Испания
Реферат, 18 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жалпы, Испания- әлеуметтік, демократиялық мемлекет, саяси құрылымы- парламенттік монархия. 1978 жылғы 6 желтоқсандағы референдумда қабылданып, 1978 жылдың 29 желтоқсанында өз күшіне енген конституциясы әлі де өз күшінде. Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А. ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі.