Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

 

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық

тәртіпке қарсы қылмыстар

 

 

 

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық

тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген.

«Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

9-тарауға енгізілген қылмыстар жалпы алғанда мүдделер үшін әлеуметтік мәні бар қазақстандық қоғам өмір тіршілігінің қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Сонымен бірге қылмыстық ықпалға жалпы қауіпті заттармен жұмыс істеу, қоғамның жаппай өмірі үшін қауіпті жағдай сияқты қоғамдық құндылықтар түсіп қалуы мүмкін. Кең мағынадан алғанда, «қоғамдық қауіптілік» сөзі өзіне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған қоғамдық қатынастарды қосып алды.

9-тараудың атауына қарай отырып, осы тарауды құрастыратын 29 құрамдардың тектік объектілерц осы қоғамдық қауіпсіздік (ҚР ҚК 233-256 баптары - 27 құрам) және қоғамдық тәртіп (ҚР ҚК 257, 258-баптары - 2 құрам) құрайды деп қорытынды жасауға болады.

Қоғамдық қауіпсіздік - қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің жай-күйі, яғни қоғамның өмір сүруі мен қарышты даму мүмкіндігін сенімді түрде қаматасыз ететін қажеттіліктердің, қанағаттанушылықтың жиынтығы.

Қоғамдық тәртіп - қоғамда қалыптасқан адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, қолданыстағы заңнамалармен, салттармен және дәстүрлермен, сондай-ақ адамгершілік нормаларымен белгіленген мінез-құлық пен жатақханалардың өзара ережелері.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды өз кезегінде былайша жіктеуге болады:

1) жалпы қауіпсіздікке қарсы қылмыстар: терроризм (ҚР ҚК 233-бабы); терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (ҚР ҚК 233-1-бабы); террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу (ҚР ҚК 233-2-бабы); адамды кепілге алу (ҚР ҚК 234-бабы); ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (ҚР ҚК 235-бабы); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚР ҚК 236-бабы); бандитизм (ҚР ҚК 237-бабы); үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (ҚР ҚК 238-бабы); әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру (ҚР ҚК 239-бабы); теңіз қарақшылығы (ҚР ҚК 240-бабы); жаппай тәртіпсіздіктер (ҚР ҚК 241-бабы); терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК 242-бабы).

2) қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзумен байланысқан қылмыстар: жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (ҚР ҚК 243-бабы); атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 244-бабы); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 245-бабы); жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 246-бабы); өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚР ҚК 256-бабы).

3) жалпы қауіпті заттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзумен байланысқан қылмыстар: радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу (ҚР ҚК 247-бабы); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (ҚР ҚК 248-бабы); радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 249-бабы); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (ҚР ҚК 250-бабы); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 251-бабы); қаруды заңсыз жасау (ҚР ҚК 252-бабы); атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚР ҚК 253-бабы); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (ҚР ҚК 254-бабы); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (ҚР ҚК 255-бабы).

Бұрын қолданыста болған Қаз КСР Қылмыстық кодексіне қарағанда қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қауіпсіздіктің арнайы ережелерін және жалпы қауіпті заттармен жұмыс істеудің белгіленген жалпы ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықтың шегі айтаарлықтай кеңейтілген, бұл - заң шығарушының азаматтардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік тіршілік негізі ретіндегі қоғамның қалыпты қызметін қамтамасыз ету мәселелеріне назарды аудара түскендігінің айғағы.

Объективтік жағынан қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, әдетте әрекет еті жолымен жасалады, мысалы, бандитизм (ҚР ҚК 237-бабы), жаппай тәртіпсіздіктер (ҚР ҚК 241-бабы), бұзақылық (ҚР ҚК 255-бабы). Кейбір қылмыстар теке қана әрекетсіздікпен жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚР ҚК 253-бабы), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (ҚР ҚК 254-бабы).

Жекелеген қылмыстар әрекетпен де әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін, мысалы, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 246-бабы), радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 249-бабы).

Қылмыстардың құрамы былайша құрылған, оның біразы қылмыстардың формальды құрамына жатады. Мысалы, заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚР ҚК 236-бабы), бандитизм (ҚР ҚК 237-бабы), бұзақылық (ҚР ҚК 257-бабы) және басқалары. ҚР ҚК 9-тарауындағы кейбір құрамдар материалдық болып құрастырылған, мысалы, радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (ҚР ҚК 248-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 245-бабы), өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚР ҚК 256-бабы) және басқалары.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Жекелеген қылмыстар абайсыздықпен жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚР ҚК 243-бабы).

ҚР ҚК 9-тарауында қарастырылған қылмыстардың көпшілігінің субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады. ҚР ҚК 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кейбір қылмыстардың субъектісі қылмыс жасалған кезде жасы 14-ке толған жасөспрімдер болып табылады. Мысалы: ҚР ҚК 233-бабы); адамды кепілге алу (ҚР ҚК 234-бабы); терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК 242-бабы); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу(ҚР ҚК 255-бабы);ауырлатын мән-жайлардағы бұзақылық (ҚР ҚК 257-бабының 2 жіне 3-бөліктері); тағылық (ҚР ҚК 258-бабы). Жекелеген жағдайларда қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың субъектісі деп тану үшін мұндай адамдардың арнайы белгілері болу керек, мысалы, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (ҚР ҚК 254-бабы), өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚР ҚК 256-бабы) және басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық

тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері

 

Терроризм - ҚР ҚҚ-233-бабы

 

Терроризм - халықаралық сипатқа ие болған, қазіргі замандағы ең қауіпті қылмыстардың бірі.

Латын тілінен аударғанда «террор» (terror) деген сөз қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13-шілдедегі (19.02.2002ж. өзгертулерімен) «Терроризмен күрес туралы» Заңында терроризмге, қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік халықаралық ұйымдармен шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында немесе мемлекеттік не қоғамдық қайраткерлердің қызметін тоқтау немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатындағы қылмыстық жазалауға жататын немесе жеке адамдар мен ұйымдарға қатысты әрекет деген анықтама береді. Тарихи тұрғыдан алғанда саяси күрес жолы ретінде пайда болды және ол жүзжылдықпен емес мыңжылдықпен есептеледі. (мысалы, Көне Римдегі белгілі Юлий Цезардың өлтірілуі). Дегенмен ол ХІХ ғасырдың орта шеніне бастап ХХ ғысырда аса қауіптілікке ие болып және етек жая түсті.

Терроризмнің жеткен «шыңы» деп 2001 жылғы 11-қыркүйектегі АҚШ-тағы болған - терроршылар басып алған жолаушылар әуе кемелерінің Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығының аспанмен тілдескен екі биік үйіне және Вашингтондағы Пентагон (қорғаныс мнинистрлігі) ғимаратына соғылуы болды, соның нәтижесінде мыңдаған адам қаза тауып жарақат алды.

Террористік актілер жасау нақты бір мемлекеттің ішкі жағдайына ғана емес, жалпы халықаралық қауымдастыққа нұқсан келтіреді. Террористік актілер кез келген жолдармен жасалуы мүмкін, солай бола тұра ол қашанда мемлекеттік билікке нұқсан келтіруге халықтың бойына сенімсіздік пен үрей туғызға бағытталған.

Терророизмнің қоғамдық қауіптілігінің жоғары дәрежесі оны жасаушы субъектінің айналасындағылардың бойында үрей, дүрлігіс тудыруға ұмтылыс арқылы азаматтардың әлеуметтік пайдалы қызметтің құтын қашырып, билік пен басқару органдарының ойдағыдай қызмет жасауына қол сұғатын және сонысымен өзінің қоғамға қарсы мақсатына жететін қылмыстық қол сұғушылықтың қауіпті жолдары екенідігімен көрінеді.

Терроризмнің объектісі қоғамдық қауіптілік болып табылады. Қосымша объектісі азаматтардың өмірі мен денсаулығы, меншік, басқарудың іс жүзіндегі тәртібі және басқалар болуы мүмкін.

Терроризмнің объективтік жағы күрделі сипатқа ие болады және адам өліміне тудыратын, елеулі мүліктік зиян келтіретін немесе өзге де қоғамдық қауіпті зардаптар әкелетін, сондай-ақ осы әрекеттерді жасаумен қорқыту мақсатындағы жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасаумен жасаумен көрінеді.

Жарылыс жасау деп тротил немесе өзге де зарядтарды қолдану жолымен, басқаша айтқанда жарылыс толқынының талқандаушы қуатты пайдаланумен қандайда бір объектілерді жарамсыз ету немесе адамдарды қырып-жою танылады.

Өрт қою деп кінәлі адамның оттың бүлдіргіш күшін заңсыз пайдалану әрекетін тануға болады.

Жарылыс жасау және өрт қоюмен бірге ҚР ҚК 233-бабы өзге де әрекеттерін қарастырады. Терроризмдегі өзге де әрекеттер деп ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, апаттар мен соқтығыстар ұйымдастыру, жерді, суды, ауаны, тамақ өнімдерін уландыруды тануға болады.

Терроризмінің міндетті шарты адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Кем дегенде бір адамға қауіп төндіру адамадаржың қаза болуы қаупін төндіруді көрсетеді.

Терроризмдегі қоғамға қауіпті өзге де зардаптар деп адамдардың қаза болуы мен елеулі мүліктік зиян келтіруден басқа белгілердің бәрі танылады. Атап айтқанда, оларға мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін бұзу, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар қызметін, көлік қозғалысын тоқтату жатады.

Терроризмнің аяқталған құрамы болып ҚР ҚК 233-бабының 1-бөлігіндегі диспозицияда қарастырылған әрекетті жасауы танылады. Бұл жерде зардаптың болуы міндетті емес, деп адамдардың қаза болуы мен елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті өзге де зияндар болса жеткілікті.

Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық сондай-ақ осы әрекеттерді жасау жөніндегі қорқытуды да қарастырады. Бұл жерде қорқыту нақты және шын болуы керек.

Субъективтік жағы кінәнің тура ниеті түріндегі қасақаналықпен сипатталады. Адам өзінің жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мақсатында жасағанын, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді сол мақсатта жасаймын деп қорқытқанын ұғынады.

Субъективтік жағынан терроризмнің негізгі белгілері оны жасаудың негізгі мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету болып табылады. Терроризмнің объективтік жағының белгілеріне жататын, бірақ адаммен басқа мақсатпен жасалған әрекет басқа қылмыс ретінде сараланады, мысалы «Диверсия» ҚР ҚК 171-бабы, «Жаппай тәртіпсіздік» ҚР ҚК 141-бабы.

Терроризмнің субъектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке адам болып табылады.

ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігі терроризмнің төмендегідей сараланған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырады:

а) бірнеше рет жасау;

б) қару қолдана отырып не адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін қару ретінде пайдаланылатын жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар жасау.

Бірнеше рет жасау деп екі және одан да көп адамның террорлық әрекет жасауы танылады, сонымен бірге оның алдындағы жасаған террорлық әрекеті үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылғаны, терроризм үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтпегені не бұрын террорлық әрекет жасағаны үшін соттылығының алынып тасталған немесе жойылғаны анықталуы керек.

Қару қолдану деп терроризм кезіндегі кез келген қаруды қолдану танылады Бұрын бұл тармақта «атыс қару қолдана отырып» делінген болатын, дегенмен әдетте террорлық актілер көптеген жағдайда жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар пайдалан отырып жасалады.

ҚР ҚК 233-бабының 3-бөлігі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген

а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолданумен немесе қолданамын деп қорқытумен және жаппай уландырумен, эпидемия мен эпизоотияны таратумен, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасаумен немесе жасаймын деп қорқытумен ұштасқан;

б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық қарастырады.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері