Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реклама.doc

— 388.00 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ каталогтар мен  визит карточкаларын ауыстырып, сувенир өнімдеріне тапсырыс беру керек. Сувенирлік өнімдер жарнамалық стратегияның тұжырымдамасына қатаң түрде  сәйкестендіріліп таңдалуы тиіс. Сувенир таңдауда үш пакетті қалыптастыру қағидаты қолданылады: жоғары, орташа және қатардағы деңгейлі Колумбус Трэвел серіктестері мен клиенттері үшін. Сараланған түрде сувенирлер шетелдік және қазақстандық серіктестерге беру үшін іріктеліп таңдалады.

Бюджеттің ерекше бабына –мерекелік сувенирлік өнімдер. Жарнамалық таныстырылымдар кезінде «Columbus travel» туристік фирмасының жатталатын қызықты сувенирлерін таратқан жөн.

        Туристік қызметтер жарнамасы барлық турфирма жарнамасы мен арнайы жарнамалық хабарландырулар үйлесіміне негізделеді. Бұл ара қатынас маркетингтік зерттеулер негізінде жасақталуы тиіс. Туристік бизнес тәжірибесінде тура және жанама жарнама кеңінен қолданылады. Тура жарнаманың міндеті –клиенттерге аяқтай бару арқылы көбірек тур өткізуге тырысу (тікелей сатулар). Тікелей поштамен таратуды  авиакомпаниялардың, қонақ үйлердің және басқа туризмге қатысы бар мекемелерде қарқынды түрде қолдануға болады. «West travel» ЖШС тәжірибесінде арнайы отандық журналдарда, сондай-ақ іскерлік анықтамалар мен  каталогтарда орналастыру қалыптасқан.

 «West travel турагенттігінің жарнамасында фирманың белгісі міндетті түрде болуы тиіс.  Жарнамалық мәтінде фирманың орналасқан жері, автотұрағы, әр клиентке жеке ыңғай білдіру сияқты барлық жағымды сәттер айтылуы тиіс.

«West travel» ЖШС-не жаңа клиенттерді іздестіру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет.

Қазіргі жағдайларда  жарнаманы Интернет желісінде орналастырудың кез-келген мүмкіндігін пайдалану  керек. Бүгінде туристік агенттіктің  барлық жұмысы дерлік  виртуалдық кеңістікте жүріп жатқандықтан, Интернеттегі жарнамаға аса көңіл бөлу керек. «West travel» турфирмасының желідегі жарнамасы бар, алайда әлі де болса жеткіліксіз.

Ақпаратты негізінен  арнайы туристік WWW-серверде орналастырған  дұрыс.  Бұл жағдайда осы іс-әрекет саласы бойынша мамандардың сапалы қызмет көрсететінін күтуге болады. Желідегі материалдар техникалық қызмет көрсетуді, жөнелту мен дамытуды талап етеді. Сондықтан оларды қызмет көрсету сапасы жоғары жерлерде, тіпті тасымалдағыш басқа қалада немесе  басқа елде болса да орнату керек.

Егер нобайы жарнама  берушіге үйлесіп жатса, жарнаманы  басқа WWW- серверге орналастыруға болады, ол онша қымбат емес және қосымша клиенттерді  тартуға мүмкіндік береді.

Қазірде Интернетте туристік өнімді алға апарушы ақпараттық желі мен арнайы агенттіктер бары белгілі.

"Стар Лайт" электронды  баспасы Интернеттегі жарнама  қызметтерінің және туристік  өнімді ілгерілетудің барлық  қызметтерін ұсынады. Олардың  көмегімен туристік мекеме дербес  беттен өкілдік құруға  дейін барып, тіпті киберкеңістікте виртуалды кеңсе ашуға болады.

ИНТУРИОН (http://www.hro.ru/intour) арнайы онлайын қызметінің беттерінде туристік мекемелерге жарнамалық және ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. ИНТУРИОН жүйесі келесі бөлімдерден  тұрады:

- туристік мекемелер  – электронды онлайн анықтама;

- туристік ұсыныстар  - туристік бағдарламалар мен  турлар туралы хабарландырулар;

- серіктестерді іздеу  –серіктестерді іздеу туралы  хабарландыру;

- туристік қызметті  қамтамасыз ету - туристік қызметті қамтамасыз етуші мекемелердің онлайн анықтамасы;

- виртуалды саяхаттар  - Интернетте  көрсетілген елдер  мен қалалар бойынша электронды  экскурсиялар.

Электронды онлайн анықтама жер шарының кез-келген түкіпіріндегі  ақпарат түйініне ашық түрде тәулік бойы қол жеткізу, жаңадан түскен  материалдарды 1-2 күннен кешіктірмей жариялау,  мәліметтерді елдер, қалалар мен сервис түрлері бойынша топтастыру, ақпаратты тез іздеп-табу, дербес беттерге сілтемелер жасау қызметтерін ұсынады.

Желідегі жарнама кешенді  жарнама арқылы ғана алға ілгерілейтін өнімді өткізудің элементтерінің бірі. Туристік технологияларға септесу ассоциацияларының бас директоры Сергей Аримов екі сәтті бөліп көрсетеді: сайтта өнім туралы клиентке қажетті ақпараттың бәрі болуы керек. Оны оңай іздеп-табуға, сөздерді қойып, іздеуге, басып шығаруға болады. Сайт –фирманың бет-бейнесі, визиттік  карточкасы, «ол мінсіз болуы тиіс».

Турагенттік сайтта ақпаратты егжей-тегжейлі орналастыруы тиіс. Ең алдымен клиентті қызықтыратыны –баға мен сервис туралы толық мәліметтер.

Талдаулар көрсеткендей, агенттіктің табысқа жетуі үшін клиент қамқорлыққа бөленуі тиіс.  Туристік бизнесте қызмет сатып алынады. Сондықтан клиентке жайлы да қауіпсіз қызметтер кешенін ұсынған жөн. «West travel» ЖШС-нің тұрақты клиенттері бар. Оларға ерекше ыңғай білдірген жөн, клиенттерге басшылық тарапынан аударылған назардың өзі қанат бітіреді. Осы санаттағы клиенттерді туған күндерімен, ұлттық мерекелермен  құттықтап, осы туристердің талап-тілектерін, әдеттерін есте сақтау қиын емес, сондықтан оларды ерекше назарға алу керек.

Тұрақты клиенттермен және қонақтармен жұмыс жарнамалық іс-әрекеттің  бөлек бағыты, ол бюджеттің арнайы бабында қарастырылады (оларға арналып  қымбат сувенир бюұйымдар жасату, іскерлік үлгідегі сыйлықтар тапсыру, құттықтаулар, т.б.).

Жанама жарнамаға «паблисити» жатады. «West travel» қолдауымен, сондай-ақ қаладағы Agip KCO, Tengizshevroil, АМӨЗ (Атырау мұнай өңдеу зауыты), Shlumberge, Sichim сияқты белгілі кәсіпорындармен бірлесіп өткізген шаралар турфирманы беделін арттырады.

Сондай-ақ жарнаманың жағымды  амалдарының ішінде турфирманың  белгісі бейнеленген шағын сыйлықтар, мыңыншы клиентке сыйлық деген амалдарды  қолдануға болады.

Фирманың беделін көтеруде дизайдық ресімдеудің маңызы зор: жасанды  гүлдерден бас тартып, плакаттарды, хабарландыру, маңдайшаларды фирмалық стильде жасату керек, мереке күндері интерьерді де фирмалық үлгіде безендірген әсерлі болады.

 

Біреулердің есептеуінше, орташа статистикалық адам күн сайын  3 мыңдай жарнамалық хабарламамен бетпе-бет  келеді екен. Бұл санның қайдан шыққаны белгісіз. Алайда бәрі келісетін шығар: жарнаманы көрмейтін жеріміз жоқ, басылымдарда, радио мен телеарналарда, поштада және Интернетте және олардың  99%-ына зейін аумайды екен, өйткені бетпе-бет келгенімен көрмей қалдық, немесе көрсек те есімізде қалмады.

Кез-келген жарнаманың басты  міндеті - тұтынушылар тұтынушылардың мақсаттық аудиториясының назарын  аудару, ол үшін екі кедергіден өту  керек: біріншіден, көз тарту, зейінді  аудару, екіншіден –зейінді ұстап  тұру.

Әдетте баспа жарнамасында бұл міндетті тақырыпша немесе көркем безендірулер атқарады. Радио-жарнама музыкаға, дыбыстық әсерлерге, маңызды сөздер мен есте қалаларлық мәтінге сүйенеді. Теле жарнама ең күшті дәйек –визуалды элементтерді пайдаланады.

Дизайн мен мәтіннің (ауызша немесе жазбаша) жарнаманың табыстылығы үшін маңызы зор. Олар көрерменнің назарын тартып, жарнама идеясын есте қаларлықтай жеңіл етеді, жарнама идеясына сәйкес келетін өнімнің имиджін күшейте түседі, көрерменді маркетингтік жоспардың орындалуына апаратын әрекеттерді жасауға ұмтылдырады.

Жөнсіз-жосықсыз ұзын-сонар  жарнама көрерменді шаршатып, сәтсіздікке  ұрынады. Ал дизайнда құпия нәрсенің болуы көрерменнің ықыласын оятып, өнім туралы молырақ білуге талпынтады.

Жарнаманың мәтіні мен дизайны көрерменнің ой қажеттіліктерін танып, қолдауы тиіс. Тұтынушы әдетте ақпараты өте көп жарнаманы көргеннен кейін «Бұл мені неге қызықтыруы тиіс?» деген сұрақтың астында қалады. Сонымен қатар қарапайым адам хабарландырудан тек екі-үш сөзді ғана есінде қалдырады, жалпы сөзден гөрі бейне жақсы жатталады.

«Жарнама бейнесі» өнімнің  оң имиджін қалыптастыруға көмектеседі. Ауқатты клиенттерге арналған өнім жарнамасы үшін осы имиджге тән  дизайн, мәдениетті актерлар, зияткерлік жағымды дауыс, консервативті шрифт, молшылыққа толы маңайы қарастырылады.

Жарнама маркетинг жоспарында алдыңғы шептегі әскер сияқты. Оның ерекше рөлі сол –бренд туралы мәлімдарлықты қалыптастыру,  имидж  жасау, қажеттіліктің тез қанағаттандырылғанын көрсету, өніммен танысу туралы шешімге  итермелеу, брендке деген бейтараптылықты жою.

Мәтіні мен дизайны көрерменді қазір немесе ертең белгілі бір әрекетті жасауға бағыттауы тиіс. Жарнама әдетте сатуға емес, тұтынушыны келесі қадамды жасауға талпынтады /маркетолог 3,09/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. «West travel» жарнамасының тиімділігін есептеу

 

Бүгінде компаниялар коммуникация шығындарын өз мойындарына алып, өздері үшін жарнамалық шаралар жиынтығын таңдайды. Бұл таңдау біріншіден –жарнаманың міндеттеріне, екіншіден –оның тиімділігіне байланысты. Бірақ тиімділікті бағалау қашанда әділ жүреді.

Жарнаманың тиімділігін  анықтау моделі

Әзірше салалар бойынша  жарнама тиімділігін анықтаудың жалпыға бірдей моделі табылған жоқ. Әр нақты жағдайда зерттеуші бұл  мәселені өз бетімен шешіп, көбінесе екі көрсеткіштерге сүйенеді: пайда мен шығындар. Көбінесе жарнамалық шараларды таңдау және бюджетті анықтау мәселесі жеке ықылас, бұрынғы тәжірибе, бәсекелестер тәжірибесіне негізделеді.

Дегенмен қолдануға  мейлінше бейімделген баламалық  көзқарас, ыңғайдың бары белгілі. Ұсынылған  модель бизнес үшін маңызды параметрлерді бағалауға бағытталған, олар компания дамуының таңдалған бағдарының дұрыс-бұрыстығын айқындайды. Ол есептеулердің қарапайымдылығымен, көрсеткіштердің бірмағыналылығымен, алынған нәтижелердің оңай қолданылатындығымен ерекшеленеді.

Бәсекелестік күшейген сайын қарқынды жарнама сатудың  қозғалтқыш күші болып табылады.  Қатаң түрде айтқанда, жарнама  тиімділігін бағалау моделін  жасақтау үшін екі нәрсе керек: көрсеткіштер мен осы көрсеткіштерді есептеу  жүйесі.

Бағалау жүргізілуге тиісті көрсеткіштердің ең аз жиынтығы төмендегідей:

• жарнаманың тиімділігі –хабарлама тиімділігінің салымдар   тиімділігіне қатынасы;

• хабарлама тиімділігі  -жарнаманы көргеннен кейін өздерінің  мінез-құлқын өзгертіп, сатушының қызметіне  жүгінген сатып алушылар үлесі;

• салымдардың тиімділігі  -жарнама шығындарының маржаға қатынасы;

• жауаптың тиімділігі –трафиктің жарнама құнына қатынасы;

• жетістік тиімділігі  -аудиторияның маржаға қатынасы;

• жарнама аудиториясы  – жарнаманы көрген әлеуетті сатып  алушылар саны;

• жарнама құны –жарнама шығындары;

• маржа – саудадан түскен пайда мен тауар құнының  айырмасы;

• трафик – сатып алушының қызметіне жүгінген сатып алушылар саны.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің  бәрі өлшенеді және стандартты болып  табылады.  Оларды формула арқылы оңай салыстырып, есептеуге, қатар қоюға болады.

Айта кететін жайт, жарнама тиімділігін бағалаудың әмбебап моделі мына жағдайда жасақталмайды  –егер біз есептеулерде нақты  саламен шектелетін болсақ –бұл коммуникация түрі сан алуан есептерді шығара алады. Сондықтан осы модельді қолдану кезінде келесі шарттар орындалуы тиіс:

1) жарнама мақсаты пайданы көбейту болып табылады;

2) маркетингтік коммуникацияда пайдаланылатын креативті материалдар жарнаманың барлық талаптарына сай келеді;

3) медиа жоспарлау берілген бюджетпен мақсаттық аудиторияның нақты өкілдерінің байланыстарын мейлінше арттыру кезінде орындалады;

4) өнімді жеткізу мен сату үрдісімен байланысты сыртқы үрдістер 100%-ға орындалған;

5) сатумен байланысты үрдістер зерттеу мерзімі барысында қатыстық тұрғыдан тұрақты болды.

Жарнама науқаны мақсаттары  әдетте компанияның қызметтерімен  тығыз байланысты болады. Коммерциялық мақсаттардан басқа компания әлеуметтік мәселелерде тұрақтылықты қамтамасыз етуге, әртүрлі көмектер беруге ұмтылады. Бұл модель коммерциялық тұрғыдан жарнаманың тиімділігін бағалайтын болса, компания жұмысының түпкі мақсаты пайданы көбейту болмақ. Жекелеген жарнамалық науқандарды жүргізуде фирманың міндеттері басқа болуы мүмкін. Мысалы, клиенттерді орташа санынан артық тарту үшін Колумбус Трэвел  туристік агенттігі турларға 10% -дық жеңілдіктер жариялауы мүмкін. Ол кезде саудадан түсетін пайда артып, ал маржа түсіп кетеді (жарнамалық науқан аясында пайданы көбейту міндеті бойынша өнім сату шығындары мен жарнама құнын жаба алатын маржиналдылығымен бірге сатылады).

Бұл модель бойынша есептеулер жүргізгенде креативті материалдардың деңгейі, түсті, суретті, мәтінді, аннотацияны  таңдау, медиажоспар сапасы, медия  тасымалдағыштарды таңдау,   коммуникациялардың жиілігі мен ұзақтығы, тауар логистикасы, мақсаттық аудиторияның құрамы мен бірегейлігі сияқты факторлар енгізілмейді. 

Сыртқы үрдістер көбінесе жарнаманың түпкі тиімділігінде  маңызды рөлін атқарады. Турды  таныстырып тұрған менеджердің сыртқы келбеті, мұқияттылығы мен көңіл күйінің өзі сатуға әсер етеді.

Нақты түрде жарнаманың тиімділігі  көрсеткіші хабарлама  тиімділігінің салымдар тиімділігіне қатынасы ретінде есептеледі.

Информация о работе Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару