Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 12:20, реферат

Краткое описание

Экономика саласының үздіксіз қозғалыста тұруына көп жағдайда сыртқы күштердің, оның ішінде шетелдік капиталдың ықпал-әсері орасан зор екені анық. Бұл мәселеде туризм саласы бірден ауызға іліге кетеді. Себебі, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі – осы туризм.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Конгреcтік туризм түсініктемесі......………………………………....5
2. Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі…………………..5
3. Конгреcтік туризмнің негізгі орталықтары…………………….........6
4. ХХІ ғасыр басындағы конгрестік туризм………………………........7
5. Конгрестік туризмнің сапарлары.……………………………............8
6. Конгрестік туризмнің Қазақстандағы дамуы...................................9
Қорытынды...................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................12

Прикрепленные файлы: 1 файл

«КОНГРЕСТІК ТУРИЗМ ТҮСІНІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ДАМУЫ».doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Экономика» факультеті

«Туризм» кафедрасы

 

 

 

Туризмология негіздері пәні бойынша

 

РЕФЕРАТ

 

«КОНГРЕСТІК ТУРИЗМ ТҮСІНІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ДАМУЫ»

 

 

 

Орындаған: Молдакова Н.Ф.

                                                               Тексерген: Муканов А.Х.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2009

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Конгреcтік туризм түсініктемесі......………………………………....5

2. Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі…………………..5

3. Конгреcтік туризмнің негізгі орталықтары…………………….........6

4. ХХІ ғасыр басындағы конгрестік туризм………………………........7

5. Конгрестік туризмнің сапарлары.……………………………............8

6. Конгрестік туризмнің Қазақстандағы дамуы...................................9

Қорытынды...................................................................................................11

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономика саласының үздіксіз қозғалыста тұруына көп жағдайда сыртқы күштердің, оның ішінде шетелдік капиталдың ықпал-әсері орасан зор екені анық. Бұл мәселеде туризм саласы бірден ауызға іліге кетеді. Себебі, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі – осы туризм.

Қазіргі қалыптасқан халықаралық ұғым бойынша «туризм» дегеніміз адамдардың әр түрлі мақсатпен басқа елдерде, аймақтарда, аумақтарда уақытша болуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен материалдық орындардың жиынтығы. Дүние жүзілік туристік ұйымның берген анықтамасы бойынша «турист» дегеніміз әр түрлі мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, кәсіптік қызмет, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) басқа елдерде 24 сағаттан артық мерзімде уақытша болатын адамдар.

Туризм сферасы үшін кәсіптік мамандар дайындап шығаратын және олардың мамандықтарын көтеретін мекемелер оқу орындары болып табылады. Туристік кәсіпорындардың жиынтығын туристік инфрақұрылым деп атаймыз. Туристік индустрия ел экономикасы мен шаруашылық комплекстерінің қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етеді. Ол мыналардан көрінеді: жергілікті жердің түсетін пайдасын бір шама мөлшерде ұлғайтады, жаңа жұмыс орындарын жасайды, туристік қызмет етумен байланысты барлық салаларды дамытады, туристік орталықтарда әлеуметтік және өндіріс инфрақұрылымын жақсартады, мәдениеттің дамуы мен халық кәсіпкершілігінің қызметін жеделдетеді, валюталық табыстарды ұлғайтады және жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, жұмыспен қамтамасыз етеді.

Туризм саласы қоғамда атқаратын рөлі немесе алатын орны, туристердің алдына қойған мақсаты, туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне, жорық кезінде қолданылатын көліктердің түріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: экскурсиялық немесе танымдық туризм, курорттық туризм, спорттық туризм, тау туризмі, су туризмі, діни туризм, конгрестік туризм, ат туризмі және т.б.

Осы аталғандардың ішінде қазіргі нарықтық жағдайдағы туризм саласында  маңызды орынға конгрестік туризм ие болып отыр. Конгрестік туризм – іскер адамдардың келісім-шарттар жасауы үшін және тағы да басқа мақсаттармен жасайтын сапарлары мен осы мақсаттағы және ғылыми мақсаттағы симпозиумдар, конференциялар, көрмелер т.б. іс-шараларға қатысу мақсатындағы сапары. Конгрестік туризм туристік қызмет нарығының мамандандырылған сегменті болып табылады. Оның құрамына конгресс, конференция, жиналыс, кездесу, форум сияқты әр түрлі деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар кіреді.

Туризммен айналысқан адамның демалысы қозғалысымен ерекшеленіп, айналысатын қарекет түрі қоршаған ортасын өзгертуге және басқа адамдармен мәдениетпен, әдеп-ғұрыптармен танысуға, сондай-ақ табиғаттың бұрын беймәлім құбылыстары мен ерекшеліктеріне баса көңіл аударып, білуіне мүмкіншілік туғызатын сауықтың ерекше түрін қамтиды. Сондықтан қазіргі Қазақстан жағдайында туризм индустриясын дамытуды қолға алып, жобалар жасалу керек.

Туризм саласы Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап дами бастады. Негізгі себеп ол әлемдік экономикадағы жаһандану және интеграция процестерінің нәтижесінде әр түрлі қоғамдар ортасындағы байланыстардың қалыптасуы. Жалпы әлеуметтік қоғамның дамуы барысында әр қоғам мүшесінің қажеттіліктері күрделене түседі. Осыған байланысты туризм саласында барлық қарым-қатынастар қазіргі кезде ерекше сипаттарға ие болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Конгрестік туризм түсініктемесі

 

Конгрестік туризм – конгреске қатысу мақсатында болатын дипломатиялық туризм. Бұл салаға конгресстер, форумдар, конференциялар, жәрмеңкелер мен көрмелер сияқты арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысушыларды жатқызуға болады.

Негізінен, конгрестік туризм ұғымы ХІХ ғасырда пайда болып, ғылымға тек ХХ ғасырда ғана түпкілікті енді. Ғылым мен техниканың, экономиканың дамуына байланысты әлемде іскерлік және қызметтік сапарлар көбейе түсті. Басында бұл сапарлардың көбі мемлекетаралық деңгейдегі жүйемен жүргізіле бастады. Кейін, яғни ХХ ғасырдың басында іскерлік сапарлар халықаралық аренаға көтеріліп, тарих сахнасынан белсенді орын ала бастады. [1]

Конференциялар мен конгрестер экономиканың дамуына ықпал етіп, өзінің даму перспективасын қалыптастырды. Себебі, осындай маңызды іс-шараларда экономикаға әсері мол болатын жобалар жасалынды. Соның арқасында туризм нарығының конгрестік туризм саласы бірте-бірте өз қызметін күшейте берді.

Қазіргі кезде конгрестік туризм түсінігін конгрестер мен конференциялар ұғымымен байланыстырады. Сонымен бірге форумдар, көрмелер, жәрмеңкелер, симпозиумдар, семинарлар ұғымдарының барлығы да конгрестік туризм саласының маңызды бөлшектері болып саналады. Оларды дамыту қазіргі уақытта қатаң қолға алынып, өзінің даму бағыттарын жоспарлауда.

 

2.Конгрестік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі

 

Конгрестік туризмдағы конференция, конгресс, форум, семинар және т.б. жиналыстар арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар болып табылады. Бұл іс-шаралар өзінің өткізілу және ұйымдастырылу деңгейі бойынша ерекшеленеді. Арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар арасында ерекше орынды туристік көрмелер мен биржалар алады. Олар соңғы 30 жылда өткізіліп келеді және олардың саны жылдан-жылға өсуде. Еуропаның өзінде ғана жыл сайын 20-дан артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылып, өткізіледі. Ең ірі халықаралық турістік биржа болып наурыз айында Берлинде өтетін биржа саналады. Сонымен қатар жыл сайын қаңтар айының аяғы мен ақпан айының басында Мадридте халықаралық туристік көрме Фитюр өткізіледі. Оның ерекшелігі мынада: Бұл көрмеде туристік нарықтың жаңа сезондық бағалық және т.б. тенденциялары анықталады.

Экономика және өндіріс саласында конгреске тапсырыс берушілердің көбі фармацевтика және автомобильдік кәсіпорын өкілдері, қаржылық, қорғаныс жүйесіндегі ұйымдар. Конгрестің өткізілу ұзақтығы 2 күн, ал толығымен, яғни жолға және мәдениет бағдарламасына кеткен уақытты есептегенде турист конгресс өткізілетін қалада 4-5 күн болады [2]. Конгрестік туризмнің басты ерекшелігі: онда конгреске тапсырыс берушілер арасында бір ірі кооперативті тапсырыс беруші болуы керек. Мысалы: Корпорациялар, холдингтер, жеке министерствалар және т.б. Басқару деңгейінде ұйымдастырылған іс-шара өте маңызды және жауапты болып саналады, сонымен қатар өте қымбатқа түседі. Сондықтан да көптеген ұйымдастырушылар басқару министрліктерімен байланыс жасауға тырысады.

Конгрестік туризмнің даму уақыты күз айларына келеді. Рекреациялық туризмге бағытталған елдерде (мысалы, Греция, Турция, Италия, Испания) туристік индустрияның даму уақыты жаз айларына саяды және ол елдер қонақ үй жүйелерімен ерекшеленеді. Рекреациялық туризмнің белсенділігі төмендеген кезде қонақ үй жүйелерінің де белсенділігі төмендейді. Осыған орай рекреациялық туризмге бағытталған елдер күз айларында ірі масштабты конференциялар мен конгрестер ұйымдастырады. Егер Еуропада ХХ ғасырдың 30 жылдары жыл сайын 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылса, 90 жылдары олардың жалпы саны 8 мыңға жетті. Олардың басты бөлігі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің үлесіне келеді [3].

Конгрестер мен конференциялар конгрестік орталықтарда, отельдерде, конференц-залдарда, университеттер мен басқа да мекемелерде өткізіледі. 80 жылдары конгрестік пен көрмелік туризмнің жақындығы байқалған, сол кезде Америкалық орталық съездер құрыла бастады. Ол өз қатарында  ірі залдардан тұратын ғимараттар негізінде құрылды. Олар біруақытта көрме, біруақытта конференц-зал функцияларын атқарды.

 

3. Конгрестік туризмнің негізгі орталықтары

 

Қазіргі кезде конгрестік туризм сферасы дамыған және дамушы елдерде жоғары деңгейде даму үстінде. Конгрестік туризмге байланысты іс-шара ұйымдастыру қызметі де қазіргі кезде мемлекеттер арсындағы бәсекелестікті тудырады.

Конгрестік туризм саласының негізгі орталықтары болып Еуропа мен Солтүстік Америка саналады. Себебі, бұл аймақтарда дүние жүзіндегі ең негізгі және ең көп іс-шаралар өткізіледі. Еуропада бір іс-шара ұйымдастыруға орта есеппен 300 адам ат салысады, ал АҚШ пен Азияда олардың саны Еуропадан біршама асып түседі (5 мыңнан артық адам рекордқа тірелген) және Еуропада конгресті ұйымдастырушылар конгреске қатысатын адамның орташа санына қарайды. Себебі, сол арқылы конгресс өткізілетін жер таңдалады.

Еуропада конгрестік туризмнің жақсы деңгейде дамыған елі – Германия. Жыл сайын 5 млн-нан астам неміс ұлты іс-сапарға жіберіледі. Оның 3%-ы  шетелдерге, 21%-ы өз мемлекетінен тыс жерлерге,  ал 76%-ы өз елі ішінде туристік сапар жүргізеді [4].

Жыл сайын қараша айының ортасында Лондонда бүкіләлемдік туристік көрме өткізіледі. Бұл туристік нарықтағы өте белгілі және мамандандырылған көрме. Әлемнің әр елінің кәсіби мамандарымен тікелей байланыс жасауға негізделген. Халықаралық симпозиумдар мен жиналыстардың өткізілу санына байланысты алғашқы үштікке АҚШ, Франция және Ұлыбритания кіреді. Ал төртінші орынды иеленген Германия көрмелері және жәрмеңкелерімен әйгілі.

Миландағы туристік биржа көптеген шетелдерге танымал. Экспонаттар саны бойынша Мадридтық және Лондондық биржалардан кейін тұр. Ал стенд көлемі бойынша Берлин жәрмеңкесіне ғана жол береді. 

 

4. ХХІ ғасыр басындағы конгрестік туризм

 

Соңғы жылдары халықаралық іс-шаралар тарихи маңызы бар мекемелерде өткізіліп жатыр. Бұл жаңа заман сұраныстарына байланысты қалыптаса бастаған қажеттілік ретінде көрінеді. Ауа райы жылы кезінде сипозиумдар мен конференциялар өзен-көл жағалауларында өткізіледі. Мұндай іс-шараларға қатысушылар өзінің іскерлік мақсатын атқарумен қатар, дем ала да алады.

Конференция мен семинар ұйымдастыратын ұйымдар жұмысшылар делегациясын қабылдайды. Олар: маманданған және басқа да жұмысшылар тобы. Сонымен қатар кең спектрлі қосымша қызметтер: тамақтандыру, орналастыру, мәдени бағдарламалар ұйымдастыру шаралары жатады.

Конгрестік туризм дамыған және дамып келе жатқан елдердің экономикасына зор табыс кіргізеді. Мысалы, 2004 жылғы деректер бойынша АҚШ-та жалпы ұлттық өнімнің үлесінде конгрестік туризм 122,31 млрд долларды құрады, сонымен қатар қызмет көрсету саласының ішінде 25 орынды иемденді. Бұл туризмнің жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тигізген кірісін көрсетеді. Осы көрсеткіш бойынша ол фармацевтика және медицина сияқты өндіріс алпауыттарын басып озды. Оның әлеуметтік маңызын мынадан көруге болады: АҚШ-та конгрестік туризм саласында 1,7 млн адам еңбек етеді, яғни АҚШ-тың әрбәр 86 тұрғыны конгрестік туризм саласында қызмет атқарады [5].

Бұл деректерден біз АҚШ-тың дүниежүзілік туристік нарықта алдағы орындардың бірін иеленіп отырғанын байқаймыз. Жалпы алғанда, АҚШ экономикасы дамыған ел болғандықтан, оның туристік перспективадағы даму тенденциясы жоғары.

Қызметтік туризм нарығы Ресей Федерациясында бизнес ретінде жақын арада ғана пайда болды. Ресей нарығының көлемінде қызметтік іс-сапар бағасы орта есеппен 860 млн АҚШ долларына сәйкес келеді. Қызметтік туризм нарығының 75-80%-ы Мәскеу және Санк-Петербург қалаларының үлесіне тиесілі [6].

Туристтер ағыны Латын Америкасына да көптеп баратынын атап өткен жөн. Бұл экономика саласының дамуымен тікелей байланысты. Жыл сайын мемлекеттер арасында экономикалық қатынасқа негізделген қызметтік туризм шаруашылығы кеңейтілуде. Паравгай, Гватемала, Коста-Рика сияқты кіші мемлекеттерге де баратын туристтердің саны күннен-күнге артуда.

 

5.Конгрестік туризмнің сапарлары

 

Жыл сайын әлемде 100 млн-нан аса іс-сапарлар жасалынады. Олардың территориялды бөлінуі аса маңызды теңсіздікпен сипатталады. Іскерлік мақсатпен жасалынатын туристік сапардың көп бөлігі Еуропа елдеріне бағытталған. Еуропа континентінде іскерлік туризм құрылымына бизнесмендердің іс-сапары, конгрестік турлар, көрмелер мен жәрмеңкелерге сапарлар кіреді.

Еуропа елдері келушілер саны мен өндірістік шығындар көлемі бойынша туристік нарықта бірінші орынды иелене отыра, қазіргі кезде ақырын туристік нарықтың біріншілік позициясын жоғалтуда. Қызметтік туризм дамуының қарқындылығы бойынша да артта қалып барады.

Туристік нарықтың даму тенденциясы ХХ ғасырдың 90 жылдары пайда бола бастады. Компаниялардың экономикалық құлдырау жағдайында олар қатал экономикалық даму жағдайына өтті. Олар бірнеше күрделі сапарларды біріктіре отырып, іс-сапарлар санын қысқартты. Ал еуропалық фирмаларға қарағанда, американдық фирмалар өздерінің қаржы көлемін біртіндеп өсіре берді. Экономикалық жағжайдың тұрақсыздығына қарамай, іс-сапардың қызметтік жағына қаржыны көп бөлді.

Информация о работе Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі