,  әрекетіне ие болу кабілеті белгілі бір жаста пайда болады, ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі. Кәмелетке жетпегендерде (14 жасқа) мүндай қасиеттер болмайды, сондықтан олар қылмыс субъектісі  деп танылмайды.

Есінің дұрыстығы жөне адамның қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектісінің жалпы заңдық нышандары болып табылады, олар қылмыстардың  барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың біреуінің болмауы әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.

Қылмыс субъектісін  сипаттағанда оның жауапкершілігін анықгау және жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке басының нышандары маңызды рөл атқарады. «Қылмыс субъектісі» және «қылмыскердің жеке басы» ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы қылмыс субъектісіне қарағанда кең  ұғым береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз — қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық өлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың  жиынтығы: оның өлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы, т.б.) байланыстары; оның өнегелік-саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); оның психологиялық  қасиеттері  мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); оның демографиялық және дене  жаратылыс ерекшеліктері  (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); оның өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және жазығы.

Қылмыскердің жеке басының  барлық қасиеттерінің ішінде «қылмыс  субъектісі» ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын нышандардың  ең аз жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу), бұларсыз қылмыстың құрамы жоқ.

Қылмыскердің  жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке даралағанда  (ҚК-тің 52, 53, 54 баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің 63 бабы), қылмыстық  жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің 65, 66, 67, 68, 69 баптары), жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген  бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (ҚК-тің 70, 71 баптары) мәселелерді шешу үшін және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.

 

 

ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ - ҚЫЛМЫСТЫҚ

ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ   ІПАРТЫ.

ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ  ҰҒЫМЫ

 

Жеке адамға, қоғамға  немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық  заңда тыйым салынған әрекетті жасаған  адамның қылмыстық  жауапқа тартылып жазалануы үшін оның есі дұрыс  болуы тиіс.

Информация о работе Қылмыс құрамы