«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 09:57, реферат

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында жылу энергетикасын ұйымдастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жылу энергетикасы объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалану, жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау нормативтік құқықтық актілермен регламеттеледі, олар жылу энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жылу энергетикасы туралы.docx

— 48.53 Кб (Скачать документ)

19-бап. Жылу  өндіруші, жылу беруші және жылумен  жабдықтаушы ұйымдардың құқықтары  мен міндеттері

1. Жылу өндіруші, жылу  беруші және жылумен жабдықтаушы  ұйымдардың:

1) жылумен жабдықтау және  жылу энергиясын сатып алу-сату  шарттарын жасасуға;

2) жылумен жабдықтаудың  технологиялық процесінде іркілістерге  алып келген тұтынушының жылу  тұтынатын қондырғыларының, жылу  желілерінің жұмысында бұзушылықтар болған жағдайда залалды толық өтеуді талап етуге;

3) осы Заңда белгіленген жағдайлар мен мерзімде тұтынушыларды жылу энергиясымен жабдықтауды шектеуге немесе тоқтатуға;

4) тұтынушыға тиесілі жылу тұтынатын қондырғыларға, жылу желілеріне және коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге құқығы бар.

9. Жылу өндіруші, жылу  беруші және жылумен жабдықтаушы  ұйымдар: 

1) жылу энергиясына тарифтер  өзгерген кезде тұтынушыны заңнамада  белгіленген тәртіппен жазбаша  немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етуге;

2) шарттың талаптарына  және нормативтік техникалық  құжаттамаға сәйкес жылу энергиясымен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етуге;

3) тұтынылған электр энергиясы  үшін тұтынушылармен аванстық  төлемді және коммерциялық есепке  алу аспаптарының көрсеткіштерін  ескере отырып жылыту кезеңі  аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ауаның сыртқы нақты температурасын ескере отырып, қайта есеп айырысуды жүзеге асыруға;

4) уәкілетті органның  сұранысы бойынша осы заңда  белгіленген талаптарды орындау  жөніндегі есептілікті сұраныс  алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кейінгі мерзімде ұсынуға;

5) тұтынушыларды заңнамада  белгіленген тәртіппен жылу желілеріне  қосуға техникалық шарттар беруге;

6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

20-бап. Жылу  энергиясын тұтынушылардың құқықтары  мен міндеттері

1. Жылу энергиясын тұтынушының: 

1) жылумен жабдықтаудың  сапасы, тарифтер, бағалары, ақы төлеу  тәртібі, жылу энергиясын тұтыну  режимдері туралы ақпарат алуға; 

2) шартқа сәйкес өзінің  міндеттемелерін орындау кезінде  оның құқықтарын бұзу саларынан  келтірілген залалдың өтелуіне;

3) нормативтік-техникалық  құжаттарға сәйкес жылу желісіне қосылуды жүзеге асыруға;

4) жылу энергиясын шарттарда  және нормативтік-техникалық құжаттарда  белгіленген көлемде және сапада  алуға; 

5) тұтынылған электр энергиясы  үшін аванстық төлемді және  коммерциялық есепке алу аспаптарының  көрсеткіштерін ескере отырып  жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін  бір айдың ішінде, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ауаның сыртқы нақты температурасын ескере отырып қайта есеп айырысуды алуға;

6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу үшін не сотқа шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін жүгінуге;

7) өзінің жылу тұтынуын  реттеуге;

8) жылу ағынын автоматты басқару жүйесін орнатуға құқылы.

2. Жылу энергиясын тұтынушы:

1) жылумен жабдықтаушы  ұйыммен жылу энергиясын жабдықтауға арналған шартты жасасуға;

2) жылумен жабдықтау шартының  және нормативтік құқықтық актілердің  талаптарын сақтауға;

3) жылу тұтыну жүйелерін  қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге;

4) тұтынушылардың меншігіндегі  энергия қондырғыларын және коммерциялық  есепке алу аспаптарын тиісті техникалық жай-күйде ұстауға, жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

5) жылумен жабдықтау шартында  айқындалған жылу энергиясын тұтыну режимдерін сақтауға;

6) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, тұтынылған жылу энергиясы үшін уақтылы ақы төлеуге;

7) өзінің жылу тұтынатын  қондырғыларына, жылу желілері мен  коммерциялық есепке алу аспаптарына  қызметтік міндеттерін орындау  кезінде тиісті куәлікті ұсынған жағдайда жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін және қауіпсіз пайдалануын тексеруді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

8) жалпы үлес меншігі  құқығында оған тиесілі үйге  ортақ жылу желілерін, үйге  ортақ жылу энергиясын есепке  алу аспаптары мен жабдығын  тиісті техникалық жай-күйде ұстауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

21-бап. Жылумен  жабдықтау шарты 

1. Жылу энергиясын тұтынушылар  жылу энергиясын және (немесе) жылу  тасығышты жылумен жабдықтаушы  ұйымнан жылумен жабдықтау шарты  бойынша сатып алады. 

Тұтынушы жылумен жабдықтау  шартын жылу желілеріне тұтынушының  жылу тұтынатын қондырғылары немесе жылу желілері тікелей немесе жылу беруші ұйымдардың жылу желілері арқылы қосылған жылумен жабдықтаушы ұйыммен  жасасады.

2. Тұтынушымен жылумен  жабдықтау шарты онда жылумен  жабдықтаушы немесе жылу беруші  ұйымның жылу желілеріне заңнамада  белгіленген тәртіпте қосылған  қажетті жабдығы және жылу  энергиясын есепке алу аспаптары  болған жағдайда жасалады.

3. Жылумен жабдықтау шарты  жазбаша нысанда жасалады.

4. Жылумен жабдықтаушы  ұйым желілері арқылы тұтынушыға  жылу энергиясын жеткізу жүзеге  асырылуы тиіс жылу беруші ұйымдарымен шарттық қатынастарды дербес реттеуге міндетті.

Мұндай жағдайда тұтынушымен  жылумен жабдықтау шартын жылумен  жабдықтаушы ұйым ол жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсетуге  арналған шартты жылу беруші ұйыммен (жылу беруші ұйымдармен) жасасқаннан кейін  ғана жасай алады.

5. Жылумен жабдықтау шартының  маңызды талаптары: 

1) жылу энергиясын ауаның  сыртқы температурасына байланысты  жеткізу кестесі; 

2) жылумен жабдықтау сенімділігі; 

3) жеткізілетін жылу энергиясының  және (немесе) жылу тасығыштың сапасы;

4) жылу тұтыну сапасы;

5) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты есепке  алу; 

6) жылумен жабдықтаушы  ұйымның жауапкершілігі;

7) тұтынушының жауапкершілігі;

8) жылу энергиясын және  жылу тасығышты беруді шектеу  мен тоқтату шарттары;

9) жылу энергиясын беру  мен тұтыну режимі;

10) тараптардың теңгерімді  тиесілілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады;

11) олар болған жағдайда  тұтынушының жылу желісіне қосылған қосалқы тұтынушылар туралы деректер;

12) шартты бұзу талаптары  болып табылады.

Жылумен жабдықтау шартының өзге талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптардың келісімімен белгіленеді.

6. Табиғи монополия субъектілері  болып табылатын жылумен жабдықтаушы  ұйымдар тұтынушылармен жылу  энергиясымен жабдықтау шартын  «Табиғи монополиялар және реттелетін  нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес жасасады.

7. Көппәтерлі үйлерге  қатысты жылумен жабдықтау шарты  үй-жайлар (пәтерлер) иелері үшін жылыту және (немесе) ыстық сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді ұсынуға қажетті көлемде, сондай-ақ көппәтерлі үйдің жалпы мүлкін ұстау үшін (үйлер ішіндегі ысыраптарды қоса алғанда) жылу энергиясын және жылу тасығышты жеткізуді көздейді. Шарт тұрғын үйді жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның желілеріне алғашқы нақты қосылған сәттен бастап үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық иелерімен жасалды деп есептеледі.

Үй-жайдың (пәтердің) иесі ауысқан жағдайда жаңа иегер үй-жайға (пәтерге) меншік құқығы туындаған сәттен бастап жылумен жабдықтау шартын жасасты деп есептеледі.

Көппәтерлі тұрғын үйді жылумен  жабдықтау шарты бойынша жылумен  жабдықтаушы ұйымның міндеттемелерді  орындау орны жеткізу нүктесі  болып табылады, ол жылумен жабдықтаушы  немесе жылу беруші ұйымның жылу желілерінің  көппәтерлі үйдің жылу желілерімен  теңгерімдік тиесілілігі шекарасында орнатылады.

Көппәтерлі тұрғын үйде үй-жайдың (пәтердің) иесі болып табылатын тұтынушы біржақты тәртіппен орталықтандырылған жылумен жабдықтау шартынан бас тартуға құқығы жоқ.

5-тарау. Жылу  өндіруші, жылу беруші және жылумен  жабдықтаушы ұйымдардың қызметін  мемлекеттік бақылау

22-бап. Жылу  өндіруші, жылу беруші және жылумен  жабдықтаушы ұйымдардың қызметтін  мемлекеттік бақылау

1. Уәкілетті органдар жылу энергетикасы туралы заңнаманың сақталуын және жылу энергетикасы объектілерінің техникалық жай-күйін:

1) Қазақстан Республикасының  жылу энергетикасы саласындағы  нормативтік құқықтық актілердің  техникалық талаптарын орындауды; 

2) жылу электр орталықтарының  энергетикалық жабдығын, қазандықтар  мен жылу желілерін, сондай-ақ  тұтынушылардың жылу желілері  мен жылу пайдаланатын қондырғыларын  пайдалану мен олардың техникалық  жай-күйін; 

3) жылу энергиясының сапасы  бойынша техникалық шарттар талаптарының  сақталуын; 

4) өз құзыретінің шегінде  жылумен жабдықтауды ұйымдастыру қағидаларының сақталуын;

5) ұтымды және үнемдеп  пайдалануды, жылу энергиясын  өндіру, беру, тұтыну режимдерін  оңтайландыруды;

6) жылу электр орталықтарының, қазандықтар мен жылу желілерінің  күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындығын қоса алғанда, бақылауды жүзеге асырады.

2. Уәкілетті органдар  жылу өндіруші, жылу беруші және  жылумен жабдықтаушы ұйымдардың  қызметін мемлекеттік бақылауды  тексеру нысанында және «Энергетика  объектілерінің жұмысын мемлекеттік  бақылау мен қадағалау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге нысанда жүзеге асырады.

3. Уәкілетті органдар  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

1) энергия қондырғыларына  қол жеткізуге; 

2) жылу электр орталықтарының  энергетикалық жабдығының, қазандықтардың, өзге жылу өндіруші қондырғылар  мен жылу желілерінің, сондай-ақ  тұтынушылардың жылу тұтынатын  қондырғылары мен жылу желілерінің  техникалық жай-күйін кезең - кезеңмен  тексеруді жүзеге асыруға; 

3) энергия қондырғыларының  техникалық жай-күйін және қауіпсіз  пайдалануын бақылауды жүзеге  асыру үшін жылу энергиясын  өндіруді, беруді және таратуды  жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының  техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне арналған біліктілік тексерулерді ұйымдастыруға;

4) энергетикалық объектілерде  жылу энергиясын қауіпсіз және  ұтымды өндіру, беру, тарату мен  пайдалану бойынша энергетикалық  сараптамаларды өткізуді, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді ұйымдастыруға;

5) бақылаудағы энергетикалық  жабдыққа тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру жүргізу кезінде және жылу электр орталықтарының энергетикалық жабдығының, қазандықтардың, өзге жылу өндіруші қондырғылар мен жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеу кезінде сарапшыларды тартуға;

6) аварияларға, жазатайым  оқиғаларға және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныстар енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының  жылумен жабдықтау туралы заңнамасын  бұзған кінәлі адамдарды Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке  тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға материалдар жіберуге құқылы.

23-бап. Қазақстан  Республикасының жылумен жабдықтау  туралы заңнамасын бұзғаны үшін  жауапкершілік

Жылумен жабдықтау жүйелерінің  жабдығын зақымдануға, қайта жабдықтауға  немесе ұрлауға, жылумен жабдықтау  объектілерінің күзетілетін аймақтарының бұзылуына, жылу желілеріне өз бетінше қосылуға және жылу энергиясы мен жылу тасығышты ұрлауға, жылумен жабдықтауда залалға, жылумен жабдықтау объектілері қауіпсіздігінің және тұтынушыларды жылумен жабдықтау сенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін басқа да іс-қимылдарға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

6-тарау. Қорытынды  ережелер 

24-бап. 

Есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі болмайтын  жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу  үшін тұтынушылардың жылумен жабдықтаушы  ұйыммен, сол сияқты жылумен жабдықтаушы  ұйымның жылу беруші ұйыммен жылу энергиясын тұтыну нормаларын 2013 жылғы1 қазаннан кейін қолдануға жол берілмейді.

25-бап. Осы Заңның күшіне енуі

Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 

Президенті


Информация о работе «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы