Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстың нақты  құрамының объективтік жағы қоғамға қауіпті және қылмыстық-заңға қарсы деп тану үшін, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан бөлектеу үшін қажетті нышандардың ғана жиынтығын құрайды.

Мысалы, ұрлықтың объективтік  жағы (ҚК-тің 175 бабы) — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлау — күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленушіні немесе басқа адамдарды қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдалану (ҚК-тің 120 бабы); бұзақылық - қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-нің 257 бабы).

Қылмыстық құрамның объективтік жағы мыналарды қамтиды: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардап, әрекет немесе әрекетсіздік пен зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, құралы және қаруы.

Адамның өрекеті  немесе өрекетсіздігі — кез-келген қылмыстық құрамның міндетті нышаны.

Қоғамға қауіпті  салдар, себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, қаруы және құралы қылмыстық құрамның объективтік жағының факультативтік нышандары деп аталады, себебі олар қылмыстық-заң нормаларының диспозициясында көрсетілген жағдайда ғана міндеттілік ролін атқарады.

 

3.2 Қоғамға  қауіпті  әрекет  немесе  әрекетсіздік

Әрекет дегеніміз адамның белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет арқылы жасалынады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты формалары өрқилы. Олар Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде қарастырылған.

Форманың (тәсілдің), әрекеттің  ерекшелігі көптеген жағдайларда қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағының қажетті сипаты деп танылады. ҚК-те көзделген қылмыстық құрамның барлығына жуығы бірінен-бірі, негізінен, қоғамға қауіпті әрекеттегі тәсіл бойынша өзгешеленеді.

Мысалы, заң бөтеннің мүлкін ұрлауды, оның жасалу тәсіліне қарай, өзінше бөлек түрлерге ажыратады: ұрлау-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; тонау — бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық алу; қарақшылық - бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында сол шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп немесе күш көрсетемін деп қорқытып шабуыл жасау; алаяқтылық — алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасап бөтеннің мүлкін иемдену немесе сол мүлікке құқықты алу.

Адамның әрекеті оның еркінің сыртқы көрінісі. Сондықтан да ол саналы түрде жөне белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалуға тиіс. Әрекеттің сипаты, еркімен жасалған болса да, адамның кінөсінің бар-жоғын алдын ала анықтай алмайды.

Кінә туралы мәселе адамның  өз әрекетінің зардабын алдын ала білу немесе біле алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі немесе қьшмыс құрамының объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттің белгілі бір сипатын ұғыну немесе ұғына алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі.

Сондықтан да адамның  рефлекторлық дене қозғалысын, сондай-ақ сандырақтап жатқан адамның қимьлын адамның іс-әрекеті деп қарауға болмайды, себебі ол әрекеттер адамның өз ырқына бағынбайды.

Ырық бермейтін табиғат  күшінің немесе дүлей күш көрсетудің өсеріне ұшыраған адамның түйсікті іс-әрекетінің өзі кейде қылмыстық-заңдық мағынасын жоғалтады. Осындай жағдайда жасаған адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі оның қылығы болып саналмайды, яғни қылмыс емес, себебі ол өз ырқына қарсы әрекет (өрекетсіздік) жасайды. Мысалы, адам іс-өрекет жасауға күш-куаты жетпегендіктен өзіне жүктелген міндетті орындай алмайды.

Күшпен мәжбүрлеуді адам жеңе алмады деп танылуы мүмкін, мұндай жағдайда бүл қоғамға қауіпті іс-әрекет оны жасаған адамның қылмыстық жауаптьлығын болдырмайтын мөн-жайға айналады, егер адам өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен айырылса.

Адам  өзін ұрып-соққаннан қоғамға қауіпті іс-әрекет (немесе өрекетсіздік) жасаса қылмыстық жауаптылықтан құтылмайды,  себебі мұндай

сипаттағы күш көрсету  оның өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен  айыра  алмайды.

Психикалық мәжбүрлеудің маңызы басқа.

Психикалық мөжбүрлеу  салдарынан қылмыстық әрекетке бару, жалпы алғанда, қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Кейбір жағдайларда психикалық мәжбүрлеу лажсыз қажеттілік күйіне жеткізеді. Мысалы, қаруланған қаракшыға өзін сол жерде өлтіремін деп қорқытқандықтан ақшасын берген кассир ақшаны ысырап қылғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс емес.

Қылмыстық өрекетсіздік — жасауға болатын және жасауға тиісті қандай да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке байланысты көзделген қылмыстардың құрамы онша көп емес. Әрекетсіздік жолымен жасалған қылмыстарға мүмкіндікті жіберіп алу немесе таза әрекетсіздік жатады. Олар қылмыс құрамын зиянды зардаппен заң байланыстырмаған жағдайда болады. Мысалы, қауіпті жағдайда қаддыру, ауру адамға көмек көрсетпеу, т.б. Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстардың басқа тобын аралас өрекетсіздік құрайды. Мысалы, қойма меңгерушісі өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына шара қолданбады, нәтижесінде олар бүлінді. Мұндай қылмыстың құрамы үшін адамның әрекетсіздігінен зиянды салдардың болуы қажет.

Әрекетсіздік қылық  заңға қарсы болса ғана қылмыстық  мағынаға ие болады, яғни әрекет жасау  міндеттілігі қылмыстық-заң нормаларының талаптарынан туындайды.

Белсенді әрекет жасау міндетінде әртүрлі негіз болуы мүмкін.

Мұндай негіздерді, кейбір жағдайларда тікелей қылмыстық заң белгілейді. Мысалы, нағыз әскери қызметке шақырылуға тиісті адам әскери комиссариат белгілеген уақытта шақыру пунктіне келуге тиіс.

Автомобиль апатынан жарақат алған адамға жүргізуші дереу көмек көрсетуге міндетті. Бұл мівдет заңға сүйенген бұйрықта немесе қызметтік нұсқауда көрсетілуі мүмкін, мысалы, мекеме қызметкері басшының өз өкілеттігі шегінде берген жарлығын орындауға мівдетті. Белгілі бір өрекетті жасау мівдеті келісім-шартта да қарастырылуы мүмкін. Мысалы, егер біреу баска бір адамды тау асуынан өткізуге міндеттеніп, бірақ ол міндетін орындамаса, ол келісілген әрекетті жасамағандық болып табылады.

Мұндай міндеттер осы адамның бұрын жасаған іс-әрекеттерінен туындайды, егер ол бұрын жекелеген адамдардың мүддесін не қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені қауіпті жағдайда қалдырған болса.

Әрекетсіздік  үшін жауаптылық адамның іс-әрекет жасау мүмкіндігінің бар екендігіне байланысты. Іс-әрекет жасау мүмкіндігінің бар екендігі анықталғаннан кейін сол адамның сол жағдайдағы мүмкіндігі ескерілуге тиіс. Кейде міндетті орындау сыртқы жағдайларға да, кейде айыпкердің таза субъективтік қасиеттеріне де байланысты. Кейбір жағдайларда іс-әрекет жасау міндетін шектейтін мән-жайлар заңның өзінде арнайы белгіленеді. Мысалы, өміріне қауіпті жағдайда қалған адамға көмек көрсету міндеті (ҚК-тің 119 бабы) сол көмекті көрсету мүмкіндігіне байланысты.

 

3.3 Қоғамға  кауіпті   зардап  ұғымы

Қылмыстық заң қылмыс құрамын сол іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) тікелей жасалуымен, не соның салдарынан белгілі бір қылмыстық зардаптың болуымен байланыстыра алады.

Қылмыстық зардап дегеніміз  адамның іс-өрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде  қоршаған ортада болған және қылмыс құрамының объективтік нышандарына жататын өзгерістер.

Әрбір қылмыстық іс-әрекет (немесе әрекетсіздік) дегеніміз — қылмыстық заңмен қорғалатын жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қол сұғу. Бірақ, жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекет мүддесіне, яғни озбырлық жасалатын объектіге келтірілген зиян материалдық емес, себебі ол заттар өлеміне емес, адамдар арасындағы қатынастарға жатады. Сондықтан да, қылмыстың құрамын талдағанда қылмыс объектісіне келтірілген зиян (залал) ұғымын қылмыс заты ұшыраған ауыр зардаптан (нәтижеден) қатаң ажырата білу керек, соларға байланысты тиісті мүдделер қалыптасады. Егер мүддеге келген зиян (залал) озбырлық жасау объектісінің сипаттамасына жататын болса, озбырлық жасалған затқа келген зардап (нөтиже) қылмыс құрамының объективтік жағының қасиетін білдіреді. Қылмыс объектісіне келген залал қылмыстық-заң нормасында қылмыс құрамының нышаны ретінде еш уақытта көрсетілмейді. Қылмыстың әрбір құрамы өзіне келтірілген залалдың емес, объектінің анықтамасын береді. Озбырлық жасау затына келтірілген зиян, көбіне, қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті нышаны ретінде қылмыстық заң диспозициясында көрсетіледі.

Озбырлық  жасалған затқа  келетін зиян әртүрлі нысанда  болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлкін ұрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зиян келтіру түрінде болуы мүмкін. Материалдық залал, қылмыстық заңда, озбырлық жасалған затты қалайда жоюмен немесе бүлдірумен байланысты емес. Ұрлау материалдық залал тудырады, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де  байланысты емес.

Қылмыстық нәтижеде материалдық  емес сипат та болуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың мүліктік емес субъективтік — саяси, еңбек және басқа құқықтарын бұзу, мекеменің, ұйымның және кәсіпорынның қалыпты жұмысын бұзу.

Зиянды зардаптарды  баяндауда заң шығарушы әртүрлі  техникалық амалдарды пайдаланған. Қылмыстардың қасақана құрамдарының едәуір бөлігінде құрам аяқталған  болу үшін белгілі бір қылмыстық зардапқа ұшырау қажет екендігі көрсетілген, мысалы — қасақана өлтіру, ұрлау, т.б. Заңда көрсетілген осындай зардаптардың болмауы тек қылмыс жасауға оқталғандықтың орын алғандығын білдіреді. Кейде қылмыстың құрамы ауыр зардаптан кейін  ғана болады (мысалы, орманды былғау, зақымдау немесе жою - ҚК-тің 292 бабы). Қылмыстардың кейбір құрамдарында ауыр зардаптардың болуы қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін көтереді, тиісінше жасалған қылмыс басқаша сараланады (мысалы, заңсыз аборт жасау — ҚК-тің 117 бабы).

 

3.4 Себептік  байланыс  және  оның  қылмыстық  заңдағы 

маңызы

Материалдық қылмыс деп  аталатын қылмысты жасағанда адамның  іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған зиянды зардаптар арасында себептік байланыстың бар-жоктығы жайында сұрақ туады. Қазіргі қылмыстық заң, егер зиянды зардап адамның іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) себептік байланыста болса ғана сол зиянды зардапты адамға тануға болады деген пікірді қатаң  ұстап отыр.

Себептік байланыс мөселесі қылмыстық заң теориясындағы  ең күрделі және даулы мәселелердің бірі.

Себептік байланыстың  нақты мәселелерін қылмыстық  заңда кейбір ғалымдар философиялық санатқа жатқызып, табиғат құбылыстары  мен қоғамдық  өмір  арасындағы   бізден тысқарғы  байланыс деп шешуде.

Субъектінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен одан келген зиянды зардап арасында себептік байланыстың бар екендігі көбіне күдік тудырмайды. Бірақ субъект қызметімен тікелей байланысты емес белгілі бір мәнжайлардан субъектінің мінез-құлқы мен келген зардап арасындағы себептілікті анықтау қиынға түссе, әрине, көптеген күдік туындайды. Мұндай жағдайларда нақты себептік-зардаптық қатынастарға  мұқият талдау жасау қажет, көптеген объективтік байланыстардың ішінен біреуін — себептік байланысты  бөліп алу керек.

Себептілік кұбылыстар арасындағы объективтік байланыстардың бір бөлігі ғана екендігін ескерсек, себептік байланыстың барлық затын зерттеудегі мақсат — себептік байланысты басқа объективтік тәуелділіктен ажырататын межені анықтау. Мәселенің басын ашқанда объективтік шындықтың құбылыстары арасындағы себептік-қажетті және себептік-кездейсоқ байланыстарды ажырату қажет.

Себептік байланыстың  бар екендігі адамның сол әрекетінің қажетті зардаптарына қатысты ғана мойындалуға тиісті, бұл жерде әңгіме сол нақты жағдайда сол әрекетті жасағанда болуы тіптен мүмкін жөне туындауы заңды да зардаптар жайында. Адамның осы іс-әрекетінен туындайтын барлық кездейсоқ зардаптардың қылмыстық заң үшін құндылығы жоқ.

Себептік байланыс объективтік шындықта қаңдай болса, сол күйінде зерттеліп анықталады.

Адамның іс-әрекеті сыртқы дүниеге келген зардаппен байланыста болады, егер бүл зардап сол іс-әрекеттің нәтижесінде туындаса, мысалы, ауыр дене жарақатын салғандықтан жөбірленуші қаза тапса, сонымен қатар адамның іс-өрекеті ауыр зардаппен ерекше жағдайларда да, не жәбірленушінің немесе  озбырлық жасалатын заттың ерекше қасиеттері немесе өрекеттің ерекше дамуы немесе қылмыс жасау жағдайының ерекшеліктері нәтижесінде де байланыста болады. Соттың ісі бұған мысал бола алады. Бес жасар қызының артынан таяқ алып қуып келе жатқан он үш жасар К-ні көріп, С. оны бірнеше рет басынан ұрып жібереді. Содан кейін К. кешке дейін сиыр бағады, табан асты халі нашарлап, төрт күннен кейін қайтыс болады. Бас сүйекті ашқанда анықталғаны — ұрғанның нөтижесінде бас сүйектің тігісі ажырап құлақ тұсындағы  бұрынғы ісік қайта қозып ми қабаттарына тараған, өліміне сол себеп болған. Жәбірленушінің денсаулығының ерекшелігін ескеріп басқа тиген соққының өлімге себеп болғанын мойындау керек. К-нің өлімі С.-нің әрекетімен себептік байланыста. Бірақ, С. қылмыстық жауапқа тартыла алмайды, себебі қылмыстың субъективтік жағы жоқ — оның өлтіру ниеті болмаған және абайламай іс-әрекет жасаған. Іс-әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы  себептік байланыс  тек нәтиже әрекеттен кейін болған жағдайда ғана мүмкін.

Егер зиянды нәтиже сол  іс-әрекеттің заңды жалғасы болып  келмесе, онда қылмыстың нәтижесі адам іс-әрекетінің кездейсоқ зардабы  болып табылады. Мысалы, адамға жеңіл дене жарақаты салынады, ал ол жарақатты емдеу кезінде қанына тараған инфекциядан қайтыс болады. Бұл жағдайда адамның іс-әрекеті мен ауыр зардаптың арасында ішкі қажетті байланыс жоқ, тек таза сыртқы байланыс, жағдайдың кездейсоқ өрбуі бар.

Қылмыстың нақты құрамдарында объективтік жақтың нышаны ретінде қылмысты жасау тәсілін де жиі атайды. Мысалы, жасалу тәсілі бойынша заң шығарушы  меншікке  қолсұғуды өзара бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.). Кейде, қылмысты  жасаудың  белгілі бір тәсілі, белгілі бір құралды немесе қаруды пайдалану жасалған қылмыстың  ауырлығының дөлелі. ҚК-тің 187 бабының екінші  бөлігінде  қылмыстың сараланған құрамы ретінде өртеп немесе басқа қауіпті  әдіспен бөтеннің мүлкін қасақана  жою не бүлдіру қарастырылған. Қаруды немесе қару ретінде қолданылатын затты пайдаланып қарақшылық жасау сараланған  құрам болып табылады, бұл іс-әрекет үшін ҚК-тің 179 бабының екінші бөлігінде жаза қарастырылған.

Информация о работе Қылмыс құрамы