Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

Егер осы құрама нақты бір ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін (мысалы, адам өлтіру) құралған анықталған болса, онда кінәлі адамның әрекетін осы қылмысты жасауға дайындалу деп саралауға болады.

Тұрақты қарулы топ (банда) құруға бағытталған белсенді әрекет жағдайында құқық қорғау органдарының оны болдырмауға бағытталған қимылдарының салдарынан не басқа да бәр себептеремен мұндай топты (банданы) құра алмай қалған болса, онда ол тұрақты қарулы топ (банда) құруға ұмтылу деп сараланады.

Банданы басқару деп, банданың нақты бір қылмыстық қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және материалдық қамтамасыз етумен қатысты шешімдер қабылдауы танылады. Оларға, мысалы, мыналар жатады: шабуыл жасау жоспарын құру, нақты бір шабуыл жасауға басшылық ету.

Бандыға басшылық ету бір адаммен де, бірнеше адаммен де жүзеге асырылуы мүмкін.

Бандаға нақты адамның басшылық етуі туралы дәлеледемені анықтай алмау банданың болғанын жоққа шығара алмайды.

Банда басшысыз да болуы мүмкін. Мұндайларға саны аз бандаға қатысушылардың өз араларына топ бастаушысын айырықша көрсетпей-ақ қалмасқа қатысты мәселелерді бәрі бірдей ортақтасып шешу жағдайларын жатқызуға болады және олар әдетте қылмысты қоса орындаушылар болып саналады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы «Соттардың бандитизм және басқа да қатысумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» №2 нормативті қаулысының түсіндірмесіне сәйкес, ҚР ҚК 237-бабының 1-бөлігі бойынша банда құру мақсаты азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Сонымен бірге заң шабуыл жасау барысында қандай қылмыстардың бандамен жасалатынын көрсетпейді, бұл тікелей азаматтардың не ұйымның мүлкін, ақшасын немесе өзге де құндылықтарын ғана емес және адам өлтіру, зорлау, қорқытып алушылық, бөтеннің мүлкін құрту немесе бүлдіру болуы да мүмкін.

Бандитизм кезіндегі шабуыл жасау деп, жәбірленушіге күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасалатын қылмыс нәтижесіне жетуге бағытталған әрекет танылады.

Осы қылмыс құрамының басқа да міндетті белгілері бар жағдайдағы және адамдар болмаған және ешқандай күш қолдану болмаған мекемеге, кәсіпорынға, ұйымға шабуыл жасап, ондағы мүліктерді құрту (офистерді жару, пәтерге, автомашинаға өрт қою және т.т.) фактісін де бандитизм ретінде таныған жөн. Бұл жерде банда құрамының шабуыл жасаушысы қылмыстық мақсатқа қол жеткізуге бөгет келтірген кез келген адамға күш көрсетуге әзір болатынын ескеру керек. Қаруланған банданың шабуыл жасалуы соның қатарындағы мүшелердің қару қолданғанда ғана саналады.

Бандитизмнің субъективтік жағы кінәнің тура ниетті нысанымен сипатталады, яғни кінәлі адам өзінің банда құрып, оны басқарып отырғанын не банда құрамында оның жасаған шабуылдарына қатысқанын ұғынады, сол әрекеттерінің нәтижесінде қандай зардаптардың болатынын болжай біледі және соның болуын тілейді. Жоғарыда атап өтілгеніндей, бандитизмнің субъективтік жағының міндетті белгісі арнаулы мақсат - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Бандитизм субъектісі 16 жасқа толған есі дүрыс жеке адам болып табылады. Егер банда жасаған қылмыстық әрекетке 14 жастағы жеткіншек қатысатын болса, онда ол бандитизм үшін емес, ҚР ҚК 15-бабы бойынша басқа қылмыстар жасағаны үшін 14 жастан жауаптылық белгіленген қылмыс үшін ғана (мысалы, ҚР ҚК 179-бабы бойынша қарақшылық) қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

ҚР ҚК 31-бабының 5-бөлігінің талаптарына қарай, банданы құрған не оны басқарған адамның әрекеті ҚР ҚК 237-бабының 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ белгілі бір ниетпен қамтылған бандамен жасалған қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша сараланады. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша саралау ұйымдастырушы (басқарушы) бір мезгілде қылмысты қоса орындаушы болған басқа жағдайларда ҚР ҚК 28-бабына сілтеме жасай отырып жүзеге асырылады.

Бандамен жасалған қылмысқа тікелей қатысқан банданы ұйымдастырушы немесе басқарушының әрекеті ҚР ҚК 237-бабының 2-бөлігі бойынша қосымша саралауға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы «Соттардың бандитизм және басқа да қатысумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» №2 нормативті қаулысының түсіндірмесіне сәйкес, ҚР ҚК 237-бабының 2-бөлігі бойынша қаруланған бандаға қатысу оны қылмыстық құрылымның құрамына кірумен, оны қаржыландыруға, қарумен, көлікпен қамтамасыз етумен, объектілер іздестірумен, ақпараттар тауып берумен және сол сияқты жоспарланған қылмыстарды тікелей жасаумен көрінеді.

Бандаға қатысу адамның банда қызметінің қылмыстық сипатын білген және оның нақты қылмыс жасауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан оған қатысуға (мүшелікке) келісім берген сәтінен бастап аяқталған қылмыс деп танылады.

Бандаға қатысушылардың (мүшелердің) әрекеттерін ҚР ҚК 237-бабының 1-бөлігі бойынша және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша саралауға болады.

Бандамен жасалған қылмысқа қатысқан адам өзінің қатысқандығын ұғынып, мойындаған жағадайда ғана ҚР ҚК 237-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылықққа тартылады. Қылмыстық құрылымның болғаны туралы хабардар болмаған жағдайда ол тек қана өзі қатысқан қылмыс үшін ғана жауапқа тартылады.

Банданың мүшесі болмаған және оның жасаған шабуылдарына қатыспаған адамныі әрекет бандитизмге қатысу деп саралауға болады.

ҚР ҚК 237-бабының 3-бөлігі өз қызмет бабын пайдалана отырып, яғни мемлекеттік қызметттегі (мысалы, ішкі істер органының қызметкері, әскери қызметші), сол сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың немесе мекемелердің (мысалы, жеке меншіктік күзет қызметтері, түрлі қаржы немесе коммерциялық құрылымдардың және тағы басқалардың қызметкерлері) жасаған бандитизм үшін жоғары жауаптылықты көздейді.

Егер бандитизм жәбірленушіні өлтірумен ұштасқан болса, онда мұндай әрекет ҚР ҚК 96-бабы және ҚР ҚК 237-бабының жиынтығымен саралауға жатады.

Бандитизмді басқа қылмыстардан ажыратып алу үшін бандитизмді құрайтын белгілердің мән-жайларына қарау керек. Бандитизм мен алдын ала сөз байласқан топтардың қару қолданумен жасалған қарақшылық шабуыл бір бірінен осы қылмыстарды сиптаттайтын белгілердің жиынтықтарымен ерекшеленіп көрінеді. Бұл жерде бандитизм үшін бандыға қатысушылардың арасындағы тұрақты байланыс, олардың әрекеттерінде ұйымдасқандық, қылмысқа дайындалу мен жоспарлау, және сондай-ақ қаруланғандық міндетті түрде болуы керек.

 

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс

құралдарын басып алу - ҚР ҚК 238-бабы

 

Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі оның қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылықтан, материалдық ірі зиян келтіруге, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруден тұрады.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.. Қосымша объекісі - азаматтардың өмірі мен денсаулығы, басқару тәртібі, ұйымдардың қалыпты қызметі.

Бұл қылмыстың пәні үйлер, құрылыстар, қатынас және байланыс құралдар, өзге коммуникациялар болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу; оларды ұстап тұру, жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен көрінеді.

Басып алу деп, үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды заңсыз иемденуді тануға болады. Үйлерді басып алу жасырын да және ашық түрде, сол сияқты күш көрсетпей-ақ және күш көрсету арқылы  жүзеге асырылуы мүмкін.

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын ұстап тұру деп, осы объектілерге заңды түрде иелігі бар тиісті адамдарға кедергі жасау танылады. Басып алынғанды босатудың шарты мемлекетпен, ұйыммен немесе азаматпен ұсынылған талаптарды қанағаттандыру болып табылады.

Бұл қылмыстың құрамы күрделі болып табылады және ол басып алу  немесе басып алынғанды ұстап тұру және одан босатудың шарты ретінде талап ұсынған сәттен бастап аяқталған қылмыс деп танылады. Амалсыздан басып алуға немесе ұстап тұруға итермелеген жағдайдағы кінәлінің әрекеті осындай қылмыс жасауға оқталу деп сараланады.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тура ниетті түріндегі қасақаналық нысанымен сипатталады, Адам заңға қайшы әрекет жасап отырғанын ұғынады, оның зардаптарының болатынын болжай біледі және оны болуын тілейді.

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу мақсаты мемлекетті, ұйымды немесе азаматтарды қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.

ҚР ҚК 238-бабының 2-бөлігінде заң шығарушы саралаушы белгілер ретінде төмендегі мынадай мән-жайларды қарастырған:

а) егер осы қылмысқа қатысушылардың арасында басып алғанға дейін күні бұрын сөз байласу болса (ҚР ҚК 31-б. 2-бөл.), үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалды деп саналады;

б) ҚР ҚК 11-бабына сәйкес, егер бұрын үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды осылайша басып алу болса, және мұндай қылмыс үшін кінәлілер қылмыстық жауаптылыққа тартылып одан босатылмаған болса, не осындай қылмысы үшін соттылығы алынып тасталмаған немесе жойылмаған болса, не осындай үшін үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмеген болса, үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды бірнеше рет басып алу болды деп саналады;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтірген әрекет өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп танылады;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып. Қару қолдану деп, үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін іс жүзіндегі қару пайдалану танылады. Бұл құрамдағы қару деп оқпен аталатын қаруларды да суық қаруды да тануға болады. Қару ретінде пайдаланылатын басқа заттар деп, адамның денсаулығына зиян келтіретін кез келген заттар танылуы мүмкін. Оларға тұрымыстық шарауашылыққа арналған құрал-саймандарды, мысалы, балта, шалғы, айыр, пышақ, күрек, темір шыбықтар, құбыр-түтіктер, таяқтар және басқалар жатады.

д) үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау үшін басып алуда осы әрекеттерді жасаушы кінәлі адамның пайда табу немесе материалдық шығындардан құтылу ниетімен көрінеді.

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды жалдау арқылы басып алу кезінде кінәлі адам бұл әрекетті үшінші бір адамның мүддесі үшін жасауы мүмкін.

ҚР ҚК 238-бабының 3-бөлігі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жағдайдағы қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Ұйымдасқан топ ұғымының анықтамасы ҚР ҚК 31-бабының 3-бөлігінде беріліп, ондай былай делінеді: «Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады».

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу кезіндегі адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаны заң шығарушы кінәнің абайсыздықта жасалған түріне жатқызады.

Өзге де ауыр зардаптар деп, ірі материалдық зиян келтіруді, халықаралық шиеленіс тудырыуды және адамдардың өміріне зиян келтіруді тануға болады.

Атап өту керек, ҚР ҚК 238-бабында өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша басып алғандарын қайтарған адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығы жөніндегі ескерту бөлігі жоқ, ал ҚР ҚК 234-бабында мұндай тиісті ескерту бөлігі бар.

 

Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын

айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру - ҚР ҚК 239-бабы

 

Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі көрсетілген көлік түрлерін бақылаусыз орын ауыстыруы (қозғалысы) қоғамдық қауіпсіздік қатерін туғызумен, апаттармен, авариямен және адам өлімімен байланысқан ауыр зардаптардың болуымен көрінеді.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.. Қосымша объекісі азаматтардың өмірі мен денсаулығы, бөтеннің меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстың пәні әуе немесе су көлігі не жылжымалы темір жол составы болып табылады.

Әуе көлігі деп, меншік түріне, арналған мақсатына, қандай ведомствоға жататындығына және басқа да сипаттарына қарамастан ұшу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды қажет ететін кез келген ұшу құрылғылары танылады.

Су көлігіне су жолдары арқылы жолаушылар мен жүктер тасымалдауға арналған құралдар жатады. Олар теңіз де, өзен де, сондай-ақ су бетінде не су астында жүзетін болуы мүмкін.

Жылжымалы темір жол составы деп темір жолдары арқылы жүріп тұратын құралдар танылады. Оларға локомотивтер, электровоздар, тепловоздар, вагондар және басқалар жатады.

Бұл қылмыстың объективтік жағы әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алумен көрінеді.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері