Жалпы нұсқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:30, реферат

Краткое описание

Курстық жобалау оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі және оқушылардың оқу жұмысын бақылау формасы болып табылады. Курстық жобалау барысында оқушылар жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден алған теориялық білімдері тәжірибелік дағдыларын бекітеді, берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін тереңдетеді, теориялық білімдерін қолдану, анықтамалық, нормативтік және құқықтық құжаттамаларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

методичка для кп сортировка,листы задания на кп,таблицы поездопотоков.docx

— 342.20 Кб (Скачать документ)

Жалпы нұсқаулар

 

Курстық жобалау оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі және оқушылардың оқу жұмысын бақылау формасы болып табылады. Курстық жобалау барысында оқушылар жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден алған теориялық білімдері тәжірибелік дағдыларын бекітеді, берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін тереңдетеді, теориялық білімдерін қолдану, анықтамалық, нормативтік және құқықтық құжаттамаларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Әдістемелік нұсқаулық 1203000 «Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша түлектерді дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкес және «Темір жол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» пәнінің бағдарламасы негізінде құрастырылған.

«Телімдік станса жұмысының технологиялық үрдісі» курстық жобасы «Темір жол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» пәнінің бағдарламасымен қарастырылған екі курстық жобаның біреуі болып табылады. 

Түсініктеме хат (қолмен жазылған мәтін көлемі 30-40 бет, ал баспа мәтінмен 25-30 бет) мемлекеттік стандарттарға сәйкес, тапсырмада жазылған ретті ұстанумен жазылуы тиіс.

Жобаның графикалық бөлімі А1 форматты бір беттен тұрады. Графикалық бөлімінде станция жұмысының тәуліктік жоспар-графигі сызылады.

Курстық жобаның қиындығы бұл станция жұмысының тәуліктік жоспар-графигін құрастыру. Сондықтан келесі шаралар ұсынылады:

- пән бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде курстық жобаның бастапқы деректерін қолдану;

- тапсырмада барлық оқушылар үшін станцияның бір сұлбасын қолдану;

- пойыздарды жөнелту графигін белгілемеу, пойыздарды дайын болғанда жөнелту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жобаны құрастыру әдістемесі

 

Курстық жобаның тапсырмасын алғаннан кейін оқушы станция жұмысының тәуліктік жоспар-графигінің торын сызады. Бастапқы деректер мен түсініктеме хаттан алынған деректер торға біртіндеп көшіріледі.  

Түсініктеме хатта технологиялық нормативтер есептеледі және станцияда қабылданған жұмыс технологиясы төмендегі ретпен көрсетіледі:

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Станса жұмысын ұйымдастырудың  жалпы сұрақтары 

2 Пойызды өңдеу технологиясы

3 Маневр жұмысын орындау  уақытының технологиялық нормасын  есептеу 

3.1  Жол дамуын есептеу

3.2  Дөңестің биіктігін есептеу

3.3  Дөңестің жылжыту және түсіру бөлігін есептеу

3.4  Дөңестің қайта өңдеу қабілетін есептеу

3.5  Дөңестік операцияларды нормалау

4 Станса жұмысының негізгі  көрсеткіштерін есептеу

4.1 Даратопты құрамды құрастыруға  қажетті уақыт 

4.2 Құрама пойызды құрастыруға  қажет уақыт 

4.3 Пойыздардың келу және  жөнелту уақыты  

5 Қозғалыс қауіпсіздігін  қамтамасыз ету 

6 Еңбекті қорғау және  қауіпсіздік техникасы 

Қолданылған әдебиеттер тізімі          

 

 

Жобаны орындау реті

 

Курстық жоба кіріспеден басталады. Кіріспені жазғанда төмендегі пункттерге көңіл бөлу қажет:

- теміржол көлігінің мемлекетіміздің экономикасындағы ролі және оның негізгі міндеттері;

- тасымалдау үрдісіндегі телімдік станциялардың ролі;

- станция жұмысын регламенттейтін құжаттар;

- телімдік станция жұмысының технологиялық үрдісінің міндеттері мен мазмұны;

- курстық жобаның мақсаты.

 

 

 

 

1 Станса жұмысын  ұйымдастырудың жалпы сұрақтары

 

Бұл бөлімде станцияның атауы, қызметі, мәні сипатталады, станцияға жанасатын теміржол телімдерінің сұлбасы (1.1-сурет) және олардық сипаттамасы көрсетіледі: басты жолдар саны, сигнал беру және байланыс құралдары, пойыздік локомотивтердің түрі мен сериясы, жүк пойыздар құрамдарының ұзындықтарының нормасы. Берілген станцияның сұлбасы бойынша станцияның жол дамуына, пойыздарды қабылдау мен жөнелтуге, құрамдарды ажырату мен құрастыруға арналған техникалық құрылыстарға сипаттама беріледі.


 

 

 

1.1-сурет. Бағыттар сұлбасы

 

Қызметтік-техникалық ғимараттардың, басқару пункттерінің (станциялық технологиялық орталығының – СТО, станция кезекшісінің, маневрлік диспетчердің, техникалық қызмет көрсету және коммерциялық байқау пункттерінің) орналасуы анықталады. Пойыздар құрамдарын ажыратуға арналған құрылыстар, маневрлік локомотивтер, маневрлерді орындау тәсілдері сипатталады.

Станцияда орындалатын операциялар жазылады: пойыздарды қабылдау, жөнелту, дөңестен тарату, құрастыру, пойыздарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық байқау, т.б.

Сұрыптау паркінің жолдары пойыздарды құрастырудың белгіленген жоспары бойынша, жергілікті жұмыстардың көлемі бойынша мамандандырылады. Телімдік және құрама пойыздарды жинақтау және құрастыру үшін станцияға жанасатын әрбір бағытына кем дегенде бір жол болу керек. Оның ұзындығы қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығына тең болу керек.

Сонымен қатар бұл бөлімде станция жұмысымен жедел басқаруды ұйымдастыру жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Пойызды өңдеу технологиясы

 

Станцияға келген пойыздармен орындалатын операцияларға байланысты олар төмендегідей жіктеледі:

  • өңдеусіз өтетін транзиттік пойыздар (орындалатын операциялар: вагондарды техникалық байқау және ажыратусыз жөндеу, локомотивтер мен локомотивтік бригадаларды ауыстыру; мұнда пойыздың құрамы өзгермейді);
  • бөлшектеп өңделетін транзиттік пойыздар (орындалатын операциялар: вагондарды техникалық байқау және ажыратусыз жөндеу, локомотивтер мен локомотивтік бригадаларды ауыстыру, вагондар тобын ажырату және тіркеу; яғни құрамның массасы азаяды немесе көбейеді);
  • таратуға келетін пойыздар (бұл пойыздың вагондарынан өзіндік құрастыру пойыздары құрастырылады).

Бұл пойыздардың әрқайсысын өңдеудің өзіндік ерекшеліктері болады. Осы бөлімде станцияға келетін пойыздарды өңдеу технологиясы сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Маневр жұмысын  орындау уақытының технологиялық  нормасын есептеу

 

3.1  Жол дамуын  есептеу

 

 Қабылдау-жөнелту жолдарын есептеу үшін пойызағымдарының диаграммасын (1 қосымша) қолдану керек. Пойызағымдарының диаграммасы 3.1-кестесінде көрсетілген.

 

3.1-кесте

Пойызағымдарының диаграммасы

 

 

А

Г

К

Ц

Жалпы

А

 

20

14

10

44

Г

25

 

15

8

48

К

16

18

 

10

44

Ц

7

12

13

 

32

Жалпы

58

50

42

28

168


 

 

 

 

 

 

 

Әрбір парктегі жолдар саны m, жолдар, келесі формуламен анықталады:

 

                             (3.1)

 

мұндағы - жолда бір пойыздың орналасу уақыты, мин;

      - пойыздардың келуінің есептік интервалы, мин;

      1 – озып өтуге арналған жол;

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              (3.2)

 

мұндағы - жүк пойыздарының жүруінің минималды интервалы (10 мин);

 

 

 

 

 

 

 

 

,                                                 (3.3)

 

мұндағы – жеке тәулік бойынша жүрістің есептік мөлшерін үлкейту коэффициенті (1,1-1,15);

        – есептеу бағытындағы пойыздар саны;

        - орым коэффициенті1 (1,5);

        – жолаушылық пойыздар саны (3).

 

 

 

 

 

 

 

Жолда бір пойыздың орналасу ұзақтығы болып пойызды қабылдау маршрутын дайындаудан жолды босатуға дейінгі уақыт саналады.

Жолда бір пойыздың орналасу уақыты , мин, келесі формуламен анықталады:

 

,                                    (3.4)

 

мұндағы - пойызды станцияға қабылдау кезінде жолда орналасу уақыты, мин;

       – станциялық жолдарда технологиялық график бойынша операцияларды орындау уақыты (30-40 мин);

       – пойыздың графикті тосып бос тұру уақыты, мин;

       – жөнелту кезінде жолда орналасу уақыты, мин;

 

 

 

 

 

 

 

,                                           (3.5)

 

 

 

,                                                (3.6) 

 

мұндағы – маршрутты дайындау уақыты (0,5 мин);

      – жүргізушімен сигналды қабылдау уақыты (0,1 мин);

      – тежеу жолының ұзындығы (1000-1200 м);

      – пойыздың станцияға кіру жылдамдығы (25 км/сағ);

      – алқымның ұзындығы (600-800 м);

      - пойыздың ұзындығы, м;

 

 

 

,                                           (3.7)

 

мұндағы - құрамдағы вагондар саны;

     – вагонның ұзындығы (13,9 м);

     - локомотивтің ұзындығы (51,3 м).        

 

 

,                                               (3.8)

 

мұндағы - жүк пойыздар коэффициенті (1,5);

       -  телімнің максималды өткізу қабілеттілігі, пойыздар:

 

 

 

 

 

 

 

,                                            (3.9)

 

мұндағы - осы телімнен өткізуге болатын жүк пойыздар саны, пойыздар:

 

 

 

,                                                    (3.10)

 

мұндағы – пойыз аралық интервал (10 мин). 

 

 

 

,                                          (3.11)

 

мұндағы – маршрутты дайындау уақыты (0,5 мин);

        - сигналды ашқаннан бастап, оны өтіп кеткенге дейінгі уақыт (0,5 мин);

      – шығу жылдамдығы (25 км/сағ);

      –маршрутты босатқанға дейін пойыз өтетін қашықтық:

 

 

 

 

,                                             (3.12)

 

 

 

 

3.2  Дөңестің  биіктігін есептеу

 

Дөңестің биіктігі деп жылжыту және түсіру бөліктерінің жанасу алаңын атайды.

Дөңестің биіктігі , м, келесі формуламен анықталады:

 

,                   (3.13)

 

мұндағы - дөңестің төбесінен жолдың есептік нүктесіне дейінгі есептік ұзындық (3.2-кесте);

      - жүгіртпенің2 жүрісіне негізгі меншікті кедергісі3 (3.2-кесте);

      - ауа кеңістігінен4 меншікті кедергі, Н/кН;

      R –қисық телімдерде жүгіртпенің кедергі күшінің меншікті жұмысы (9);

      – бұрылу бұрыштарының қосындысы (3.2-кесте);

      с – үшкірлердегі соққылардан меншікті жұмыс (20 кгс.м/гс);

      n – бағыттамалы бұрмалар саны (тапсырма бойынша);

      - жылжыту жылдамдығы (3,5-5 км/сағ);

        - ауырлық күшінің үдеуі (9,8).

 

 

 

3.2-кесте  

Дөңестің биіктігін есептеу

 

n

 

   ω on

∑ £o

Сх

V р

6

417,26

4,8

76,4

1,17

8

9,95

7  

419,35

4,8

78,3

1,25

9

10,08

8

421,17

4,8

79,5

1,29

10

11,12

Информация о работе Жалпы нұсқаулар