Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 18:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жансая.docx

— 84.32 Кб (Скачать документ)

1. Турөнімнiң институционалдық  элементтерi үкiметаралық деңгейде  келiсiлуi тиiс.

2. Қазақстандық турөнiм  бiздiң аймақтағы көршiлерiмiздiң  турөнiмдерiнен (ең болмағанда  баға/сапа қатынасында) кем түспеуi тиiс.

Қазақстандық туристiк  өнiмнiң ерекше белгiсi оның сипатының  маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан  басқа кезде нақты шаралар  қабылдауды және туризмнiң баламалы түрлерiн дамытуды талап етедi.

Жоғарыда көрсетiлген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгiлi бiр  талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25-100 орын шегiнде) экологиялық таза жерлердегi бiр орында клиенттер 2-3 күн болуға есептелген туристiк бағыттарда орналастырылған  объектiлер болуы тиiс.

Қазақстанның бизнес-туризм сегментiнде белгiлi бiр болашағы бар. Бұл - ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен  табиғи шикiзат-ресурстары Қазақстанға  бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелерi бойынша келушiлер  бизнес туристер санын көбейтедi деген  болжам жасауға мүмкiндiк бередi. Жоғарыда көрсетiлген орталықтардың  инфрақұрылымы негiзiнен халықаралық  стандарттарға сай келедi. Алматы қаласы республика үшiн стратегиялық (әуе, автомобиль, темiр жол) қақпасы  болып табылады және негiзгi көшi-қон  осы қала арқылы өтедi.

Әртүрлi жиындар өткiзуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ  үйлерiнен басқа, қалада ойын-сауық  құру үшiн барлық жағдай жасалған, сонымен  қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегi аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келедi. Бiздiң мемлекетiмiздiң жас ел ордасы ретiнде өзiндiк келбетi мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және iшкi туризмдi жылдам дамытуға қызмет ететiн болады.

Турөнiмнiң маңызды құрамының  бiрi көлiк болып табылады. Туристердi Қазақстанға алып келуде авиа қатынас  басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта  ұлттық авиа тасымалдаушының жағдаятын  күшейту және дамыту мейлiнше маңызды  мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде  осындай бағыттағы рейстер ашу  арқылы бәсекелестiк қабiлетi төмендеуiнiң  нәтижесiн бейтараптандыру қажет.Республика аумағының кендiгiн ескере отырып, рыноктың көрсетiлген сегменттерiнiң  көпшiлiк бөлiгiн құрайтын жеке туристердiң  автобустар мен поездарда еркiн  қозғалуға ұмтылатынын ескере отырып, сенiмдi автобус қатынасы мен темiр  жол көлiгiнiң мәнi зор.

Туристiк жағынан дамыған  көпшiлiк елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейiнгi пайызын iшкi туристiк рынок құрайды. Бұл  ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен  бiр мезгiлде, қазiргi кезде iшкi туризм негiзiнен бейберекет күйде екенiн, ұйымдастырылмағандығын атап өткен  жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс  істеуде. Туризмнің осы түрiн дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбей отырғандықтан, мемлекеттiң бюджетi қыруар соманы ала  алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы  жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткiштердiң экологиялық жай-күйіне орасан зор нұқсан келтiрiлуде.Бұл  ретте, әлемдегi демалыс түрлерi мен  туризм өндiрiсiн пайдаланушылардың  неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен қарттардың, сондай-ақ осы бiр кеңейiп келе жатқан туризм индустриясы рыногының бiр бөлiгiне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлiк құралдарына  және туристiк көрiкті жерлерге қолы жете бермейдi.

Сөйтiп, туристiк ресурстарға  қол жеткiзу туризмдi дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристiк ресурстар  мен қызмет көрсетулерге қол жеткiзу туристер санын көбейтуге мүмкiндiк  беретiнiн бiле отырып, осыған қатысты  шаралар қабылдау қажеттiлiгінiң  мәнiн әзiрге түсiнген жоқ. Сондықтан, туристiк қорларға қол жеткiзудiң стратегиясы мен саясатын жiті әзiрлеу, туризм өндiрiсi қызметшiлерiнiң арнайы даярлық деңгейiн көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтiк-экономикалық дамудағы туризмнiң алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.

Мемлекеттiк және жергілiкті  басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның iшiнде әлеуметтiк  туризм индустриясындағы қызметтi жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжiрибесiн жалғастыруы тиiс. Әлеуметтiк туризмге қатысты қайырымдылық, жебеушiлiк және демеушiлiк көтермеленуi тиiс.

Әлеуметтiк туризмдi, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмдi, отбасылық туризмдi, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмдi, жастар және балалар мен жасөспiрiмдер туризмiн  дамытудың тәрбиелiк және патриоттық маңызы зор.

"Қазақстан" деген  фирмалық атауы бар турөнiмдi жылжыту,  оның барлық компоненттерiн нақты  анықтауды және рынок сегментiндегi орналасуын ғана емес, оны өткiзудiң  барынша тиiмдi арналарын iздестiру, мақсатты рыноктарды (мысалы, Англия, Германия, Жапония және т.б рыноктарды) iздестiрудi талап етедi.

1.2 Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру 

Жерлерi Ұлы Жiбек жолының  учаскесiнде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгерi ретiнде Қытай мен Еуропаны жалғастырып  жатқандығына қарамастан, Қазақстан  әлi де болса, туристiк бағыт ретiнде  әлемге танымал бола қойған жоқ. Қазақстанның тартымды туристiк беделiн құру тиiстi кең ауқымды шаралар кешенiн әзiрлеулi талап етедi.

Беделдi көтерудiң негiзгi iс-шаралары Қазақстанның туристiк фирмалары  мен агенттiктерiнiң халықаралық  туристiк көрмелерге, жәрмеңкелер  мен конференцияларға, оның iшiнде  ДТҰ тарапынан өткiзiлетiндерiне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  аумағында осыған ұқсас iс-шаралар  ұйымдастыру болуға тиiс. Қазақстанды  Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететiн  конгрестiк туризмдi дамытудың маңызы бар.Туризмдегi халықаралық ынтымақтастық  ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жiбек  жолына байланысты жобаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдiң туристiк беделiн  қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристiк ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды  рөл атқарады. Туристiк ұйымдар  мен Қазақстан Республикасының  шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнiң  өзара бiрлескен iс-қимыл жасау  тәжiрибесiн пайдалануға лайықты  назар аудару керек. Елдiң туристiк  әлеуетiн жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлiк кәсiпорындары  пәрмендi көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсендi түрде тарату қажет. Қазақстанға  туристердi тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның iшiнде  туристiк фирмалар мен қонақ үйлердiң  жарнама-баспа қызметi өз ықпалын  тигiзедi. Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалануға, оның ішiнде Интернет жүйесiнде  Қазақстанның туристiк фирмаларының WЕВ-сайттарын құруға айрықша мән  беру қажет.

Туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң туристiк агенттiктерi мен  бұқаралық ақпарат құралдары  өкiлдерiне арнап Қазақстан бойынша  танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиiмдiлiгi мол болады.Қолайлы туристiк  беделдi құруға Қазақстанда халықаралық  дәрежеде әртүрлi мәдени, спорттық және туристiк іс-шаралар өткiзу ықпал  етедi.Қазақстанның туристiк беделiн  қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендiрген бiрыңғай жүйесiн іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кiруi, шығуы мен болуы тәртiбін, визалық  және кедендiк рәсімдердi оңайлатудың  зор мәнi бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделiн жасауға туристер жиі  болатын орындарда қазақша, орысша мәтiндеріне латын транскрипциясымен  қоса берілген ақпараттық жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септiгiн тигiзедi.

Елде халықаралық туризмдi одан әрi дамытуды ынталандыру, мемлекеттің  туристiк әлеуетiнiң әлемдiк туристiк  рыноктағы тұсаукесерiн өткiзу жөнiндегi жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөнiндегi 2010-2013 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөнiндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристiк рынок жүйесіндегi елдi интеграциялау кiредi.

Туристердiң қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету:Қауіпсiздiк туризмдi дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететiн басты фактор.Туристің қауiпсiздiгi мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристiң жеке басының iс-әрекетiне тiкелей байланысты.

Тұтынушыға туристiк сапар  барысында қорғау мен қауіпсiздіктi қамтамасыз ету жөнінде ақпарат  беру оған қауіпсіздiктi басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бiрге  қауiпсiздiк пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент  болып саналатын және салыстыруға  тұрарлық туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде ұғынуға көмектеседі.

Мемлекеттiк органдар, туристiк  ұйымдар мен халықаралық ұйымдар  саяхатшылардың денсаулығы үшiн қауiп  тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздiктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулi iркілiстер, iндет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат  береді.

Туризм инфрақұрылымын дамыту:Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өмiрдi реформалау туризмдi және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнiң материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристiк индустрияға күрделi қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдiк инвесторлар қаражатын тартуды қажет етедi.

Ұлттық туристiк өнiм  ерекшелiгiн ескерiп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабiлеттi елдiң  туризм инфрақұрылымын дамыту үшiн:

  • жалпы пайдалану және туристiк мұқтажды қанағаттандыру үшiн жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту;
  • iлеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристiк аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәрiздер және қатты қалдықтарды жою жүйесiн, телекоммуникацияларды дамыту;
  • туристiк кешендердi, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру;
  • тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткiштердi қалпына келтiру және мұражайға айналдыру;
  • жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристiк объектiлер жобаларын оның iшiнде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.

1.3 Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік      нысандар

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан  аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден  саяхат және туризм нысандары болып  табылған. Қазақстандағы алғашқы  туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары  пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.

Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан  Зиминнiң бастауымен алғаш рет  шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған  бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға  ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз  шабандозы қосылды. Олар Алматыдан  шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына  табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия  ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы  ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан  өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой  туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл  жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.

Ұлы отан соғысынан кейiн  “Горельник” тау шаңғышылары  мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

1950 — 60 ж. Алматы жоғары  оқу орындарында тау туризмi, альпинизм  (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi.

1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.

1971 — 75 жылдары Қазақстанда  туризмнiң материалдық базасын  нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.

1988 жылы туризм құрылымында  бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм индустриясы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2011 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристiк индустрияны дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері