Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реклама.doc

— 388.00 Кб (Скачать документ)

Туризмде медия құралдарын қолдану уақытын анықтаған кезде  сұраныс пен қызметтерді ұсынудың маусымдық ара қатынастарын ескерген жөн.  Жарнамалау сызбасы қысқы- күзгі  және көктемгі-жазғы уақыттарда әртүрлі болуы мүмкін. Мерзімнің басында жарнама агрессиялы сипатта болса, содан соң ең танымал турлар, қосымша қызметтер, жеңілдіктер туралы ақпарат беріледі.

 Жарнама таратудың  таңдалған құралдарына байланысты әлеуетті тұтынушылардың немесе клиенттердің ақпараттылығы, сату көлемі өзгереді.

Төртінші кезеңде жарнама  науқанының  бюджеті қарастырылады.  Бюджетті кәсіпорын түрліше орнатады. Қол жеткен жерден таратуды жоспарлау, бәсекелестердің жарнама бюджетін бағалау негізінде жоспарлау кеңінен таралған (яғни бұрынғы шығындар еш өзгеріссіз болашаққа өтеді, өткізуді жоспарлау  (в % бұрынғы және келешек)).

 Бұрын қалыптасқан  бюжетке қатыссыз жарнама құралын  таңдау бюджеттің ең кіші шамасын  анықтауды қажет етеді (таңдау шығындарды азайтып, жарнама мақсатына жеткізетініне тоқталады). Егер алынған минимум ақылға қонатын болса, кәсіпорынның жоспарлары мен мүмкіндіктеріне сай болса бюджет бекітіледі. Күтілгеннен төмен сан шықса, жарнаманы аудиторияны кеңірек қамтуға бағыттау керек, немесе артық қорды пайдалану керек –яғни ақпарат құралдарын көбірек пайдалану керек. Бюджет күткеннен асып кетсе, мақсаттарды қайта қарап, маркетинг құралдарын қайта топтастыру қажет.

Соңғы шешуші кезең  - жарнама науқанының тиімділігі мен қолданылатын коммуникацияларды бағалау. Тиімділікті бағалау екі бағыт бойынша жүреді: коммуникативті ықпал деңгейін тестілеу және экономикалық әсерді өлшеу.

Коммуникативтілік критерийі  бойынша бағалау жарнама науқанының әрекеттілігін көрсетуі тиіс. Ол үшін жарнама науқанына дейін және кейін тестілеу қажет.

Жүргізілген жарнама  науқанының тиімділігін былай тексеруге  болады:

• есте қалушылығы, яғни тұтынушылардың жарнама мәтінін естеріне сақтап, қайталап айтып бере алуы;

• жарнаманың танымалдылығы, мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында, бұл бәсекелестердің де жарнамасын бағалауға мүмкіндік береді.

Экономикалық әсерді өткізу көлеміне, нарықтағы үлесіне, жарнама науқанына дейінгі және кейінгі рентабельділік деңгейіне қарап анықтауға болады. Таңдамалы сұрау салу  арқылы тұтынушылардың тұрақтылығын бағалауға болады, ол үшін тұрақты тұтынушылар саны жарнама орналастырылған web-сайтқа кіргендердің санына бөлінеді. Ақшалай мәндегі экономикалық нәтижені бағалау кезінде инфляция деңгейі, бөлшек сауда, басқа да факторлар ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тарау. Туристік  агенттіктің өндірістік-шаруашылық  іс-әрекетін талдау

 

2.1 “West travel” туристік фирмасының жалпы сипаттамасы мен басқару құрлымы

 

 «West travel» ЖШС мекемесі туристік іс-әрекетпен айналысатын кәсіпорын болып табылады. Қазақстан туристік қызмет көрсету нарығында  2008 жылы 18 тамызда қызмет көрсете бастады Өзінің қызмет ету уақыты барысында фирма әртүрлі наградаларға,  грамоталар мен сертификаттарға ие болды.

Орналасқан жері: «West travel»: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, Құраманғазы көшесі 165 үй 

e-mail:west travel@mail.ru.

Факс:8(7112)54-41-70

Тел:8(7112)50-86-82

      Фирма № ТА 0034954 лицензия негізінде қызмет етеді.

Туристік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін лицензия алу барысындағы лицензиялық шарттар:

1. Лицензиялық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін өзінің немесе жалға алынған ғимаратының болуы.

2. Санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы нормалардың, еңбекті қорғау нормаларының сақталуы.

3. Туристік келісім шарт жасау, оның ажырамас бөлігі және сақтандыру медициналық полисі ретінде туристік ваучердің табысталуы.

4. Шаруашылық субъектісі мен туристік өнімді тұтынушы арасындағы туристік келісім шарттардың, сақтандыру медициналық полистерінің есепке алу реестірінің жүргізілуі.

5. Штаттың патентті жұмыскерлермен толығуы, мамандардың кәсіби дайындығының Туристік сала лауазымдары тізіміне сәйкес болуы.

6. Туристік агенттік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуі.

7. Заң бойынша сотталған, соттылығынан арылмаған менеджер мен басшы қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

 Одан әрі қарай фирманың лицензиялары мен сертификаттарының көшірмелері ұсынылған.

Турагенттік мекеме жарғысы мен құрылтайшылық құжаттар негізінде жұмыс істейді.

«West travel» туристік іс-әрекеттің түрлі бағыттары бойынша қызмет етеді, атап айтқанда әлем курорттарына турларды ресімдейді, Ресей мен Қазақстанның санаторийларына, тарихи орындарға экскурсиялық турлар ұйымдастырады, шоп-тур мен круиздарды ұсынады. Фирма жоғары деңгейдегі VIP отельдерді ұсынады, сондай-ақ виза ресімдеуге көмектеседі. Фирма туристік топтарға және жеке шетелдік туристерге қызмет көрсетеді. Сапарлардың іскерлік немесе жеке мақсаттары болуы мүмкін. Визаны ұзарту, шетелдік азаматтардың тіркелу ресімдеу қызметтерін ұсынады. Фирма бірнеше белгілі және сенімді туроператорлармен жұмыс істейді. Негізгі ресми серіктесі  «Gulnar tour ». Фирма Мәскеу, Түркия, БАЭ шетелдік серіктестерімен тікелей байланыстар орнатқан.

Туристік салада жыл жазғы және күзгі-қысқы маусымдарға бөлінеді. Жазғы маусым мамырдың ортасынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін созылады. Күзгі-қысқы маусым қазанның аяғынан келесі жылдың ақпан айына дейін. Маусымдар қарсаңында туристік бизнес саласында көрмелер ұйымдастырылып, туроператорлар өз өнімін жұртшылықтың назарына ұсынады. Көрмелерде туристік фирмалар арасында өнімді жер шарының әртүрлі жерлерінде ілгерілету туралы келісім шарттар жасалады, әдетте көрмелер халықаралық сипатта жүреді.

«West travel» ЖШС «Students International» және «Globus Education» ресми өкілі бола отырып, шетелдегі білім берумен айналысады. Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ, Қытай, Ирландия, ОАР және Мальта, БАЭ, Швейцария мен Еуропаның ең үздік колледждері мен университеттері ұсынылады. Бұл бағдарламаға IELTS, TOEFL, GMAT емтихандарына дайындық курстары, жоғары білім, магистратура, МВА, беделді мектеп-интернаттар, кәсіби және  бизнес-білім, басшыларға арналған бағдарламалар, жастар мен ересектерге арналған тіл үйрену курстары, демалыс бағдарламалар, университетке дайындық жатады.

Британияның Қазақстандағы  консулы  «Globus Education» демеуімен  ай сайын  «West travel» агенттігінде IELTS емтиханына дайындық курстарын жүргізеді.

«West travel» туристік фирмасы жыл сайын шетелдік білім бойынша көрмелер ұйымдастырады.

Білім беру туризмнің  үш түрі бар: біріншіден, тілді меңгеру, екіншіден спорттық білім , кәсіби білім. Осы салада дүние жүзі бойынша 10 астам білім беру мекптермен, 150 астам тіл меңгеру мектептер және  университеттермен, 100  деген білім беру университеттермен серіктес. Халқаралық карта рәсімдеу – ISIC,  ITIC, IUTC – бұл студенттердің, аспиранттардың және мектеп оқушыларының халқаралық куәлігі болып табылады..

  «West travel» туристік фирмасы «Students International» және «Globus Education» көрмелерінің ресми өкілі болып табылады. Турфирма нарықтың осы сегментінде жақсы көзге түскен. Фирманың қызметкерлері әртүрлі университеттермен қоян-қолтық жұмыс істеп, студенттерге түрлі білім бағдарламаларын ұсынады.

Фирмада туризм саласының  мамандары жұмыс жасайды соның ішінде: 6

штаттық   қызметкерлер, директор, бухгалтер, халықаралық туризм бойынша менеджер және 2 әуе және темір жол билеттерін ұйымдастың менеджерлар.

Қаладағы барлық жетекші қонақ үйлермен және әуе агенттіктерімен, сондай-ақ Қазақстанның ірі санаторийларымен байланыс орнатылған. Фирманың жұмыс істеу саясаты лайықты туристік қызметтерді ұсынуға негізделген.

Кез-келген кәсіпорынның түпкі мақсаты - кәсіпорынның іс-әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыру.

«West travel» ЖШС басты міндеті халықтың туристік қызметтерге деген мұқтаждығын қанағаттандыру, туристердің сенімді және сапалы демалысын қамтамасыз ету. Компания халықты туристік қамту жөніндегі келісім шарттық міндеттемелерін қатаң сақтап, халықты ақпараттандыруға бағытталған тиісті шараларын жүзеге асыруы тиіс.

  

«West travel» туристік фирмасын бас директор (фирманың иесі) басқарады. Ол барлық ұжымның жұмысын ұйымдастырып, компанияның күй-жайы, оның іс-әрекеті үшін жауап береді. Ұйымдастырушылық құрылымы –сызықтық.

«West-travel» туристік фирмасының басқару-ұйымдық құрылымын  төмендеі 1-суреттен  көре аламыз. Сызықтық құрылым жүйесінің ерекшелігі жоғарғы  органдағы басқарманың біреуіне ғана бағынып, тек соған тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде өзіне бағынышты бөлімдерді басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару қызметтерін дербес атқаратын болады.                                                   

1 - сурет             «West-travel» туристік фирмасының  басқару-ұйымдық құрылымы

Басшы




Темір жол билетін  рәсімдейтін менеджер




Халықаралық туризм менеджері




Бухгалтер

 

 




 

 

 


 


Әуе билетін  рәсімдейтін менеджер




 

 

Фирмада туризм саласының  мамандары жұмыс жасайды  соның  ішінде: 6 штаттық   қызметкерлер, директор, бухгалтер, халықаралық туризм бойынша менеджер және 2 әуе және темір жол билеттерін ұйымдастың менеджерлар.

 «West-travel» туристік фирмасының персоналдарының  қызметіне жүгінген тұтынушыларға сапалы ақпарат беру арқылы, олардың сұрақтарына нақты жауап берулері қажет. Туристтік фирманың персоналдары келесілерді: заңнамалық актілерді,  туризм саласы бойынша құжаттарды нормативтерді, халықаралық ережелерді, Қазақстаннан кеткен, келген туристтердің құжаттарын толтыру ережелерін, әуе билеттерін рәсімдейтін  нормативтерін, студенттерге, жасөспірімдерге  және мұғалімдерге әуе билеттеріне арналған тиесілі тарифтерді рәсімдеу нормативтерін білуге міндетті. «West-travel» туристік фирмасы тұтынушыларға жеңілдіктер, мерзімдерді өзгерту және билеттерді қайта қайтару мүмкіндіктерін жасайды.  Электронды билеттер рәсімдеу қызметі – жолаушыларға, әуежайғада және фирма үшін де тиімді мүмкіндік. Электронды билеттерді ұйымдастыру тиімді әрі жылдам.

       Бас директорға бухгалтер, туризм мен демалыс жөніндегі  менеджер, білім жөніндегі менеджер бағынады. Туристерге сапалы қызмет көрсету үшін  компания уақытша қызметкерлерді жұмысқа алады. Айталық, 2010 жылы ақпанда білім көрмесін ұйымдастыру үшін 20 аудармашы тартылған болатын

Басқарманың ұйымдастырушылық құрылымы қолданыстағы бағыныштылық жүйесін, міндеттер мен жауапкершіліктердің бөлінісін, коммуникациялар мен ақпарат жөнелту тәртібін, шешімдерді қабылдау жүйесін көрсетеді.                   

Директордың қызметі  мынаған саяды:

- қолхатсыз шешім қабылдай  алады;

- қызметкерлерге байланысты: оларды жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару бұйрықтар береді;

- еңбекақы жүйесін  тағайындайды;

- сыйақы тағайындайды;

-« West travel» ЖШС жалпы басқару;

-сату бөлімінің жұмысын  бақылау; 

-қаржылық және материалдық  құндылықтарды бақылау;

-құрал-жабдықтар  мен  кеңсе техникасының күй-жайын  бақылау;

-сұраныс пен ұсыныс  нарықтарын талдау;

-серіктестер мен клиенттермен келісім шарттар жасасу;

-агенттіктің жарнамасын  ұйымдастыру.

Туризм жөніндегі менеджердің  қызметі:

- факсимильдік хабарларды қабылдау/ жөнелту;

-қоңырауларға жауап  беру;

- құжаттардың толық жиынтығын дайындау;

- жолдамаларды ресімдеу;

- клиентті қарсылау және тауарды таныстыру;

-клиенттермен келісім  шарттар құру;

- клиенттермен байланыс;

-клиенттік базаны толықтыру;

-жасалған жұмыстар жөнінде есептер ұсыну.

Бас бухгалтердің қызметі:

-ҚР-да қолданылатын  ұлттық бухгалтерлік және салық есебін жүргізу;

-қолданыстағы заңдарға  сәйкес салық, қаржы және статистика есептерін мерзімдерге сай тиісті органдарға тапсыру;

Қоғамды басқару органдарына жыл сайынғы есептерді ұсыну.

Еңбек ақыны төлеу, есептерді  ұсыну, ағымдық шығындарға ақшалай  қаражат бөлу.

Жұмыскерлердің жұмысын  ұйымдастыру

Қызметкерлерді ұйымдастыру  мақсаты –шығындарды азайту шартымен берілген тиімділікке қол жеткізу.

Қызметкерлерді басқару функциялары былайша таратылады.

Жалпы жарнама  агенттігін директор басқарады. Ол фирманың іс-әрекетінің мәселелерін ресми және нақты түрде шешеді. Барлық қызметкерлер орындауға тиісті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Оның міндеттері: мақсат пен міндеттерді қою, оларға қол жеткізуді жалпы бақылау.  Оның функцияларына мекеме қызметкерлерін жұмысқа алу, жарнама ұйымдастыру кіреді. Сондай-ақ директор банктерде шот ашып, қаражатты басқару құқығына ие, кей жағдайларда сенім хат тапсырады.

Информация о работе Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару