Туристік фирмаларда сервистік қызмет ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 13:27, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаттарының бірі бұл қызмет көрсету сферасының құрылымы, қызмет көрсету мен сервистік қызметтің жіктелуі, оның туризм саласындағы дамуы және ерекшеліктерін айқындау еді. Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету — халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық өсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Содержание

1. Сервистік қызметтің қалыптасуы.
1.1.Сервистік қызметтің жаратылысы мен ерекшелігі
1.2.Қызмет көрсету нарығының ерекшелігі.
1.3.Қызмет көрсету сферасының құрылымы.
1.4.Сервистік қызмет көрсетудің сапасы.
2. Туризм жеке сервис жүйесі ретінде.
2.1.Туризм индустриясы.
2.2.Қазіргі шақтағы туризм жұмысының экономикалық механизмі.
3.Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні.
3.1. Туристік сұраныстың географиялық ерекшелігі.
3.2. Қонақ үйіндегі сервистік қызмет.
3.3.Туризм қызметіндегі жаңа ақпараттық технологиялар.
Қорытынды
Пайлаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сервис қызметі ұйымдастыру -Айгерім.doc

— 491.50 Кб (Скачать документ)

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып еді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АКШ та бұл көрсеткіш 90% құрайды /8/.

Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз — теңіз   саяхаты,   жабық   бір   шеңбермен,   белгілі   бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында — Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер — Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашында  барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде   болса,   онан   түсетін   кіріс   туристік   мекемелердің жұмысының  басты  нәтижесі  болды.   Бірте-бірте  коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға гана змес, -истік мекемелерге де өте тиімді.    Сонымен, әлеуметтік туризм — бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын кұрылымдар қолдайды.

Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында ғана "жасыл" козғалыс толқынында пайда болды және елдің түрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды, сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылықтары бар. Олар төмеңдегідей негізгі белгілер /5/:

  • экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;
  • туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;
  • басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;
  • экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі — экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
  • бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік-экономикасын көтеретіндей дәрежеде болуы.

Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді.

Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиетті "хаджа" орталығы — Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.

2.2. Қазіргі шактағы туризм жұмысының экономикалық механизмі

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның күрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса (өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс жөне үсыныс заңы, бәсекелік баға шығару және т. б.), екінші жағынан, туризм — бүл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі жөне халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы зандылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.

Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-қүлқын зерттейді, өйткені олар туристік онімдерді өндіреді, беледі, айырбастайды және түтынады.

Туризм экономикасының түйінді мәселелері мыналар /6/:

  1. адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын объективті факторлар;
  2. адамдардың туристік қажеттерінің мазмүны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы классификациясы;
  3. туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
  4. туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері, туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау;
  5.  қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы ту- 
    ристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;

6)  мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жүмысының 
қаражат және экономикалық ерекшеліктері;

7)  микро- және макродеңгейдегі туризмнің экономикалық және әлеуметтік әсері.

Туризм экономикасын жетік түсініп-білу үіпін оның арғы тарихына тоқталып өткен жөн. Туризм экономикасы қоғаммен, саяхатпен және туризммен бірге дамып отырды.

Үлттық шаруашылықгың кұрамының бір бөлігі ретінде, басқа өзгерістермен бірге туризмнің экономикасы мен әлеуметі де өзгеріп түрды.

Тарихи жағынан қарасак, туризм дегеніміз бүл сонау көне заманнан бүгінгі күнімізге дейінгі көп жылдардың нәтижесі. Ерте кезендерде туризм экономикасы саяхатшылардың басқа елдердің халықтарының әдет-ғұрпын, даму деңгейінің сипаттарын зерттеумен шектелсе, ал Рим империясының дәуірінде ертедегі туризмнің алғашқы экономикалық ресурстары ретінде мемлекеттік және жекеменшік керуен сарайлар болды.

Орта ғасырда христиан діні мен сауданың дамуына байланысты саяхаттаушы шіркеуге қызмет етушілер мен көпестер пайда болады. Біріншілері христиан дінін дамытуды мақсат етсе, екіншілерінің мақсаты — баю еді. Туристік ресурстар монастырь түріне көшеді, керуен сарайлары кайтадан дами бастайды.

Ұлы географиялық ашулар дәуірінде саяхатшылардың, теңізде жүзушілер мен алғашқы өтушілердің максаты зкономикалық мақсатқа айналады — жаңа территорияларды басып шіу және оны игеру. Саяхат пен экскурсия экономикалық жаңа түрге көшеді, ягни туризм түріне. Осылайша, 1908 жылы Ресейде экскурсиялық білім беру комиссиясы құрылады, оның мақсаты — білімді адамдарды Батыс пен Шығыстың мәдениетімен таныстыру. Бүл комиссияға бірнеіие министерліктер қолдау көрсетті.

Өндірістік тоңкеріс дәуірінде ішкі және халыкдралық туризмнің дамуыныц материалдық негізін күрайтын жаңа көлік түрлері пайда болады.

XX ғасырда туризм адам түрмысының нақты бір факторына айналады.  Ұйымдастырылған экскурсиялар көптеген халықтың өмір сүру дәстүріне енеді. КСРО-да Кеңес үкіметі кезінде туризм бұрын болмаған қарқынмен дамыды, жаңа әлеуметтік түрге жетті, халық үшін қызмет жасады. XX ғасырдың 90-шы жылдары халықаралық туризм кең дами бастайды. Туризм экономикасы жаңа сипаттарға ие болады: көтерме туристік фирмалар, жеке турагенттіктер мен тур-операторлар, дүниежүзілік, үлтгық және аймақтық әр түрлі туристік үйымдар пайда болды.

 Туризм жүмысының экономикалық механизмін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бүл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы толық мағлүмат болу керек; екіншіден, бүл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп-білу қажет.

Қазіргі шақтағы туризмнің жалпы экономикалык механизмі келесідей ережелермен ашылуы мүмкін /11/.

  1. Қазіргі туризм нарықтық ортада мемлекеттің бақылауымен және реттеуімен, сонымен қатар басқа да 
    қаражат, экономика институтымен және үйымдармен жүмыс 
    істейді. Мүны былай түсінуге болады, барлық туристік 
    фирмалар мен үйымдар үш негізгі экономикалық таралу 
    кағидаларымен жүмыс істейді:
  • біріншіден, олар басқарудың ерікті болуын жөне соған сәйкес бастамамен жауапкершіліктің бос болуын қалайды;
  • екіншіден, олардың шаруашылық іс-өрекеттері объек-тивті түрде туристік нарыктың зандарына бағынады (қүн заңына, сүраныс пен үсыныс, бәсекелестік, акша айналымы, баға күру заңына);
  • үшіншіден, турист және табиғат үшін туризмге әлеуметтік және адамгершілік бастаманы енгізуге, мемле-кеттік және қоғамдық институттар туризмдегі нарық процестерін реттеуге тырысады.

2.  Туристік фирмалардың нарық ортасында жүмыс істеуі 
туристік нарықтың ерекшеліктері мен зандылыктарын 
объективті турде оқып-білуді қажет етеді. Туристік нарықты 
окудағы негізгі аспектілері келесілер:

— туристік нарықгың жүмыс істеу механизмі, оның сегменттері, маусымдық сипаты;

  • туристік нарық пен оның сегменттерщщ жұмысы;
  • бағаның қалыптасуы және туризмдегі бағаның кұрылуы:
  • туризм сферасындағы сұранысқа әсерін тигізетін факторларды оқып-білу және баға мен табыстың сұраныстың төлем қабілетіне әсері;
  • туристік қызметке ұсыныс жасауға әсерін тигізетін факторларды оқып-білу, сондай-ақ құнды және қүнсыз факторлардың әсерін де қарастыру.

3. Ұзақ мерзімдік болашаққа, туристік нарықтагы эконо- 
микалык теңдестік, туристік индустрияға объективті қаражат экономикалық   талдау   жасауды   қажет   етеді   (оның құрылымы, даму тенденциясы мен жағдайы, функциялык ролі мен бағыты). Туризмнің материалдық-техникалық базасына және ресурстарына талдау жасау, нақты іске асатын туристік ұсыныстарды шешуге сондай-ақ туристік өнімдердің сапасы туралы көмек береді.

  1. Туризм экономикасының маңызды мәселесі - бүл салада жұмыс күшін пайдалану. Сондықтан да туристік іс әрекеттің экономикалық әсері оның барлық көріністерінде терең талдау жасауды керек етеді. Еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығына талдау ерекше көңіл қоюды қажет етеді.
  2. Туризм экономикасы негізгі мәселе ретінде іскерлік іс-әрекет пен туристік фирмалардың нарықгағы тәртібі туралы такырыптарды зерттейді. Бұл туризмдегі іскерлік іс-әрекеттің айрықшылығына есеп жүргізу, коммерциялық есепті терең білу, бұл жүмысты жоспарлау, әсіресе, бәрінен бұрын биснес-жоспар жасау, сондай-ақ бухгалтерлік және басқару есепгерін білу.

Туризмдегі іскерліктің маңызды мәселесі — ол туристік фирманың шығынына, кірісіне, жалпы пайдасы мен табысының шегіне талдаулар жасау. Шығынның шегі мен табыстың шегін білу фирманың туристік нарықтағы тортібі мен орнын шешуге мүмкіндік береді.

  1. Туризм экономикасының маңызды бөлімі—табыс 
    факторларына талдау жасау: жүмыс ақысы мен еңбектің 
    бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристік рента 
    іпайыз түрінде түсетін табыс). Туристік рента мәселесі мен 
    өнімдер шегіне ерекше көңіл аудару керек. Бүл туризмді 
    өзіндік қаржылаудың ішкі  көздерін  анықтауға  мүмііндік

береді және туризм сферасындағы өндіру факторларыныя өнімділік шекарасын белгілейді.

7. Туризм экономикасы өзіне қаржы мәселесін ле енгізеді: турфирмалардың өзінің қаржы ресурстары, кредит алу мүмкіндіктері, банкімен және банк жүйелерімен өзара қатынасы, барлық деңгейдегі бюджетпен қатынас және салык салу.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онысыз бүгінгі күні экономика ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес.

Казіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп түрады. Бұрын туризмде алдыңғы рольде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде, Олардың орнына жаңа озатгар келуде.

Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:

  • өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;
  • белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде.
  • туристік өнімді өндіретін, оны к: жөне айырбастауды зерттейтін коғамдық ғылым
  • туристік  экономика  жүйесінің  барлық деңгейіндегі адамның   мінез-күлқын   зерттейтін   қазіргі   экономикалық теория ретінде;

Фундаменталды  экономика  жағынан  қарасақ,  туризм дегеніміз ол экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гөрі, кобінесе әлемдік шаруашьшық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен катар  туризм көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің катализаторы. Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда  басқа өндірісте өндірілген өнімнің бір бөлігін ғана апарып қоймайды,  сонымен  қатар  онда  жаңа  жұмыс  орнын да құрады.

 

Казіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:

  • индустриялдық түрде болады:
  • туристік  өнім  мен  қызмет  түрінде  көрінеді,   оны науға және көлікпен тасуға болмайды;

— жаңа    жүмыс    орындарын    құрайды    жене    жаңа аандарды игерудегі  алғашкы  қарлығаш,  сонымен  катар ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болады;

  • туризмге мамандандырылған елдің пайдасына үлттық табысты қайта бөлу механизмі ретінде кіріседі;
  • үлттық табыстың өсуіне, жергілікті инфрақүрылымның имуы мен жергілікті халықтың өмір деңгейінің осуінде мультипликатор рөлін атқарады;
  • жоғарғы деңгейдегі әсерлілікпен және инвестицияның жылдам қайтарылуымен сипатталады;
  • табиғат пен мәдени мүраны қорғаудың тиімді құралы ретінде жүмыс істейді, өйткені оның негізгі ресурстарының базасын осы элементтер күрайды;

Информация о работе Туристік фирмаларда сервистік қызмет ұйымдастыру