Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

2 глава.docx

— 443.70 Кб (Скачать документ)

 

 

Сурет 2.4 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жылдар бойынша келген жүктерді түсіру оталарының көрсеткіштері

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының дайын өнімді тиеу көрсеткіші (Сурет 2.5) де әлемдік жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Дайын өнімді тиеудің көрсеткіші 2007 жылы – 4590621 тоннаға, 2008 жылы – 3943525 тоннаға, 2009 жылы – 3885962 тоннаға, 2010 жылы – 3714834 тоннаға, 2011 жылы – 3723565 тоннаға тең. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы жүк тиеуінің «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 75 %-ын құрайды.

 

 

Сурет 2.5 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жылдар бойынша дайын өнімді тиеу оталарының көрсеткіштері

Ішкі зауыттық тасымалы (Сурет 2.6) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі барлық 8 станцияның ішінде жүргізілетін тасымал көлеміне тең шама. Ішкі зауыттық тасымал бүкіл жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастырушы тасымал көзі. Ішкі зауыттық тасымалдарға цехтардан өнімді қоймаларға тасымалдау, қоймадан цехқа жүктерді тасымалдау, цехтан цехқа тасымал ұйымдастыру жән т.б. комбинат ішіндегі тасымалдар жатады. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы ішкі тасымалдың «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 2 %-ын құрайды.[5]

 

 

Сурет 2.6 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жылдар бойынша ішкі зауыттық тасымалының көрсеткіштері

 

 

2.4  «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштері

 

 

«Прокат» станциясының түсіруінің шамасы жоба бойынша орта есеппен бір айға 54500 тоннаны құрауы тиіс. «Прокат» станциясына тиесілі түсірудің 50000 тоннасы Теміртау қаласына және цехтарға жылу беретін ТЭЦ-ПВС-қа әкелінетін энергетикалық көмір құрайды. қалған 4500 тоннасы ОТС-қа керек жүктер және т.б. жүктерді құрайды. Прокат» станциясының тиеуінің шамасы жоба бойынша орта есеппен бір айға 250400 тоннаны құрауы тиіс. Оның 243000 тоннасы ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, ЦГЦА цехтарынан шыққан дайын өнімдер, ал қалғаны осы цехтарға керек жөндеу-пайдалану қажеттіліктері. Зауыт ішіндегі тасымалы 23000 тоннаны құрайды. Оның ішіндегі тасымалға қоқыстар, қиындылар, ұсақ қабыршақтар және басқа да жүктер тасымалы жатады. «Прокат» станциясының жыл ішінде орташа есеппен алынған жалпы жүк тасымалының шамасы – 3294000 тоннаға, жыл ішінде орташа есеппен алынған жалпы түсірунің шамасы – 654000 тоннаға, жыл ішінде орташа есеппен алынған жалпы тиеудің шамасы – 3004800 тоннаға, жыл ішінде орташа есеппен алынған жалпы ішкі тасымалдың тасымалының шамасы – 276000 тоннаға тең.  

 

Кесте 2.2

1 айлық «Прокат» станциясының  жүк тасымалы

 

«Прокат» станциясының жүктерінің оталары

Өлшеу бірлігі

1 айға орташа есеппен  жүк көлемі (жоба)

1 айға орташа есеппен  жүк көлемі (факт)

Түсіру:

тонна

54500

52200

- ТЭЦ-ПВС-қа қажет энергетикалық көмір

 

тонна

 

50000

 

49350

- ОТС-қа қажет жүктер және басқалары

 

тонна

 

4500

 

2850

Тиеу:

тонна

250400

246200

- Дайын өнім

тонна

243000

241050

- ЖПҚ

тонна

7400

5150

Ішкізауыттық тасымалдар:

тонна

23000

23000

- Қоқыс

тонна

50

50

- Қабыршақ

тонна

7000

7000

- Металдық қиық

тонна

15000

15000

- Басқалары

тонна

950

950

Жалпы жүк тасымалы

тонна

327900

321400


 

Жүктік операцияларға түсірудің жүк көлемі, тиеудің жүк көлемі және ішкі жүктік тасымалдың шамасы енеді. «Прокат» станциясныда жасалатын жүктік операциялар барлық металлургиялық комбинат жүктік операциялардың  орташа есеппен 10,32%-ын құрайды. Ал «Прокат» станциясына келген жүкті түсірудегі жүктің көлемі жалпы металлургиялық комбинаттық жүк түсірудің көлемінің пайыздық түрде орта есеппен 4 %-ын құрайды. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы жүк тиеуінің «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 75 %-ын құрайды. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы ішкі тасымалдың «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 2 %-ын құрайды.[5]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ымында вагонды қолданғаны үшін төлемі (вагонның тұрып қалуы), жүкті сақтағаны үшін салық, тасымалды уақытылы орындамағаны үшін айыппұл, вагонды бүлдіргені үшін айыппұл, басқа да кәсіпкерліктерге әр түрлі айыппұлдар мен жоғары нормалы төлемдері бар. Олар бекітілген нормамен уақытына байланысты алынып отырады. Мысалы, вагонның тұрып қалуы кезінде әр вагонға сағат сайын 103 теңге айыппұл төленіп отырады. Вагонның тұрып қалу нормасын және басқа да нормалар мен айыппұлдар көлемін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі Теміржол көлігін басқармасы бекітеді. Олар жазғы және қысқы мерзімге байланысты өзгеріп отырады. Айыппұлдар әр цехқа жеке салынады. «Прокат» станциясында 5 ірі цех бар.  

 

Кесте 2.3

Қысқы және жазғы мезгілде бір айлық уақыттағы вагонның тұрып қалуы

 

Цех (өндіріс)

Жазғы уақытта

Қысқы уақытта

Вагон

Вагон сағаттар

(норма)

Вагон сағаттар

(факт)

Вагон

Вагон сағаттар

(норма)

Вагон сағаттар

(факт)

ЛПЦ-1

1107

7865

7979

565

3917

4013

ЛПЦ-2

1172

8190

8264

829

5766

7461

ЛПЦ-3

606

4254

4368

497

3499

3500

ЦГЦА

1008

7035

8014

761

5306

5495

ТЭЦ-ПВС

546

1353

1420

306

810

862


 

«Прокат» станциясының вагонның тұрып қалу нормалары жазғы уақытта және қысқы уақытта әр цехға байланысты нормасы бар. ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, ЦГЦА цехтарына қыс-қы және жазғы мезгілде вагонның тұрып қалу сағаты – 7 сағатқа тең. Ал, ТЭЦ-ПВС цехіне вагон тұрып қалу сағаты – 2,5 сағатқа тең.

 

 

Сурет 2.7 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі «Прокат» станциясының жазғы уақыттағы бір айлық вагонды қолдануның шамасы

Диаграммаға (Сурет 2.7) қарасақ, барлық цехтардың ТКБ-сы берген жобалық норманы орындамағаны байқалып отыр. Айта кетсек, ЛПЦ-1 цехында ауытқуышылық 114 вагон*сағатқа, ЛПЦ-2 цехында 74 вагон*сағатқа, ЛПЦ-3 цехында 114 вагон*сағатқа, ЦГЦА цехында 979 вагон*сағатқа, ТЭЦ-ПВС цехында 67 вагон*сағатқа байқалады. Осының бәрі цех жұмында, дұрыс технологиялық үрдістің орнатылмағандығында. Технологиялық үрдісті басқаруды оңтайландыру қажет.[5]    

 

 

Сурет 2.8 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі «Прокат» станциясының қысқы уақыттағы бір айлық вагонды қолдануның шамасы

 

Диаграммаға (Сурет 2.8) сай, ТКБ-сы берген нормалардың орындалмауы байқалады. Айтылған цехтардың барлығында вагондарды қолданудың өз нормасынан асып кеткен.

«Прокат» станциясының жұмысын қорытындылай келе, цехтарға берілген вагон тұруының шамасынан асып кетуі, вагонның станция жолында көп тұрып қалуы, ТЖКБ-сы берген түсіру, тиеу, ішкі тасымал көлемі жобаға сай келмеуі байқалды. Осының себептері: цехтардың ішінде оңтайлы технологиялық үрдістің болмауы; цехтарды тиеу кезінде цехтың әр жүкті жеке өлшеуінен жүк тиеу уақытының созылуынан вагонның тұрып қалуы пайда болуы; ішкі тасымалдық жүктердің салмағын анықтау үшін «Входная» станциясына вагонды жіберу; өлшеу үрдістерін орындау үшін «Входная» станциясына барлық вагондарды жіберу; станция бойындағы локомотивтердің аздығы және станция шекараынан шығатын бір ғана локомотив; локомотивтің тозуы және тартым күшінің аздығы бір жылжымалы құрамда 50-60 вагонды ғана тарта алады; вагондық өлшеуіш құрылғының жоқтығынан, вагонды толық өлшеп, құжаттарын толтырып сырт станцияларға жіберу «Входная» станциясында орындалады.[5]

 

 


Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу