Арнаулы киім және қроғаныс құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:54, реферат

Краткое описание

Киім» және «Сән» бұл біздің санамыздағы ажыратылмас түсінік.
Әлдеде «арнайы киім» терминін еске түсіре отырып, жанымызда сенімсіздік пайда болады. Әрине, бұл киім ыңғайлы, тәжірибелі және кауіпсіз болуы қажет. Бірақ, бұл киім сәнді болуы қажет па? Ия, әрине. Бұған көз жеткізу үшін, арнайы киімнің шығу тарихына көз жүгіртейік.
Арнайы киімнің бірінші үлгісі Ежелгі Римде пайда болған, яғни бірінші әмбебеап форма содан соң, арнайы киім. Жерлерді жаулау нәтижесінде бірінші болып пайда болған, әскерлерге арналған әмбебеп форма немесе жауынгерлердің киімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киім.docx

— 71.40 Кб (Скачать документ)

 

Алиматы Технологиялық Университеті

 

 

РЕФЕРАТ

_____________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Орындаған:_____________________

 

                                                     Тексерген:______________________

 

                                                      Тобы:__________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Арнаулы киім және қорғаныс құралдары

 

       «Киім» және «Сән»  бұл біздің санамыздағы ажыратылмас түсінік.

Әлдеде «арнайы киім»  терминін еске түсіре отырып,  жанымызда  сенімсіздік  пайда  болады.  Әрине, бұл  киім ыңғайлы,  тәжірибелі және кауіпсіз  болуы  қажет. Бірақ, бұл  киім сәнді болуы  қажет па? Ия, әрине. Бұған көз жеткізу үшін, арнайы киімнің шығу тарихына көз  жүгіртейік.

Арнайы киімнің  бірінші  үлгісі Ежелгі Римде пайда болған, яғни бірінші әмбебеап форма содан  соң, арнайы киім. Жерлерді жаулау нәтижесінде  бірінші болып пайда болған, әскерлерге арналған әмбебеп форма немесе  жауынгерлердің киімі. Сәтті жүргізілген  әскери қимылдар нәтижесінде  жаулап алған жерлерден  басқа жұмысшылар, дәлірек айтқанда құлдар  да пайда  болды. Құлдар ауыр қара жұмыс  істейтін болғандықтан оларға арнап, арнайы  киімдер дайындады. Міне осыдан арнайы киімнің  бірінші үлгісі  пайда  болды. Уақыт өтіп адамдар өзгерсе  де, арнайы киімдер сол күйінде  қала берді. Айта кетсек, ең алғашқы  шыққан жұмысшыларға арналған өте қарапайым  арнайы киім  барлық адамдарға біркелкі  түрде болды. Яғни, әйелдерге, ерлерге, балдарға арналған  деп бөлінбеген болатын. Бәрін біркелкі  түрде  пайдаланған. Жұмысшыларға арналған арнайы киімді  тігін өндірісінде  кедей  адамдар тікті. Олар тіккен киімдерін  дүкендерге бірнеше  түрлерін апарып сатты.

19 ғасырдың   соңында   Леви Страустың  алтын іздейтін  жұмысшыларына арнап тіккен  киімі  сол ғасырдың  сәніне айналды.  Ірі тігіспен  қатты матадан   тігілген комбинизон бүкіл әлемге  таралды. Дәл солай, бейсболка  да пайда болды. Ол бірінші  спорттық киімнің эмблемасы ретінде-әмбебап  форма болды.  Шынырақ айтқанда, қазіргі заманға сай сәнді   бейсболканың  сырт пішініне  бірнеше өзгерістер енді. Ал, джинсы  шалбардың мыңдаған  түрлері   шыға бастады. Қазіргі заманға  сай құрал-жабдықтар  шыққаннан  кейін,  жұмысшылардың киімі мен   әмбебап форманы  артық шығынсыз  аздаған мөлшерде үнемдеп, сапасын   жақсартып шығара бастады.

Арнайы киім – қазіргі  өнеркәсіптегі көркем көрсеткіш. Бірінші  ерекшелігі – эстетика, тәртіп, тәрбие, яғни жұмыс істеу барысында  жұмыста  бір киім, ал жұмыстан  үйге  қайтқанда  басқа киім болуы қажет. Екіншісі – бұл  әрине тәжіриебелігі, арнайы киім үлгілерін  жасағанда, функционалдық  қатарының ерекшеліктері  көрсетіледі: нақты  ажыратылған қалталар түрлері, көркемдік түрлері немесе нақты  ыңғайлылығы.  Айта кетсек,  жұмыс  барысында комфортты, мыжылмайтын, кір жұқтырмайтын, жұмысшыларды қоршаған ортадағы қауіпті заттардан, шаңнан қорғайды. Үшіншісі -  ер адамдар  дәлірек айтқанда  арнайы киімді  келгенді ұнатады. Әмбебап форманы  қолдану барысында, фирманың таңбасы  мықты психологиялық күш береді және жұмысқа деген өзіндік сезіммен жауапкершілігі жоғарлайды.

Бүгінгі күнде әртүрлі  ұйымдардың бастықтары жұмысшыларының әмбебап  формада болғанын  қалайды. Киім адамдарды тәртіпке үйретеді, олардың сапасын көбірек  жоғары дәрежеде қалыптастырады. Сондай-ақ, киім адамға  ыңғайлы, құнтты, жоғары дәрежелі тігілген және де жарасымды  болуы керек. Сол себептен әмбебап форманы  дайындап тігетін дизайнерлер,  оның сапасына көбірек көңіл бөледі. Уақыт өте келе   арнайы киімге де назар аудара бастады. Арнайы киімге маңызды  өзгертулер енгізілді. Жұмысшыларға арналған костюм сырт көзден  қарағанда  жағымды  әсер туғызады. Өз жұмысшыларына арнайы  киім тігіп беру – кәсіпорын бастықтарының  бірден-бір  міндеті деп есептеледі, өйткені  әр фирманың  өзінің табысының  көрсеткіші, эмблемасы болуы керек. Қазіргі кезде  арнайы киімнің  костюмдері тек қана  жұмысшыларға емес, сондай-ақ  бірлескен  киім сияқты  бірнеше түрлерге бөлінеді. Өндіріспен щұғылданатын  парасатты компаниялардың  дизайнерлері мен сәнгерлері киімнің көптеген  түрлерін шығарды.

Ертеден-ақ  жұмыс  істеп  келе жатқан жұмысшылар арнайы киімді  қажетті деп санайды. Негізгі  көрсетушілер мен талаптар алғашқыда  күрделі болды. Сондықтан киім  өрескел  жұмыс үшін  арналды. Оған берік болуға, қозғалыста ыңғайлы  және де  өте  қымбат  емес болуы  керек. Былайша айтқанда, арнайы киім  сол заманнан  біздің  күнге  дейін  сақталған. Уақыт  өте келе  өнеркәсіп дами бастады,  онымен қоса  арнайы киімнің дәлірек  айтқанда – костюмнің  көптеген түрлері шықты. Костюм түрлеріне  өзгерістер енді. Арнайы  киімді қажет  емес деп санаған адамдар, кейінірек  жұмысшылардың арнайы киімін  жоғары дәрежеде бағалады.

Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар  шыққаннан кейін,  жұмысшылардың  киімі мен  әмбебап форманы  артық шығынсыз аздаған мөлшерде үнемдеп, сапасын  жақсартып шығара бастады.

Әрбір компанияның  сыртқы кейібін, формалы киімнің  эмблемасын жоғары бағалау қажет. Қазіргі кезде  арнайы киім мен  әмбебап  форманы  жұмысшыларға таңдаған кезде шамалы қиынға түсуі мүмкін. Себебі, өндірістік сауда  фирмаларында  киімнің  үлкен түрлері  ұсыналады. Фирмалық киімді сатып алар кезінде, оның  бағасына және  өте маңызды  параметрлеріне  қарау қажет. Олардың арасында  арнайы киімнің материалының сапасына, әмбебап форманың  сырт пішініне  үлкен көңіл бөлген қажет. Ол үшін айқын белгілермен  формалы  киіммен, әмбебап форманың сәйкестігі  мен  ұқсастығын салыстыруымыз керек. Көптеген өндіріс фирмаларының басты мәселесі - киімге матаны дұрыс таңдау. Кейбір адамдарға маталар аллергия беріп, тітіркенуі мүмкін. Көптеген  тапсырыс берушілер  формалық киімнің  әрлендіруін  жете бағаламайды, өзіндік стиль  іздеп  үнемдеуге  тырысады. Әмбебап  форманың  сырт  көрінісі, пішіні дұрыс болмаса, ол компанияға кері әсерін  тигізеді. Жұмысшыларға арналған жазғы  киімдер барынша  ашық, үйлесімді, әрине адамгершілік нормалардың  шектерінде де  болуы керек. Әмбебап  форма жеңіл, күн ыстықта, қапырықта  жағымды, ыңғайлы болуы керек. Жазғы  әмбебап форма пиджактармен, көкірекшелермен  жабдықталуы қажет.

Әмбебап форманы даярлағанда  матаны таңдау өте маңызды болып  келеді. Мата ең алдымен биік сапалы, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайтын, гигиеналық қасиеттері  жоғары,  эстетикалық сапалары биік болуы керек. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған арнайы киіммен, өндірістік  киімдерге матаны  таңдау кезінде  оның сапасына үлкен көңіл бөлгеніміз жөн.Оларға костюм мен  арнайы киімдер ұсынылады. Маталардың жоғарғы тұрақтылығын  арнайы тестілеумен тексереді. Әмбебебап форманы тапсырыспен парасатты  компанияларда істейді, барлық өңдеу нәзіктіктерін даярлағанын реттейді.

Ірі компаниялардың қызметкерлеріне  әмбебап форманы тіккенде маталарды  дұрыс таңдауға  талап етеді. Сондықтан, әмбебап формасына ай сайын тапсырыс бермес үшін,  киімнің  тігілуіне  қажетті қосымша  тапсырысты ескеру  қажет. Әмбебап форма басқаларына  қарағанда  ассортименті көп  тігін  фабрикаларынан  шығатын, жақсырақ  маталармен ерекшеленеді.  Бірлескен  киім өндірісінде  аралас маталарды  қолданады,  олар қайта-қайта кір  жуулардан кейін мыжылмайды және түрін жоғалтпайды. Компанияларға  матаның түрлі-түстерін дәстүрлі түрде  таңдайды, бірақ негізінде  жұмсақ боялған  матаны қолданады. Жұмысшаларға арналған киімді  тіккен кезде, арнайы өңделген фурнитура түрінде, фирмалық символдың мәнімен толықтырылады.[ 2]

Қала арасында  қоғамдық көлік қызметкерлерінің жүргізушілері  әдемі және құнтты, ыңғайлы  арнайы киімге қарсы болмайды.  Біздің қаламызда  бес автокөлік  кәсіпорындары  бар. Осы кәсіпорынның жүргізушілеріне  арнап әмбебеп форма,  яғни арнайы киім  тігіп беруіміз қажет. Киім, сондай-ақ әмбебеп киім жауаптылықты жоғарлатады,  қызметкерлерді тәртіпке  үйретеді. Жүргізушілердің өздері ұсыныс жасауда, әмбебап формадан  басқа,  автопаркте жұмысқа  арналған  киім, яғни, дақтардан, бензин мен майдан қорғайтын арнайы кеудеше болса  жақсы болар еді. Ал, маталардың  сапасы  жоғары болса, оларды жуғанда  түсі өзгермейді.

Қалалық көлік қызметкерлері  бүгінгі күнге дейін арнайы киіммен  толық қамтамассыздандырылмаған. Қазіргі  біздің қалалық  автобус жүргізушілері, көк түсті көйлек киеді. Дегенмен,  троллейбустердің, автобустардың, таксистердің жүргізушілері мен  кондукторлары  біркелкі арнайы  әмбебап форма  киетін болса,  сырттан қарағанда  керемет есте сақтайтындай  үлкен  әсер қалдырар  еді.  Мәселен, бастарына  фуражка, үстіне  көйлек пен галстук, оларға қосымша  өздерінің эмблемасымен болса керемет көрінер еді. Көптеген жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс  істеп келе  жатқан жұмысшылар,  егер киім  ыңғайлы, қоршаған ортаның  жағымсыз әсерінен қорғайтын костюмдер  болса,  олардан бас тартпас  едік дейді.

Қорыта келгенде, әмбебап  форма барлық жұмысшыларға қажет  болғандықтан, оны таңдар алдында  іскерлік және фукционалдық қатарын  еске алған қажет. Арнайы киімге өндірісте  тапсырыс  бергенде қазіргі заманға  сай сәнді, әдемі тігетін дизайнерлерге  көбірек көңіл бөлуіміз керек.

 

 

 

 


Информация о работе Арнаулы киім және қроғаныс құралы