Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 18:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жансая.docx

— 84.32 Кб (Скачать документ)

Дегенмен де облыстағы  тұрғындар әл-ауқатының қауқары  кету туризмін жедел дамытуға жетпей жатыр. Сондықтан туристік қызметке иелік етушілер маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып, өз сегментін таңдап, сегменттің көлеміне қарай турөнімдерді дайындауы шарт. Турөнімді қалыптастыру мақсатты нарыққа сүйенеді, яғни нарықты сегменттерге бөліп, тартымды сегментті таңдау және оның талаптарына сай маркетингтік кешеннің құрамдастарын анықтау қажет.

2.2. Қазақстандағы  туризм индустриясының қазіргі  жай-күйі және оны дамытудың  проблемалары

Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары бiздiң з.д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Қазақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО-ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң тарихи мәнiне іс жүзiнде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң бiрi болып саналды және оның басым рөлiне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң  дамымай қалуының бiр себебi экономика  саласы ретiнде онымен мемлекеттiк  деңгейде тiкелей айналыспады. Туризмдi аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк  емес туристiк құрылымдарды кешендi болжауға, ұзақ мерзiмді жоспарлауға  назар аударылмады. Туризм табысының  үлкен бөлiгi жергіліктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылады.Қазақстан  тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк  қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету  үшiн негiз қаланды.

Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетiмiзде  туризмдi дамыту "Туризм туралы" Қазақстан  Республикасының 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 1508-ХII Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Түркi тілдес мемлекеттер  басшыларының Ташкент декларациясын iске асыру туралы, Ұлы Жiбек  жолының Қазақстан Республикасындағы  туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзілiк Туристiк  Ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуiрдегi № 3476 және "Жiбек жолының  тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұрасын  сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етiледi.Осы құжаттарды қабылдау туризмнiң Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер еттi.

Туризм индустриясындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бiрi - Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға толық мүше болып қабылдануы, туризм индустриясындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдер жасауы болды. Бiрқатар келiсiмдердiң шет мемлекеттердiң Қазақстанды туристiк әлеуетi мол перспективалы серiктес ретiнде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

Қазақстан Республикасының  Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы  дерегi бойынша елде 425 туристiк ұйым болды, оның iшiнде 6 мемлекеттiк кәсiпорын, 405 жеке меншiк нысанында және 14 шетелдiк  туристiк агенттiк жұмыс iстедi. Қазақстандық кәсiпорындар 80 елдiң туристiк фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. 4 Алматылық, және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлiк әуе рейстерiн жүзеге асырады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан  облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристiк фирмалар желiсi неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристiк ұйымдары жыл сайын туристердің  және экскурсанттардың 88 пайызына дейiн  қызмет көрсетедi.

     Республика бюджетiнен түсетiн жалпы түсiмдердегi туристiк қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесi 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда елдегi ЖIӨ-нiң туризмдегi үлес салмағының өсу үрдiсi байқалады, ол 1,1%-ды құрады.

Туристiк ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетiлдi, Қазақстанның туристiк фирмаларының қызметiн 55,9 мың шетелдiк азамат, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60%-ға көп. 1999 жылы қызмет көрсетiлген туристердiң жалпы көлемiнен шетелге туристердi жiберу 45%-ды құрады, iшкi туризм 30%, шетелдік туристердi қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.

Қазақстандық туристердің  неғұрлым көп баратын жерлерi: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Бiздiң елiмiзге Ресейдiң, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиiрек келедi.

Туристiк қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмiмен айналысатындығын көрсеттi, ал бұл, бiрiншi кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейiннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристiк қызмет көрсету рыногының жай-күйiн анық көрсетедi. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты туристер мен "чартер ұстаушылар" арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулi көмек көрсеттi. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бiрiн "қапшықтау" бизнесi тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бiр мезгiлде тауар өткiзу мен сату жүйесiндегi 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Қазақстанның iшкi сауда айналымындағы жыл сайынғы "қапшықтау" саудасының көлемi шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Сонымен бiр мезгiлде, шоп-туризм, ең алдымен, елiмiздiң бюджетiне керi әсер етедi. Туристiк бизнестiң секторларының бiрi ретiнде шоп-туризмнiң өсуi туристiк қызмет көрсетудiң деңгейiн көтеруге елеулi әсер ете қойған жоқ.

Бүкiл өркениеттi дүние  негiзгi туристер ағынын өздерiне тартуға ұмтылуда, себебi туризм мемлекет бюджетiнiң кірiс бөлiгiн толықтырудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдiк туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристiк ұйымдардың қызметiн, оның өзi бiрiншi кезекте, көлiк құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудiң жай-күйiне байланысты, келушi туризмдi дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлiк. Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық авиажелiлерінің Германияға, Үндiстанға, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар. Iшкi және халықаралық рыноктарда жұмыс iстейтiн "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердiң көпшiлiгi сервис және қызмет көрсету сенiмдiлiгi жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерiн жүргiзетін шетелдiк тасымалдаушылардың қызметiн пайдаланғанды жөн көредi, мұның өзi отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсiз. Оның үстiне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристiк өнiмнiң құнын өсiредi және тиiсiнше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi.

Автомобиль көлiгi шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмдi ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшiн пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйiне және туристiк көлiк құралдарына тиiстi техникалық қызмет көрсетiлуiне де байланысты болады. Республиканың автобус паркi қараусыз қалған, сонымен бiрге қазiргi заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетудi жоғары деңгейде ұстауға мүмкiндiк бермейдi.Негiзгi темiр жол тасымалдаушысы "Қазақстан темiржолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темiр жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдiң, Тәжiкстанның және Түркiменстанның жолаушылар пайыздары өтедi.Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристiк көлiктi дамытуға назар аудару қажет.

Орналастыру құралы. Туристiк  бизнестi шектеушi елеулi факторлардың бiрi туризм индустриясы материалдық  базасының мүмкiндiктерiнiң төмендiгi болып табылады. Қазiргi уақытта, республиканың  қонақ үйлерiнде, турбазаларында, кемпингтерiнде  және басқа орналастыру объектілерiндегi сыйымдылық жүктеменiң 35%-ын құрайды. Сондай-ақ елдегi қонақ үйлердiң саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бiр жолғы керует-орынға сыйымдылық тиiсiнше 30%-ға төмендедi.

Соңғы бес жылда 605 қонақ  үй жабылды, 1999 жылы республикада 205 қонақ  үй жұмыс істедi, нөмiр қоры небәрi 15%-ға ғана толтырылды.Облыс орталықтарында шетелдiк келушілерге сапасыз туристiк өнiм берудiң басты себебi тиiстi сыныптағы қонақ үйлердiң болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескiрген, қонақ үйлердiң бiр бөлiгiнiң жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебi олар 60-шы жылдары салынған.

Талдау көрсеткенiндей, туристiк  сыныптағы қонақ үйлердiң (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельдiлiгi неғұрлым жоғары.

Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйiндi мәселенiң  бiрi туристiк кадрлар даярлау  болып табылады. Қазiргi уақытта, Қазақстандағы мемлекеттiк, жеке және Ресейлiк филиалдарды қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізi 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристiк индустрияны мамандармен қамтамасыз ету әлi күнге дейiн қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебi Қазақстандағы туристiк әлеует туралы оқытушылар құрамының білiм және туристiк индустриядағы жұмыс тәжiрибесi, деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi болып отыр. Соның нәтижесiнде, мамандарды даярлау отандық туристiк-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристердi қабылдау үшiн оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристiк қызмет көрсетулердi атаулы жарнамалаудың әдiстемесi жеткiлiктi түрде ескерусiз жүргiзiлуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерiнiң едәуiр бөлiгiнiң туроператорлық қызметтi толық атқаруға шамасы жетпейдi.

Туризм инфрақұрылымы:Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2012 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.

2012 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.                                                                      

Мамандандырылған орналастыру  орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2012 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы), "Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), "Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2010 жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2011 жылы 37895,2 млн. теңге, 2012 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлiнген. Бұл туризм индустриясына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2012 жылы тек 139 млн. теңге, 2011 жылы 242 млн. теңге және 2012 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.

Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның  арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын (iскерлiк  туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң  толық жиынтығын ұсынатын қонақ  үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады. Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.       

Әуе көлiгi саласында:Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa", "British Airlinees", "Asiana Air Arabia", "Сhiпа South Airlines", "Turkish Аirlinеs") тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды. 

Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық  авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Статистикалық деректерге сәйкес 2012 жылы әуе көлiгi қызмет көрсетулерiн 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған. Сапарлардың басым көпшiлiгiнiң әуе көлiгiн пайдалану арқылы жүргiзiлетiнiн ескерсек, авиапарктi жаңарту, жолаушыларды әуе көлiгiмен тасымалдау географиясын кеңейту, туристiк ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.      

Темiр жол көлiгi саласында:Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне байланысты республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.Статистика деректерi бойынша, 2012 жылы темiр жол көлiгiн 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған. Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергiлiктi қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы  арқылы ТМД елдерiнде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері