Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

Экстремизм деп, барып тұрған теріс көзқарастар мен шараларға бой ұрушылық (әдетте саясатта) танылады.

Қаржыландыру деп өзінің қызметін террорлық қызметті жабдықтау және экстермизмді ақша қаражатымен қолдау көрсетуге пайдалану танылады.

Қылмыс кінәлі адамның қарастырып отырған әрекеттердің объективтік жағын орындаған сәтінде аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан өзінің экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру әрекетінің қоғамдық қауіптілігін ұғынуымен  көрінетін тура ниетпен сипатталады және соның болуын қалайды.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.

ҚР ҚК 233-3-бабының 2-бөлігінде осы әркетті бірнеше рет жасаумен көрінентін саралаушы белгілер қарастырылған.

Егер адамның осы экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру әрекеті үшін бұрын сотталған болса немесе осы қылмысты үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауаптылықтан ббосатылмаған болса, қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмеген болса не осы қылмысы үшін соттылығы алынып тасталмаған немесе жойылмаған болса, экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыруды бірнеше рет жасаған деп танылады.

 

Адамды кепілге алу - ҚР ҚК 234-бабы

 

Халықаралық сипаттағы қасиетке ие болған қауіпті қылмыстардың бірі адамды кепілге алу болып табылады.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі қоғамның қауіпсіздігіне, көптеген жағдайда айтарлықтай адамдардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ адамның жеке бостандығы мен тәуелсіздігіне қол сұғумен көрінеді.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі - тұлғаның тәуелсіздігі, оның денсаулығы мен өмірі.

Аталған қылмыстың объективтік жағы Кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге немесе кепілдік ретінде ұстаумен көрінеді.

Адамды кепілге алу деп, бір немесе бірнеше адамды кез келген әдіспен (жасырын, ашық, алдау немесе күш көрсету) бостандығынан шектеу танылады, оларды босатуды қажетті шарты күш көрсетушінің талаптарын орындау болып табылады.

Адамды кепілге ұстау деп, кепілге алынған адамның бостандыққа  шығуына күштеп кедергі жасауды тануға болады.

Қылмыстың бұл құрамының жәбірленушісі болып жасына (кәмелетке толмаған да, балиғатқа толмағанда), қызмет жағдайына (лауазымды да, лауазымы жоқ адам да) қарамастан кез келген адам, Қазақстан азаматы да және шет мемлекет азаматы да бола алады.

Бұл қылмыс кепілге алынған адамның бостандығынан шектелген немесе уақытына қарамастан оның кепілдікке ұсталған кезінен бастап аяқталған деп танылады.

Бұл қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тура ниеттегі қасақаналық нысанымен сипатталады. Кінәлі адам өзінің адамды кепілге алып және оны қыстап ұстап отырғанын ұғынады және осы әрекетінің нәтижесінің болғанын тілейді.

Осы құрамның субъективтік жағының міндетті белгісі кінәлі адамның өзінің алдына қойған арнайы мақсаты болып табылады. Ондай мақсат кепіл адамды босатудың шарты ретінде мемлекетті, ұйымды, жекелеген азаматтарды қандайда бір әрекет жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүр етеді. Мысалы, тұтқындалған немесе сотталған адамды босату үшін ақша қаражатын, есірткі, көлік құралдарын, қару беру, мемлекет шегінен шығып кету, халықаралық келісім-шарттар немесе міндеттемелер жасасудан бас тарту.

Қылмыстың субъектісі 14 жасқа толған адам бола алады.

ҚР ҚК 234-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың сараланған түрін қарастырады. Сараланған белгілер ретінде заң шығарушы келесідей мән-жайларды ескерген:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;

г) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;

д) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;

ж) көпе-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;

з) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

и) пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасалса -

Егер қатысушылар арасында осы қылмысты жасар алдында алдын ала келіскен болса, онда адамды кепілге алу адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған деп саналады (ҚР ҚК 31-б. 2-бөл.).

Егер бұрын адамды кепілге алу қылмыс жасаған адам заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан болсатылмаған болса, не осындай қылмысы үшін  соттылығы жойылмаған немесе алынып тасталмаған болса немесе сондай қылысы үшін қалмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмеген болса адам кепілге алу қылмысын бірнеше рет жасады деп танылады.

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп, мұндай күш көрсетудің жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруді тануға болады.

Қару қолдана отырып дегенді осы қаруды пайдалана отырып адамның денсаулығына немесе өміріне зиян келтіруді түсінуге болады.

Қару ретінде пайдаланылатын өзге де заттарға адам денсаулығына зиян келтіретін кез келген заттар жату мүмкін. Атап айтқанда оларға тұрмыстық-шаруашылыққа арналған құралдар, мысалы, балта, шалғы, айыр, күрек, темір шыбық, құбыр-түтік, сойыл және басқалар жатарды.

Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты дегенді жасы 18-ге жетпеген адамды кепілге алуды түсінуге болады. Көрінеулік белгісі кәмелетке толмағанды кепіл ретінде аалған адамның ұстап отырған адамының кәмелеке толмағанын білуімен көрінеді.

Айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты (мұнда оның уақытың ешқандай мәні жоқ) 234-бабының осы тармағы бойынша кінәлінің әрекетін саралау үшін кінәлі жәбірленушісінің жүкті екенін білуі керек. Кінәліге жәбірленушінің жүкті екені оның сырт көрінісінен немесе жәбірленушінің өзінің айтуымен немесе медициналық құжаттарымен танысу нәтижесінде мәлім болуы мүмкін. Кепілге алынған әйелдің жүкті екені білмей жасаған әрекет ҚР ҚК 234-бабының 1-бөлігі бойынша саралануы мүмкін.

Көпе-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты кепілге ұстау. Бұл жердегі дәрменсіз күй жәбірленушінің дене құрлысының белгілі бір кемшілігін және өзге де (балиғатқа толмаған жасы, кәрілік, науқастығы, дене кемшіліктері: соқыр, мүкіс, қол-аяғы жоқ, ауыр сырқат және басқалар) қылмыскерге қарсылық көрсете алмайтын халін білдіреді.

Екі немесе одан да көп адамға қатысты кепілге алу бір мезгілде екі немесе одан да көп адамды кепілге ұстаумен сипатталады. Екі немесе одан да көп адамды кепілге алау әртүрлі уақытта және бір ниетті қамтымаған жағдайда болса онда ол кепілге алау әрекетін бірнеше рет жасалған деп санауға болады.

Пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасалған кепілге алу кінәлі адамның өзңнің бас пайдасын көздеп, сол үшін материалдық (ақша, мүлік) пайда табуды немесе материалдық шығындарынан құтылуды (қарыз, ақы төлеу) мақсат тұтуымен көрінеді.

Адамды кепілге алуда кінәлі адам осы көрсетілген әрекеттерді үшінші бір адамның мүддесі үшін жасайды.

ҚР ҚК 234-бабының 3-бөлігі бұл құрамының ерекше сараланған құрамы - осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасаған не олар абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп сақтарған жағдайын қарастырады.

Ұйымдасқан топ ұғымы ҚР ҚК 31-бабының 3-бөлігінде былай деп берілген: «Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады».

Кепілге алынатын адамды өлімге әкеп соқтыруды заң шығарушы кінәнің абайсыздық нысанымен байланыстырады.

Өзге де ауыр зардаптар деп жәбірленушіні не оның жақын-туыстарын ауыр науқасқа ұшыратуы, ірі метариалдық шығын келтіру, халықаралық шиеленіс тудыру және жасқа осы сияқты жағдайлар танылады.

ҚР ҚК 234-бабының ескертуінде кепілге адам алу кезіндегі қылмыстық жауаптылықтан босату негіздемесі анықталады. Ондай негіздеме кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық

қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу - ҚР ҚК 235-бабы

 

 

Ерекше қоғамдық қауіптілік көрсететін ұйымдасқан қылмыстылық қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық институттарының қалыпты қызмет атқаруын жай ғана бұзып қоймай, сонымен бірге ұлттық және халықаралық қауіптілік пен тұрақтылыққа тікелей қатер төндіреді.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Талданғалы отырған іс-әрекеттің объективтік жағы қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құрумен, сол сияқты осындай қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқарумен, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құрумен көрінеді.

ҚР ҚК 235-бабы төрт бөліктен тұрады: бірінші бөлікте ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны, сол сияқты оны басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді; екінші бөлігі - қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құрғаны, сол сияқты осындай қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құрғаны үшін; үшінші бөлікте - қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің бірлестігіне қатысқаны үшін; төртінші бөлікте осы әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасасағаны үшін жауаптылық көзделген. Сөйтіп, жауаптылық қылмыстық құрамалардың (қылмыстық қауымдастық, қылмыстық құрамалардың ұйымдастырушылары мен басшылары, ұйымдасқан топ) деңгейіне ғана емес, нақты адамдардың әрекет дәрежесіне, атқарған роліне байланысты.

ҚР ҚК 235-бабының бабында ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың бірнеше деңгейі көзделген: 1) ұйымдасқан топ; 2) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым); 3) қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары, басшылары немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктері. ҚР ҚК 31-бабы а) . егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп, б) егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы «Соттардың бандитизм және басқа да қатысумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативті қаулысында ұйымдасқан қылмыстық топтың тұрақтылығына көбінесе олардың құрамының (топтың) тұрақтылығы мен оның мүшелері арасындағы өзара тығыз байланыс, қызметі, оның өмір сүруінің ұзақтығы сияқты белгілері басты себеп болады деген түсінік береді.

Ұймдасқан қылмыстық топ арнайы дайындықты талап ететін бір ғана қылмысты жасау үшін де құрылуы мүмкін.

ҚР ҚК 31-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстық қауымдастық ұйымдасқан қылмыстық ұйымнан ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін бірігуімен және сондай мақсатта құрылуымен ерекшеленеді. Ұйымшылдық пен тұрақтылық белгісі қылмыстық құрамалрыдың екеуіне де тән. Солар үшін де оларды бірі бірінен шектеу үшін олардың құрылымын, ұйымдастырылу дәрежесі мен осы қылмыстық құрамалардың мүшелері арасындағы өзара байланыстың сипатын анықтау қажет.

Ұйымдасқан топ өзінің құрылымы жағынан - бұл қылмыс жасау үшін бірнеше адамның бірігуі. Ұйымдастырылу дәрежесі бойынша - бұл қылмыстық топқа қарағанда тәртіпбі жолға қойылған бірлестік, бірақ қылмыстық қауымдастыққа қарағанда ұйымдастырылушылығы төмендеу, өйткені ол тек қана топ басшысына бағынады. Топ ішіндегі өзара байланыс деңгейі - тұлғааралық.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар басқа қылмыстық құрамалармен бәсекелестік жағдайында сау шығу және өзінің ықпалды шеңберін кеңейту үшін не өзара бірігеді, не неғұрлым күштірек құрама - қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) қатарына кіріп алады. Сөйтіп, ұйымдасқан қылмыстық топ қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрылымдық бөлңмшесіне айналады.

Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) - құрылымы жағынан бірлестік, бірақ енді адамдардың емес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасау үшін бірігіп топтасқан ұйымдасқан қылмыстық топ. Ұйымдасу дәрежесі жоғары, бірегей қылмыстық орталыққа бағынады.

Өзара байланыс деңгейі бойынша қылмыстық қауімдастық ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы өзара байланыстарымен сипатталады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жоғарыда аталған нормативті қаулысында қылмыстық қауымдастық, әдетте, неғұрлым жоғары ұйымшылдық дәрежеге ие болады және жекелеген бірлестікткр мкн ұйымдасқан қылмыстық топтардан тұрады, деп айтылады.

Қылмыстық қауымдастық өзінің құрамына кіретін жүйелі түрде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қылмыстық қызметін жоспарлау, үйлестіру, қолдау, дамыту мақсатында құрылады.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері