Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1 Қылмыстың құрамы.............................................................4
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............4
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................9
2 Қылмыс объектісі.................................................................. 11
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............11
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері................................................13
2.3 Қылмыс заты..........................................................................................................17
3 Қылмыстың объективтік жағы.............................................20
3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................20
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................21
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................23
3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы.........................................................................25
4 Қылмыстың субъективтік жағы..........................................27
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...27
4.2 Ниет және оның түрлері............................................................29
4.3 Абайсыздық және оның түрлері.................................................................36
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................40
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................44
4.6 Кателік және оның түрлері..........................................................45
4.7 Кателік және оның түрлері..........................................................46
5 Қылмыс субъектісі.......................................................................48
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................48
Әдебиеттер 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыс құрамы.doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

Кәмелетке толмаған адам қылмыс жасағанда оның жасы анықталуы тиіс (туған күні, айы, жылы).

Адам туған күні емес, келесі төуліктен бастап белгілі  бір жасқа (14, 16, 18) толды деп саналады.

Кәмелетке толмағанның  жасын сот-медициналық сараптама  анықтағанда оның туған күні сараптама  атаған жылдың ең соңғы күні (яғни 31 желтоқсан) болады, ал ең аз және ең коп жас беріп анықтағанда, сараптама болжаған ең аз жас алынады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жайындағы істерде олардың  тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне психикалық даму деңгейіне баса назар аудару қажет.

Кәмелетке толмағанның психикасының мешел дамығандығы жөнінде деректер болса оның психикалық даму дәрежесін, оз іс-әрекетінің маңызын толық ұғына  алмағандығын, оған қаншалықты ие бола алғандығын анықтау қажет. Ол үшін, қажет болған жағдайда, балалар  мен жастар психологиясы саласындағы мамандар (психолог, ұстаз)  сараптама жүргізуге тиіс немесе бұл мәселелерді сарапшы-психиатрдың шешуі қажет. Қылмыстық кодекстің 15 бабының 3 бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе  екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық  дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық  жауапқа тартылуға тиіс емес.

Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасы кәмелетке толмауына  байланысты қылмыстық жауаптылық пен  жазаның бірқатар ерекшеліктерін қарастырады.

ҚР Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың жауаптылығы туралы мәселелер Жалпы бөлімде, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» деп аталатын VI бөлімде қаралған.

Қылмыстың арнаулы субъектісі

Қылмыстық заң белгілі  жасқа толған, есі дұрыс кез-келген   жеке тұлға емес, ерекше, қосымша нышандары бар адамдар ғана субъекті бола алатын қылмыстарды да көздейді. Мысалы, ҚК-тің 17 бабының 1 және 2 бөліктерінде көзделген заңсыз аборт жасаудың субъектісі тек дәрігерлер, қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК-тің 307 бабы) тек лауазымды адамдар субъект бола алады.

Бұл қылмыстардың ерекшелігі сонда, бұларды тиісті нышандары  жоқ адамдар жасай алмайды.

Күшіндегі қылмыстық  заңда арнаулы субъекті ұғымына  анықтама берілмеген. Арнаулы субъектілерді сипаттайтын нышандар ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген.

Қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз — субъекттің жалпы  нышандарымен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) қоса ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті нормаларында көзделген тағы да қосымша нышандары бар, солардың   арқасында сол қылмысты жасауға мүмкіндігі бар адам.

Арнаулы субъектілердің жауаптылығы көзделген қылмыс құрамдары арнаулы субъектісі бар құрамдар деп аталады.

Қылмыстық кодексте арнаулы  субъектісі бар көптеген нормалар кездеседі.

КҚ-тің Ерекше бөлімінде арнаулы субъектілері бар кұрамдар көзделмеген бірде-бір тарау жоқ. Екі тарау — «Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыс» деп аталатын 13 тарау мен «Әскери қылмыстар» деп аталатын 16 тарау тек тектік объекті бойынша да бөлініп алынған. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың және әскери қылмыстардың көпшілігінің субъектілері, тиісінше, тек лауазымды адамдар немесе әскери қызметкерлер, сондай-ақ өскери жиын кезінде запастағы азаматтар болуы мүмкін.

Арнаулы субъектілер  тек қылмыстың орындаушылары ғана болады. Арнаулы субъектінің нышандары жоқ басқа адамдар тек қылмысқа қатысушылар бола алады.

Арнаулы субъектің нышандары, көптеген жағдайларда, қылмыстың нақты құрамын қарастыратын ҚК-тің нормасында тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 350 бабының диспозициясында қылмыс субъектісі ретінде тікелей судья көрсетілсе, КҚ-тің 345 бабында — анықтама жүргізуші адам, — тергеуші немесе прокурор көрсетілген.

Басқа жағдайларда арнаулы  субъектінің нышандарына диспозицияда болжам жасалынады, бұл ретте олар түсініктеме беру арқылы анықталады. Мысалы, зорлағандық үшін жауаптылық көзделген КҚ-тің 120 бабына түсініктеме беру жолымен бұл қылмыстың субъектісі — орындаушысы ер адам деген тұжырым жасауға болады.

Кейбір жағдайларда  арнаулы субъектінің нышандары КҚ-тің ерекше нормасында белгіленеді. Мысалы, ҚК-тің 307 бабының ескертуінде лауазымды адам ұғымы берілген, ал ҚК-тің 366 бабында ескери қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық көтеретін адамдардың тізімі келтірілген.

Көрсетілген жағдайларда  арнаулы субъект ұғымы қылмыстар құрамдарының едәуір саны үшін берілген, оларға — мемлекеттік қызмет мүддесіне

қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың барлығы жатады.


Қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешкенде, сондай-ақ айыпкердің іс-әрекетін саралағанда, қылмысты жеке даралағанда арнаулы субъектінің нышандарын анықтаудың маңызы зор. Арнаулы субъектінің ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген нышандарының болмауы сол қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты болдырмайды. Мысалы, лауазым иесі болып табылмайтын адамның қызметке селсоқ қарауы ҚК-тің 316 бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты болдырмайды, себебі тек лауазым иесі ғана қылмыстың субъектісі  бола алады.

Арнаулы субъектінің  нышандары, кейбір жағдайларда, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін  көтеретін мән-жайға айналып, қылмыстың негізгі құрамын сол түрдегі қылмыстың саралаушы құрамына айналдырады, не жауаптылықты жеңілдететін  мөн-жайға айналады.

Мысалы, қызмет өкілеттігін  теріс пайдаланудың құрамы (ҚК-тің 307 бабы) негізгі құрамнан саралаушыға  өтеді, егер бүл әрекетті жауапты мемлекеттік  қызметтегі адам жасаса (ҚК-тің 307 бабының 2 бөлігі).

Анасының өзінің сәбиін туып жатқан кезінде, сол сиякты одан кейінгі кезенде психикасын бұзатын  жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа  шығармайтын психикасы бұзылуы  жағдайында  өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы) осы қылмыс  үшін  жауаптылықты  жеңілдететін  мән-жай болып табылады.

Арнаулы субъектінің  нышандары әрқалай болады жөне адамның  жеке басының  әртүрлі  қасиеттеріне  қатысты  болады.

Арнаулы субъектінің  КҚ~тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген барлық нышандары мына топтарға бөлінеді:

  1. адамның құқықтық жағдайын сипаттайтын нышаңдар — әскери қызметкер, әскери міндетті (ҚК-тің 366 бабы), ата-аналар, жұбай-зайып, балалар (КҚ-тің 136, 140 баптары, т.б.);
  2. демографиялық нышандар, айыпты адамның дене құрылыс қасиеті — жынысы (ер адам — КҚ-тің 120 бабы), жасы (кәмелетке толмаған — ҚК-тің 131, 132 баптары), денсаулық жағдайы (соз ауруымен науқас адам — ҚК-тің 115 бабы, иммунтапшылығы вирусымен (ВИЧ-СПИД) ауырған адам — ҚК-тің 116 бабы) жөне т.б.;
  3. қызметтік жағдайын, атқаратын жұмысын сипаттайтын нышандар және адамның кәсібін сипаттайтын нышандар — судья, теміржол, теңіз, әуе, өзен көлігінің қызметкері, т.б. (ҚК-тің 114, 117, 295, 307, 350 баптары, т.б.);
  4. адамның бұрынғы кеңеске қарсы қызметін немесе неше қайтара қылмыс жасағандығын — соттылығы бар екендігін сипаттайтын нышандар (бұрын бұзақылық үшін сотталған адам — КК-тің 257 бабы 2 бөлігінің «в» тармағы, т.б.), неше қайтара жасалған ұрлау (КҚ-тің 175 бабы 2 бөлігінің «б» тармағы) және т.б.

Мас күйде жасалған қылмыс үшін жауаптылық

Маскүнемдік қоғамға  көп залал келтіреді.

Маскүнемдік пен алкоголизм денсаулықты бұзады, еңбек және өндірістік тәртіпті ақсатады, еңбек өнімділігін, шығарған өнімнің сапасын төмендетеді, жаракат алдырады, отбасын бұзады, бала тәрбиесіне теріс ықпал жасайды, т.б.

Маскүнемдік қылмыскерлікпен  тығыз байланысты.

Маскүнемдікпен күресте  мәдени-тәрбиелік мәні бар, әкімшіліктік, экономикалық, медициналық, т.б. шаралар  қолданылады. Маскүнемдікпен күресте  мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың жауаптылығы жайында қылмыстық-заң  нормалары да  маңызды  рөл  атқарады.

ҚК-тің 18 бабында «алкоголъді  ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін  заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде  қылмыс жасаған адам қылмыстық  жауаптылықтан  босатылмайды» делінген.

ҚК-тің 18 бабында айтылған мас болудың мағынасына алкогольдік ішімдіктен мас болу да, есірткі заттарды немесе басқа есеңгірететін заттарды пайдаланып  мас болу да жатады.

Есірткі заттарға  есірткі  заттары деп танылып, есірткілер тізіміне кірген заттар мен  дәрі-дәрмектер  жатады.

Есеңгірететін  заттарға  есірткілердің тізіміне кірмейтін заттар  мен дәрі-дөрмектер жатады.

ҚК-тің 18 бабында «физиологиялық» (жай) мас болу туралы сөз бар. Физиологиялық (жай) мас болғанда психикалық қызмет біршама бұзылады, тежеуші орталықтың жұмысы әлсірейді, айналаны пайымдау мүмкіндігі нашарлайды, өзін- өзі бақылау қабілеті төмендейді.

Физиологиялық мас болу күйі адамды қоршаған жағдайды ұғыну, өз іс-әрекетін жалпы бағалау, оған ие болу қабілетінен айырмайды. Сондықтан бұл адамдар есі дұрыс деп танылады, себебі оларда есі дұрыс еместіктің медициналық жөне заңдық критерийлері жоқ.

Тіптен физиологиялық  мас болудың ауыр дәрежесінде  де қоршаған жағдаймен қандай да бір  байланыс сақталады, өзінің іс-әрекетіне  бақылау жасалынады. Мұндай адамдарда  ой алжасуы болмайды."

Мас болу үш дәрежеге бөлінеді — жеңіл, орташа және ауыр.

Алкогольдік, есірткілік жөне уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау қылмыстық жауаптылық пен  жазаны ауырлататын мән-жайлардың  тізіміне кіргізілген. Бірақ, сот, қылмыстың  сипатына қарай, бұл мән-жайды ауырлататын деп есептемеуге құқылы.

Физиологиялық мас болудан  патологиялық мас болуды ажыратып алу қажет. Патологиялық мас болу дегеніміз — қатты, аз уақытқа психологияның бүзылуы.  Патологиялық мас болғанда сананың дертті өзгерісі салдарынан  кенеттен сандырақ, елес пайда болады, адам бағдардан айырылады, нақты шындықпен байланысты жоғалтады, себепсіз үрейленеді, ашу пайда болады. Дүлей әрекеттерді кенеттен, қатыгездік пен жасайды және талқандап бүлдіруге бейім болады. Патологиялық мас болу алдын ала соған итермелейтін факторлар (қажу, үрейлену, мазасыздану, т.б.) болғанда туындайды және ол алкогольді қанша қабылдағанға байланысты  емес

Қылмыстық заңда көзделген  қылмысты патологиялық мас болу жағдайында жасаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Патологиялық  мас болу жағдайында адам, өзінің психикасының уақытша бұзылуы себепті, өз әрекетінің  іс жүзіндегі сипаты  мен  қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оған ие болу қабілетінен айырылады, яғни бұл жағдайда  Қылмыстық кодекстің 16 бабында көрсетілген есі дұрыс еместіктің медициналық және заңдық нышандары болады. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  қолданылуы  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

                                        Әдебиеттер

 

1 Агибаев А. Н. Оқулық. Жалпы бөлім. – Алматы : «Жеті Жарғы», 2001. – С. 41–91

2 Каиржанов Е. И. Интересы трудящихся и уголовный закон (проблема объекта преступления). – Алма-Ата, 1973. – С. 7–13.

3 Алауханов Е. О., Үмбетәлиев. С., Рахметов. С. Қылмыс құрамы. Практикалық - оқу құралы. – Алматы : Өркениет, 2000. – С. 20–30.

4 Глистин В. К. Проблема уголовно-правовой  охраны общественных отношений (объект и квалификация  преступления). – Л., 1979. – С. 50–56.

5 Коржанский Н. И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М., 1980. – С. 10–18.

6 Кригер Г.А. К вопросу о поняятии  объекта преступления в советском уголовном праве // Вестник Московского ун-та. Вып. 1. – М., 1959. – С. 100–115.

7 Никифоров Б. С. Объект преступления по советскому уголовному праву. – М., 1960. – С. 120–146.

8 Акоев К. Л., Кауфман М. А. и др. Объективная сторона преступления (факультативные признаки). – М., 1995. – С. 200–225.

9 Ковалев М. И. Проблемы учения об объективной стороне состава преступления. – Красноярск, 1991. – С. 8–26.

10 Кудрявцев В. Н. Объективная сторона преступления. – М., 1960. – С. 36–50.

11 Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические  аномалии. – М., 1987. – С. 45–62.

12 Михеев Р. И. Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве. – Владивосток, 1983. – С. 77–85.

13 Михеев Р. И. Невменяемый – Владивосток, 1992. – С. 5–15.

14 Орлов В. С. Субъект преступления. – М., 1958. – С. 23–27.

15 Орымбаев Р. Специальный субъект престиупления. – Алма-Ата, 1977. – С. 88–92.

16 Устименко В. В. Специальный субъект преступления. – Харьков, 1989. –С. 2–15.

17 Злобин Г. А., Никифоров Б. С. Умысел и его форма. – М., 1972. – С. 3–9.

18 Лунеев В. В. Мотивация преступного поведения. – М., 1991. –С. 16–22.

19 Рарог А. И. Проблема субъективной стороны преступления. – М., 1991. – С. 20–27.

20 Филановский И. Г. Социально-психологическое отношение субъекта к преступлению. – Л., 1970. – С. 15–19.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе.....................................................................................    

3

1

Қылмыстың құрамы.............................................................

4

1.1

Қылмыс құрамы деген  ұғым және оның маңызы..............

4

1.2

Қылмыс құрамының элементері   мен   нышандары...............................

7

1.3

Қылмыс   құрамдарының  түрлері.................................................................

9

2

Қылмыс объектісі..................................................................

11

2.1

Қылмыс  объектісі  ұғымы  және  оның  маңызы...............

11

2.2

Қылмыс объектілерінің  түрлері................................................

13

2.3

Қылмыс заты..........................................................................................................

17

3

Қылмыстың  объективтік  жағы.............................................

20

3.1

Қылмыстың   объективтік  жағы   ұғымы.................................................

20

3.2

Қоғамға  қауіпті  әрекет  немесе  әрекетсіздік........................

21

3.3

Қоғамға  кауіпті   зардап  ұғымы...................................................

23

3.4

Себептік  байланыс  және  оның  қылмыстық  заңдағы

маңызы................................................................................................

 

25

4

Қылмыстың   субъективтік   жағы..........................................

27

4.1

Қылмыстың  субъективтік   жағы  ұғымы   және оның маңызы...

27

4.2

Ниет және оның түрлері............................................................

29

4.3

Абайсыздық  және  оның  түрлері.................................................................

36

4.4 

Қылмыстың  себебі  және  мақсаты.................................................................

40

4.5

Кінәнің    қосарланған   (аралас)   нысаны............................................................

44

4.6

Кателік және оның түрлері..........................................................

45

4.7

Кателік және оның түрлері..........................................................

46

5

Қылмыс субъектісі.......................................................................

48

5.1

Қылмыс  субъектісі  ұғымы..........................................................................

48

 

Әдебиеттер

63

Информация о работе Қылмыс құрамы