Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

   Шынжырлы қонақ үй топтарының ұйымдық құрылымның ең жоғарғы сатысында анимация координаторы орын алса,кейбір ұйымдарда анимация бөлім басшысы орналасады.Үлкен ұйымдарда спорт аниматоры,костюмші,дыбыс пен жарыққа жауаптылар бөлек болса,кіші ұйымдарда бұл жұмыстың барлығына дерлік бір ғана аниматор жауапты болуы мүмкін.

                          Қызметкерледің міндеттері        

   Бұл бөлімде кез-келген бөлімдегі секілді қызметкерлердің міндеттерін атап өтеміз.Кейде бұл міндеттемелер түрлі атаулар берілген аниматорлар тарапынан жүргізілсе де,жалпы ерекшеліктері бірдей.Ойын-сауық бөлімінде жұмыс жасайтын анимациялық топтың басты мақсаты тартымды әрі көңілді ойындармен,сауық кештерімен қонақтардың көңіл-күйін көтеру,сергіту және керемет демалыс күндерін өткізуге үлес қосу.Бұл бүкіл топ мүшелерінің міндеті.Бұл міндеттемелерді дұрыс орындай білу үшін барлық топ мүшелері ең алдымен өзара бейбітшілікте және өзге де бөлім қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек.Ең бастысы қонақтарменнәзік қарым-қатынас орнатуы тиіс.Анимация  жұмыс жасайтын қызметкерлер мыналар:

   1.Анимация бөлімінің координаторы.Бұл тек шынжырлы қонақ үй системасында ғана қолданылады.Шынжырлы қонақ үйлер арасындағы анимация бөлімдерінің жұмыстарының ұйымдастырылуына жауапты.Анимация бөліміндегі бүкіл жұмыстардың кедергісіз жүргізілуін қадағалайды.Анимация бөлімі координаторы бар ұйымдарда анимация бөлім басшысы болмауы мүмкін.Мұндай ұйымдық құрылымда анимация бөлімінің координаторынан кейінгі сатыда анимация шефі орналасады.

  2.Анимация бөлім басшысы.Анимация бөлімінің ең жоғарғы сатысында орналасатын анимация бөлім басшысы қызметтердің жоспары,үйлестірілуіне,бөлімнің басқарылуына,қызметтердің ұйымдастырылуына және бақылануына жауапты кісі.Қол астындағы аниматорлардың жұмыс уақытын,демалыс күндерін,қандай істерге жауапты екендігін белгілейді.Жұмысқа алу және жұмыстан шығару міндеті де тағайындалған.Ойындар мен кешкі шоулар мен сауық кештеріне жоспар құрады.Қол астындағы қызметкерлердің білімі мен тәртібіне де жауапты.Одан бөлек анимация бөлімінің басқа бөлімдермен байланысын орнатады.

   Анимация бөлімі басшысының бұл міндеттерінің жүзеге асырылуы үшін,ол қонақтың қалауларын,ұйымның мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асыруы тиіс.Лидер,үлгі тұтатын басшы атауына ие,қонақтармен жақсы байланыс орната алатын, бір сөзбен айтқанда өз ісінің маманы болуы керек.Сонымен қатар өзінің және топ мүшелерінің әрдайым даму үстінле екендігіне көз жеткізуі керек.Топ мүшелерінің күннен-күнге өсіп,дамып отыруына жағдайлар жасалыну керек.

  3.Анимация шефі.Кез-келген ұйымда анимация бөлімінде жұмыс жасайтын топтың басында анимация шефі тұрады.Анимация шефінің міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Анимация бөлімінің бүкіл  бағдарламасын дайындау және  ұйымдастыру

   • Өзіне тиесілі жұмыстардың реттілігіне,қонақтар мен аниматорлардың арасында байланыстардың орнатылуына,ұйымдастырылған бағдарламаның жүргізілуіне жауапты

  • Анимациялық  топ мүшелерінің біліміне жауапты.Топ  мүшелері жұмыс жасайтын қонақ  үйдің белгіленген ережелері  мен заңдарын білуі тиіс.Отельдің берген қызметтері,орындары және жұмыс уақытынан хабардар болу керек

   • Шеф жаңадан келген топ мүшесіне қонақ үйдің және анимация бөлімінің ережелерімен,жұмыс жасау процедурасымен,топ ішіндегі жұмыстаремн және оның мүшелерімен таныстыруға міндетті

   • Анимациялық қызмет қонақтың профиліне,отельдің сйымдылығына,демалушы қонақтардың санына қарай күнделікті,апталық күндізгі спорт ойындарын белгілейді

 • Әр азаңғы  жиналыста топ мүшелерінің дайындықтарын  тексереді,қажетті пайдалы кеңестерді ұсынады және мотивация жұмыстарын жүргізеді

   • Мини Клуб қызметінің кедергісіз жүргізілуін қадағалайды

  • Отельдің ұсынған кешкі шоулардың,топ мүшелері тарапынан қатесіз әрі кедергісізөтуін қадағалайды

   • Қажет болған жағжайда ерекше,жабық топтарға бөлек арнайы бағдарламалар дайындайды

  • Күндізгі кешкі уақыттардағы қызметтерді топ мүшелеріне үйлестіреді, аниматордың жауапты болған жұмысының қатесіз өтуін қадағалайды.Және топ мүшелерінің берілген әмірді уақытымен орындауына бақылау жасайды

   • Персоналдың таза жүруіне және қажет деп табылған киімдерді киюіне жауапты

  • Анимация бөлімінің  басқа бөлімдермен жақсы байланыста  болуын қамтамасыз етеді

   • Түрлі қажет болған құрал-жабдықтарды,апаратураларды қажет болған аниматорға алып береді.Егер бұзылған немесе сызат түсірілген жағдай болатын болса отель басшылығына жауап береді

   • Әр түрлі активити саймандарына,спорт,мини клуб,макияж саймандарына және безендіру ісіне жауапты.Бұл саймандардың дұрыс қолданылуына юақылау жасайды

  • Қажетті саймандарды сатып алу үшін отель басшылығына білдіртеді.Өзі барып сатып алуына тыйым салынған

  • Өзіне тиесілі  қызметкерлердің демалыс күндерін  белгілейді және жұмысқа белгілі  бір себептермен келмеген болса  кадр бөліміне білдіртеді

  • Апталық шеф  рапорларын дайындап ,орталық бөлімге өткізіледі

  • Активитилерге  қонақтың қатысуына және оны  қызықтыруға аниматорларға кеңес  береді

  • Топ мүшелеріне  активитилерді бөліп беру және  күнделікті қандай шоу өткізілетіндігі  туралы хабардар ету

   • Кешкі шоулардың мәтіндерін тиісті топ мүшелеріне тарқатып,алдын ала дайындық жқмыстарын жүргізеді.Шоуларға топ мүшелерінің түгелімен қатысуына мүмкіндіктер жасайды.Және оларға қажетті сабақтар жүргізеді

   • Ұйымдастырылған турнирлер мен жарыстаға қатысып,жеңімпаз атанған қонаққа тиісті сыйлықтардың тапсырылуын қадағалау

  • Қонақтарға топ  мүшелерін таныстыру мақсатында  үлкен шоулардан кейін анонстар  жүргізу

   • Аптасына бір рет анкета толтыру жұмыстарын жүргізу.

   Қалған басқа аниматорлар анимация шефі қол астында жұмыс жасайды.Шефтің берген бүкіл тапсырмаларын орындауға міндетті.Бүкіл жұмыс уақыты бойынша қонақтардың қызықты уақыт өткізулерін қадағалау.Әрдайым қонақтармен байланыста болу.Бүкіл атқарылатын жұмыстардың өткізілуін қадағалап назарда ұстауы тиіс.Сонымен қатар осы бөлімнің қолданатын заттарының күтіміне,дұрыс қолданылуына және безендіру жұмыстарына да жауапты.

   Сахнаға жауапты адам.Сахнада қойылатын қойлымдарды,көріністерді белгілеп,өзге топ мүшелерімен бірге оның жүзеге асырылуын қадағалайды.Хареограф,безендіруші,көрсетілімге қатысатын топ,стилист секілді қызметкерлердің ұйымдастырылуына жауапты.Одан бөлек санада өзіңді қалай ұстау керектігін үйретеді және кімнің қай жұмысқа жауапты екендігін тағайындайды.

   Хареограф.Анимациялық қызметтердің ішінде орын алатын,би кештері секілді сахна шоуларының көрсетіліміне жауапты.Мұндай қызмет әрине кәсіби бишіні қажет етеді.Қойлымдарда сахнаны қалай қолдану керек,қойылымға қанша кісі қатысатынын,қандай қимылдарды қолдану керектігін,сахнада кімнің қай жерде билеу керектігін орындайды.Осы себептен хареографтың білімі мен тәжірбиесі мол,эстетика жағынан хабары бар кісі болуы қажет.

  Безендіруші.Анимация бөлімінде аниматорлар өзіне тиесілі жұмыс алаңының безендірілуі мен тазалығына жауапты.Алайда ерекше кештер мен шоуларда декор маңызды роль ойнайтындығы бәрімізге белгілі.Сол себептен анимациялық топтың ішінде бір безендірушінің болғаны абзал.Безендіру кез келген сахна көрңнңстерң үшңн ерекше атмосфера қалыптастырады.Безендіруші қойылымға сәйкес келетін безендіру жұмыстарын және аксесуарлардың қолданылуы мен дайындалуын,қажетті орындарға қойылуына жауапты.Безендірушінің дизайннен хабары бар,білімді,сурет сала және сыза білетін ерекшеліктерге ие болуы керек.

  Биші.Анимацияда спорт және ойын түрлеріне бидің кеңінен қолданылатын кездері де болады.Үлкен қонақ үйлерде биге қатты көңіл бөлінеді.Осыған орай топтың ішінде бірнеше би мамандары болса нұр үстіне нұр.Биші аниматорлар би түрлері мен қимылдарын жақсы дәрежеде білуі керек.Одан бөлек ритмге қарай қимыл-қозғалыс жасай алатындай әрі дене мүшелерін орынды қолдана білу шеберлігіне ие болу тиіс.

   DJ (жауапты адам музыкаға).Спорт және ойын түрлерін өткізу барысында немесе қонақтардың тамақтануы барысында түрлі әуендер ойнатылады.Ол қандай уақытта және қандай жерде қандай әуен ойнатылуы тиіс екендігін білуі қажет.Соған орай музыка жайында білімі,талғампаз болу керек.Қонаөтардың талғамдары түрлі болғандықтан түрлі музыкалық жанрлар қолданылады.Музыкаға жауапты болғандықтан тиянақтылықты қажет етеді.

  Дыбыс пен. жарыққа жауапты адам Анимация бөлімінде дыбыс пен жарыққа көптеген апараттар қолданылады. Бұл апаратуралар ерекше күтімді қажет етеді.Осы апараттардың күтімі мен қолдану техникасына жауапты адам.

   Спорт аниматоры.Бөлімдегі жүзеге асырылатын бүкіл спорт ойындарының жоспарлануы,дайындалуы және жүзеге асырылуын қадағалайтын аниматор.Спорт аниматорының айрықша спортқа қатысты тәжірбиесі және білімі болған абзал.Үлкен мөлшерде спорт аниматоры жауапкершілігін кәсіби маман жүргізуі тиіс.

   Мини клуб аниматоры.Балалар клубының қызметтеріне жауапты кісі.Жалпы анимация шефінің жанында мини клуб шефі де жұмыс жасайды.Себебі,балаларға бөлек жоспар құрылады және оның өзіндік ерекшеліктері бар.Балалармен жұмыс жасайтын аниматорлар сабырлы,жылыжүзді,балажан болғаны абзал.

 

2.3 Туризмде алатын орны мен маңызы

 

 Туризм секторы  басқа секторлар секілді әрдайым  өзгерістер үстінде,бәсекелестік  жағдайында күннен-күнге даму  жолында.Бүкіл әлемде туристік  қызметтердің саны артқан сайын  бәсекелестік те көбейе түседі.Бәсекелестікке,нарық  жағдайына сай алға жылжып,дами түсу үшін,туристік қызметтерге өзгерістер мн өзіндік ерекшеліктер енгізе білу керек.Ойын-сауық қызметтері туризм секторының бір бөлшегі ретінде,бәсекелестік жағдайында ерекше рөл ойнайды.Потенциалды туристерді тарту,қызықтыру үшін ұсынылатын қызмет түрлерінің тартымды,қызықты,еліктіретін қасиеттерге толы болғаны абзал.Қонақ пен ұйым арасында байланыс орнатуды қадағалау,қызмет түрлерінің бірін-бірі толықтыруын қадағалауда да ерекше роль ойнайды.Туризм өнімдері өз ерекшеліктерін көрсете білу және өнімдерін бәсекеге қабілетті етіп дайындау арқылы Анимациялық қызметтерді басты назарда ұстауы тиіс.

    Әсіресе демалу және көңіл-көтеру мақсатында 14-15 күндік демалысқа келген қонақтардың, демалыс уақыттарының қызықты әрі еш кедергісіз өтуін қадағалауда,қонақжайлылық индустриясында анимация қызметтері кеңінен қолданылады.Анимация бөлімінде мини клубтың болуы балалы отбаслар үшін үлкен маңызға ие.Көңіл-көтеру және демалу үшін қонақ үйге келген балалы отбасылар,демалыс уақыты барысында өз балаларын сеніп тапсыратын жердің бар болуынан ерекше әсерде қалдырады.Уайымсыз және көңілсіз демалыс күндерін өткізетіні хақ.Ал мини клубта балалар үшін көптеген қызықты бағдарламалар дайындалады.Атап айтсақ ойын түрлері,минидиско,түрлі жарыстар,бетке сурет салу сабақтары және тағы басқа қызыққа толы бағдарламалар жүргізіледі.Яғни,демалыс уақыты ата-аналар үшін де балалар үшін де қызықты өтері анық.

    Қызықты сәттерге толы демалыс күндерін бастан кешкен қонақтар тиімді жарнаманың қайнар көзі.Қонақтың келесін демалысын осы жерде қайта өткізуі және айналасындағы таныстарымен алған әсерлерімен бөлісуі қонақ үй үшін шығынсыз жарнама түрі саналады.

    Алдын – ала жақсы ұйымдастырылған анимациялық бағдарламалар аниматор және қонақ арасында байланыс орнатуда,сапалы қызмет түрлерін ұсынуға,қонақтың бұл қызмет түрлерін қолдануы,қонақ үй мен қонақ арасында тығыз байланыс орнатуда басты себеп болып табылады.

    Туризм секторындағы анимацияның маңыздылығын төмендегідей көрсетуге болады:

    1.Қызмет түрлерінің  өзгеруіне негіз бола алады

    2.Жақсы өлке,жақсы ұйым имиджіне ие болу мүмкіндігін тудырады

   3.Қонақ үйдегі тамақтану және бөлме сату қызметтерін сатуға көптеген мүмкіндіктер ұсынады

    4.Қонақ үйде қонақтың түнеу уақытын ұзартуына негізгі себеп болып табылады.

    5.Қызмет көрсетуге ерекше тартымдылық сезімін тудырады әрі ұйымның имиджінің қалыптасуына әсер етеді

    6.Туризмге деген сұраныс арта түседі,экономикалық тұрғыдан жаңа жұмыс орындарына және табыс көздеріне ие болады

    7.Көптеген жаңа туристерді тартуға мол мүмкіндіктер ұсынады

    8.Туризм сезоны фестиваль,конгресс және т.с.с қызмет түрлеріне қарай ұзартылады

    9.Туризм сезонынан  тыс уақыттарда да халықаралық және өлкелік маңызға ие болады.

 

                                    Анимация функциялары

   Анимациялық қызмет бір демалыс немесе сапар түрлерін қызықты етуге,ерекше әсер қалдыруға ұйымдастырылатын немесе бағытталған туризм сферасында әрекетке толы қызметтердің бүкілін қамтиды.Анимациялық қызмет түрлері туризм секторы, туристтер,қызметтер тұрғысынан түрлі функцияларға ие.Сол секілді оның әлеуметтік функциялары бар.Анимациялық қызметтердің басты мақсаты қонақтарға белсенділік,әрекеттілік,яғни көтеріңкі көңіл-күй  сыйлау болғандықтан,алдымен туристерге бағытталған функцияларына шолу жасап өтейік.

Информация о работе Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы