Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 13:33, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................2-3
І .Негізгі бөлім.
Оқушылардың қазіргі еңбек пәніне арналған теориялық негіздері
1.1. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі .......................4-8
1.2. Оқушыларды қазіргі қолөнерге сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері...
............................................................................................................................9-14

ІІ бөлім. Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
2.1. Аппликация туралы түсінік......................................................................15-21
2.2. Матадан құрақтап аппликация жасау......................................................22-26

Қорытынды ......................................................................................................27-28
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................29-30
Қосымша...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аппликация.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

 Ою-өрнектің  біздің  заманымыздың  мыңдаған  жылдар бұрынғы  халықтарда  да соншалық ескі  дәуірден бері келе  жатқан  халықтық өнердің  бір  түрі болып  саналады.  Қазіргі   шеберлердің іс үлгілерін  зерттеу  нәтижесінде анықталған  ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар. Өрнектердің  шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен  байланысты  екенін  көрсете келе  олардың  даму ерекшелігін, дәуірдің, адам  баласының  сана-сезіміне қарай  өрнектің  таңба,  элементтердің  дамуы мен өркендеу  ерекшелігін байқауға болады. 

 Ою-өрнектің  дамуы,  сонымен қатар  дәуірдің  даму  тарихына  қарай сәулет өнеріндегі  стильдік  сипатқа ие болды.  Архитектура-дағы  өрнектердің  сипаты  дәуірге байланысты сипат алса,  барлық  сол кездегі  бейнелеу  өнерінің  түрлері соған  байланысты дамып,  стильдік  бағытта орын алады. 

 Өрнектік элементтердің  түрленуі оның  тарихи дамуға  байланысты екенін, өрнектік сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек элементтерінің  айырмашылықтары  олардың  адам өміріндегі  тарихи дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты.

Ою-өрнектің бірінші тобы - жан-жануарлар әлемінен алынған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан оның дүние танымында малға көп орын берілген. Өмірлік мүдде мен қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт, сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері-мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі, құйрығы кездесетін болған.       

 “Қошқар мүйіз”-қазақ  дәстүрінде ең көп ұшырасатын  ою. Ежелден қой баққан халықтың қошқар мүйіз оюға деген ықыласы бөлек болған.  “Қос мүйіз”, “қыңыр мүйіз”,”бұғы мүйіз” атты оюлар тұрмыста көп пайдаланылған.        

 Көнеден келе жатқан  өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты  (космогониялық) оюлар. Қазақ қашан  да қияли жүйрік халық. Қазақтар ежелгі заманда-ақ ғарыш сырын ұғуға тырысқан. Өз қиялдарын тұрмысындағы заттарды жасауға немесе безендіруге пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Зооморфтық ою-өрнек аң стилiнiң көптеген сюжеттерiне негiзделдi. Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, текелердiң, бұланның, бұғының мүйiздерiн схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдiс болды. Қайсiбiр затта бiрнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуi де  жиi ұшырасады. 

 Ғарыштық сипаттағы  өрнектер арасындағы, алдымен Күннің  жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық”, “Ай гүл”  деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.  “Ай гүл”  қазақ тарихындағы алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. 

 «Күн» ою-өрнегі  Күнді меңзейді.  Күн, Ай, аспан  бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың магиялық  күші бар деп  сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады.  

 Қазақ ою-өрнектерінде  кейде түзу, қисық, кейде доға  сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.  Сондай-ақ “сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас безендіру үлгілері.

Ою-өрнектің  төртінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ ежелден     табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.  

 Ою-өрнектерде,  бояу түсі мен мәнерінің тепе-теңдік принципінің берік сақталып келуі негізгі ерекшелік болып саналады. Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігі мен оның белгілі бір идея  әуенінен туындайтындығы - бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне бір сарындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау болып табылады.  

 Әр халықтың өнерінде  бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ  түс көбірек қолданылады. “Ақ”  түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы,  “көк” - аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың,  “сары” - айырылысудың, “қара” - жердің,  “жасыл” - көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.  

 Көне түркілердің  түсінігі бойынша, құс - көктің, балық -судың, ағаш-жердің белгісі.  Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық  аты, нәубет аты, ғарыш аты,  тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.  

 Өнер шығармаларында  түрлі түс жағынан  болсын, бейнелеу жағынан болсын екі нәрсе қатар, яғни қарама-қарсы келгенде арасындағы  айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті мен көріксіз,  жарық пен  көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы  айырмасын  анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу   қарама-қарсылық деп те атайды.  Кейде композициямызда түстерде бір-біріне бірігіп қарама- қарсылық үйлесімін тауып тұрады. 

 Түрлі түстердің  байлығы,  сөздің  ою-өрнегі ғана емес, халықтың  бүкіл  тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым нанымы жатыр.  Түстердің терең тылсымын, оның құпия сырларын түсінуге, бағдарлауға талаптану қажет. Көркем шығармада түрлі түстерді қолдану  тәсілдері мен түстердің арақатынасын  анықтап алу керек. Көркем шығарманың  құрылымына енген кезде,  шығарманың  бейнелейтін ойдың мазмұнына сай,  көркем-образдық мазмұнына сай, көркем  өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын  анықтау  мен көркем түстердің  өзара  үйлесімділігіне байланысты, белгілі бір стильдік  жүйеге  тән ерекшеліктерін аша  білу керек.

Ел әдетін,  этнографиясын білген  адамға мұндай өрнектердің  бұйымдық ұғымын және  олардың  неліктен  бұлай аталатындығын  пайымдау қиын емес.  Халқымыздың  шиге,  алашаға,  кілемге  салатын «омыртқа»  өрнегі  Ғ.Иляевтің кілем,  түскиіз, терме-алашаға арнап  жасаған өрнегі.  Өрнек  кілең «сынық мүйіз»  өрнегінің  элементтерінен құрылған.  Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың рулық  белгісі болған «тарақтаңба»  да көрініп тұрады. «Омыртқа»  өрнегін  малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін есіне  түсіре алмаған  кісінің  түсінуі қиын. Сол сияқты  жалпы  атауы мүйіз (қойдың, арқардың, бұғының)  ұғымынан  алынған  әр түрлі  және  көп тармақты өрнектер  де неше  иіріліп, әр түрлі  тармақталып, бір сюжетті  тұспалдап  тұрады.  Мысалы,  «қошқар мүйіз» өрнегі   ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші түрге  ауысқан.  Бірақ оның  бастапқы  затқа  ұқсастығынан  гөрі  әдемілігі, әшекейлігі басымдана  түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын  алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін  ғана  жасалған өрнек.  Ал балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп  тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы  жасалатын  өрнектер қазақтан  басқа  елдерде де көп  кездесе  береді.  Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда  және  тағы басқа елдерде кездеседі.  Әрине әр елдің  салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді.  Демек, халықтар арасында бірінен бірі  үлгі  алу, өнеге  ауысу ертеден –ақ  жақсы дәстүр  болған деген  ойымызды бұл жайлар тағы да  дәлелдей түседі.  Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес  өрнектер  барлық  халықтарға ортақ. Мүйіз ою-мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен  мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа- мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Тау оюы- қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.

“Тасбақа оюы”-мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл оюбатырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты  оюлар-Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергіәдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның  жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген.Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы  бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық- иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы- алыс сапар нышаны(символы). Көштегі түие жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының  қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде  нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы-ою-өрнек өнері.

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.

 Археологиялқ қазбалар  мен жазба ескерткіштерге арқа  сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген  тайпалар жүздеген жылдар бойы  металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Қол  өнердегі әдістемелік ерекшеліктер 

2.1. Аппликация туралы  түсінік

 

«Аппликация» атауы  латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген  сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.

Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі  ертеректе Греция өнерінде пайда  болған.

Ал әр түрлі мата материалдарында  орындалған аппликация түрі 16 ғасырда  Италия мен Испанияда, 17 ғасырда  Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.

Сәндік аппликация түрлері  қорап қағаздарды, открыткаларды  безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.

Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар  орындаудың маңызы ерекше. Өйткені  еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік  туғызады.

Қазіргі  заман  талабына сай сәндік қолданбалы өнер  саласында  ою-өрнектің  алатын орны  мен маңызы  ерекше. Көркемдік  өнер заттары мен бұйымдарының барлығы  ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік  мағынасына, түріне, сипатына  ие бола алады.

Өсiмдiк тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.

Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына  сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгiсiндегi фигуралар  күннiң эмблемасы болды; бұйра толқындар  сарыны бұрама ирек түрiндегi  қисық  сызық  белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

Информация о работе Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер