Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 13:33, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................2-3
І .Негізгі бөлім.
Оқушылардың қазіргі еңбек пәніне арналған теориялық негіздері
1.1. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі .......................4-8
1.2. Оқушыларды қазіргі қолөнерге сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері...
............................................................................................................................9-14

ІІ бөлім. Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
2.1. Аппликация туралы түсінік......................................................................15-21
2.2. Матадан құрақтап аппликация жасау......................................................22-26

Қорытынды ......................................................................................................27-28
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................29-30
Қосымша...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аппликация.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

Кілемдердің негізгі  жібі орама техникасында орындалғанда (немесе біз кесте ) тұтас өрнектермен  тоқылады.         

 Бүгінгі күні технологиясының күрделілігі мен істеу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, Қазақстан сәндік өнерінің ішіндегі ең кең тараган әрі  сүйіспеншілікке бөленген түрлерінің бірі – гобелен кілемі. Ол әр түрлі көрмелерге  сұраныспен қойылып, көрерменнің ықыласына бөленіп, қазіргі замандық  гимараттардың интерьерін көркемдеудің басты бөлшегіне айналды. Бұл сөзсіз шығармашылықтың осы түріне көптеген талантты шеберлерді тартып, жаңа тамаша туындылардың өмірге келуіне игі әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Матадан  құрақтап аппликация жасау

 

Құрақ көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп аталады екен. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі – құра көрпе. Жамылғыш құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриалы орналасқан. Көрпе бордюрі жасыл түсті велюрдан жіңішке жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта (хлопчатобумажный) матадан тігілген.

Матаны аппретирлеу (франц. ақтық өңдеу) материалдарға(маталарға, тоқымаларға) беріктік, ылғалға төзімділік, биязылық т. б. қасиеттер беруге арналған ең соңғы деу жұмыстары. М. а. арнайы ерітінділерді сіңдіру не мата бетіне жұқа қабыршақ қабат жағу арқылы іске асырслады. Мақта мата мен кенеп маталар крахмалмен өңделеді. Матаға жұмсақтық, серпімділік қасиет беру үшін малдың іш майынан, кастор майынан, канифольден жасалған ерітінділер қолданылады. Егер матаға стеарлин, парафин, балауыз эмульсиялары сіңірілсе, олар жылтыр және сәуле шғылыстырғыштық қасиетке ие болады. Жүн мен жіббек маталарды өңдегенде крахмалдың орнына тері шелінен, мал сүйегінен алынатын т. б. желім пайдаланылады. Крахмал, т. б. желімдік заттар матаға онша берік жұқпайды, алғашқы жуудың өзңнде ақ шайылып кетеді.

  Сондықтан мата үшін поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полистрирол лактестері жұмсалады. Бұлармен өңдеу матаның арттырумен қатар оның әрін де жақсартады. Мата, кенеп маталарға умаждалмайтын қасиет беру үшін олар синтет. смолалардан алынатын заттармен өңделеді. Плащтарға арналған маталарға су жұқпайтын қасиет беріледі. Целлюлоза талшықтары араластырылған маталарды бактериялардыңмбүлдіруінен сақтау үшін антисептиктермен өңдейді. Жібек, жүн және жасанды талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда мақта маталар умаждалғыш келеді. Осыған сәйкес кормобол, мебизин,ерітінділер пайдаланылады. Матаға арнайы ерітінділер сіңдіру арқылы отқа төзімді қылады. Бұрын бұл мақсат үшін маталар фосфор тұзының ерітінділерімен, бор қышқылымен өңделетін.

Бірақ бұлар алғашқы  жуылу кезінде шайылып кететіндіктен, матаға сурьма, титан, қалайы тұздары жағылады. Жүн маталарды қара күйе жеуден сақтау үшін фтор тұздарының ерітіндісі және әр түрлі препараттар қолданылады. Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың. Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, еудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады.Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

Қазіргі  кездегі жүннен жасалған киіз бұйымдар икемделгіш және пластикалық қасиеті бар материал, олар  іс-жүзінде  бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер көркем бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын  сәндік жаймалар мен мата  салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық ыдыстардың астына қоятын  төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан, шамдардың абажурларынан және перделердің  безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге  төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын  жасауға болады. Киімге  арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да  кездестіруге болады. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, бөкебай, мен білезіктер, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқкиім, тіпті етіктер, бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар, бизнес-папка мен пеналдар бар.  Студенттер бір-біріне сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды. .

Киізден жасалынатын  бұйымдар  қолмен  тігіліп те құрастырылған.  Қол тігіс түрлері  көктеу, тепшу, жөрмеу, қаю, қабу, торлау арқылы жасалады.  Қол тігіс түрлері арқылы түрлі-түсті жіптермен  безендіріп, әрлеуге де болады. Бұйым шетін  қос қабатты түсті жіппен инені көлденеңінен түйреп, жіпті орап түсіріп тігілетін  тігістік жөрмеу дейді. 

Киіздің бетіне үлгі арқылы өрнегі түсіріліп, соның үстіне боялған  жіптермен кестелеуге болады. Түр  жіптер  киіздің өңіне қарай  таңдалады.  Мысалы: күлгінге көк,жасылға қызыл, қызылға  жасыл түсті, сарыға қызыл түсті жіптерді қолдануға болады.

Жасалынатын бұйымның өрнегіне орай зергерлік бұйымдармен және түрлі-түсті моншақтармен әрлеп  безендіріледі. Бұл студенттердің  талғамына байланысты орындалады. Бірніші  жүндерімізді реттеп, қажетті құрал-жабдықтарымызды, ыстық  суымызды дайындап аламыз. Жасалынатын бұйым өлшеміне орай жүн басылады. Салынатын өрнектеріне байланысты жүннің бетіне түсті жүннен өрнек түсіріп дайындауға да болады.  Мысалы очки салынатын қап.  Бізге 0,5 м. мақтаның бетіне түтіліп дайындалған жүнді ретімен қолдың ыңғайымен жайып  салынады, бетіне  түсірілетін өрнегін де салынады да,  жүннің үстіне  сабын суға тор матаны батырып үстінен жабылады. Оның үстінен қайта-қайта қолдың ырғақ бағытымен сабынды сумен үйкей бойына сабынды суды сіңіреді. Қолданылатын суымыз ыстық болуы қажет. Суымыз мұздаса, жүніміз бір-біріне жабыспайды. Сондықтан, жүннің киізделіп өңделуі барысында  t ыстық күйінде орындалуында. Жүннің үстіндегі мата бетіндегі жабысып тұрған  сабын су  матамен бірге  жүнді аударады, бетіне ыстық су бүркіп шетіндегі  жалбырап  тұрған  жүнді  ортасына қарай  жинайды.  Қайта-қайта столға ұрылып пысытылады.  Соңынан сабынын кетіре  таза суға жуылып, кептіріледі.  

 Дәл осы реттілікпен  түстері бойынша бөлек-бөлек басылып,  құрастырылады. 

 Алдыңғы сабақтарда  дайындалған эскизіміз бойынша  үлгі дайындалады. Сол үлгі бойынша дайындалып, киіз бетіне үлгі  өрнегінің ыңғайына қарай қойылып сызылып,  сызық үстінен қырқылып бұйым бөліктері   жұқа болып  басылуы мүмкін. Сондықтан қалың киізді сызылған сызық бойынша өткір ұшты пышақпен киізді жылжытпай  табанмен басып тұрып,  сызықтары бойынша ойып шығады. Жұқа киізді  өткір үлкен қайшымен сызық бойымен қырқуға болады.

Қай халықта және қашан  да болса  мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану  халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде,  ортақ арман едi.  Соның нәтижесiнде бiздiң  бабаларымыз бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер  мұраларын  қалдырды. Олар  бiздiң өмiрiмiздiң зейнеттi болуы үшiн күрескенде неше түрлi азапты - от пен судың, тар жол, тайғақ кешулерiнен өттi. Жоқшылық, қараңғылық, теңсiздiк  азаптарын тартты. Сөйтiп жүрiп өз елiнiң тарихында мәңгiлiк өнер  өрнектерiнiң  мұрасын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi  жоғары бағалаған Абай. Ал, Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының  молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою өнерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтпеуге, сiрә болмас. Ою-өрнекпен безендiрiлген киіз бұйымдар, кестелер, тоқыма бұйымдар және қыз-келiншектер мен ерлер киiмдерi, қыз-келiншектердiң мойнына тағатын алқасы, шашына жалғайтын шашбауы т.б. бұйымдар ою-өрнекпен безендiрiлiп отырған. Демек, ою өнерi қазақтың тарихымен бiрге жасап, бiрге дамып келе жатқан көне өнер. Халқымыздың ою өнерi өз бастауларын тарихтың тереңiнен алатын, теориясы мен жасалу технологиясы да күрделi, әсемдiк-бейнелеу дүниесiнiң бiр түрi. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі  сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.

 

Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп – білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны  киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.

 

       Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда ою-өрнек  дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ұлттық ою-өрнектердің танымдық мәнін аша отырып біз төмендегіше қортындыға келдік. Аппликация.- деп берілген көлемде жапсырмалау, құрастыру арқылы орындалатын көркем шығарма.Аппликацияның түрлері көп. Мата қиындыларынан, фалгадан, теріден , кептірілген өсімдіктерден, әртүрлі –түсті қағаздан дайындалады.Текстиьдік аппликация деп -квиллинг аппликациясын айтуға болады.Жай аппликациядан күрделі аппликацияға көшелік.Түрлі –түсті қағаздан дайындалатын , спираль тәріздес әр түрлі формада жасалатын Квиллинг.

Қазақтың көркем қолөнері - өзінің төл тума бітім қасиетімен көркемдік мән – мағынасымен  шын мәнінде халқымыздың уақыт  тезінен өткен асыл қазынасы. Кез  – келген халықтың дәстүрлі өнері  – сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным – түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы болып табылады. өркениетті қоғам мен құқытық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығымен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабылетімен, шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін талап етеді.

Информация о работе Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер